Қобда ауданының елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 100 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 28 тамызда N 3-7-74 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы N 155 "Әкімшілік құкық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 3, 387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қобда ауданының елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережесі" N 1 қосымшага сәйкес бекітілсін.
      2. Осы мәселе бойынша 2005 жылы 21 қазанда қабылданған аудандық мәслихаттың N 32 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың         Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                   хатшысы

      Қ. ЖИСОВ                        І. ҚОБЛАНОВ

Қобда ауданы мәслихатының
2009 жылғы 22 шілдедегі
N 100 шешімімен бекітілген

Қобда ауданы елді мекендерінің аумағын абаттандыру ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      Қобда ауданының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету Ережесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 3, 387 баптарына, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 137 "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес құрылды.
      Ереже Қобда ауданының инфрақұрылым нысандарын көркейту, санитарлық тазалау, аумақты жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қаматамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді.
      Қобда ауданының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру мен ұйымдастыруды аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, ауылды санитарлық күту және көріктендіру кәсіпорындары, баланста ұстаушылар,жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер басшылары жүргізеді.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтаулар

      2. Ауылды көріктендіру – кіші сәулет формаларын көркейту объектілерін салу мен жөндеу, аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, ауылдың сыртқы келбетін құру бойынша жұмыстарды қамтитын, ауыл аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс–шаралар кешені.
      3. Ауыл инфрақұрылымы – адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасайтын ауыл аумағында орналасқан түрлі мақсаттағы нысандардың, инженерлік және коммуникация, инженерлік коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің бірлестігі.
      4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару шарты – тапсырыс беруші мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйым арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім.
      5. Бекітілген аумақ – осы Ережемен тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген жер учаскесі.
      Ауыл шегінде бекітілген нысандар болып:
      1) жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін ауыл көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген,ауыл көшелері жағындағы немесе жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ;
      2) ораміші аумақтарының учаскелері:
      6. Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да бола алады:
      1) тұрғын үй иелері, ғимараттар мен имараттар иелері:
      2) жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
      7. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      8. Жерді пайдаланушы жерлері – жеке меншік түріне қарамастан, ауыл шегіндегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      9. Жалпы пайдалану жерлері – жеке меншікке берілмейтін жерлер.
      10. Көшелердің санаттары – жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі.
      11. Қоқыс жәшігі – қатты тұрмыстық қалдықтар жинауға арналған арнайы ыдыс.
      12. Ірі көлемді қалдық – өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары.
      13. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан шағын, әсемдік әрі іске жарамды сипаттағы объектілер:
      1) сәндік құрылғылар – мүсіндер, су бұрқақтар мен әсемдік су тоғандары, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      2) іске жарамды құрылғылар – орындықтыр, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, үй номерлері жазылған тақтайшалар, бағаналар, көше шамдары және басқалар.
      14. Жалпы пайдалану орындары – демалыс аймақтары, алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
      15. Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар,ірі көлемді қалдықтар, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен шығару немесе жинау.
      16. Бөлінген аумақ – жерді пайдаланушының иелігіне берілген немесе ҚР заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру пайдалануға берілген жер учаскесі.
      17. Өндірістік және тұтыну қалдықтары – өндіру немесе тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар.
      18. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және жою.
      19. Іргелес жатқан аумақ – жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, имараттар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекараларына жанасып жатқан, санитарлық нормалармен анықталған аумақ.
      20. Жүру бөлігі, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға жәнеорамдар ішіндегі басқа да ауылдық құрылыс нысандарына көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.
      21. Қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар жинау және шығару- қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін, алаңдарын және оларға баратын жолдардышашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс орнынан жою орнына тасымалдау.
      22. Жолдарды күтіп ұстау- көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай келетін жолдар мен жол құрылғыларының көліктік – пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
      23. Имарат – өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды шектелу аумағы бар көлемді,жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс. Имарат сондай-ақ көркем –эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      24. Жүргінші жолдары- жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға іргелес жатқан немесе одан көгалмен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.

      3. Ауыл аумағын тазарту тәртібі

      25. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      Көше – жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар бойынша- мемлекеттік тапсырыс көлемінде уәкілетті органмен жүргізіледі.
      26. Тазарту жұмыстары осы Ереженің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      27. Жалпы пайдалынылатын орындарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады.
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;

3.1. Көшенің жүру бөлігін тазарту

      28. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, көшелерді және ауылдық көше желілерін, көлік қою қалталарын, автобустар мен троллейбустардың соңғы аялдамаларындағы соңғы аялдамаларындағы бұрылу алаңдарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс келісім шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      29. Жолдың жүру бөлігі қандай да болмасын ластанудан, ал жол жиектері ірі көлемді қалдықтар мен басқа да қалдықтардан толығымен тазартылады.

3.2. Жүргінші жолдарын тазарту

      30. Көше мен жүру бөлігіне іргелес жатқан немесе олардан көгалмен бөлінген, жүргінші жолдарын тазарту бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден,кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету нысандарынан, сондай-ақ жағалаудағы қоршаулардан шығатын жол жоқ жүргінші жолдарын тазалауды жүру бөлігін тазартатын кәсіпорындар жүргізеді.
      31. Көпірлерде, жол желілерінде орналасқан жүргінші жолдарын, сондай-ақ инженерлік имараттар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жүргінші жолдарды тазарту аталмыш инженерлік имараттардың иелері болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
      32. Көшелер мен жүру бөлігі бойына орналасқан басқа жүргінші жолдары бойынша тазарту жұмыстары жүру бөлігін күтіп ұстауға жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
      33. Жүргінші жолдары толығымен топырақ-құм шайындыларынан,әр түрлі қоқыстан тазартылады.

3.4. Ауылдың басқа аумақтарын тазарту

      36. Ауыл көшелеріне іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, оларға кіретін жолдарды тазалау және күтіп ұстауды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайы кәсіпорындар көмегімен жүргізеді.
      37. Жүргінші жолдарында орналасқан сыртқы жарықтандыру және байланыс желісі бағаналары мен діңгектері аумағын тазарту жұмыстарын жүргінші жолдарын тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      38. Трансформаторларға немесе бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін, басқа инженерлік имараттарға, сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      39. Сауда нысандарына іргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасы орындарын көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысанының иелері жүргізеді. Іргелес жатқан гүлкестелерде, сауда шатырларының,дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының үстінде жәшіктерді, ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
      40. Ақылы автотұрақтардың,гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      41. Ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс беруші, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
      42. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, бірақ заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау бөлнген қаржы шегінде жергілікті бюджет есебінен ауылдық округ әкімдері жүргізеді.
      43. Тастанды сулар салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда,оларды жоюға, жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      44. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың басты көшелерінен-тез арада, басқа көшелер мен аулалардан-бір тәулік мерзімінде шығарылады.
      45. Суаққы желісінің бітелуін болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

3.5. Күзгі-қысқы мезгілдегі ауыл аумағын тазартудың ерекшеліктері

      46. Күзі-қысқы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 қазаннан -15-сәуірге дейін белгіленеді.
      47. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
      48. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер,оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      49. Жолдың жүргінші жолдары мен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын кәсіпорындармен бөлшектенеді және тазартылады.Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.
      50. Қар үйінділерін жүргінші жолдарында, көгалдарда және жүруге бөлінген жерге жинауға болмайды.
      51. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған және бекітілген жерлерге жүргізіледі.Қар ерігеннен кейін бұл аумақтағы қоқыс қар тазалауға жауапты кәсіпорындармен тазартылады.
      52. Жүргінші жолдар мен көпірге шығатын жерлер қатты қарға дейін барлық ені бойынша тазартылады,үздіксіз қар жауу кезінде тайғанаққа қарсы материалдармен себіледі.
      53. Аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан мүмкіндігінше асфальтты төсенішке дейін тазартылады.Қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс.Мұздақ пайда болған жағдайда ұсақ құм себу жүргізіледі.
      54. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат беріледі.
      55. Аула ішінде қарды жинаған кезде, судың жылғалармен ағып кетуі алдын-ала қарастырылуы керек.
      56. Қысқы мезгілінде ғимарат иелері және жалға алушылар уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды жүргінші жолдарына лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет.Шатырдың басқа бағыттарынан қар түсіру аулаішілік аумақта жүргізіледі.Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралы жасалады.Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы кәсіпорынның алып кетуі үшін дайындалады.
      57. Суаққы құбырларының аузына қар,мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

3.6. Көктемгі-жазғы мезгілде аула аумағын тазартудың ерекшеліктері

      58. Көктемгі - жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуірден – 15 қазанға дейін белгіленеді.
      Көктемгі – жазғы тазарту алаңдарды, жүргінші жолдарын, жүру бөлігін жуу, су шашу және сыпыруды қарастырады.
      59. Жол жамылғыларын, остьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өткелдерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жабындысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.
      60. Тазарту кезінде жолдың жүру бөлігі, жүргінші жолдары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.
      61. Аула аумағын,аулуішілік өту жолдары мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру және жуу мекемелер басшылары мен үй иелері тарапынан жүргізіледі.

4.Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

      62. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақты, жүргінші жолын, көгалдарды, жолжиектерді санитарлық нормаларға сәйкес тазалайды,тазалық және тәртіпті үнемі қамтамасыз етеді. Тазарту жұмыстарының жүргізілуіне орай жиналған қоқысты өз бетінше немесе арнайы кәсіпорынның көмегімен шығарады.
      63. Мекеме басшылары, үй иелері, ғимараттар мен имараттар иелері орамішілік және аула аумақтарын, көшенің жүру бөлігін, жүргінші жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалауды ұйымдастырады.
      64. Жеке меншік тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады (қызыл жолақ 5 м аралығында).
      65. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайда немесе санитарлық тазарту және жинау жұмыстарын жүргізуге арнайы кәсіпорынмен шартқа отырады.
      66. Санитарлық нормаларға сәйкес ауыл аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, жәшіктер мен ыдыстарды, ағаш үгінділерін, жол төсеніштерін, жапырықтарды, қарды лақтыруға, сондай-ақ кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды,жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, от жағуға тыйым салынады.
      67. Жер үсті суларын инженерлік жүйелерге ағызуға кәріздік инженерлік жүйелерді пайдаланушы кәсіпорынмен шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.
      68. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдар ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын құдықтар, адамдардың демалу орындарында, тұрғын үйлердің шығу есіктерінің алдында жууға, тазартуға және жөндеуге тыйм салынады.
      69. Топырақ, төгілмелі құрылыс материалдары және қоқысты тасымалдау кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермейтін шаралар жүргізілуі қажет. Төгілмелі материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көлікпен тасымалдауға тыйым салынады.
      70. Жолдың жүру бөлігіне қоқыс және қозғалысқа кедергі келтіретін заттар тастауға тыйым салынады.

5. Ауыл аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және жою

      71. Заңды және жеке тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды арнайы бекітілген жерге шығаруды өз бетінше немесе келісімшарт негізінде қоқыс жинау кәсіпорынының көмегімен жүргізеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды шығаруға арнайы кәсіпорындармен келісімшартты мекеме басшылары, жеке тұрғын үй иелері жасайды.
      72. Тұрмыстық және басқа қалдықтарды шығару сағат 7.00-ден ерте және 23.00 ден кеш жүргізілмейді.
      73. Сауда ұйымдары ыдыстарды уақытша жинауды арнайы бөлмеде,болмаған жағдайда осы мақсатқа арнайы бөлінген аула алаңдарында жүргізеді. Бұл алаңдар сым қоршаулармен қоршалады.
      74. Қоқыс жәшіктерін орнату үшін алаңдар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың дем алатын орындарынан 25 метр қашықтықта болуы керек. Алаңның көлемі қажетті қоқыс жәшіктерінің санын орнатуға есептеледі.
      75. Қалдықтарды уақытша сақтау орындары санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен және коммуналдық қызметтермен келісілуі қажет.
      76. Қоқыс жәшіктерінен қоқысты көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарджың қызметкерлері жүргізеді.
      77. Қоқыстарды жою елді мекендердің қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргізіледі.
      78. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      79. Жөн-жосықсыз үйінділердің жиналуына,қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар ҚР-ның заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      80. Саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда,білім беру,денсаулық сақтау мекемелерінде, сауда және басқа нысандарға кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек. Халық көп келетін орындара қораптар бір-бірінен 40 метр қашықтықтан аспай орнатылады. Сауда нысандарына кіре берістерде екі қораптан орнатылады.

6. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      81. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады:
      1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқаны орнатылуы тиіс;
      2) қоршау металдан жасалған материалдардан немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайынлауы тиіс;
      3) құрылыс алаңынан екінші дәрежелі көшелерге шығуға арналған аз мөлшерлі қақпа немесе шлагбаум орнатылған шығу жолдары қарастырылуы тиіс;
      4) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады.
      82. Құрылыс алаңы аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақытылы шығарылуы ұйымдастырылады:
      1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылуы тиіс
      2) құрылыс алаңының сыртына құрылыс материалдарының,қоқыстың шығуына жол бермейтін шаралар көзделуі тиіс.
      83. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырады,қазып алынған топырақ, қирандылар қалдығы, қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына және коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен басқа учаскелерге тез арада шығарылады.
      84. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ жүруге, жүргіншілердің өтуіне пайдаланылған аумақты,құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарлы,инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді тиіс.
      85. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған,кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі.
      Бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жасыл желектер отырғызу келтірілген шығынды қалпына келтіру болып саналмайды.

7. Ауыл аумағында жол төсеніштерініңүргінші жолдарыныңүлзарлардың және басқа да нысандарының, ауыл шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, имараттарды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі.

      86. Жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа ауыл аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін заңды және жеке тұлға Қобда ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталған, тиісті ауылдық қызмет жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
      87. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілері орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынуы тиіс.
      88. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып есептеледі.
      89. Көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлнген немесе жолйылған жағдайда бір күн ішінде дереу қоршаларды және жерасты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан қалпына келтіріледі.

8.Жеке үй құрылыс аудандарын көркейту.

      90. Меншік иелері,жеке құрылыс учаске иелері аумақты көріктендіру жобасы мен бас жоспарға сәйкес көріктендіруді, қасбет қоршауларын күтіп ұстауға,көгалдандыруды, қоқыс жиналуына, құрылыс және басқа материалдардың ұзақ уақыт жиналып тұруына жол бермеуді, сондай-ақ ауылдық ақпарат белгілерін таза ұстауды жүзеге асырады.
      91. Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы және оларға бекітілген учаскелердегі жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстауды сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздері жүргізеді.
      92. Жасыл желектер алаңдарында, елді мекендер аумағында тыйым салынады:
      1) ағаштарды, бұтақтарды сындыруға, жапырақтар мен гүлдерді жұлуға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, жолдар мен су тоғандарын ластауға;
      3) ескерткіштерді, орындықтарды, қоршауларды қиратуға;
      4) көлік құралдарын тазалауға, кір жууға, сонымен қатар жасыл желектер аумағындағы су тоғандарында малды шомылдыруға;
      5) мал бағуға; (ұсақ мүйізді, бойдақ және жылқы малының отарларының аулаларын салуға)
      6) Көше бойына ауылшаруашылық техникаларын (тележка, трактор, шөп орағы) қоюға.

9. Апатты жұмыстарды жүргізу

      93. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп түдыруға әкеліп соғуы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      94. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті ғимараттардың, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
      95. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      96. Апат аймағында жерасты немесе жерүсті коммуникациялары бар заңды немесе жеке тұлғалар апат болғандығы туралы ақпаратты алғаннан кейін апат орнына осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі үшін өздерінің сызбаларымен бірге өкілдерін жіберулері қажет.
      97. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады.
      98. Бұзылған жол төсеніштері мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары инженерлік желілер иесі болып табылатын кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.

10. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін күтіп ұстау.

      99. Балансында ғимараттары иен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың иелері аталған нысандардың және олардың жекелеген элементтеріне жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарын және тағы басқаларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға міндетті.
      100. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және имараттары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
      101. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орынжайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттарды біріктірулеріне болады.
      102. Ғимараттарды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
      103. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен имараттар қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары қорғау міндеттемелеріне сәйкес Қобда ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен орындалады.

11. Қобда ауданы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар

      104. ҚР заңнамаларына сәйкес, осы Ереженің сақталуына бақылауды және ауыл аумағын көркейту Тәртібін бұзғаны үшін шаралар алу, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшін өз құзіреттері шегінде:
      1) ішкі істер органы;
2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жүргізеді.

12. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлға жауапкершілігі.

      105. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары мен ҚР-ғы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.