Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 187/30-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 563 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашадағы N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы N 27 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 8 наурыздағы N 32-33 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 542 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамыздағы N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
      19-тармақтың 3) тармақшасындағы "бірінші және екінші топтағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      24-тармақтың екінші азатжолын "анықтамасы" деген сөзден кейін "ұрланған (жоғалған) жеңілдікті жол жүру билетін жарамсыз деп тану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақта:
      "(Республика күні - )" деген сөзден кейін "мұқтаж" деген сөзбен толықтырылсын;
      келесі мазмұндағы оныншы азатжолымен толықтырылсын:
      "6 шілде (Астана күні) - табысы аз отбасыларға азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түске ас түрінде";
      66-тармақта:
      1) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "3000 (үш мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның екінші азатжолындағы "5000 (бес мың)" деген сандар мен сөздер "10000 (он мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның үшінші азатжолындағы "3000 (үш мың)" деген сандар мен сөздер "4000 (төрт мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "2000 (екі мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "1500 (бір мың бес жүз)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "1500 (бір мың бес жүз)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                       Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                             В. Редкокашин