Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді, Есіл, Целиноград, Шортанды аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және қайта құру туралы

Ақмола облысы әкімдідігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № а-13-532 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 3344 тіркелді

Қолданыстағы

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 311 баптарына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № А-11/330 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы № С-24-2 шешімі, Аршалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № А-76, 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № А-604 қаулылары мен Аршалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 4/3, 2009 жылғы 27 қазандағы № 22/4-2 шешімдері, Астрахан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 708 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 4С-17-11 шешімі, Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № а-12/304, 2009 жылғы 19 қазандағы № а-10/259 қаулылары мен Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 4С-22/2, 2009 жылғы 19 қазандағы № 4С-21/5 шешімдері, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қазандағы № а-10/172 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 қазандағы № С-18-4 шешімі, Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 378 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21-142 шешімі, Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № а-12/382 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21/3 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 209 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы № 145/22-4 шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № А-5/271 қаулысы мен  Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № С-21/3 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
      1) Ақкөл ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
      Бөгенбай селолық округінің Мирное селосы;
      Минск селолық округінің Хлебоприемное селосы;
      Селеті селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Минск селолық округі Минское селосының құрамына енгізілсін;
      Бөгенбай селолық округі, оның құрамына Минск селолық округінің Степногорск селосы енгізіліп, қайта құрылсын, Бөгенбай селолық округінің орталығы болып Степногорск селосы анықталсын;
      Искра селолық округі, оның құрамына Минск селолық округінің Минское селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Минск селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын
      2) Зеренді ауданы бойынша:
      Бәйтерек селолық округі, оның құрамына:
      Зеренді селолық округінің Красный Кордон селосы;
      Троицкое селолық округінің Ермаковка селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Троицкое селолық округі, оның құрамына Қошқарбай селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Викторовка селолық округінің құрамынан шығару арқылы жеке әкімшілік-аумақтық бірлік Айдабол селосы құрылсын;
      Сәкен Сейфуллин атындағы селолық округ, оның құрамына Бірлестік поселкесі енгізіліп, қайта құрылсын, селолық округтің орталығы болып Бірлестік поселкесі анықталсын;
      Ақкөл селолық округі, оның құрамына Самарбай селолық округінің Молодежное, Туполевка селолары енгізіліп, қайта құрылсын;
      Самарбай селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Кусепское селолық округі, оның құрамына Қазоты селолық округінің Раздольное, Теректі селолары енгізіліп, қайта құрылсын;
      Қазоты селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      3) Астрахан ауданы бойынша:
      Астраханка бекеті басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Жалтыр селолық округі Жалтыр селосының құрамына енгізілсін;
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Колутон селолық округінің 90 разъезді таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Первомайское селолық округі, оның құрамына Камышен селолық округінің Камышенко селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Камышен селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      4) Аршалы ауданы бойынша:
      Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты Сарыоба селолық округінің Владимировка селосы қысқартылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      Шалғай ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат селолық округі Бірсуат селосының құрамына енгізілсін.
      5) Атбасар ауданы бойынша:
      Пролетарка селосы Новосельское селолық округі Новосельское селосының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
      Покровка селолық округі, оның құрамына Садовое селолық округі Садовое селосының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
      Садовое селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Мариновское селолық округі, оның құрамына Адыр селолық округінің бекеті енгізіліп, қайта құрылсын;
      Адыр селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      6) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      Белағаш және Арай селолары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Краснофлот селолық округі Краснофлот селосының құрамына енгізілсін;
      Терек, Азнабай, Прожектор, Қарасу селолары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Уәлиханов селолық округі Уәлиханов селосының құрамына енгізілсін;
      Кішкентай селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат селолық округі Сәуле селосының құрамына енгізілсін;
      Дачи селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Макинка селолық округі Бұланды селосының құрамына енгізілсін.
      7) Есіл ауданы бойынша:
      Біртал селолық округі, оның құрамына Ейское селолық округінің Ейское селосы енгізіліп, қайта құрылсын, селолық округтің орталығы болып Ейское селосы анықталсын;
      Ейское селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Юбилейное селолық округі, оның құрамына Интернациональное селолық округінің Интернациональное селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Интернациональное селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Қаракөл селолық округі, оның құрамына Речное селолық округінің Речное селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Речное селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Бізұлық селолық округі, оның құрамына Сұрған селолық округінің Сұрған селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Сұрған селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Жаныспай селолық округі, оның құрамына Ковыльное селолық округінің Ковыльное селосы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Ковыльное селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      8) Шортанды ауданы бойынша:
      Баскөл селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Пригородное селолық округі Пригородное селосының құрамына енгізілсін;
      Новокавказское селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Петровка селолық округі Петровка селосының құрамына енгізілсін;
      Первомайское селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Новоселовка селолық округі Новоселовка селосының құрамына енгізілсін;
      9) Целиноград ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Қосшы селолық округінің Госплемстанция селосы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Апполоновка селосы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Софиевка селолық округі Софиевка селосының құрамына енгізілсін;
      Фарфоровое селосы Фарфоровый ауылы категориясына көшірілсін.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     А.Рау

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев