Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.12 № 165 Бұйрығымен.
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________________
2004 жылғы 16 тамыз
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын :
1. Қоса беріліп отырған сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрыққа сәйкес психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден кейін оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің м.а.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
"Сот-наркологиялық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу
Ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 16 тамыздағы
N 618 бұйрығымен бекітілген
Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру
және жүргізу Ережесі
1. Сот-наркологиялық сараптама - қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу кезінде наркология мамандығы бойынша арнайы білім қажет болған жағдайда тағайындалатын азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық сараптаманың бір түрі.
2. Сот-наркологиялық сараптаманы медициналық сараптаманың тиісті түрін атқаруға лицензиясы бар емдеу-алдын алу ұйымдары жүзеге асырады.
3. Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жауапкершілігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларына жүктеледі.
4. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының облыстық, қалалық наркологиялық ұйымдарының құрамында арнайы медициналық комиссия ұйымдастырылады.
5. Сот-наркологиялық сараптаманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтиханын өткізу Ережесіне сәйкес, тиісті біліктілігі бар, "психиатрия және наркология" мамандығы бойынша дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізе алады. V074559
6. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссия үш дәрігерден: дәрігер-наркологтан, дәрігер-терапевтен, дәрігер-невропатологтан ұйымдастырылады.
Сот-наркологиялық сараптаманың саны бір жылда 1000-нан артқан жағдайда қосымша бір дәрігер-нарколог пен бір медициналық тіркеушінің лауазымдары енгізіледі.
7. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның жұмыс кестесін ішкі істер органдарымен келісе отырып, наркология ұйымының басшысы бекітеді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жеткізілген адамдарды куәландыру үшін, еркінен айыру орындарында немесе денсаулық сақтаудың мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінде оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану іс-әрекетіне белгіленген күндер бөлінеді.
8. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның дербес құрамын жыл сайын денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары бекітеді.
9. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссиясы төрағасының функциясы психиатрия және наркология бойынша арнайы дайындықтан өткен және мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар дәрігер-наркологқа жүктеледі.
10. Арнайы медициналық комиссия:
1) мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелеріне мәжбүрлеп емдеуге жіберу іс-әрекетіне психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін;
3) әрекет қабілеттілігін шектеу туралы мәселені шешу үшін психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар адамдарды;
4) мас күйінде, психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан тәртіп бұзған кәмелетке толмағандарды тиісті емдеу жүргізу үшін наркологиялық ұйымдарға жіберу туралы мәселені шешу үшін;
5) мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінде мәжбүрлеп емдеу қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін наркологиялық ұйымдарда емдеу режимін үнемі бұзатын адамдарды сот-наркологиялық сараптамадан өткізуін жүзеге асырады.
11. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссия сот-наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша қорытынды жасалады. Оның мазмұны үшін тең жауапкершілікті артатын комиссияның барлық мүшелері қорытындыға қол қояды. Комиссия мүшелері қорытындының уақытылығына, толықтығы мен сапасына дербес жауапкершілікті алады.
Сот-наркологиялық сараптама міндетті түрде сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды) түрінде осы беріліп отырған Ереженің 1 -қосымшасына сәйкес ресімделеді.
Сарапшылардың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, және сарапшылардың бір бөлігі, немесе бір сарапшының пікірі комиссияның қалған мүшелерінің қорытындысымен қайшы болған жағдайда, олар "жеке пікір" деген белгімен қорытынды береді.
12. Қорытынды:
1) клиникалық тексеру процесінде сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның алған мәліметтеріне;
2) сот-тергеу органдары, анықтау органдары, ішкі істер органдары ұсынған іс материалдарындағы мағұлматтарға;
3) психиатриялық, наркологиялық, басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарынан, зертханалардан алынған медициналық құжаттарға негізделуі тиіс.
13. Қорытындыда сот-наркологиялық сараптамаға жататын адамның өмір тарихы туралы мәліметтер, ауруының даму тарихының мәліметтері, физикалық, неврологиялық, психикалық жай-күйі жазылуы тиіс. Қорытындыда аурудың кеңейтілген диагнозы көрсетіледі және сараптамалық қорытындылар негіздемеленеді. Қорытынды сарапшылардың алдына қойылған барлық мәселелерге нақты жауаптардан тұруы тиіс.
14. Психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардан зардап шегеді және сот-наркологиялық сараптамадан бас тартады деуге жеткілікті негіз бар адамдар құқық қорғау органдарының талаптары бойынша куәландырудан өту үшін он тәулікке дейін мәжбүрлеп емдеуге жатқызылады. Көрсетілген жағдайларда комиссия стационарда куәландыру жүргізіп, нақты қорытынды шығара алады. Сыналатын адам құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен стационарлық тексеруге жеткізіледі.
15. Сот-наркологиялық сараптамаға жіберген адамнан мамандандырылған медициналық көмекті талап ететін аурудың белгілері анықталған жағдайда олар комиссияның жіберуі бойынша тексеру және емдеу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің көмегімен денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі.
16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88-бабының негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға сот-наркологиялық сараптама жүргізу кезінде: психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардан зардап шегетіндігі, мәжбүрлеп емдеуді қажет ететіндігі және оған қарсы айғақтың бар екендігі қорытындының резолюциялық бөлігінде көрсетіледі.
Берік және ұзақ терапиялық сауықтыруы бар (бір жыл және одан артық) алкогольді қолданудың нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардан зардап шегетін адамдарға мәжбүрлеп емдеу тағайындалмайды. Мұндай жағдайларда тұрған жері бойынша наркологиялық ұйымдарда қолдаушы және қайталануға қарсы емделуді ұсыну орынды.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта сараптама тағайындалуы мүмкін. Қайта сараптаманы жүргізу басқа дәрігер-сарапшыға және (немесе) сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін басқа арнайы медициналық комиссияға тапсырылады.
18. Құқыққа қарсы әрекеттер жасаған және соған байланысты қамауда ұстау, бұлтартпау шаралары тағайындалған адамдарды сот-наркологиялық сараптаманы көрсетілген адамдардың болатын орындарында (тергеу изоляторында, уақытша қамау изоляторында) жүргізіледі. Еркіндікте жүрген тергеудегі немесе сотталған адамдар наркологиялық диспансерлерде тексеріледі.
19. Құқыққа қарсы әрекеттер жасаған кәмелетке толмаған күдіктілерді немесе айыпталушыларды сот-наркологиялық сараптамадан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмағандардан психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылу белгілері анықталған жағдайларда ол заңды өкілінің (ата-аналарының, асыраушыларының, қорғаншыларының) келісімі бойынша наркологиялық ұйымдарға емделуге жіберілуі мүмкін.
20. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган сарапшыларға сараптама жасалатын нәрсеге байланысты қылмыстық іс материалдарын, медициналық құжаттарды, сондай-ақ тиісті қосымша мәліметтерді ұсынуға міндетті. Комиссия ұсынған қылмыстық іс материалдары қорытынды жасау үшін жеткіліксіз болған жағдайда сарапшылар қорытынды беру мүмкін емес екендігі және сараптама жүргізу үшін оларға атап айтқанда қай құжат қажет екендігі туралы арыздануға құқылы.
21. Сот-тергеу органдары қойған мәселе сарапшының арнайы танымы шегінен шыққан жағдайларда комиссия мүшелері үшкүндік мерзімде бас тарту дәлелін нақты түсіндіре отырып, қорытынды беру мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы сараптама тағайындаған органға жазбаша түрде хабарлайды.
22. Комиссия мүшелері сараптама жүргізу процесінде сараптама тағайындаған органның қоймаған мәселесі бойынша іс жағдайы үшін мәні бар мәселелерді анықтаған жағдайда бұл туралы олар қорытындыларында көрсетуге құқылы.
23. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу процесінде психикалық ауруының бар екендігі туралы мәліметтерді анықтаған жағдайда комиссия мүшелері қойылған сұрақтарға жауаптармен бірге бұл туралы қорытындысында көрсетуге және есінің дұрыстығы туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық сараптаманы жүргізуді ұсынуға құқылы.
24. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану іс-әрекетіне сот-наркологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асырушы дәрігерлерге, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде көзделген сарапшылардың құқықтары мен міндеттері қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға де тиісті.
25. Сараптама жүргізу кезінде комиссия мүшелері заңды сақтау жауапкершілігін артады. Комиссия мүшелері сараптама кезінде алынған оларға мәлім іс және мәліметтер жөніндегі тергеу материалдарын жариялауға құқығы жоқ және талап бойынша тек тергеу және сот органдарына ғана хабарлайды. Тергеу материалдары мен сараптама мәліметтерін жариялағандығы үшін комиссия мүшелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
26. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу кезінде комиссия мүшелері сараптамадан өтуші адам туралы мәліметтер мен комиссияның қорытындысы енгізілетін арнайы журнал осы беріліп отырған Ереженің 2 -қосымшасына сәйкес толтырады. Комиссия жыл сайын облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттеріне (басқармаларына) белгіленген үлгі бойынша жұмыс туралы есепті ұсынады.
27. Тергеушіге, прокурорға, сотқа, қазыға амбулаториялық сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы мен анықтама беруші адамдардың іс материалдарын жіберген күнге дейін барлық қажетті материалдармен сараптаманы тағайындау туралы қаулы (анықтама) комиссияға келіп түскен сәтінен бастап амбулаториялық және стационарлық сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысын жүргізу мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Сыналушы уақытында келмеген (жеткізу арқылы), сондай-ақ сарапшылар жіберілген қателерге кінәлі болмаған жағдайда сарапшылардың қосымша материалдарды ұсынуына байланысты оған уақыт шығындары енгізілмейді.
28. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін арнайы медицина комиссиясын ұстауға арналған шығыстар олар құрылған мекемелердің жалпы шығыстар сметасына кіргізіледі. Штаттан тыс сарапшыларды тартқан жағдайда, олардың еңбегіне жалақы төлеу мен шығыстардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген тәртіппен, ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес жүргізіледі.
Сот-наркологиялық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу Ережесіне
1-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін
арнайы медициналық комиссияның қорытындысы
1. Аты, тегі, әкесінің аты _______________________________________
2. Жасы __________________________________________________________
3. Мекен-жайы ____________________________________________________
4. Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен мәліметтер______
__________________________________________________________________

| есепте тұрады | Диагноз
__________________________________________________________________
1) тұратын жеріндегі емхана
______________________________
2) психиатриялық ұйымдар
(бөлімшелер, кабинеттер)
______________________________
3) наркологиялық ұйымдар
(бөлімшелер, кабинеттер)
4) туберкулезге қарсы диспансер
(бөлімшелер, кабинеттер)
______________________________
5) онкологиялық диспансер
(бөлімшелер, кабинеттер)
______________________________
6) тері-венерологиялық диспансер
(бөлімшелер, кабинеттер)
______________________________
5. Аурудың сыртартқысы____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Физикалық жағдайы______________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Неврологиялық жағдайы _________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Психикалық жағдайы ____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Зертханалық зерттеулердің мәліметтері _________________________
__________________________________________________________________
1) қанның жалпы талдауы __________________________________________
2) зәрдің жалпы талдауы __________________________________________
3) қанның серологиялық зерттеуі (Вассерман реакциясы)
__________________________________________________________________
4) қанды АҚТҚ-жұқпасына зерттеу __________________________________
10. Рентгенологиялық зерттеудің мәліметтері ______________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
11. Диагноз ______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12. Азаматты сот-наркологиялық сараптамалау нәтижесі туралы
қорытынды ________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
аурудың түрлері мен дәрежелерін көрсете отырып, психоздан,
созылмалы маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан
зардап шегетіндігі (зардап шекпейтіндігі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
13. Ұсынылған мерзімдерді көрсете отырып, медициналық сипаттағы
ұсынымдалған шаралар _____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
14. Сот-наркологиялық сараптама 200 ж. "_____"____________________
__________________________________________________________________
(мекеменің атауы мен мекен-жайы көрсетіледі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________________________ жүргізілді.
15. Жауапкершіліктен бас тартқандығы немесе жалған қорытынды
бергендігі үшін сарапшыларға ҚР ҚК _______ баптары бойынша ескерту
жасалды
Комиссия мүшелерінің қолдары
Наркологиялық
ұйымның мөрі
Сот-наркологиялық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу Ережесіне
2-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы (бұдан әрі - СНС) жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның қорытындысын тіркеу журналы
___________________________________________________________________
|А.Т.Ә.| Жы.|Ту. |СНС |СНС |Диа.|Қо.|Ұсы. |Қоры.|Қоры.|Ескерту
| |нысы|ған |жүр.|жүр.|гноз|ры.|ным. |тынды|тынды|
| | |жылы|гізу|гі. | |ты.|дал. |бері.|кімге|
| | | |ту. |зіл.| |нды|ған |лген |бе. |
| | | |ралы|ген | | |меди.|күн |рілді|
| | | |қау.|күн | | |цина.| | |
| | | |лыны| | | |лық | | |
| | | |кім | | | |сипа.| | |
| | | |және| | | |ттағы| | |
| | | |қа. | | | |шара.| | |
| | | |шан | | | |лар | | |
| | | |шығ.| | | | | | |
| | | |арды| | | | | | |
| | | | | | | | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________