«Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 589 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5998 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5428 болып тіркелген, Юридическая газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті (201.00 нысан) тапсыру Ережесінде:
      «1. Жалпы ережелер» бөлімнің атауы алып тасталсын;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салық төлеуші - салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны электронды түрде алады.»;
      «2. Есепті жасау (201.00-нысан)» бөлімнің атауы алып тасталсын;
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызына дейін Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ЖСН - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызынан бастап Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;»;
      Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың қоса есептелген және аударылған сомалары бойынша Есеп (201.00-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                       Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау Министрі
      _________ Г.Н.Әбдіқалықова
      6 қаңтар 2010 жыл

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 589 бұйрығына қосымша

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ
ЕСЕПТЕЛГЕН, ҰСТАЛҒАН (ҚОСА ЕСЕПТЕЛГЕН) ЖӘНЕ
АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ; ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫҢ
ЕСЕПТЕЛГЕН ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ БОЙЫНША
ЕСЕП

(қағаз мәтінінен қараңыз)