Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 107 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6007 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      11-тармақта:
      екінші абзацта «45 (қырық бес)» деген цифр және сөздер «40 (қырық)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта «30 (отыз)» деген цифр және сөз «35 (отыз бес)» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      екінші абзацта «45» (қырық бес)» деген цифр және сөздер «40 (қырық)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта «30 (отыз)» деген цифр және сөз «35 (отыз бес)» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;
      35-1-тармақта «Валютамен операциялар» деген сөздерден кейін «, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тарау мынадай мазмұндағы 35-3-тармақпен толықтырылсын:
      «35-3. «Жаппай активтік акциялар» және «Активтерді жаппай тактикалық бөлу» мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.»;
      46-тармақта:
      1) тармақшада «75 (жетпіс бес)» деген цифр және сөз «80 (сексен)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшада «25 (жиырма бес)» деген цифр және сөз «20 (жиырма)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:
      «50-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.»;
      53-тармақта:
      «(бұдан әрі - акциялар портфелі)» деген сөздерден кейін «, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
      «55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.»;
      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.»;
      3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      78 және 9-қосымшалар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, өкілдіктері мен ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Жәмішев
      2009 жылғы 28 желтоқсан

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2009 жылғы 30 қарашадағы    
№ 107 қаулысына қосымша     

«Қазақстан Республикасы   
Ұлттық қорының      
инвестициялық операцияларын 
жүзеге асыру ережесіне  
3-қосымша         

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің нарықтық құнының жол берілетін ауытқулары


Эталон

Ең төменгі

Ең жоғарғы

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар

80 пайыз

70 пайыз

100 пайыз

Акциялар

20 пайыз

0 пайыз

30 пайыз

                                                                   ».