Ауданда еңбек нарығына байланысты халықтың нысаналы тобына жататындарға қосымша тізбе енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 166 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 21 мамырдағы N 3-3-82 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы тобына жататындар тізбесі мыналармен толықтырылсын:
      - мекеменің жойылуына, санының және жұмысшылардың штаты қысқартылуына байланысты қысқарғандар;
      - оқу мекемелерін бітірген түлектер;
      - жұмыссыз ретінде тіркелген, ұзақ мерзімді (бір жылдан аса) жұмыссыз жүрген азаматтар;
      жыл сайын маусымдық және уақытша жұмыс істеген азаматтар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009.12.08 N 417 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            М.Тағымов