Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы тобына жататындар тізбесі мыналармен толықтырылсын:
- мекеменің жойылуына, санының және жұмысшылардың штаты қысқартылуына байланысты қысқарғандар;
- оқу мекемелерін бітірген түлектер;
- жұмыссыз ретінде тіркелген, ұзақ мерзімді (бір жылдан аса) жұмыссыз жүрген азаматтар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Тағымов