"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 132-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 1 желтоқсандағы
N 808 бұйрығымен бекітілген
Адамды маскүнемдікпен, нашақорлыкпен және уытқұмарлықпен
ауырады деп тану ережесі
1. Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану үшін осы адамға қатысты мынадай клиникалық диагнозды белгілеу фактісі негіз болып табылады: 10-шы қайта қаралған аурулардың қолданыстағы халықаралық жіктемесінің (ХАЖ-10) өлшемдері бойынша психоактивтік заттарды қолдану салдарынан (бұдан әрі - наркологиялық диагноз) болған психикалық және мінез-құлықтың бұзылулары (бұдан әрі- тәуелділік синдромы).
Медициналық куәландыру наркологиялық диагнозды белгілеу үшін қажетті пациентті қарауды, онымен әңгімелесуді, медициналық тексеріп-қарауды қамтиды.
2. Медициналық куәландыруды мемлекеттік медициналық ұйымдардың дәрігерлері жүзеге асырады.
Наркологиялық диагнозды белгілеу және адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тиісті сертификаты бар дәрігердің құзырына жатады.
Дәрігер наркологиялық диагнозды жеке өзі белгілеуге қиналған жағдайда наркологиялық диагнозды белгілеуді және адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды дәрігерлік комиссия қабылдайды.
Сот-наркологиялық сараптау жүргізу үшін арнайы медициналық комиссия сондай-ақ "Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 16 тамыздағы N 618 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3044 тіркелген) белгіленген тәртіппен дәрігер наркологиялық диагнозды жеке өзі белгілеуге қиналған жағдайда наркологиялық диагнозды белгілеуге және адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануға құзыреті бар.
3. Наркологиялық диагнозды белгілеу кезінде дәрігер өзінің шешімдеріне тәуелді емес және ХАЖ-10 нормаларын айрықша басшылыққа алады.
4. Наркологтар болып табылмайтын өзге мамандық дәрігерлерінің қорытындысы адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
5. Наркологиялық диагноз келесі санаттағы адамдарға:
1) наркологиялық куәландырудан өтуге жіберілгендерге немесе өздігінен келгендерге;
2) тиісті емделу қажеттілігіне байланысты наркологиялық емдеу-профилактикалық ұйымдарына келгендерге;
3) сот-наркологиялық, әскери-дәрігерлік сараптамадан өтуге жіберілгендерге:
4) кәмелетке толмаған адамдар, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтінішіне байланысты;
5) наркологиялық куәландыруды өткізу үшін заңды немесе медициналық негіздері бар басқа да адамдарға қойылады.
2. Наркологиялық диагнозды белгілеу тәртібі
6. Наркологиялық диагнозды дәрігер клиникалық көрінулерге, зертханалық деректерге, объективтік мәліметтерге сәйкес белгілейді.
7. Клиникалық диагноз қойылған жағдайда тұжырымдамасы медициналық құжаттарда белгіленеді, қажет болған жағдайда тиісті медициналық ұсынымдар көрсетіледі.
8. Наркологиялық диагнозды белгілеу жүргізілетін адамдарға қатысты мынадай ақпарат ұсынылады:
1) наркологиялық диагнозды белгілеу шараларын өткізудің маңызына және ерекшеліктеріне қатысты;
2) наркологиялық диагноз белгілеуге қатысатын мамандардың кәсіби біліктілігінің деңгейі туралы;
3) жасырын емдеу және есепке алу мүмкіндігі туралы ақпарат алуға құқылы.
9. Дәрігердің комиссияның шешімімен келіспейтіндігі туралы қорытындысы толтырылатын медициналық құжатқа жинақталады.
10. Өз еркімен қаралған адамдар үшін наркологиялық диагнозды белгілеу ол адамды өзінің келісімінсіз диспансерлік есепке қоюға негіз бола алмайды (кәмелетке толмағандар үшін-олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз).