Шалқар ауданы Бозой селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 ақпандағы № 09 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 наурызда № 4221 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өтінімдердің, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру журналдарының, сонымен бірге олардың есептілігі мен санағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 292-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8867 тіркелген, 2014 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Мамытбеков