Елді мекендерге көше атауларын беру туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 8 мамырда N 3-13-105 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 15.02.2015 № 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 14 бабының 4 тармағына және 16 бабына, сәйкес Бозой ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 15.02.2015 № 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Бозой ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Қаңбақты және Қоянқұлақ елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атау берілсін.
      1. Бозой ауылдық округіне қарасты Қаңбақты ауылы бойынша батыстан шығысқа қарай солтүстік жақтағы көшеге "Аяққұм" көшесі, оңтүстік жақтағы көшеге "Желтоқсан" көшесі атауы берілсін.
      2. Осы ауылдық округке қарасты Қоянқұлақ ауылы бойынша "Үстірт" көшесі атауы беріліп, осы мекендегі барлық үйлер осы көше атауына біріктірілсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозой ауылдық округі әкімі: Н.Нұртаев