"Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының м.а. 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5928 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының м.а. 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3177 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көзделген бұйрықпен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесіне:
      3-тармақта:
      8) тармақша алынып тасталынсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, пошталық мекен-жайы, дара сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;»;
      459-тармақтар алынып тасталынсын;
      мынадай мазмұнды 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Телефон байланыс қызметі байланыс операторы мен абонент арасындағы шарт (бұдан әрі - шарт) негізінде көрсетіледі.»;
      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Телефон байланыс қызметін көрсету тәртібі
      10. Телефон байланысы қызметтеріне мыналар жатады:
      1) жергілікті телефон байланысы қызметтері;
      2) аймақ ішілік және қалааралық телефон байланысы қызметтері;
      3) халықаралық телефон байланысы қызметтері.
      Бұл қызметтер жеке пайдаланымдағы абоненттік терминалдан немесе таксофоннан, сонымен қатар басқа да байланыс операторларынан автоматтандырылған қосылу арқылы немесе телефоншының көмегімен жергілікті, аймақ ішілік, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін беруді қамтиды.
      10-1. Телефон байланысы қызметтері барлық санаттағы абоненттерге және пайдаланушыларға тең жағдайда көрсетіледі.
      10-2. Жол берілмейді:
      1) байланыс операторының абонентке телефон байланысы қызметін көрсеткенде оған басқа ақылы қызметтерін күштеп таңуға;
      2) байланыс операторының абонентке телефон байланыс қызметін көрсету кезінде абонент өзге қызметті алу шартын орындамаған жағдайда оның құқығын шектеуге.
      10-3. Абонент:
      1) егер ол жеке тұлға болып табылса, қызметті төлеудің абоненттік, уақытылы немесе қиыстырылған жүйесін таңдайды;
      2) телефон байланыс қызметін рұқсат етілген жүктемелер шегінде оған қажет көлемде пайдаланады;
      3) абоненттің келісімінсіз өзге ақылы қызметтерді көрсеткені үшін, телефон желілеріндегі апаттар кезінде, абоненттің кінәсінен емес байланыстың болмаған кезінде төленген телефон байланыс қызметі үшін төлемдерді қайта есептеуді жазбаша талап етеді;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес жедел шұғыл қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады;
      5) байланыс операторына шартты бұзу мерзіміне дейін отыз күн ішінде жазбаша хабарлау арқылы біржақты тәртіппен шартты бұзады;
      6) оның нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің абоненттер тізіміне енгізуден жазбаша бас тартады;
      7) жергілікті телекоммуникациялар желісінде пайдалануға рұқсат берілген, техникалық жүктемелердің мүмкін шегінде терминалдарды пайдаланады;
      8) оған телефон байланыс қызметін көрсеткен үшін уақытылы және толық көлемде төлейді;
      9) байланыс операторына телефон байланыс желісінде жарамсыздық туралы тез арада хабарлайды;
      10) байланыс оператор өкілдеріне терминалдар және байланыс құралдары орналасқан бөлмелер мен аумақтарға, оларды тексеруіне, жөндеуіне және техникалық қызмет көрсетуіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
      11) байланыс операторына айлық мерзімде өзінің шығуы туралы, телефондандырылған бөлмені сатуы туралы, тегін өзгерту туралы, мекен-жайын өзгерту туралы хабарлайды;
      12) өзінің бөлмесінде абоненттік желіні және терминалды жөндемді жағдайда ұстайды.
      10-4. Байланыс операторы:
      1) телефон байланыс қызметін көрсеткені үшін уақытылы және толық көлемде төлемді алады;
      2) абонент, пайдаланушы шарттың талаптарын, осы Ережені бұзған жағдайда, сондай-ақ апаттық жағдайда немесе азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп-қатер кезінде телефон байланыс қызметін көрсетуді тоқтатады немесе шектейді;
      3) абонент келіскен мерзімде телефон байланыс қызметтерін төлемеген жағдайда абоненттің телефон байланыс қызметтеріне қолжетімділігін тоқтатады;
      4) телефон байланыс қызметін төлеу бойынша жеңілдіктерді жоғалту немесе алу кезінде телефон байланыс қызметтерінің бағасын біржақты тәртіппен қайта есеп айырысуды жүргізеді;
      5) абонент телефон желісіне абоненттік терминалдың нөмірін тағайындаумен қосылу құнын төлегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде телефон байланыс қызметін көрсетуін бастайды;
      6) көрсетілетін телефон байланыс қызметінің сапасы мен санына есеп пен бақылау жүргізеді, бұзушылықтарды ескерту және тоқтату бойынша шараларды қабылдайды;
      7) есеп құралдарына техникалық қызмет көрсету және тексеру жүргізеді;
      8) абонент телефон байланыс қызметінің сапасы төмендеуі туралы өтінішті берген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапасын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды және абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді;
      9) көрсетілген телефон байланыс қызметін төлеуге есеп ұсынады;
      10) байланыс саласындағы техникалық нормаларға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес телефон байланыс қызметін көрсетеді;
      11) абоненттің өтініші бойынша станциондық және желілік бүлінуін жояды;
      12) көрсетілген телефон байланыс қызметтері үшін айына бір рет есеп ұсынады;
      13) абоненттің кінәсінен емес терминалдың фактілік әрекетсіздік кезеңінде абоненттік төлемдерге қайта есеп жүргізеді;
      14) абоненттің шағымдарын күнтізбелік 10 күн мерзімінде қарастырады;
      15) абонентті телефон желілеріндегі апаттар туралы және осы апаттарды жоюдың болжанатын мерзімі туралы хабардар етеді;
      16) абонентті абоненттік нөмірді алмастыру туралы және (немесе) себептерді көрсетумен терминалды ажырату туралы он күн бұрын жазбаша хабардар етеді;
      17) абоненттерді телефон байланыс қызметтеріне тарифтердің өзгеруі туралы, оларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күн бұрын хабарлайды;
      18) уақытылы телефон байланыс қызметін төлемегені үшін ажыратылған абоненттік терминалдарды, берешекті өтегеннен бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қосады;
      19) уақытылы төлемегені үшін ажыратылған телефон байланыс қызметіне қолжетімділікті, берешекті өтегеннен бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қайта іске қосады;
      20) абоненттің талабы бойынша оған телефон байланыс қызметін көрсетуімен байланысты ақпаратты ұсынады.
      11. Пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы бүкіл  аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104), құтқару (051), анықтамалық (118) қызметтерді шақыру тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірмен байланысты өшіріп тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді.»;
      11-1 тармақта «11-1.» санынан кейін «Телефон» сөзі алынып тасталсын;
      5-тараудың атауындағы «ұсыну» сөзі «көрсету» сөзімен ауыстырылсын;
      21-тармақтағы «(жергілікті, қалааралық, халықаралық, әмбебап)» сөздері алынып тасталсын;
      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Шартқа отыру және бұзу тәртібі»;
      34-тармақта «телефон байланысы қызметтерін көрсету» сөздері алынып тасталсын;
      7-тарау мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «34-1. Шартта:
      1) шартқа отырған күн мен орны;
      2) байланыс операторының атауы;
      3) байланыс операторының есеп айырысу есебінің деректемелері;
      4) байланыс операторына берілген лицензия деректемелері;
      5) абонент туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекен-жайы, пошталық мекен-жайы, дара сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері;
      6) абоненттке тағайындалған абоненттік нөмір;
      7) көрсетілетін телефон байланыс қызметтері;
      8) көрсетілген телефон байланыс қызметі үшін есеп айырысу тәртібі мен нысаны;
      9) тараптардың құқығы, міндеттемелері және жауапкершілігі қамтылады.
      34-2. Абонент шарттан біржақты бас тартқан жағдайда шарт бұзылған болып саналады. Абонент байланыс операторына шартты бұзу туралы өтінішті жазбаша түрде береді.»;
      35-тармақта «Телефон байланысы қызметтерін көрсету» сөздері алынып тасталсын;
      36-тармақтың 2) тармақшасында «мемлекеттік тіркеуге алынғаны» сөздерінен кейін «немесе қайта тіркелгені» сөздерімен толықтырылсын;
      37-тармақта «телефон байланысы қызметтерін көрсету» сөздері аланып тасталсын;
      61-тармақта:
      алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды белгілейді, өзінің жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл мерзімде жинақталуын және сақталуын іске асырады.»;
      8-тараудың атауындағы «абоненттермен, пайдаланушылармен» сөздері алынып тасталсын;
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Телефон байланыс қызметтері үшін төлеу тәртібі мен нысаны шартта көрсетіледі. Қызметтер құны бір санаттағы абоненттер үшін бірдей белгіленеді. Есептесу уәкілетті орган бекіткен тарифтеу бірліктерінде жүргізіледі.
      Телефон байланыс қызметтері үшін абонентпен есептесуді оларды ұсынған байланыс операторы немесе шарт негізінде оған уәкілетті тұлға жүргізеді.»;
      64-тармақтың 5)-тармақшасында «көрсетілетін» сөзінен кейін «телефон байланыс» сөздерімен толықтырылсын;
      66-тармақта «66.» санынан кейін «Байланыс» сөзімен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е.Баймұратов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә.Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықтың 1 тармағының сексен бесінші азатжолынан басқасы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің Төрағасы
      ________ А. Шабдарбаев
      2009 жылғы 18 қараша