Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округінің әкімінің 27.06.2016 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қырыққұдық ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қырыққұдық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
1) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, бірінші көшеге есімі берілсін.
2) Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, екінші көшеге есімі берілсін.
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарат ауылдық округі әкімі: | Т.Сәрсенхалықов |