Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді, Есіл, Целиноград, Шортанды аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін тарату және қайта құру туралы

Ақмола облысы әкімдідігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № а-13-532 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 3344 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 311 баптарына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № А-11/330 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы № С-24-2 шешімі, Аршалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № А-76, 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № А-604 қаулылары мен Аршалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 4/3, 2009 жылғы 27 қазандағы № 22/4-2 шешімдері, Астрахан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 708 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 4С-17-11 шешімі, Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № а-12/304, 2009 жылғы 19 қазандағы № а-10/259 қаулылары мен Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 4С-22/2, 2009 жылғы 19 қазандағы № 4С-21/5 шешімдері, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қазандағы № а-10/172 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 қазандағы № С-18-4 шешімі, Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 378 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21-142 шешімі, Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № а-12/382 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21/3 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 209 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы № 145/22-4 шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № А-5/271 қаулысы мен  Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № С-21/3 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
      1) Ақкөл ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
      Бөгенбай ауылдық округінің Мирное ауылы;
      Минск ауылдық округінің Хлебоприемное ауылы;
      Селеті ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Минск ауылдық округі Минское ауылының құрамына енгізілсін;
      Бөгенбай ауылдық округі, оның құрамына Минск ауылдық округінің Степногорск ауылы енгізіліп, қайта құрылсын, Бөгенбай ауылдық округінің орталығы болып Степногорск ауылы анықталсын;
      Искра ауылдық округі, оның құрамына Минск ауылдық округінің Минское ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Минск ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын
      2) Зеренді ауданы бойынша:
      Бәйтерек ауылдық округі, оның құрамына:
      Зеренді ауылдық округінің Красный Кордон ауылы;
      Троицкое ауылдық округінің Ермаковка ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Троицкое ауылдық округі, оның құрамына Қошқарбай ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Викторовка ауылдық округінің құрамынан шығару арқылы жеке әкімшілік-аумақтық бірлік Айдабол ауылы құрылсын;
      Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округ, оның құрамына Бірлестік поселкесі енгізіліп, қайта құрылсын, ауылдық округтің орталығы болып Бірлестік поселкесі анықталсын;
      Ақкөл ауылдық округі, оның құрамына Самарбай ауылдық округінің Молодежное, Туполевка ауылдары енгізіліп, қайта құрылсын;
      Самарбай ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Кусепское ауылдық округі, оның құрамына Қазоты ауылдық округінің Раздольное, Теректі ауылдары енгізіліп, қайта құрылсын;
      Қазоты ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      3) Астрахан ауданы бойынша:
      Астраханка бекеті басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Жалтыр ауылдық округі Жалтыр ауылының құрамына енгізілсін;
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Колутон ауылдық округінің 90 разъезді таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Первомайское ауылдық округі, оның құрамына Камышен ауылдық округінің Камышенко ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Камышен ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      4) Аршалы ауданы бойынша:
      Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты Сарыоба ауылдық округінің Владимировка ауылы қысқартылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      Шалғай ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат ауылдық округі Бірсуат ауылының құрамына енгізілсін.
      5) Атбасар ауданы бойынша:
      Пролетарка ауылы Новосельское ауылдық округі Новосельское ауылының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
      Покровка ауылдық округі, оның құрамына Садовое ауылдық округі Садовое ауылының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
      Садовое ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Мариновское ауылдық округі, оның құрамына Адыр ауылдық округінің бекеті енгізіліп, қайта құрылсын;
      Адыр ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      6) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      Белағаш және Арай ауылдары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Краснофлот ауылдық округі Краснофлот ауылының құрамына енгізілсін;
      Терек, Азнабай, Прожектор, Қарасу ауылдары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Уәлиханов ауылдық округі Уәлиханов ауылының құрамына енгізілсін;
      Кішкентай ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат ауылдық округі Сәуле ауылының құрамына енгізілсін;
      Дачи ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Макинка ауылдық округі Бұланды ауылының құрамына енгізілсін.
      7) Есіл ауданы бойынша:
      Біртал ауылдық округі, оның құрамына Ейское ауылдық округінің Ейское ауылы енгізіліп, қайта құрылсын, ауылдық округтің орталығы болып Ейское ауылы анықталсын;
      Ейское ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Юбилейное ауылдық округі, оның құрамына Интернациональное ауылдық округінің Интернациональное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Интернациональное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Қаракөл ауылдық округі, оның құрамына Речное ауылдық округінің Речное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Речное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Бізұлық ауылдық округі, оның құрамына Сұрған ауылдық округінің Сұрған ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Сұрған ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Жаныспай ауылдық округі, оның құрамына Ковыльное ауылдық округінің Ковыльное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Ковыльное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      8) Шортанды ауданы бойынша:
      Баскөл ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Пригородное ауылдық округі Пригородное ауылының құрамына енгізілсін;
      Новокавказское ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Петровка ауылдық округі Петровка ауылының құрамына енгізілсін;
      Первомайское ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Новоселовка ауылдық округі Новоселовка ауылының құрамына енгізілсін;
      9) Целиноград ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Қосшы ауылдық округінің Госплемстанция ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Апполоновка ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Софиевка ауылдық округі Софиевка ауылының құрамына енгізілсін;
      Фарфоровое ауылы Фарфоровый ауылы категориясына көшірілсін.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     А.Рау

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев