Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 326 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 6 қазанда N 3189 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009.11.12  № 331 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 192 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының 3 бөлімінің және оған қоса берілген ережедегі:
      "Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" сөздері "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" сөздерімен ауыстырылсын және "Қаратаев А.Б." сөзі алынып тасталсын;

      қаулының 4 бөлімінің "Гилимов С.К." сөзі "Мұқашев С.Ш." сөзіне ауыстырылсын;

      Ереженің 2 бөлімінің 3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" ММ-мен және аудандық қаржы бөлімдерімен жүзеге асырылады (одан әрі - Жалға беруші);

      Ереженің 3 бөлімінің 10 тармағы мынадай мазмұндағы 6 тармақшамен толықтырылсын:
      "Бюджет алдында қарыздың жоқтығы туралы мәлімет";

      Ереженің 9 бөлімінің 42 тармағының бірінші азат жолында "тоқсан" сөздерін, "жыл" сөзіне ауыстыру және "Жалгердің қызмет түрін ескеретін коэффициент" мынадай редакцияда мазмұндалсын:
________________________________________________________________
р/б   Жалгердің                                           К4
      қызмет түрі                                         мәні
_________________________________________________________________
1    мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар              1,0
2    мектептерде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары     0,8
3    қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар                  1,3
4    кондитер бұйымдары өндірісі                         1,3
5    білім беру қызметі, мәдени орталықтар               1,3
6    медициналық қызметтер, дәріханалар                  1,5
7    коммерциялық қызмет                                 1,7
8    өндіріс                                             1,7
9    банк, қамсыздандыру қызметі                         2,0
10   басқа түрлері                                       1,6
__________________________________________________________________

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Ақтөбе облыс әкімшілігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 282 қаулысы бұзылсын.

      Облыс әкімі