Көшелерге атау беру туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 12 наурызда N 3-2-73 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Сарат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қырыққұдық ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қырыққұдық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.

      1) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, бірінші көшеге есімі берілсін.

      2) Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, екінші көшеге есімі берілсін.

      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарат ауылдық округі әкімі:       Т.Сәрсенхалықов