Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.03 № 492 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қырқүйектегі кодексінің 88-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, пациенттердің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Комитет (Қайырбекова С.З.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 860 бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қырқүйектегі кодексінің 7, 34-баптарына сәйкес әзірленген және науқастарды білікті, мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік стационарлық көмек алу үшін жоспарлы тәртіппен науқастарды емдеуге жатқызуды ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықта айтылған талаптар пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде (бұдан әрі - ТМККК) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын қорғауға, емдеуге жатқызу үдерісінің қолжетімдігін, айқындылығын, сондай-ақ, емдеуге жатқызу үдерісінің қатысушыларының арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында бағытталған.
3. Стационарлық көмек (бұдан әрі - стационар) көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жоспарлы емдеуге жатқызу ТМККК мен емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде (бұдан әрі - шекті көлемдердің) пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
4. Стационарға емдеуге жатқызуға жолдаманы (бұдан әрі – жолдама) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда бастапқы медициналық-санитариялық медициналық ұйым (бұдан әрі - БМСК) рәсімдейді.
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ұйым (бұдан әрі – Емдеуге жатқызу бюросы) ТМККК шеңберінде мынадай жолдар арқылы стационарға емдеуге жатқызуды:
1) БМСК ұйымдары мамандарының емдеуге жатқызуға жіберу және емделуге жатқызудан бас тарту мәліметтерінен және стационардағы бос төсектер мәліметтерінен «Жоспарлы емдеуге жатқызу тіркелімі» (бұдан әрі - Тіркелім) дербес мәліметтер базасын қалыптастыруды;
2) БМСК ұйымдары ұсынатын стационарлық көмек көрсетуді қажет ететін науқастар мен стационарлар ұсынатын бос бейінді төсектер туралы мәліметтерге сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде жоспарлы емдеуге жатқызу мониторингін жүргізуді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісіне қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
6. Бір ауданның ішінде жоспарлы емдеуге жатқызу аудандық стационар мен емхананың арасында шешіледі.
2. Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
7. БМСК дербес ұйымының емдеуші дәрігері науқас қаралған кезде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес диагностикаға қажет және емдеу тәсілдерін анықтауға арналған клиникалық-диагностикалық, аспаптық, рентгенологиялық зерттеулерді және бейінді мамандардың консультацияларын (бұдан әрі - зерттеулер) тағайындайды.
Стандарттар болмаған жағдайда диагностикалық және емдік іс-шаралардың көлемі медициналық айғақтары бойынша анықталады.
8. Науқасты стационарлық емдеу үшін медициналық айғақтары анықталған күні емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп науқасты стационарға емдеуге жатқызу қажеттігі туралы шешімді шығарады және ол амбулаториялық науқастың медициналық картасында белгіленеді.
9. Науқасты емдеуге жатқызу қажеттігі туралы шешім шыққан жағдайда сол күні БМСК ұйымының маманы:
1) БМСК ұйымының статистикалық қызметі бөлімінен пациенттің таңдаған өңірдегі стационарлардың бөлігіндегі бос төсектер туралы тіркелімінің деректерін сұратады;
2) тіркеу және мониторинг үшін емдеуге жатқызуды қажет ететін науқас туралы деректерді электрондық немесе қағаз/факс тасымалдауыштар арқылы Емдеуге жатқызу бюросына жолдайды.
10. Тіркелімде науқас таңдаған стационардағы бос бейінді төсектер туралы деректер болған жағдайда дәрігер емдеуге жатқызу коды мен күнін көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді.
11. Науқас таңдаған стационарда бос орын болмаған жағдайда БМСК ұйымының дәрігері науқасқа бос орыны бар стационарды ұсынады.
12. Науқас ұсынылған стационарлардан бас тартқан жағдайда:
1) дәрігер науқасқа таңдаған стационарына жату үшін жоспарлы жатқызуды күтуі қажеттігін хабарлайды;
2) науқас туралы деректерді электрондық немесе қағаз/факс тасымалдауыштарда Емдеуге жатқызу бюросына оны Күту парағына (бұдан әрі – Күту парағы) тіркеу үшін жолдайды;
3) Күту парағының коды, емдеуге жатқызудың алдын ала күні көрсетіле отырып, жолдама рәсімделеді.
13. Емдеуге жатқызу бюросы:
1) жедел түрде БМСК ұйымы жіберген науқастың ауруханаға жататын күнін нақтылауды жүзеге асырады;
2) емдеуге жатқызуды қажет ететін науқастарды тіркеуді жүзеге асырады және әрбір науқасқа код (№) тағайындайды;
3) күн сайын стационарларға емханаға жатқызуға жіберген науқастардың тізімін жолдайды;
4) Күту парағына науқастарды тіркеуді және қозғалыс мониторингін жүзеге асырады;
5) күн сайын БМСК ұйымына өңірдегі стационарлар мен бейіндердің бөлігіндегі, сондай-ақ, сұрау бойынша және республикалық клиникалардағы бос төсектер туралы мәліметтерді жолдайды;
6) күн сайын емдеуге жатқызуды күтіп отырған науқастарды уақтылы хабардар ету үшін БМСК ұйымына Күту парағын жібереді.
14. БМСК ұйымының статистикалық қызмет бөлімі науқасты уақтылы хабардар ету үшін науқастың коды бойынша күн сайын Күту парағын қадағалап отырады.
15. Емдеуге жатуды он күннен аса күткен және зертханалық зерттеулердің мерзімі өтіп кеткен жағдайда науқас БМСК ұйымдарында жалпы клиникалық зертханалық зерттеулерді қайталауы қажет.
16. Орынның жоқтығынан емдеуге жатқызудан бас тарту жағдайларын болдырмау үшін БМСК мекемелері Емдеуге жатқызу бюросымен стационарға жіберілген науқастарды емдеуге жатқызған күндермен салыстыра отырып жүргізеді. Емдеуге жататын күн өзгерген жағдайда науқастарды хабардар етеді.
17. Жоспарлы емдеуге жатқызу мониторингін жүргізу үшін БМСК ұйымдары стационарлық емдеуге жіберілген барлық науқастарды осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емдеуге жатқызуға жіберілген және емдеуге жатқызудан бас тартқан науқастарды тіркеу Журналына тіркейді.
Емдеуге жатқызуға жіберілген және емдеуге жатқызудан бас тартқан науқастарды тіркеу журналы нөмірленген, тігілген, мөрленген және ұйым басшысының қолы қойылған болу керек.
18. ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін стационарлардың басшылары:
1) Емдеуге жатқызу бюросына Күту парағына сәйкес ағымдағы күннің басына және жақын бес күнге бос төсектер туралы мәліметтерді осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес күн сайын жіберуді қамтамасыз етеді;
2) Емдеуге жатқызу бюросына ақпаратты сапалы ұсынуды жүзеге асырады;
3) науқастарды уақтылы жоспарлы емдеуге жатқызуды бақылауды қамтамасыз етеді;
4) орын болмаған жағдайда науқасты емдеуге жатқызу мәселесін жедел шешу үшін комиссия құрады және Емдеуге жатқызу бюросымен емдеуге жатқызудың келесі күнін келіседі;
5) төтенше жағдай, жұқпалы аурулар кезіндегі карантин, жаппай улану, жол-көлік апаттары сияқты күтпеген тосын жағдайларда науқасты жоспарлы жатқызуды кейінге қалдыру мәселесін шешеді;
6) ТМККК шеңберінде БМСК ұйымдарымен және Емдеуге жатқызу бюросымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
19. Пациент медициналық көмектен бас тартқан жағдайда БМСК ұйымы бұл науқасты Күту парағынан алу үшін Емдеуге жатқызу бюросына хабарлайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде стационарға жоспарлы
емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулығына
1-қосымша
нысан
форма
А4 форматы
Формат А4
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
КҰЖЖ бойынша ұйым коды |
|
Ұйымның атауы |
№ 001-3/е нысанды медициналық құжаттама |
|
Медицинская документация Форма 001-3/ у |
Стационарға жатқызуға
ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ
на госпитализацию в стационар*
_____________________________________________________________________
Жіберуші медициналық ұйымының атауы
(наименование направляющей медицинской организации*)
Жіберілді (Направляется в) __________________________________________
МҰ, бөлiмшенiң атауы
(наименование МО, отделение)
Азамат (ша (Гр-н (ка)) ______________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
(фамилия имя отчество)
Туған күнi (Дата рождения) |_|_|_|_|_|_|_|_|
Амбулатория науқастың медициналық картасының № __________
(медицинской карты амбулаторной пациента)
Мекен-жайы (Домашний адрес) ________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны (Место работы или учебы) _____________________
Диагноз ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________ ХАЖ коды (код по МКБ-10) |_|_|_|_|
«__» ___________ 20 ___ ж.(г.)
Дәрiгер (Врач)________________ ____________________________
қолы (подпись) Т.А.Ә.
дәрiгердiң коды (Ф.И.О., код врача) ____________
*Стационарға науқасты жоспарлы емделуге жатқызуға медициналық ұйымдардың өз бетінше жіберуге құқығы бар (на плановую госпитализацию больных в стационар имеют право направлять самостоятельные медицинские организации)
«Стационарды таңдаумен келісемін» «С выбором стационара согласен»
Науқастың қолы ___________ Подпись больного ___________
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде стационарға жоспарлы
емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулығына
2-қосымша
Нысан
форма
Лист ожидания плановой госпитализации в стационар
Стационарда емделуге жоспарланған күту парағы
№ кода |
Фамилия, имя, отчество больного (полностью)Науқастың тегі, аты, әкесінің аты (толық) |
Дата рождения больногоНауқастың туған күні, айы, жылы |
Домашний адрес и контактные телефоны больногоНауқастың мекенжайы мен телефоны |
Идентификационный код больногоНауқастың сәйкестендіру коды |
Диагноз направившей организации |
ЛПО, отделение в которое направлен больной |
Профиль койки (код) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Дата направления (дд, мм, гг) |
Дата госпитализации, определенная Бюро госпитализации (дд мм. гг) |
Дата и время окончательной госпитализации (дд. мм. гг) |
Ф.И.О. врача, направившего на госпитализацию |
Дата уведомления о дате госпитализации |
Срок ожидания, дней |
Причина несостоявшейся госпитализации или отказа |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде стационарға жоспарлы
емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулығына
3-қосымша
нысан
форма
Ауруханаға жатқызуға жіберілген және ауруханаға жатқызудан шеттетілген науқастарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
ЖУРНАЛ
учета больных, направленных на госпитализацию и отказа от госпитализации (для бюро госпитализации)
р/с |
Жіберілген күні (кк.аа.жж.) |
Емдеуге жатқызу кодының нөмірі, анықталған емдеуге жатқызу Бюросы |
Науқастың аты-жөні, әкесінің аты (толық) |
Науқастың бірегейлендіру коды |
Науқастың туған күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Мекен-жайы (байланысу телефондары) |
Жіберген ұйымның диагнозы |
Амбулаториялық картаның № |
Науқас жолданған ЕААҰ, бөлімше |
Ауруға арналған төсек бейінінің коды |
Ауруханаға жатқызу Бюросы анықталған күні |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
кестенің жалғасы
Ауруханаға жатқызылған күні мен уақыты Дата и время госпитализации |
Бастапқы, қайта ауруханаға жатқызу |
Ауруханаға жатқызылудан шеттетілу себебі |
Ауруханаға жатқызуды күту ұақыты |
Емдеуге жатқызған күнін науқасқа хабарлау |
Ауруханаға жатқызуға жолдаған дәрігердің Т.А.Ә. |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде стационарға жоспарлы
емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулығына
4-қосымша
№ 007/-1е нысаны
Форма №007/-1у
Стационардағы бос төсектерді есепке алу
ПАРАҒЫ
ЛИСТОК
учета свободных коек в стационаре
_____________________________________________________________________бөлімшенің, төсек бейінінің атауы (наименование отделения, профиля коек)
Төсек бейінінің коды |
Жөндеуге жиналған төсектердi қосқанда нақты жазылған төсектер |
Олардың ішінде жөндеуге жиналған төсектер |
Өткен тәуліктер басындағы науқастар саны |
Ағымдағы күннің басында бос төсектердің саны (1 күні) Свободное количество коек на начало текущего дня (1 день) |
||
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің в т. ч., женских |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Жақын арадағы бес күндегі бос төсек орындардың болжамды саны |
|||||||||
2 күн |
3 күн |
4 күн |
5 күн |
6 күн |
|||||
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің |
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің |
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің |
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің в т. ч., женских |
барлығы |
Олардың ішінде әйелдердің в т. ч., женских |
Бөлім меңгерушісінің қолы (Подпись заведующего отделением)________
Басшының қолы (Подпись руководителя)______________________________
Стационардағы бос төсектерді есепке алу парағы жоғары тұрған денсаулық сақтау органының сметасы мен бұйрықтарына сәйкес аурухананың құрамында бөлінген әр бөлімшеде толтырылады.
Аурухана бойынша бұйрықпен құрамында аясы тар бейінге (мысалы, хирургиялық және гинекологиялық бөлімшелер құрамындағы онкологиялық төсектер, неврология бөлімшесінің құрамында балаларға арналған төсектер) бөлінген төсектері бар бөлімшелерде, параққа бірінші жолмен тұтасымен бөлім бойынша барлық төсектер саны туралы мәлімет жазылады (аясы тар мамандықтар төсектері бойынша мәліметтерді қамти отырып), ал аясы тар мамандықтар бойынша төсектері туралы мәлімет келесі жолдарда жазылады.
Парақтың 3-бағанында жөндеу жұмыстарына, карантинге, басқа себептерге байланысты уақытша жиылған төсектерді қоса алғанда, смета аумағында іс жүзінде қанша төсек жазылғанын көрсетеді.
Бұл санға бөлімшенің толып кетуіне байланысты палаталардың, дәліздердің және т.б. бос жерлерінде жазылған төсектер саны қосылмайды.
3-бағанда көрсетілген төсектер санынан, 4-бағанда жөндеуге және басқа себептермен жиылған төсектер саны көрсетіледі.
5-бағанда өткен тәуліктер басындағы науқастар саны көрсетіледі.
6-7 бағандарда жақын арадағы бес күндегі бос төсек орындарының болжамды саны көрсетіледі.
8-17 бағандарда төсектердің бейіні бойынша ең жақын 5 күнге бос орындардың болжамды саны беріледі.
Күнделікті деректерді бөлім меңгерушісі медициналық ұйымның статистика қызметіне беруі тиіс, олар одан әрі өңірлік емдеуге жатқызу бюросына ақпаратты жібереді.
Стационардағы бос төсектерді есепке алу парағына бөлім меңгерушісі және басшысы қол қоюы тиіс.
Листок учета наличия свободных коек в стационаре заполняется в каждом отделении, выделенном в составе больницы в соответствии со сметой и приказами вышестоящего органа здравоохранения.
По отделениям, имеющем в своем составе выделенные приказом по больнице койки узкого профиля (например, онкологические койки в составе хирургического или гинекологического отделений, койки для детей в составе неврологического отделения и т.д.), в листке записываются первой строкой сведения о числе коек в целом по отделению (включая и сведения по койкам узкиз специальностей), а последующие строки выделяются для сведения о койках по узким специальностям.
В гр.3 листа показываются фактически развернутые в пределах сметы койки, включая и койки, временно свернутые в связи с ремонтом, карантином и другими причинами. В это число не включаются приставные койки, развертываемые в палатках, коридорах и т.д. в связи с переполнением отделения
Из числа коек, показанных в гр.3 в гр 4 выделяются койки, временно свернутые в связи с ремонтом и другими причинами.
В графе 5 показывается число больных, состоявших в отделении на начало истекших суток.
В графах 6-7 указывается количество свободных коек на начало текущего дня в разрезе профилей коек.
В графах 8-17 даются сведения о прогнозном количестве свободных мест на ближайщие 5 дней в разрезе профилей коек.
Данные ежедневно заведующим отделением передаются в статистическую службу медицинской организации, которая далее представляет информацию в региональное бюро госпитализации.
Листок учета свободных коек в стационаре должен подписываться заведующим отделением и руководителем медицинской организации.