«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 Қаулысы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға берудің (жалдауға алудың) мынадай шарттары анықталсын:
1) коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру мынадай:
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңызы бар объектілерін мүлікті жалға беру;
баланс ұстаушының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын, алаңы 100 шаршы метрге дейiнгі үй-жайларды нысаналы мақсатта бір жылдан аспайтын мерзімге, теңгерімдік құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, кітапханалардың, достық үйлерінің, мәдениет үйлерінің, филармониялардың үй-жайларын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге беру;
баланс ұстаушының келісім бойынша жүзеге асырылатын, бір жолғы шараларды жүргізуге үй-жайларды беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүргізіледі;
Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алған тұлғаларға мектептерде жайлар беру.
Ескерту. 1 тармағының 1 тармақшасына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.12.28 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілері кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
3) алынып тасталды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.12.28 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4) Түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау Жалға берушімен олардың түскен кезінен бастап бір айлық мерзімде, мынадай құжаттары бар болған жағдайда жүргізіледі:
объектінің баланс ұстаушысынан келісім-хат;
құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің, төлқұжатының немесе жеке басын куәлендіретін басқа құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
5) Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қаулының 1 тармағы 4), 5) тармақшаларымен толықтырылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.12.28 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін жалға алу төлемі мөлшерлемесінің есебін анықтасын.
Ескерту. 2 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.12.28 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда № 2005 тіркелген, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2005 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2003 жылғы 4 наурыздағы № 25 санында жарияланған) қаулысының, «Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 95 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2158 тіркелген, «Ақтөбе» газетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 74 және «Актюбинский вестник» газетінің 2003 жылғы 3 маусымдағы № 65 санында жарияланған), Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда № 2005 тіркелген, «Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы № 139 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2224 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 78-79 санында жарияланған) қаулысының), Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпандағы № 2005 тіркелген, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 326 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 138 санында жарияланған) қаулысының, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 372 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3273 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 149-150 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Дубовенкоға жүктелсін.
5. Осы қаулы ең бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбе күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов