Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43, 43-1-баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда N 126, "Астана хабары", 2006 жылғы 8 тамызда N 63-64 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда N 468 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 28 наурыздағы N 60/10-IV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде N 528 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 180/30-IV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда N 564 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда N 27 "Астана хабары", 2009 жылғы 12 наурызда N 29-30 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 28 мамырдағы N 226/35-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда N 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 65 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 16 маусымда N 71 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 26 тамыздағы N 243/37-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 1 қазанда N 590 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 қазанда N 111 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 6 қазанда N 119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
1-тармақтың 25 азатжолындағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
13, 23-тармақтардағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
40-тармақтағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
67-тармақтағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
69-тармақтың екінші азатжолындағы "жіберілген бұзушылықтарды жоюды міндеттеуге," деген сөздер алынып тасталсын;
80, 82-тармақтардағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
93-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
100-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
103-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
"103. Сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың лауазымдық міндеттеріне енетіндер:";
108-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
109-тармақтың екінші азат жолы алынып тасталсын;
110, 111-тармақтар алынып тасталсын;
113-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
116-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы А. Бұлашев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин