Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5991 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ қор биржасының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген өзге органдар.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Директорлар кеңесі листингтік комиссияның төрағасын листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды.
      Листингтік комиссиясының төрағасы мыналар:
      1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
      2) уәкілетті органның өкілдері;
      3) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілдері болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері сайланбайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Листингтік комиссияның шешімі листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі оны қабылдауға дауыс берсе, ол қабылданады.
      Листингтік комиссияның отырыстарына мыналар:
      1) листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру жөніндегі мәселесі қаралатын бағалы қағаз эмитентінің қызметкерлері немесе қаржы кеңесшісінің, осы эмитентке қызмет көрсететін маркет-мейкердің немесе андеррайтердің қызметкерлері;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері қатыспайды.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «15-1. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін қор биржасы құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.
      15-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:
      1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын қор биржасы бөлімшесінің басшысы;
      3) қор биржасының өзге қызметкерлері.
      15-3. Инвестициялық комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      15-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      16-тармақта:
      4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және оларға мониторинг жүргізу;
      6) ішкі аудит және бақылау.».
      3. Қаулының 2010 жылғы 01 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Қор биржасы 2010 жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімде:
      1) қор биржасының қызметінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін, қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен, осы қаулымен бекітілген Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірілген қор биржасының ішкі құжаттарын Агенттікке берсін;
      2) қолданып жүрген бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө.Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының    
2009 жылғы 30 қарашадағы   
№ 244 қаулысымен бекітілді 

Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қор биржасы тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруына қойылатын талаптарды белгілеу осы Нұсқаулықтың мақсаты болып табылады.
      2. Қор биржасының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және қор биржасының органдары, бөлімшелері және қызметкерлері тәуекелдерді басқару саласында өз міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.
      3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қор биржасының меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының құны өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      2) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе қор биржасына деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      3) бэк-тестинг – қор биржасы бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
      4) валюталық тәуекел – қор биржасы қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша позицияларды құнының мәнінде асыра бағалаудан туындайды;
      5) корпоративтік басқару – қор биржасының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге қор биржасының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндігін беретін, қор биржасының жоғарғы органы, басқару органы, атқарушы органы және өзге де органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, қор биржасын стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
      6) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшырайтын өзге қаржы құралдары бойынша серіктес міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      7) құқықтық тәуекел – қор биржасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеу, қор биржасының қызмет практикасы оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне қатысты - басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстар (шығындау) туындау тәуекелі;
      8) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
      9) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыруда қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің, сауда және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологиялар жұмыс істеп тұру нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстар (шығындар) пайда болу тәуекелі;
      10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – қор биржасы өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығысымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;
      11) «stop-loss» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдары операциялары бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
      12) стресс-тестинг – қор биржасының қаржылық жай-күйіне қор биржасының қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;
      13) стресстік жағдайлар – сауда-саттықты жүзеге асыру процесінде қор биржасының сауда жүйесінің жұмысында шамадан артық жұмыс істеу, жаңылу, қателіктермен және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;
      14) «take profit» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты;
      15) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс;
      16) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      17) ішкі аудит қызметі – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржасының бөлімшесі;
      18) ішкі бақылау жүйесі – қор биржасы рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, қор биржасының саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе қор биржасының бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептіліктің сенімді жүйесін ұстап тұруды қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;
      19) ішкі құжаттар – қор биржасы, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар.
      4. Қор биржасы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті береді, ол мыналарды:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеуді) дербес бағалануын;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.
      5. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, қор биржасы қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес тоқсанына бір реттен сирек емес есептеледі.
      6. Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, қор биржасы қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел бойынша стресс-тестингтің нәтижесі есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.
      7. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг қор биржасының сауда жүйесін стресстік жағдайларды және сауда жүйесінің элементтері қызмет ету параметрлерін, оның ішінде жүйелік біріктіргіштерді, операциялық жүйені, деректер базасын, сауда жүйесіне авторластыру (қол жетімділік) деңгейін, пайдаланушылар санын, ақпараттар ағымын, сауда-саттық көлемін, тоқсанына бір реттен жиі емес негізгі және (немесе) қосалқы серверге жүктемені қоса алғанда, жинақтауға, құрамдауға және модельдеуге тестілеу жолымен жүргізіледі.
      8. Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ресімделген операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын негізгі талаптар

      9. Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы қор биржасы қызметінің корпоративтік басқару жөніндегі талаптарға, лицензияланатын қызмет түрі аясында операциялар жүргізу практикасының бар болуына, қор биржасының сауда жүйесінің қызмет етуіне сәйкес келуін көздейді.
      10. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
      1) қаржы құралдарымен сауда-саттық процесін ұйымдастыруды, жүргізуді және басшылық етуді;
      2) қор биржасының мүшелері мен эмитенттер беретін ақпаратты жинауды, енгізуді, сақтауды және таратуды;
      3) сауда-саттықты ұйымдастыру процесі кідіріссіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, сауда жүйесіне үнемі мониторинг жүргізуді;
      4) сауда-саттықты ұйымдастыру процесінде пайдаланылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудитті;
      5) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды;
      6) сауда-саттық, бағамдар, бағалар, индекстер, индекстің есептік базасы бойынша ақпаратты жинауды, енгізуді және сақтауды;
      7) қор биржасының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды;
      8) қор биржасын басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын құруды және жетілдіруді;
      9) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
      10) қор биржасының мүдделі органдары шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты беруді және қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасуды;
      11) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатта белгіленген талаптардың сақталуына мониторингті;
      12) қор биржасының мүшелерімен және трейдерлермен жұмысты ұйымдастырудың тәртібін айқындауды, оның ішінде дауды қарау мен шешу бойынша рәсімдерді анықтауды, сондай-ақ қор биржасының мүшелері мен трейдерлері өздерінің міндеттерін орындамаған жағдайда, тиісті шараларды қолдануды.
      11. Тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттар бар болуын көздейді, бірақ шектелмейді:
      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі қор биржасының саясаты;
      2) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;
      3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
      4) заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға бағытталған рәсімдер;
      5) қор биржасында орын алған және потенциалды мүдде қақтығысын басқару рәсімі;
      6) қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері инсайдерлік ақпаратты қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер;
      7) қаржы құралдарымен және (немесе) шетелдік валютамен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік операцияларды жүзеге асыру тәртібі;
      8) сауда жүйесінің пайдаланушыларын аккредиттеудің (сертификаттаудың) тәртібі мен талаптары;
      9) қор биржасының ақпараттық саясаты;
      10) техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық.
      12. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды:
      1) тәуекелді басқару жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің және басқа бөлімшелерінің тәуекелді басқару саласындағы өкілеттігі мен функционалдық міндеттемелерді, сондай-ақ осы органдар және бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін;
      2) қор биржасының қызметімен және оның сауда жүйесі жұмыс істеп тұруымен байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін анықтау бойынша рәсімдерді;
      3) қор биржасының жұмыс істеу және оның сауда жүйесі қызмет ету процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, қор биржасының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды бағалаудың бірдейлігінің механизмін;
      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген іс-шараларға сәйкес келмегенде қолданылатын іс-шаралар мониторингінің механизмін;
      6) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалауы және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде:
      қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қор биржасының басқа бөлімшелерімен бірігіп қабылдайтын іс-шаралар;
      тәуекелдер туындауының жылдамдығын бағалауды, осы тәуекелдер әкелген ықпалды бұдан кейін бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін белгілеуді қоса алғанда, қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдерді бағалау;
      тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнінің өзгеруіне мониторингті қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімше жүргізетін тәуекелдердің және тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәні сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қолданылатын іс-шаралардың мониторингі;
      зиянға әкелетін және (немесе) қор биржасының бедел және құқықтық тәуекеліне әсер ететін кез келген маңызды жағдайлар жөнінде директорлар кеңесіне дереу есептілікті беру механизмі.
      13. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың тәртібі меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың типтік нысандарын белгілейді және мыналар бойынша рәсімдерді сипаттауды қамтиды:
      1) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
      2) мыналарды көздейтін қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар дайындау:
      ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін; инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібін;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын талдауды жүзеге асыру тәртібін;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібін;
      ұсынымдарды беруге маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібін;
      3) қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізудің және рәсімдеудің кезеңділігі болатын инвестициялық шешімдерді қабылдау;
      4) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде қор биржасының органдары мен бөлімшелері өзара әрекеттесу;
      5) көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара іс-әрекет жасау (мұндай бар болған кезде) процестерінің сипаттамасы бар меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмілелерді жасасуға бақылау, активтердің құрамына және қозғалысына салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есепке алуын және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      6) қор биржасының басқармасы меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі қызметтің нәтижесі туралы есептілікті уәкілетті органға дайындау.
      14. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлейді:
      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
      3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;
      4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты бекітілген талаптар мен шектеулер;
      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен меншікті активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.
      15. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың саясатын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
      16. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:
      1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
      3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін;
      4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;
      5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;
      6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;
      7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті қор биржасының директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді.
      17. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы бағытталған рәсімдер мынаны:
      1) егер операция «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі  - Заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге жатқан жағдайда, ақшамен және өзге мүлікпен операцияларды Заңның 4-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру және мониторингін;
      2) Заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы өзге іс-шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар жөніндегі мәліметтер мен ақпараттарды беруді қамтиды.
      18. Қор биржасы қызметін жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын қор биржасында орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын басқару рәсіміне мыналар кіреді:
      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған қор биржасының органдары шешім қабылдау рәсімдері:
      қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;
      қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;
      қор биржасы органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобының арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеу;
      2) қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптар;
      3) қор биржасының бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары арасында орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын сипаттау;
      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында қор биржасы жүргізетін іс-шаралар, сондай-ақ потенциалды мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.
      19. Инсайдерлік ақпаратты қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мынаны қамтиды:
      1) инсайдерлік ақпаратты өзінің мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмілелерді жасасуды болдырмауды;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік және оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшілік тобы арасында оны таратуды болдырмауды;
      3) қор биржасы қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшінші тұлғалар беру мүмкіндігін шектеуді.
      20. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп беруді жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейтін рәсімдердің сипаттамасын қамтиды:
      1) қор биржасында айналымға жіберілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептесуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды дайындауды;
      3) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін мәмілелер бойынша есептесуді жүргізу жүйесінде қателер мен техникалық жаңылулар болуына мониторингі және тестілеуді;
      4) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыру процесінде сауда-саттық қатысушылары мен қор биржасы арасындағы мәселелерді шешудің тәртібін.
      21. Қор биржасының сауда жүйесінің пайдаланушыларын аккредиттеу (сертификаттау) тәртібі мен талаптарына мыналар кіреді:
      1) қор биржасының сауда жүйесінің пайдаланушыларының функционалдық міндеттеріне қарай жекелеген санаттарын айқындау;
      2) қор биржасының сауда жүйесі пайдаланушыларының жекелеген санаттарының әр қайсысына аккредиттеуден (сертификаттаудан) өту талаптарын белгілеу;
      3) сауда-саттық жүйесінің пайдаланушыларын қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізу.
      22. Қор биржасының ақпараттық саясатына мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:
      1) қор биржасының эмитенттермен және қор биржасы мүшелерімен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттесу тәртібі;
      2) қор биржасының беделіне әсер ете алатын ақпараттың тұрақты мониторингі бойынша талаптар;
      3) қор биржасының беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда, қажетті іс-шараларды қолдану бойынша талаптар.
      23. Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық мыналарды қамтиды:
      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптарды;
      2) форс-мажорлық және күтпеген жағдайлар туындау жағдайында қор биржасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, форс-мажорлық және күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспарын;
      3) қор биржасының қызметкерлері бағдарламалық-техникалық кешенін және өзге жабдықты пайдалану тәртібін;
      4) қор биржасының үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.

3-тарау. Қор биржасы жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы мен жекелеген бөлімдердің қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар

      24. Қор биржасының қызметін жүзеге асыру барысында органдары мен (немесе) бөлімшелерінің арасында туындайтын орын алған және потециалды мүдделер қақтығысын басқару мақсатында, қор биржасы мынадай іс-шараларды қолданады:
      1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе ол туындауы ықтимал бөлімшелердің қор биржасының түрлі басшыларына есептілігін қамтамасыз етіледі;
      2) орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын ескеріп, қор биржасының бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратты алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі;
      3) ішкі аудит қызметі қор биржасының бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін қор биржасы қабылдаған орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын басқару рәсімдеріне сәйкес келуін тексеруді үнемі жүзеге асырады.
      25. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері мен басшысы жоғары білімді, кәсібилік біліктілігі және тәуекелдерді басқару саласында жұмыс үш жылдан кем емес тәжірибесі бар болады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама бойынша білімдері болуы қажет.
      26. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері мен басшыларына қосымша қойылатын талаптарды қор биржасы белгілейді.
      27. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері мен басшыларына бір уақытта қор биржасының басқа бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қор биржасы органдарының функциялары жүктелмейді.
      28. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінде және басшыларында жоғары білім бар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы бойынша білімдері бар, кәсібилік біліктілігіне ие, қаржылық қызметті ұсыну мен реттеу саласында бір жылдан кем емес жұмыс стажы (тәжірибесі) бар, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық және өзге қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.
      29. Қор биржасының директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды.

4-тарау. Қор биржасындағы тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау мен мониторингі

      30. Қор биржасы өзінің қызметінде тәуекелдердің мына түрлерін дифференциалдайды және сәйкестендіреді:
      1) операциялық тәуекелдерді;
      2) құқықтық тәуекелдерді;
      3) бедел тәуекелдерін;
      4) бағалық, валюталық және пайыздық тәуекелдерді;
      5) өтімділік жоғалту тәуекелдерін;
      6) тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының саясатына сәйкес өзге тәуекелдерді.
      31. Операциялық тәуекелдерге мыналармен байланысты тәуекелдер кіреді:
      1) жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, қор биржасының айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымымен;
      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктермен;
      3) қор биржасының қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліктіліксіз штатымен;
      4) қор биржасының сауда жүйесін рұқсатсыз қолданумен және қор биржасындағы сауда-саттық процесінің қатысушы-трейдерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне не қор биржасының сауда-жүйесінде олар мәмілелерді жасасқанда қателіктерді жібергендерімен;
      5) қор биржасы қызметін жүзеге асыру процесстерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі ережелерді сақтаудың нашар қадағалауымен;
      6) қор биржасының қызметіне күтілмеген және бақыланбаған сыртқы факторлардың әсерімен;
      7) қор биржасының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктер мен қателердің бар болуымен;
      8) қаржы құралдарымен сауда-саттық процесі бұзылуына және қор биржасында операцияларды жүзеге асырумен;
      9) қор биржасының мүшелері мен эмитенттері беретін құпия ақпаратты заңсыз қолданумен;
      10) қор биржасындағы органдары мен бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысы туындауымен;
      11) ақпаратты жинаумен, енгізумен, сақтаумен және таратумен байланысты қателер туындауымен;
      12) қаржы құрылдарының құны мен кірістілігін бағалауды және олар бойынша есептесуді жүзеге асыруды көздейтін қор биржасының әдістемелерінде барынша дәл есептесуді жеткіліксіз жүргізумен;
      13) сауда жүйелері қоса алғанда, қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі жұмыс істеуінде қателер мен жаңылу туындау ықтималымен;
      14) қор биржасы қызметі кезінде жетілмеген технологияларды пайдалану салдарынан, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу, есептесуді жүргізу, қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша және жүйелі басқару функцияларын орындау процесстерін қоса алғанда, зиян пайда болу ықтималымен;
      15) потенциалды тәуекелдер ретінде қор биржасы сәйкестендіретін өзге жағдайлармен.
      32. Қор биржасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) қор биржасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуынан, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегенде, қор биржасының қызметінің практикасы оның ішкі құжаттарына сәйкес келмегенде туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы қамтамасыз етеді:
      1) қор биржа қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына, қор биржасының ішкі ережелері мен рәсімдеріне және келісім қатынастарының талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;
      2) қор биржасында сауда-саттықты өткізу процесінде қор биржасы мүшелерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында, қор биржасының ішкі ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;
      3) қор биржасының персоналын тұрақты негізде қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;
      4) қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы өзгеруіне байланысты, қор биржасының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдері туындау мүмкіндігін бағалауды өткізу.
      33. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бақылау процестерінің мақсаты болып мыналар табылады:
      1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті алдын ала анықтау;
      2) тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген міндерін бағалау сапасын көтеру;
      3) тәуекелдерді бақылаудың баламалы механизмдерін дамыту;
      4) тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару бойынша уақтылы іс-шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
      5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, қор биржасының жекелеген бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау процесіне тарту, сонымен қатар, тәуекелдерді басқару саласында қор биржасы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру.
      34. Тәуекелдерді сәйкестендіру рәсімі қор биржасының бөлімшелері қызметінің түріне байланысты тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге қор биржасының әр бөлімшесі жүзеге асыратын мұқият шолу мен мониторингке негізделеді.
      35. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар бойынша талданады:
      1) тәуекелдердің басталу жиілігі;
      2) тәуекелдің әсер ету көлемі.
      36. Талдаудың нәтижесі негізінде тәуекелдер шекті ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткіштерінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын ретінде дифференциалданады.
      37. Тәуекелдерді бағалау мен бақылау нәтижелері қор биржаның толық қызметіне сияқты жеке қызмет түріне де тәуекел көрсеткішінің сандық мәнін айқындау үшін қолданылады.
      38. Тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін, белгіленген шектеулі көрсеткіштеріне тәуекелдердің сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген шектеулі көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару үшін тиісті шешімдерді қабылдау қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
      39. Қор биржасының жекелеген қызметіне тән тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін осы қызметті жүзеге асыратын  қор биржасының бөлімшелері тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірігіп есептейді.
      40. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі қор биржасында қаржылық құралдармен сауда-саттық процесі бұзылуына әкелген техникалық жаңылулар мен өзге жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға хабарлайды.
      41. Қор биржасының директорлар кеңесі қаржылық құралдармен сауда-саттық процесі бұзылуына әкелген техникалық жаңылулар мен өзге жағдайлар туралы ақпаратты ол жағдай басталу күнінен кейінгі күні ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.
      42. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тәуекелдер басталу жағдайларының саны және тәуекелдер басталу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшері туралы ақпаратты директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын жасайды, тәуекелдер мен олар басталудан болған салдарды барынша төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын береді.
      43. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін бағалау бойынша әзірлеген қорытындысының негізінде қор биржасының басқармасы директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін айқындайды.
      44. Жаңа тәуекелдер пайда болған жағдайда және тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәніне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған қор биржасының бөлімшесі директорлар кеңесіне және басқармаға ол туралы хабарлайды.
      45. Тәуекелдерді бағалау нәтижесінің негізінде оларды барынша төмендетуге бағытталған ықтимал іс-шаралар анықталады.
      46. Тәуекелдерді барынша төмендету тәуекелдер көрсеткіштері тәуекелдер көрсеткіштерінің шекті мәнінен асып түскен жағдайларда қажетті болып табылады. Тәуекелдерді барынша төмендету мына іс-шаралармен шектелмей жүзеге асырылады:
      1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторинг жүргізу мен қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
      2) қор биржасының қызметі процесінде қор биржасының органдары қабылдайтын сол және өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, зиянды сәйкестендіру мен барынша төмендету бойынша рәсімдерді жетілдіру;
      3) трейдерлер болып табылмайтын, бірақ осындай лимиттерді белгілеуге уәкілетті тұлғалар қор биржасындағы сауда-саттық процесіне қатысушылар - трейдерлер үшін қаржы құралдары бойынша лимиттерді белгілеуді көздейтін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді қор биржасының енгізуі;
      4) сауда-саттықты ұйымдастыру процесінде екі жылда бір реттен сирек емес қолданылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудитті жүргізу.
      47. Директорлар кеңесі тәуекелдер туындауы бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның мақсаты болып мыналар табылады:
      1) тәуекелдер туындау салдарынан болған шығындар туралы ақпараттық базаны құру;
      2) тәуекелдер туындау нәтижесінде болған нақты зиян туралы ақпаратты талдауы арқылы тәуекелдерді басқару мен барынша төмендету процестерін жетілдіру;
      3) тәуекелдер туындау нәтижесінде пайда болатын зиянның құнын кезеңді бағалауды жүргізу;
      4) тәуекелдер туындауының маңызды жағдайларына уақтылы және тиісті ден қоюды қамтамасыз ету;
      5) деректерді жинау мен енгізу жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау.

5-тарау. Қор биржасының меншікті активтері есебінен қаржы құралдармен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      48. Қор биржасының меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында, тоқсанына бір реттен жиі емес мыналар жүргізіледі:
      1) эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу потенциалына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің уәкілетті орган қор биржасы үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерге және өзге де нормалар мен лимиттерге әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;
      2) инвестициялауды жүргізу көзделген қаржы құралдары айналымының талаптары мен кірістілігін талдау;
      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, портфельдің құрылымын оңтайландыру бойынша шығынды позициялар мен ұсынымдарды талдауды қоса алғанда, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау.
      49. Осы Нұсқаулықтың 48-тармағында көрсетілген аналитикалық зерттеулер негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдар әзірленеді.
      50. Ұсынымдар:
      1) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      2) инвестициялау лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;
      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, портфельдің құрылымын оңтайландыру бойынша шығынды позицияларды және ұсынымдарды талдауды қоса алғанда, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау кезінде беріледі.
      51. Ұсынымда мынадай мәліметтер болады:
      1) ұсынымның нөмірі және берілген күні;
      2) қор биржасының ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі және қызметкері туралы мәліметтер;
      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат дерек көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
      4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері, мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:
      жасалатын мәміленің меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері туралы;
      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы;
      жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің өзгеруіне әсері туралы;
      5) ұсынылатын инвестициялық шешімнің нұсқалары;
      6) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, осы құралдың кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсетумен оның сипаттамасы;
      7) қор биржасының инвестициялау саясатына сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты;
      8) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары;
      9) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат.
      52. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.
      53. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі:
      1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss") бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі оперативті рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша бағалардың өлшемдік деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit") төмендеу ықтималдығы жоғарылайды. "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді;
      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;
      3) меншікті активтер бойынша өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшырайтындығы жөнінде қорытындыны дайындайды және осы қорытындыны директорлар кеңесіне береді;
      4) меншікті активтер есебінен мәмілелер жүзеге асырылуы процесінде алынатын ақпарат негізінде инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және баға тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады;
      5) тәуекелдерді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды нарықтыққа келтіру негізінде қаржы құралдары құнын бағалауды жүргізеді, оның ішінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасының 1-нысанына сәйкес баға тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асырады;
      6) бэк-тестинг жүргізеді, қор биржасы бойынша тарихи деректерді қолданып және стресс-тестинг жүргізу нәтижесінде есептелген нәтижелерді қаржы құралдарымен операцияларды жасасудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстырып, тәуекелдерді өлшеу рәсімінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
      7) стресс-тестингтің және бэк-тестингтің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелдерді бағалау мен жүйелі түрдегі стресс-тестингтердің нәтижелерін қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауда қолданатын инвестициялық комитетке береді.
      54. Қор биржасының тәуекелдерді басқаруды бойынша бөлімшесінің осы Нұсқаулықтың 53-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мына мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
      инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына жасалатын мәміленің әсері туралы;
      жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің ықтимал өзгерісіне әсері туралы;
      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы.
      55. Ұсынымдар мен директорлар кеңесінің қорытындысы негізінде инвестициялаудың басымды бағыттарын айқындайды, ал инвестициялық комитет инвестициялық шешімді қабылдайды және жылына бір реттен жиі емес мына инвестициялау лимиттерін белгілейді және қайта қарайды:
      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін;
      2) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияның лимиттерін;
      3) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерін;
      4) қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерін;
      5) қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттерін.
      56. Инвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша міндетті түрде мыналарды көрсетумен хаттама жасалады:
      1) отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;
      2) инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;
      3) қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсетумен, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;
      4) отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;
      5) инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері мен күтілетін тиімділігі бар пікірлерін, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеушілігі және ерекше пікір болған жағдайда.
      57. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылданған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.
      58. Инвестициялық шешім қаржы құралдарымен жасалатын бір және сондай-ақ бірнеше мәмілелерге қатысты қабылдануы мүмкін.
      59. Инвестициялық комитеттің отырысының қорытындысы бойынша қабылданған қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:
      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
      2) инвестициялық шешім қабылдауға негіздеме болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) жасалуы тиіс мәміленің түрі;
      4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралын сәйкестендіргіш;
      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
      6) мәміле жасау мерзімдері;
      7) мәміле жасау болжанатын нарықтың типіне сілтеме (алғашқы немесе қайтара, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);
      8) көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын делдалдың (брокердің) атауы (мұндай бар болған кезде);
      9) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбағанына) қатысты ерекше пікірінің болуына сілтеме;
      10) инвестициялық шешімді қабылдаған, тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары болады.
      60. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім осы Нұсқаулықтың 59-тармағының 1)–3), 7)–10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен қатар мыналардан тұрады:
      1) хеджирлеу құралын оның түрін, жасалу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа да сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипатталуы;
      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер;
      3) хеджирлеу объектісі тәуекелін (базистік активінің) оның түрін (пайыздық, баға, валюталық және тағы басқалар), сондай-ақ оның бағалау әдісін көрсете отырып бағалау;
      4) қажетті деректемелері (ұлттық сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісі;
      5) осы операцияны жасау арқылы хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге алып келетінін растайтын есеп айырысу.
      61. Инвестициялық комитеттің отырысының қорытындысы бойынша қабылданған инвестициялық шешім қаржы құралдарымен мәмілені жасасу үшін орындалуға беріледі.

6-тарау. Қор биржасының ішкі бақылау жүйесінің бар болуына қойылатын талаптар

      62. Қор биржасының Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және қор биржасы қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
      63. Қор биржасындағы ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:
      1) қор биржасының активтерін басқарудың, листинг рәсімдерінің, биржалық мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асырудың, қор биржасының биржалық мәмілелерге, қор биржасының мүшелеріне және эмитенттеріне қатысты қадағалау функцияларын орындаудың және шығындар болуын айқындаудың тиімділігін тексеруді көздейтін қор биржасы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігіне;
      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылығына. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде қор биржасы пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;
      3) қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ қор биржасының ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауға жету үшін құрылады.
      64. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:
      1) қор биржасының ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;
      2) жұмыста қор биржасының ішкі регламенттерін пайдалану;
      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.
      65. Ішкі бақылау жүйесін мына рәсімдерді жүргізуді қамтиды:
      1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса беріп, қор биржасының қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы қор биржасының алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;
      2) бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайынғы негізде тексеруі;
      3) материалдық маңызды ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетімділікті шектеуге бақылау жүргізу мақсатымен тексеру;
      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне қор биржасының басшылығының талаптарын белгілеу;
      6) операциялардың шарттары мен қор биржасының қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
      7) жүргізілген операцияларды қор биржасының есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;
      8) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің сенімді қызмет етуін тексеру;
      9) заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;
      10) қор биржасында мүдделердің бар болған және потенциалды қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;
      11) қаржы құралдардың құнын бағалау және кірістілік бөлігінде әдістерді қоса алғанда, қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралының құнын бағалаудың дұрыстығын және шынайылығын тоқсан сайынғы тексеру.
      66. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйесінің бара бар болуын және тиімділігін бағалау, қор биржасының бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдарды беру табылады.
      67. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен тиісті ішкі бақылау жүйесінің бар болуын және қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатымен ішкі аудит қызметі құрылады.
      68. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және қор биржасының ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ қор биржасының қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.
      69. Ішкі аудит қызметі қор биржасының кез келген бөлімшесінің қызметін немесе лауазымды тұлғасының қызметін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді.
      70. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен қор биржасының директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудит бағдарламасын жасайды.
      71. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:
      1) ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;
      2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есептілікті дайындау;
      3) директорлар кеңесіне, басқармаға және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қор биржасының лицензияланатын қызмет түрі аясында кез келген мәлімет пен ақпараттың шынайлығы мен дәл болуын;
      4) ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді қарау мен талқылау кіреді.
      72. Ішкі аудитті қызметінің негізгі функциялары:
      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;
      2) тәуекелдерді бағалау әдістемесінің және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;
      3) деректер базасының тұтастығы мен оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, сауда жүйесінің қызмет ету тиімділігін тексеру;
      4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын, сонымен қатар ақпарат пен есептіліктің сенімділігін әрі уақтылығын тексеру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын тексеру;
      6) қор биржасының мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;
      7) қор биржасының жасаған операцияларының экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
      8) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
      10) қор биржасының қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
      11) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе қор биржасының бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының қор биржасы үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін қор биржасының бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша қор биржасының бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;
      12) қор биржасының ішкі құжаттары көзделген басқа мәселелер болып табылады.
      73. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру қор биржасы Нұсқаулықтың осы тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етіледі.

Қор биржасында тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына  
қойылатын талаптар жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша      

«_____»  жыл үшін

«____________________________________»
(қор биржасының атауы)
Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп

Нұсқаулықтың тиісті абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы

Талапқа сәйкестігін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты тұлғалар мен іс-шараларды орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1






      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау: _________

      Кестені толтыруға түсініктеме:
      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай критерийлердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, ішінара талапқа сай, талапқа сай емес.
      1. «Талапқа сай» бағалау қор биржасы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийлерін қандай да бір маңызды кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады.
      2. «Ішінара талапқа сай» бағалау қор биржасы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты критерийін сақтаудағы мүмкіндігіне қатысты маңызды күмән пайда болуына жеткілікті болып есептелмейтін кемшіліктер анықталғанда шығарылады.
      3. «Талапқа сай емес» бағалау қор биржасы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийін орындамаған кезде шығарылады.
      4. Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген талаптар қор биржасына қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы критерийіне сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және тиісті «қолданылмайды» деген жазбамен белгіленеді.

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      _______________ ______________
           қолы              күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы

      ________________ ______________
           қолы              күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ________________ ______________
           қолы               күні

Қор биржасында тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына  
қойылатын талаптар жөніндегі
      нұсқаулыққа 2-қосымша      

1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

30% астам

1

2

3

4

5

6

7

8

























































Шығын жиынтығы


      1-бағанда нарықтың бағасы бар қаржы құралдары көрсетіледі. Бұл ретте, қаржы құралдары қаржы құралдарының түрлері бойынша және экономика секторы бойынша топтастырылады.
      3, 4, 5, 6, 7-бағандарда қаржы құралдарының әр санаты бойынша тек бір жорамалданған сценарий таңдалады.

Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі: ________________

Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      _____________ ______________
          қолы           күні

2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны

Купонды сыйақының пайыздық ставкасын төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6% астам

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім


      3, 4, 5, 6-бағандарда бір санаттың қаржы құралдары бірнеше сценарийлерге ұшырауы мүмкін.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі: ___________________

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      ________________ ______________
           қолы             күні

3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Шетел валютасы

Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қатысты теңгені нығайту сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% астам




























Шығынның жиынтығы


Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі: ________________________

Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      ________________ ______________
            қолы           күні

Қор биржасында тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына  
қойылатын талаптар жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша   

Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Сауда жүйесін тестілегендегі стресстік жағдай

Тестілеуде сауда жүйесінің элементтері қызмет етуіне қойылатын параметрлер

Тестілеу нәтижелері (оқиғалар мен салдары басталу мүмкіндігін басталған жағдайда бағалау)

параметр1

параметр 2, 3,..., n-1.

параметрn
















      Стресстік жағдайдың және стресстік жағдайда тестілеуде сауда жүйесінің элементтері қызмет етуіне қойылатын параметрлердің қысқаша сипаттамасы:

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      ________________ ______________
            қолы            күні