"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қанның, оның компоненттері мен қан препараттарының номенклатурасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу ережесі;
3) осы бұйрыққа 3–қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттері мен препараттарды сақтау, құю ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Мынадай:
1) "Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда қан мен оның компонентерін, қан препараттарын, консервациалау құралдарын дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 465 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3886 тіркелген және "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 18 қарашада N 150-151(775) жарияланған);
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компонентерін, қан препараттарын сақтау, құю ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 492 бұйрықтарының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3905 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 25 қарашада N 155-156 (780) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 666 бұйрығына 1-қосымша
Қан, оның компоненттері, қан препараттарының номенклатурасы
N |
Өнімдердің атауы |
Қан |
|
1 |
Консервіленген қан |
Қанның компоненттері |
|
2 |
Эритроциттік түйіршіктер |
3 |
Лейкоциттік–тромбоциттік қабаты алынған эритроциттік түйіршіктер |
4 |
Эритроциттік тұнба |
5 |
Лейкоциттік–тромбоциттік қабаты алынған эритроциттік тұнба |
6 |
Жуылған эритроциттер |
7 |
Лейкофилтрленген эритроциттік түйіршіктер |
8 |
Лейкофилтрленген эритроциттік тұнба |
9 |
Криоконсервіленген эритроциттік тұнба |
10 |
Криоконсервіленген эритроцит |
11 |
Карантинделген криоконсервіленген эритроцит |
12 |
Аферездік эритроцит |
13 |
Жаңатоңазытылған плазма |
14 |
Иммундық жаңатоңазытылған плазма |
15 |
Лейкофилтрленген жаңатоңазытылған плазма |
16 |
Карантинделген жаңатоңазытылған плазма |
17 |
Карантинделген иммундық жаңатоңазытылған плазма |
18 |
Лейкофилтрленген карантинделген жаңатоңазытылған плазма |
19 |
Вирустазартылған жаңатоңазытылған плазма |
20 |
Вирустазартылған иммундық жаңатоңазытылған плазма |
21 |
Вирустазартылған лейкофилтрленген жаңатоңазытылған плазма |
22 |
Супернатанттық плазма |
23 |
Тоңазытылған криопреципитат |
24 |
Карантинделген тоңазытылған криопреципитат |
25 |
Тромбоцит концентраты |
26 |
Біріктірілген тромбоцит концентраты |
27 |
Біріктірілген лейкофилтрленген тромбоцит концентраты |
28 |
Біріктірілген лейкофилтрленген вирустазартылған тромбоцит концентраты |
29 |
Лейкофилтрленген тромбоцит концентраты |
30 |
Лейкофилтрленген вирустазартылған тромбоцит концентраты |
31 |
Вирустазартылған тромбоцит концентраты |
32 |
Аферездік тромбоцит |
33 |
Аферездік лейкофилтрленген тромбоцит |
34 |
Аферездік вирустазартылған лейкофилтрленген тромбоцит |
35 |
Аферездік вирустазартылған тромбоцит |
36 |
Криоконсервіленген тромбоцит |
37 |
Криоконсервіленген вирустазартылған тромбоцит |
38 |
Криоконсервіленген карантинделген тромбоцит |
39 |
Аферез әдісімен алынған гранулоцит |
40 |
Педиатрияға арналған қан компоненттері (балалар дозасы) |
41 |
Кіндік қанының бағаналық жасушалары |
42 |
Перифериялық қанның бағаналық жасушалары |
Қан препараттары |
|
43 |
5% 100 мл, 200 мл альбумин ерітіндісі |
44 |
10% 20 мл, 50 мл, 100 мл, 200 мл альбумин ерітіндісі |
45 |
20% 100мл альбумин ерітіндісі |
46 |
Адамның қалыпты сұйық 1,5 мл, 3 мл иммуноглобулині |
47 |
Антистафилококтық сұйық 3 мл, 5 мл иммуноглобулині |
48 |
1 мл, 2 мл антирезус иммуноглобулині |
49 |
10 мл фибриндік клей |
50 |
Глюнат 5 мл |
Денсаулық сақтау Министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 666 бұйрығына 2-қосымша
Қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану Ережелері 1 тарау. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер қан қызметін жүргізетін денсаулық сақтау ұйымында, қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Ережелер).
2. Донор қанын және оның компоненттерін дайындау, медицина ұйымдарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға резерв үшін іске асырылады.
3. Донор қаннын дайндауға сәйкес лицензиясы болу қан қызыметін жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдары) өткізеді.
2 тарау. Қан және оның компоненттерін дайындау тәртібі
4. Донор жеке куәлігі, дәрігердің рұқсаты бар, қан тапсыру түрі және көлемі көрсетілген донор картасы болған кезде донорлыққа жіберіледі.
5. Қан дайындау бөлімшесінің медициналық тіркеушісі донор картасындағы және жеке құжатындағы мәліметтерді салыстыру жолымен донордың тегінің, атының және әкесінің атының сәйкестігін тексереді және донордын қатысуымен гемакондарды және пробиркаларды (вакутейнерлер) бастапқы паспортизациялауды жүргізеді. Гемаконы бар орамды ашу алдында олардың жарамдылық мерзімін тексереді, ыдысты сығу жолымен бүтіндігін көзбен бақылайды. Ыдыс босаған кезде, яғни ауа шыққан кезде орамның герметикасы бұзылған деп есептеліп, және гемакондар пайдаланылмайды. Ашқаннан кейін орамдағы қапшықтардың біреуі немесе одан көбі лайланған, тұнбасы бар, консервілеу ерітіндісін түк басқан болса, онда гемакондардың барлық пакеттері пайдаланылмайды.
6. Донорлар қан тапсыруға таза киіммен және аяқ киіммен, аяқ киімінің сыртынан бахилла киіп жіберіледі.
7. Донордан қанды арнайы даярлықтан өткен дәрігер немесе медбике (бұдан әрі - эксфузионист) донорға ауызша сауалнама жүргізгеннен және бастапқы паспорттық мәліметтерді және донор картасын салыстырғаннан кейін алады (бұдан әрі - эксфузия). Қанды полимер контейнерлерге дайындайды (бұдан әрі - гемакон). Екі қабатты, үш қабатты, төрт қабатты, қанның әр түрлі құрамдарын алу үшін орнатылған лейкоциттер сүзгіші бар, донор инесін қауіпсіз алып тастауға (секувам), қанның бірінші порциясын алуға (бактивам) және зертханалық зерттеулерге сынақтар алуға арналған қондырғымен жасақталған гемакондар пайдаланылады.
8. Эксфузионистер жұмыс алдында медициналық киім, бас киім, аяқ киім киеді, қолдарын антисептикалық ерітіндімен өңдейді және резеңке перчатка киіп, қолдарын әрбір донордан кейін қайталап өңдейді.
9. Эксфузионист венепункция алдында консервлеу ерітіндісі бар гемаконның герметикасын оны сығу жолымен тексереді. Штуцер мембранасының үстінде консервлеу ерітіндісі пайда болса, онда гемакон пайдаланылмайды. Ақаулары контейнерге жапсырылған қағаздардың астынан байқалмауы мүмкін.
10. Қанды дайындау кезінде оған контакт арқылы инфекция жұқтыруға жол бермеу үшін медицина қызметкерлері антисептиканың барлық талаптарын орындайды.
11. Венепункция алдында және донорлық процесінде эксфузионист:
1) венепункция орнын таңдау үшін донордың шынтақ буынының ішкі жағын қарап тексереді;
2) донордың шынтақ буының ішкі жағының терісін (қолының орта кезінен жгут салынған иығына дейін) екі рет кемінде отыз секунд интервалмен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген антисептик ерітіндісінің бірімен суланған зарарсыз салфеткамен сүртеді;
3) антисептик кепкеннен және гемакон магистраліне қысқаш салғаннан кейін венепункция жасайды және қысқашты магистральдан алады;
4) қанның гемаконға келіп түскенін және таразы-араластырғыштың жұмысын бақылайды. Таразы-араластырғыш болмаған кезде гемаконға келіп түскенін қанды мерзім сайын консервантпен араластырып отырады;
5) қанның дозасын алғаннан кейін магистральды қысқашпен инеге жақындатып қысады. Контейнер магистралінің төменгі бөлігінде қалған қанды ол ұйып қалмауы үшін консервантпен араластыруға арналған контейнерге толық ауыстырады. Магистральдың бөлігі қанға толғаннан кейін магистральдың осы бөлігінде қан тобын қайтадан анықтау және қан құю алдында сәйкестігін анықтау үшін бір-бірінен 10 см қашықтықта үш сегмент қалыптастырып, герметизация жасайды;
6) герметизация орнына қатысты бірінші құбырды қайшымен кеседі. Герметизация сенімді болуы керек. Бұдан әрі зертханалық зерттеулер жүргізу үшін инесі бар магистральдың жоғарғы бөлігінен қанның сынағын пробиркаға жинап алады. Инені венадан алады, венепункция орнына таңғышты бекітетін зарарсыз тампон салады. Донор бар кезде тегінің, атының, әкесінің атының дұрыс жазылғанын, қан тобын және контейнердің белгісін және пробиркаларды (вакутейнер) тексереді.
12. Бұдан әрі консервленген қан құйылған гемакон лотокпен (тормен) қанның құрамдарын алу үшін қанды алғашқы фракцияларына ажырату бөлігіне беріледі.
13. Қан бергеннен кейін медициналық тіркеуші донор картасын толтырады және әрі қарай ресімдеу үшін қанды алғашқы фракцияларына ажырату бөлігіне жібереді, яғни алынған қан құрамының түрі, саны және көлемі, одан соң донорлар карталары пробиркалармен бірге қанды тестілеу бөлімшесіне жіберіледі.
14. Венепункция сәтсіз болса немесе магистраль қанмен бітеліп қалса және бұдан әрі эксфузия жасау мүмкіндігі болмаса, донордың келісімімен басқа гемаконмен қайтадан венепункция жасалады. Қайтадан венепункция жасау мүмкін болмаса, онда 2005 жылғы 08 шілденің N 332 денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген N 411/е нысанына тиісті жазу жазылады (ары қарай – 411/е нысаны), бірінші басшының қолымен бекітілген, көрсетілген гемаконды есептен шығару актісі жасалады, одан соң бұл гемакон жоюға жіберіледі. Қан және оның құрамдарын тапсыру кезінде донорларда реакциялар немесе асқынулар пайда болған кезде дәрігер медициналық көмек көрсетеді, реакция түрі және көрсетілген медициналық көмек түрі N 411/е нысанының ескерту графасына және донор картасына жазылады.
15. Қан тапсырғаны туралы барлық ақпарат мәліметтер базасының электрондық ақпаратында тіркеледі.
16. Қанды эксфузиялау жұмысы 10 минуттан аспауы керек, егер асып кеткен жағдайда қаннан криопреципитат және тромбоцит концентратын дайындау үшін қолдануға болмайды.
17. Қан және оның компоненттерін тапсырғаннан кейін донорға осы күні жұмыстан босату туралы анықтама және ақшалай өтемақы алуы үшін құжат, немесе тегін тамақтануы үшін талон беріледі.
18. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында көшпелі жағдайда қан алу жұмысын қан қызметі саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымының көшпелі тобы жүргізеді. Көшпелі жағдайда қосалқы жұмыстар жүргізу үшін қан дайындау ұйымдастырып отырған кәсіпорынның, ұйымның қызметкерлері арасынан волонтерлер жұмылдырылуы мүмкін.
19. Көшпелі Топтың басшысы:
1) топтың құрамын, жасақтарын және жабдықтарын жасақтайды;
2) қан дайындаудың барлық сатысын, оның сақталуын және қан қызметі ұйымына тасымалдануын ұйымдастырады;
3) донорлық мәселелері бойынша түсінік әңгіме өткізеді.
20. Көшпелі жағдайда қан дайындау Ереженің 5-18-тармақтарына жүргізіледі.
21. Қанның үлгісі бар пробирка (вакутейнер) термоконтейнер немесе арнайы тоңазытқыштарға орналастырылады.
22. Қан алынған тоңазытқышқа (термоконтейнер) орналастырылып, "тоңазыту жолы" және "Тексерілмеген қан өнімдері, қолдануға болмайды" деген жазбамен Қан орталығына жеткізіледі. Гемакондар тігінен қойылған жағдайда жеткізіледі. Термоконтейнер қатты байланады.
23. Мамандандырылған медициналық жабдықтары бар арнайы автокөлік бар болған кезде консервленген қанды фракцияларына ажырату көшпелі топтың жұмыс жасаған орнында жүргізіледі. Алынған қан тоңазытқышқа салынып, олар "Тексерілмеген қан өнімі, беруге болмайды" белгісімен белгіленіп жеткізіледі.
24. Қаны бар гемакондар қан орталығына жеткізілгеннен кейін тез арада стационарлық тоңазытқышқа апарылады.
3 тарау. Қан компоненттерін плазмаферез және цитаферез әдістерімен дайындау тәртібі
25. Плазмаферез және цитаферез түрлері:
1) дискреттік (қолмен жасалатын) плазмаферез, плазма алумен;
2) дискреттік (қолмен жасалатын) плазмацитаферез, тромбоциттер концентратын (бұдан әрі - ТК) және плазма алумен;
3) аппараттық плазмаферез, плазма алумен;
4) аппараттық плазмацитаферез, аферезді тромбоциттер концентратын (бұдан әрі - ТК) және плазма алумен;
5) аппараттық цитаферез, аферезді тромбоциттер концентраты немесе аферезді эритроциттер концентраты (бұдан әрі - ЭК), аферезді гранулоциттері алумен.
26. Плазмацитаферез, цитаферез бөлігінде қан қызметінің ұйымдары туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес қажетті жабдықтар мен материалдар орналасады.
27. Плазмацитаферез, цитаферез процедурасын донорға дәрігер немесе арнайы даярлықтан өткен эксфузионист жүргізеді.
28. Плазмаферезге арналмаған екіқабатты, үш қабатты, төрт қабатты гемакондар пайдаланылады. Плазмаферез жүргізу үшін арнайы гемакондар жүргізіледі.
Дискреттік плазмацитаферезде бір реттік қан эксфузиясы 450± 10% мл аспауы керек.
29. Гемаконды пайдалыға және донорды плазмацитаферез бөлімінің медициналық тіркеушісі жекешелендіреді.
30. Эксфузия алдында барлық донордың мәліметтерін қайта тексеріледі.
31. Дискреттік плазмацитаферезге қан тапсыру процедурасы осы Ереженің 7-9 және 11-тармақтарының 1)-5) тармақшаларына сәйкес жүргізіледі.
32. Қанның дозасын алғаннан кейін магистральды қысқашпен инеге жақындатып қысады. Магистральдың бөлігі донордың венасының қанына толғаннан кейін қысқаштардың арасындағы магистральды қайшымен кеседі. Гемаконнан келетін магистральды құйып герметизация жасайды, донор бар кезде тегінің, атының, әкесінің атының дұрыс жазылғанын, қан тобын және контейнердің белгісін және пробиркаларды тексереді, бұдан әрі консервленген қан құйылған гемакон центрифугалауға беріледі. Донордың ине бар венасынан келетін магистральға екі рет өңделгеннен кейін натрий хлоридінің ерітіндісі бар көлемі 200-500 мл қан құю жүйесі (бұдан әрі - ҚЖ) жалғанады. Одан соң эксфузионист жгутты алуы, ҚЖ тежегіш ролигін ашуы және магистральдың және иненің қанын ағын сумен жууы, сонан соң ҚЖ тамшылату режиміне орнатуы керек.
33. Консервлеген қан центрифугаланғаннан және плазмасы бөлінгеннен кейін гемакон эритроциттерін донорға қайтару (бұдан әрі - аутореинфузия) үшін жіберіледі.
34. Аутореинфузия алдында эксфузионист донорға жеке сауалнама жүргізу жолымен донордың құжаттық мәліметтерін оның донор картасымен, гемаконымен салыстырады.
35. Аутореинфузияны эксфузионист дәрігер–трансфузиологтың бақылауымен жүргізеді.
36. Салыстырғаннан және оның донор қаны екенін белгілегеннен кейін аутологиялық эритроциттер массасы бар гемаконға кемінде 100 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі қосылады, одан соң гемаконның ішіндегі сұйықты ұқыптап араластырады, содан соң ҚЖ жүйесіне қосылады және донорға құйылады.
37. Аутореинфузиядан кейін ҚЖ жүйесіне көлемі 200-500 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі қосылады. Содан соң эксфузионист магистральдағы және инедегі қанның қалдығын ағын сумен жуады.
38. Екі реттік плазмацитаферез жүргізгенде қанның екінші эксфузиясы осы Ереженің қанның бірінші дозасының алу тәртібіне сәйкес іске асырылады
39. Аппараттық плазмацитаферез, цитаферез жүргізгеннен кейін донорға жоғалтқан плазманың, қан клеткаларының көлемін натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен қалпына келтіру керек.
40. Донорға қанның екінші эксфузиясы эритроциттің бірінші дозасын құйғаннан кейін жүргізіледі.
41. Аппараттық плазмацитаферез, цитаферез жүргізу техникасы дайындаушы зауыт реттейтін нұсқаулықтарды және хаттамаларды дәл орындаумен қорытындалады.
42. Плазмацитаферез, цитаферез процедурасын донорға дәрігер немесе арнайы даярлықтан өткен эксфузионист жүргізеді.
43. Аппараттық плазмацитаферезге куьиталдық веналары жақсы көрінетін донорлар жұмылдырылуы керек
44. Аппараттық плазмацитаферез, цитаферез процедурасы алдында эксфузионист аппараттың дұрыс жұмыс істеуіне, SET-тің бүтіндігіне көз жеткізуі керек
45. Аутореинфузияны эксфузионист дәрігер-трансфузиологтың бақылауымен жүргізеді.
46. Аппараттық плазмацитаферез эксфузионист дәрігер-трансфузиологтың бақылауымен жүргізеді.
47. Лабороториялық тексеруге қанды аппараттың фистульдық инесінен алады.
48. Аппараттық плазмацитаферез, цитаферез жүргізгеннен кейін донорға жоғалтқан плазманың, қан клеткаларының көлемін натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен қалпына келтіру керек.
49. Қан компонентін алғаннан кейін уақытша сақтау бөлімшесіне жіберіледі.
4 тарау. Қанды өңдеу және оның компоненттерін алу тәртібі
50. Қанды өңдеу және оның компоненттерін алу, қанды алғашқы фракциялау бөлімінде жүргізіледі.
51. Консервленген қанды қайта өңдеу және оның құрамдарын алу жұмысы қанды алғашқы фракцияларына ажырату бөлігінде жүргізіледі.
52. Центрифугалау алынатын қан құрамдарының центрифуганың хаттамасына сәйкес температурасында жүргізіледі.
53. Центрифугаланғаннан кейін қан құрамдарына – эритроциттер массасына, лейкотромбоциттер қабатына (ЛТҚ), плазмаға бөлінеді.
54. Құрамдарын бөлу үшін плазмаэкстракторлар (механикалық немесе автоматты), құбырларды жалғауға арналған автоматты дәнекерлегіш және асептикалық коннектор пайдаланылады.
$1 Қанның эритроцитқұрамды компонеттерін алу тәртібі
55. Эритроциттер массасын (ЭМ) центрифугаланған қанның тұнбаға түспеген плазмасын алып тастап, әрі қарай өңдемей алады.
56. Алынып тастайтын плазманың көлемін құрамның гематокриті анықтайды. Эритроциттің әр бірлігінде кемінді 0,65-0,75% гематокрит, ең азы 45 г гемоглобин болады. Лейкоциттер мен томбоциттердің қоспасы болады.
57. Қанды центрифугалау белгіленген режим бойынша жүргізіледі (центрифуганың температурасы +60С, +80С).
58. Центрифугаланғаннан кейін қан құйылған контейнерді плазманы бөлу үшін плазмаэкстракторға салады, плазма қосақталған контейнерге ауыстырылады және контейнер мен сателлитті қапшық арасындағы түтікше қысылады.
59. ЖЭ қанды центрифугалау, кейіннен плазманы және лейкоциттік-тромбоциттік қабатты алып тастау және эритроциттер массасын натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен жуу жолымен алады. Өндірушілердің нұсқаулықтарына сәйкес клеткаларды автоматты жуғышты қолдануға болады.
60. ЖЭ алу үшін сақтау мерзімі 5 тәулікке дейін, полимер контейнерлерге дайындалған эритроциттер массасын пайдаланады.
61. Контейнерді: +6оС, +8оС температурада центрифугалайды.
62. Эритроциттер массасына зарарсыз жағдайда (ламинарлық бокста) магистраль жүйесінің көмегімен натрий хлоридінің 0,9% зарарсыз ерітіндісі қосылады, контейнер ұқыптап шайқалады, герметизацияланады және центрифугалауға жіберіледі.
63. Егер 1 тәулікке дейін сақталатын эритроциттер массасы пайдаланылса бұл процедура екі рет және 2-5 тәулікке дейін сақталатын эритроциттер массасы пайдаланылса бір рет қайталанады.
64. Асептикалық коннектор бар болса процедура нұсқаулыққа сәйкес орындалады.
65. Контейнерге жуылған эритроциттердің дайындалған күні және уақыты көрсетілген этикетка жапсырылады.
66. Эритроциттері бар контейнерлер тоңазытқышқа салынады және +60С, +80С температурада сақталады, сақтау мерзімі пайдаланылатын консервантқа байланысты.
67. Глобулярлық бөліктің үстінде тұнбаның 1,5-2 см қалыңдығы қалған кезде шамамен 1 см қалыңдықтағы эритроциттер қабығы бар плазма қосымша компопластқа ауыстырылады.
68. Дайындау әдісіне және пайдаланылатын аппаратқа байланысты томбоциттер, лейкоциттер және плазманың көлемі өзгеруі мүмкін. Көбінесе эритроцитаферез нәтижесінде ЛТЖ алынып тасталған эритроциттер тұнбасының 2 дозасы алынады. Одан соң гематокритті қалпына келтіру үшін плазмасы бар гемаконнан эритроциттері бар гемаконға 30-40 мл қосылады.
69. Контейнерлер плазмамен, ЛТҚ және эритроциттері бар контейнерлерге бөлінеді.
70. Плазмасы бар контейнерді қатыруға жібереді. ЛТҚ бар, 24 сағаттан астам сақталған контейнер пайдаланылмайды.
71. ЭТ эритроциттер массасына SAGM типті ресуспензиялаушы ерітіндіні қосу әдісімен алынады.
72. Лейкоциттері сүзілген эритроциттер массасы - эритроциттер массасынан сүзу жолымен оның лейкоциттерінің үлкен бір бөлігі алынып тасталғаннан кейін алынатын құрам.
73. Фильтрациялау (сүзу) үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес арнайы лейкоциттер сүзгіші қолданылады.
74. Аферезді эритроциттерді аппаратты эритроцитаферез әдісімен бір донордан алады.
75. Бір процедура ішінде эритроциттердің 1-2 дозасы алынады.
76. Қатырылып консервленген, карантинделген эртроциттер – 6 ай ішінде карантиндеуден өткен құрам.Сақтау мерзімі -65оС -80оС төмен температурада – 5 жыл, -150оС -196оС сұйық азот температурасында – 20 жылға дейін.
77. Эртроциттерді қатырылып консервлеу үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген арнайы технологиялар қолданылады.
78. Бұл процедура үшін мерзімі дайындалған күнінен бастап 3 күннен аспайтын эритроциттер пайдаланылады.
§2. Жаңатоңазытылған плазма алу тәртібі
79. Жаңатоңазытылған плазма (ары - қарай ЖТП) – консервленген қаннан оны дайындағаннан кейін 6 сағаттан аспайтын уақытта -400С температурада 30-40 минутта құрамдарының белсенділігін сақтау үшін тоңазытылады. Плазма қанның клетка элементтерінен бөлінеді және ұйытудың тұрақсыз факторларының белсенділігін сақтау үшін тез қатыру жабдығында 50 минуттан аспайтын уақытта қатырылады. ЖҚП прокоагулянттардың, белоктардың, иммуноглобулиндердің қалыпты деңгейі, АГГ (VІІІ фактор) бастапқы деңгейінің кемінде 70%, сондай-ақ басқа да тұрақсыз факторлардың және табиғи антикоагулянттардың (антитромбин ІІІ) осындай көлемі бар.
80. Қанды центрифугалау плазма алу хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
81. Центрифуждаудан кейін плазма бос контейнерге аударылады, ЭМ контейнерде глобулярлы масса үстінде 1,5 сантиметр плазма контейнерлердің келесі саңлаусыздаумен қалдырылады.
82. Плазмасы бар контейнерге этикетка жапсырылады және тез қатырғышта қатыру үшін жіберіледі.
83. Иммунды ЖҚП - иммундалған донордан алынған консервленген қанды фракцияларына бөлу жолымен немесе аппарат әдісімен осы Ереженің 80-83-тармақтарында көрсетілген.
Титрі 6 МЕ кем емес стафилококқа қарсы денелері бар ЖҚП, 300 ЕД ИФТ кем емес көк ірің таяқшаларына қарсы денелері бар ЖҚП қан құю үшін қолданылады. Титрі 3-6 МЕ кем емес стафилококқа қарсы денелері бар ЖҚП иммуноглобулиндерді өндіру үшін, титрі 1:64 кем емес антиденелері бар изоиммун плазма – әмбебап реагентті дайындау және иммуноглобулиндерді өндіру үшін қолданылады.
84. Лейкоциттері сүзілген плазма – фильтрациялау жолымен лейкоциттерінің көп бөлігі алынып тасталғаннан және дайындалғаннан 6 сағат бойы -400С және одан төмен температурада қатырылғаннан кейін алынған құрам.
85. Фильтрациялау (сүзу) үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес арнайы лейкоциттер сүзгіші қолданылады.
86. Вирусының белсенділігі жойылған плазма – вирусының белсенділігі жойылғаннан және дайындалғаннан соң 6 сағат бойы -400С және одан төмен температурада қатырылғаннан кейін алынатын құрам.
87. Вирустың белсенділігін жою үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес арнайы аппараттар мен жүйелер қолданылады. Вирусының белсенділігі плазма алынғаннан кейін жойылады.
88. Плазманы карантиндеу – кемінде -25оС төмен емес температурада серонегатив кезеңінде (кемінде 6 ай) және донорды қайтадан бақылау ретінде тексеру нәтижелері бойынша жарамсыз плазманы алып тастап, сондай-ақ донорлардың ауруы туралы медицина ұйымдарының мәліметтері бойынша қатырылған күйінде ұсталған вирус қауіпсіз донор плазмасын алу
89. Плазманы сақтау үшін температураны бақылау қондырғысымен жасақталған арнайы тоңазытқыш жабдығы бар және рұқсатсыз кіру шектелген жеке үй-жайды пайдалану керек.
90. Карантиндеуге медициналық мақсаттарға жарамды плазма жіберіледі.
91. Плазманы карантиндеуге қабылдаған кезде контейнердегі барлық мәліметтерді донор картасындағы меліметтермен және инфекция маркерлеріне зертханалық зерттеу мәліметтерімен салыстырады.
92. Плазманың әрбір дозасы тоңазытқышта сақтылып, шұғыл түрде оны алу мүмкіндігі үшін қан тобымен дайындау күні бойынша жүйеленеді.
93. Карантиндеу блогы (бөлім) тексеруге қайта шақырту үшін донорлардың ауруы, вирус тасымалдаушылықтың анықталуы туралы ақпараттарды уақтылы алу үшін донор бөлімінің басқа зертханалармен өзара іс-қимылда болуы қажет.
94. Плазманы карантиндеу кезеңінде карантиндеу режимін және мерзімін есепке алу, сандық есеп жөніндегі журналдар жүргізіледі.
95. Автоматтық жазуы болмаған жағдайы тоңазытқыштың температурасы күніне 3 рет тексеріп, журналға жазылынады
96. Карантинделген плазма трансфузиялық індетке тек зертханалық қайта тестілеу нәтижесі теріс болған кезде ғана және "Карантинделген плазма", шығару күні мен жауапты тұлғаның қолы көрсетілген қосымша этикеткамен таңбаланып, ДСҰ құйылу үшін жібіріледі.
97. Донорда вирус тасымалдаушылық немесе ауру анықталған кезде осы донордан бұрын алынған қан, плазма карантинді сақтау орнынан дереу алынады. Плазманың жарамсыз дозаларына "абсолютті жарамсыз" белгісі қойылады және залалсыздандыруға, кейіннен акт жасап жоюға жіберіледі.
98. Донордың қанынан трансфузиялық инфекцияларға нәтижесі ең әуелі позитивті және күдікті болған кезде, сол донордың бұрын сақталған плазма сақтау орнынан дереу тәркіленеді және қайта тексеруінің ақырғы нәтижесінің алу кезге дейін бөлек сақтауға уақытша жіберіледі.
99. Карантиндеу мерзімі өткеннен кейін донорды қайта тексеру нәтижесі теріс болса, онда плазма құю үшін ДСҰ беріледі. 6 ай өткен соң донор келмеген жағдайда, плазма препарат алуға жіберіледі.
100. Криопреципитат – жаңа қатырылған плазмадан криопреципитация, яғни белгілі бір температурада ЖТП еріту әдісімен, донордан қан алғаннан кейін 6 сағаттан кешіктірмей бөлінген жоғары молекулалы белоктар фракциясы. Криопреципитаттың құрамында қанды ұйытудың тұрақсыз V, VІІІ факторлары, Виллебранд факторы, фибриноген бар. Негізгі тағайындауы: VІІІ факторын, фибриногенді қалпына келтіру.
101. Криопреципитат алу үшін -300С температурада сақталған ЖҚП пайдаланылады. Кемінде екі қосымша қапшықтары бар гемакон пайдаланылады.
102. Жаңа қатырылған плазма (ЖҚП) алдын ала 10-12 сағатқа температурасы +20 - +40С тоңазытқышқа салынады, плазманың түсі "көбік қар" тәрізді болуы керек. Плазманы центрифуждау центирфуга типіне байланысты бекітілетін температурасында 00С - +20С режимінде өткізіледі.
103. Центрифуждаудан кейін плазма қосымша контейнерге ауыстырылады. Криоприципитат ерітілгеннен кейін криоприципитаттың келесі ресуспензиялау үшін қажет 15-20 мл мөлшеріндегі плазмамен негізгі контейнерде қалады.
104. Криопрецитатты алғаннан кейін қалған ЖҚП криосупернатантты плазма деп аталады және бұдан әрі емдеу және фракциясына бөлу мақсатында да пайдаланылады.
105. Қанның алынған құрамына этикетка жапсыру ережеге сәйкес жүргізіледі.
106. Тромбоциттер концентраты (ТК) – +220С - +20С температурада 6 сағаттан артық емес сақталған жаңа дайындалған қаннан және аферезді плазмадан алынған, тромбоциттердің терапиялық белсенді түріндегі үлкен көлемі бар құрам. 500 мл қаннан алынған 50-60 мл плазманың құрамындағы шамамен 45-55х109 клетканы тромбоциттің бір дозасы деп есептейді.
107. Тромбоциттерді алу үшін кемінде екі сателлитті қапшықпен гемакондарға дайындалған консервленген қан пайдаланылады.
108. Тромбоциттерді алу процесінде қанды салқындатпау керек, центрифуганың температурасы +200С -қа дейін жеткізілуі керек.
109. Контейнердегі қанды ұқыптап араластырады, жұптарымен теңестіріледі, "жұмсақ" центрифугалау жүргізіледі.
110. Тромбоциттері азайтылған плазма бос контейнерге ауыстырылады. Алынған тромбоциттермен байытылған плазма (ТБП) алдын ала ішінен қабырғаларын қысып ауасы шығарылған бос контейнерге ауыстырылады. Түтікті герметизациялау және эритроциттер массасы бар контейнерді бөліп алу керек.
111. ТБП контейнерлерді центрифуждау "қатаң" центрифуждау режимінде өткзіледі.
112. "Қатаң" центрифуждау нәтижесінде алынған тромбоциттер азайтылған плазма бос контейнерге ауыстрылады. Ресуспензиялау үшін тромбоциттері бар контейнердің ішінде 45-65 мл плазма қалдырамыз. Қосатын түтікшеге қысқаш салынады, контейнерден ауасы шығарылады және герметизацияланады.
113. Тромбоциттері азайтылған плазма қатырылады және жаңа қатырылған плазма ретінде сақталады.
114. Қатты араластырылғанда тромбоциттер агрегацияланады, сондықтан тромбоциттер алу кезінде барлық жұмыс ұқыпты режимде жүргізілуі керек. ТК бар контейнер араластырмай +220С температурада 1 сағат қалдыру керек.
115. Тромбоциттерді ресуспензиялау 1 сағаттан кейін мына тәсілдермен жүргізіледі:
1) біркелкі ресуспензиялау үшін контейнерді қолмен шайқау керек;
2) бөлме температурасында тромбоциттері бар контейнерді тромбомиксерге салыңыз, шамамен 1,5-2 сағаттан кейін біркелкі ресуспензияланады, тромбоциттерді сақтау кезінде +220С ±20С температурада араластыру режимін сақтау керек.
116. Аферезді тромбоциттер концентраты автоматты қан клеткаларының сепараторын пайдаланып тромбоцитоферез әдісімен бір донордан алынады. Сепаратормен жұмыс дайындаушы фирманың нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
117. Криоконсервленген тромбоциттер концентраты, тромбоциттерді дайындағаннан кейін оны 24 сағаттан асырмай қатырған кезде криопротекторды пайдаланып алынады.
118. Лейкоциттері сүзілген тромбоциттер концентраты консервленген қаннан немесе аппаратты тромбоферез әдісімен бір донор қанынан лейкоциттер сүзгісі бар арнайы жүйені қолданып алынады.
119. КТ сақтау мерзімі сағатына және минутына дейін дәл көрсетіледі.
5-тарау. Дін жасушалары концетратын алу үшін қан дайындау тәртібі және оларды алу.
120. Дін жасушалар – бөліну, дифференциация, өзінен ұдайы өсуі мұмкіндігі бар донордың перефериялық қаннан әлде кіндік қаннан алынған жасушалар.
121. Донордың перифериялық қанынан дін жасушалары концетратын алу осы тарауда көрсетілген ерекшеліктерінен басқа қан және оның компоненттерін дайындау, өндеу, сақтау және беру ережелеріне сәйкес жүзеге асады.
122. Донордың перифериялық қанынан дін жасушалары концетратын алу қан жасушаларының автоматты сепараторларын қолдануымен аппаратты плазмацитоферез блогында өткізіледі.
123. Донордың перифериялық қанынан дін жасушаларын тапсыру (донация) алдында дін жасушалары дайындалатын реципиент пен донор тінінің сәйкестігін анықтау жүргізіледі.
124. Дін жасушаларының қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін донордың перифериялық қанынан дін жасушалары концетратын реципиентке трансплантациялау жүргізетін медициналық мекеме донорда дін жасушаларын шығаруына алдын-ала әсер етуі өткізіледі.
125. Донордың перифериялық қанынан дін жасушалары милиметрге шаққанда 40х106 кем емес болуы тиіс, ядроқұрамды жасушаларының мөлшері бойынша бағаланады.
126. Донордың перифериялық қанынан дін жасушалары +20+240С температурада дайындау кезінен 24 сағаттан артық емес сақталады. Осы уақыт ішінде ол донордың перифериялық қанынан дің жасушалары концетратын реципиентке трансплантациялау жүргізетін медициналық мекемеге жеткізілуі тиіс.
127. Кіндік қаннан дің жасушалары концетратын дайындау автоматты сепараторларын қолдануымен дін жасаушалары банкінде өткізіледі. Сепаратормен жұмыс жасау өндірушінің нұсқаулығына сай жүргізіледі.
128. Кіндік қанды алу арнайы дайындалған босанатын әйелдерге жәрдем беретін мекеменің персоналдармен жүргізеді.
129. Кіндік қанды алу кіндік қаннан (бұдан әрі - әйел-донор) алынатын дің жасушалары әйел-донорының міндетті түрде жазбаша келісуі арқылы өткізіледі. Кіндік қаннан қанның дің жасушалары концетратын дайындау келісім-шарт негізінде бола алады.
130. Туудың алғашқы кезеңінде трансфузиялық індетке, топтық және резус-тиістілігіне тестілеу үшін әйел-донорынан перифериялық қан алу қажет. Егер трансфузиялық індеттің барлығына талдау нәтижелері оң болса, сәйкес үлгілер алынып, жойылады.
131. Әйел-донорының кіндік қанының үлгілері дін жасаушалары банкінде -800С температурада кіндік қаннан дің жасаушалары сәйкес концетратының барлық сақтау мерзімі ішінде криопробиркаларда сақталу тиіс.
132. Кіндік қанды жинау және кіндік қаннан дін жасушалары концетратын алу процесінің ілеспе құжат нысанасы кіндік қан процессингі өткізетін медициналық мекемемен бекітіледі.
133. Дін жасушалары банкіне кіндік қан түскенде:
1) гемолиздің, тромбтардың жоқтығына кіндік қанмен гемаконның тығыздығына көзбен қарау, штрих-кодтардың сәйкестігіне, ілеспе құжаттардың толтырылудың барлығы мен дұрыстығын бақылауына, кіндік қанды сақтау және тасымалдаудағы температуралық режиміне бақылау өткізіледі;
2) кіндік қанмен гемаконды өлшеу, кіндік қан үлгілерінің салмағын анықтау. Кіндік қаннан дін жасушаларын алу процесіне антикоагулянт салмағын есептемегенде 65 грамнан артық салмағымен, антикоагулянт құрамы үлгінің соңғы көлемінен 20-40% құрау керек, кіндік қан үлгілері жіберіледі;
3) қан тобы мен резус-тиістілігін анықтау;
4) кіндік қанда ядроқұрамды жасуша санын үлгіні антикоагулянтпен араластыру деңгейін есепке алу арқылы анықталады. Кіндік қаннан дін жасушаларын алу процесіне бір үлгіде ядроқұрамды жасушалары 9х108 жасушадан артық кіндік қан үлгілері жіберіледі;
5) жасушалар сәйкестік жүйесінде адамның лейкоцитарлы антигені A, В және DR антиген бойынша типтеу;
134. Осы Ереженінің 133-тармағында қарастырылған процедураларды өткізгеннен кейін кіндік қан үлгісінен автоматты сепараторды қолдану арқылы дің жасушалары концетратын алу жүзеге асады.
135. Кіндік қан үлгісінен дін жасушалары концетратын алғаннан кейін алғашқы гемаконнан (қалған плазма) плазма мұрағаттау үшін криопробиркаларға құйылады.
136. Донордың кіндік қанынан дін жасушалары милиметрге шаққанда 5х108 кем емес болуы тиіс, ядроқұрамды жасушаларының мөлшері бойынша бағаланады.
137. Кіндік қан үлгісінен дін жасушалары концетратын бағалағаннан кейін ол концетратты қатырған (криопротектормен) кезде өте төмен температуралардың нәтижесінде бұзылудан сақтайтын затпен араластыру жүргізіледі.
138. Кіндік қан үлгісінен дін жасушалары концетраты криопротектордың құрамы мен концетрациясы, қатыру күні, дін жасушалары банкінің атауы көрсетілген тіркеу нөмірімен (бар-кодпен) таңбаланған полимерлы криоқаптарда сақталады.
139. Кіндік қаннан дайындалған және кіндік қанынан дін жасушалары концетраты үлгісін сипаттайтын барлық зерттеу нәтижелері, үлгінің бір тіркеу нөмірі бойынша дін жасушалары банкінің мәліметтер базасына енгізіледі. Өсы тіркеу нөмірі бойынша қалған плазма, әйел-донордың кіндік қан үлгілері сақталады.
140. Кіндік қан үлгісінен дің жасушалары концетраты электр рефрижераторларда -800С температурасында немесе сұйық азот не оның буында -1800С температурада сақталады.
6 тарау. Қанның құрамдарын іріктеу тәртібі
141. Іріктеу және уақытша сақтау бөлімшесінің медбикесі қан дайындау бөлімшесінен дайындалған қан құрамдарын тауар құжаты бойынша қабылдап алады. Қабылау кезінде:
1) қанның құрамдарын көзбен бағалау;
2) гемаконтейнерлер санын есептеу, алынған қан құрамдарының көлемі;
3) мәліметтерді журналға тіркейді.
142. Қанның құрамдары сақтау ережелеріне сәйкес тоңазыту және мұздату жабдықтарына салынады. Медбике тоңазытқыштардың және мұздатқыштардың температура режиміне күніне кемінде 3 рет мониторинг жүргізеді, мәліметтерді журналға жазады.
143. Қанның құрамдарын іріктеу донордың қанның және оның компонентерінің қауіпсіздік және сапасы талаптары бойынша жүргізіледі.
144. Талдаулардың рұқсат етілген нәтижелері бар қанның құрамдары өнімді беру бөлімшесіне немесе карантиндеуге жіберіледі.
145. Қанның құрамдарының жарамсыздығы туралы қорытындының негізі:
1) орамның герметикасының бұзылуы;
2) көзбен анықталатын гемолиз, эритроциттері бар құрамның ұйып қалуы;
3) лайлануы, жапалақтануы, қабыршықтануы және басқа да қан плазмасының инфекция жұқтыру белгілері;
4) мерездің, АҚТҚ 1, 2 және С гепатитінің антиденелері, В гепатитінің үстіңгі антигені (HbsAg), АлАТ деңгейінің жоғарылауы;
5) қанның нақтылы мөлшерінің контейнер этикеткасында көрсетілген мөлшермен сәйкес келмеуі (стандартты емес дозалар);
6) талдау нәтижелерінің болмауы;
7) маркасының немесе этикеткасының болмауы, сондай-ақ олардың анық ресімделмеуі.
146. Жарамсыздыққа қатысты жаңа қатырылған плазма қанның құрамдарына фракциялауға жіберіледі.
7 тарау. Белгілеу тәртібі
147. Қанның құрамдары іріктеліп болғаннан кейін тиісті этикеткалар жапсырылады. Осы Ереженің қосымшасына сәйкес 2-қосымшада көрсетілген.
148. Этикеткада мына ақпараттар болуы керек:
1) ведомствосы (аббревиатураға рұқсат беріледі),
2) қан дайындайтын ұйымның заңды мекен-жайы көрсетілген толық атауы,
3) донордың тіркеу нөмірі,
4) резусы,
5) дайындалған күні,
6) жарамдылық мерзімі (күні, айы, жылы),
7) сақтау температурасы;
Резус-теріс қан тобының этикеткасына "Резус-теріс (Rh-)", резус-оң қан тобының этикеткасына "резус-оң (Rh+)" мөртабан қойылады.
Дайындалған күні, жарамдылық мерзімі арап цифрларымен нүкте арқылы белгіленеді, мысалы: 25.09.2009 жыл.
149. Этикеткада қосымша жүргізілген тесттер туралы ақпарат болуы мүмкін (мысалы, цитомегаловирусқа, токсоплазмозға және тағы басқаларға тестіленгені туралы).
8 тарау. Қанның құрамдарын сақтау тәртібі
150. Дайындалған қанның құрамдары соңғы рет тексерілгенге, этикетка жапсырылғанға дейін жіберілуге дайын қанның құрамдарынан бөлек, жеке тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш камераларда, белгілі бір "Қан тексерілмеген! Беруге болмайды!" деген жазуы бар сөрелерде сақталады.
151. Сақтауға арналған тоңазытқыштар және тоңазытқыш камералар негізгі жарық көзіне қосымша резервтік электр қоректендіру көзіне қосылады.
152. Температураны бақылайтын автоматты жазатын құрылғы жоқ кезде тар мен мұздатқыштардың темпреатуралық режим мониторингі температуралық режимді тіркеу журналына мәліметтер тәулік ішінде 3 реттен кем емес енгізіледі.
153. Қанның құрамдары тоңазытқыштарда немесе мұздатқыш камераларда қан тобына және резусына байланысты жеке-жеке сақталады. Әрбір қан тобының сақталатын тоңазытқыштарының немесе мұздатқыш камераларның сөрелеріндегі белгілерге сәйкесті белгілері болады.
154. Эритроциттер массасы +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.
155. Лейкоциттері азайтылған эритроциттер шектеулі мерзімге сақталады – +20С +60С температурада. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.
156. Жуылған эритроциттер +20С +60С температурада 24 сағаттан аспайтын уақыт тігінен сақталады.
157. Сұйықталған эритроциттер +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.
158. Аферезді эритроциттер эритроциттер массасы +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Егер сүзу немесе басқа әдістермен өңдеу жұмысы ашық жүйеде орындалса, онда сақтау мерзімі шектеулі - +20С +60С температурада 24 сағатқа дейін.
159. Сүзу әдісімен немесе ашық жүйде дайындалған басқа әдістермен лейкоциттері азайтылқан эритроциттер шектеулі мерзімге +20 -+60С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.
160. Криоконсервленген және криоконсервленген карантиндеу эритроциттер -650С-800С температурада 5 жыл сақталады, сұйық азотта -1500С-1960С температурада жиырма жылға дейн сақталады.
161. Ерітілген криоконсервленген эритроциттер ерітілгеннен және жуылғаннан кейін +20С - +60С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.
162. Тромбоциттер концентратын бөлуге арналған қанды дайындалған сәттен бастап +200С +220С температурада 6 сағаттан аспайтын уақыт сақтайды.
163. Тромбоциттер концентраты (бұдан әрі - ТК) үнемі араластырып отырып +200С - +220С температурада сақталады
164. Тромбомиксері бар термостат болса сақтау мерзімі дайындау сәтінен 72 сағатқа дейін болады.
165. Тромбомиксері бар термостат болмаса +220С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.
166. ТК бактериалды контаминацияны бақылауды және дайындау үшін арнайы гемакондарды (КТ үшін) қолданылғанда тромбомиксермен концетратта сақтау мерзімі 5-7 тәулік.
167. Криоконсервленеген ТК қатырылған түрде электр рефрижераторда -800С температурада немесе сұйық азот буында -150 температурада бір жыл сақталады.
168. Гранулоциттер концетраты -220С ±20С температурада 24 сағатқа дейін сақталады
169. Жаңа қатырылған плазманы дайындауға арналған қан +40С +60С температурада 6 сағаттан аспайтын уақыт сақталуы тиіс.
170. Жаңа қатырылған плазманың (бұдан әрі - ЖҚП) тиімді сақтау температурасы -300С және одан төмен. ЖҚП сақтау мерзімі: -250С -300С температурада 12 ай, -300С және одан төмен температурада 24 ай. ЖҚП тасымалдау кезінде (-250С -300С) ұсынылған температураға жақын сақтау температурасы қамтамасыз етіледі. ЖҚП ерітілгеннен кейін 1 сағат ішінде пайдалануы тиіс және қайта мұздатуға келмейді.
171. Криоприципитат -300С және одан төмен температурада 24 ай немесе -250С -300С температурада 12 ай сақталады. Жарамдылық мерзімі қан дайындау күнінен есептеледі.
172. Егер қан компоненттері ДСҰ жеткізілгенде дереу пайдаланылмайтын болса, онда олар ұсынылған температурада сақталуға жібіріледі.
Қанның, оның компоненттерінің
дайындау, қайта өңдеу,
іріктеу, сақтау ережелеріне
1-қосымша
Қан және оның компонеттерін тапсырғандағы жағымсыз реакциялар болғанда, донорға көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем
1. Естен тану. Талып қалу – бас миының ишемиясының әсерінен кенеттен естен тану.
Үстірт демалу, қан қысымы төмендеу, қан тамырының соғуы азаяды немесе анықталмайды, өңі қуаң тартып, науқас "отырып" ақырын құлайды. Айналасына реакциясы жоқ (ұйқышылдық, дыбысқа және жарық заттарға, сәулелерге аңғармайды).
Медициналық жәрдемнің әдістері науқасты тез арада шалқасынан және аяқтарын көтеріп жатқызу, мойынын кеудесін киімдерден босату керек. Иісті сұйықтарды иіскетіп немесе бетіне суық су шашу керек.
Жоғарыда айтылғандар көмектеспеген жағдайда терастында 1 мл натридің бензоат кофеин тер астына құю керек.
Қан қысымы 50 мм сынап бағ. дейін төмендеген жағдайда және -09% 200-500 мл натрий хлорид ерінтіндісін ағыммен құю керек.
2. Гипертензиялық крест кенеттен қан қысымының көтерілуінің клиникалық белгісі, қажетті органдардың функциясының бұзылуының оның дамуының және нейровегетавтиктік бұзылу белгілерінің пайда болуы. Белгілері: кенеттен басталу, қан қысымының қан тамырының соғуымен, көтерілуі, қалтырау, қорқыныш сезімі, тітіркену, терінің суланып қызаруы, шөлдеу, бас ауру, жүрек айнуы, көзі бұлыңғылау немесе көз алдында тұмандануы, тахикардия, криздің аяғында – жиіленген көп мөлшерде кіші дәрет жіберу.
Медициналық жәрдемнің әдістері:
1) науқасты басын көтеріп жатқызу;
2) әрбір 10-15 минут сайын қан қысымымен жүрек соғуын бақылау.
3) алғашқымен салыстырғанда қан қысымы 160/110 мм сынап бағанасынан 15-25% дейін 12-24 сағат аралығында төмендейді;
4) дәрі-дәрмектің қолданылуы; 1 таблетка, 10 мг нифедипин беру;
5) бас миының қан тамырларының қалыптанылуы – 1 капсула 30 мг, винкамин.
3. ИБС, ауыр стенокардия - кеуде қысылып және қысып ауру сезімі төстің артына және сол қолға, астыңғы жаққа беріледі. Зат көтергенде, суыққа шыққанда, көп тамақ ішкенде, ренжігенде, тыныштықта қоятын бірнеше минут немесе секунд аралығында нитроглецеринмен қалыпқа келетін клиникалық белгілер.
4. Анафилактикалық талықсу (АТ) – ағзаға құйылған аллергеннің әсерінен болатын қан айналымы, дем алысы және жүйкенің қызметі бұзылып, кенеттен дамитын өмірге қауіпті потологиялық процесс. Белгілері: ет терісінің өзгеруі (қызару, ағару, көгеру), қабақ бет, мұрын қабаты ісініп, суық тер, түшкіру, жөтелу, жас ағу, қышыну, жүрек айну, аяқтарының тартылуы (кейде талып қалу) тынымсыздық, "өлетіндей қорқыныш" еріксіз кіші дәрет, үлкен дәрет, жел жіберу.
Жедел жәрдем:
1) Тренделенбург жағдайында науқасты жатқызу: аяғын басын көтеріп, басын бір жаққа қаратып, тілі қайырылып қалмау, ауа және құсығын жұтпау үшін астыңғы жақты алға шығару. Таза ауа жұтқызу немесе оксигенотерапия жүргізу;
2) Ағзаға ары қарай аллерген түсуін тоқтату. Жедел медициналық көмек бригадасын шақыру.
3) Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше талықсуға қарсы шара жасау:
а) тез арада жамбас бұлшық етіне:
0,18% 0,3 - 0,5 мл (1,0 мл көп емес) эпинефрин ерітіндісі.
эпинефринді қайталап құю қан қысымының бақылай отырып 5-20 минут аралығында құю керек;
антигистаминдік препараттары: 1% 1,0 мл артық емес дифенгидрамина ерітіндісі. Гипотензивтік эффекті болуына байланысты пипольфен қолдануға болмайды;
б) қан тамырларының ішкі көлемін қалыпқа келтіру: 0,9% натрий хлорид ерітіндісін 1 л. кем емес, қан тамырына инфузиялық терапия. Алғашқы 10 минутта гемодинамикалық қалыпқа келмесе, қайталанған талықсуға байланысты коллоид ерітіндісін(пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин құю. Инфузиялық терапияның жылдамдығымен көлемділігі қан қысымы және науқастың жағдайына байланысты;
в) аллергияға қарсы ем: қан тамырына 90-150 мг преднизолон құю керек.
Қанның, оның құрамдарын
дайындау, қайта өңдеу,
іріктеу, сақтау ережелеріне
2-қосымша
Қан құрамдары этикеткасының үлгісі
______________________________________________________ (ведомствоның атауы)
______________________________________________________
(ұйымының атауы)
Қан құрамының атауы _______________________________________ мл
Донордың тіркеу нөмірі (маркасы) __________________________ Консерванттың атауы және көлемі ___________________________ мл
Қан тобы _____________________________
Қанның резусы _____________________________ (мөртабандар)
Қанның дайындалған күні _____________________________
_____________________________ дейін жарамды
Сақтау температурасы _____________________________
Назар аударыңыз! Қан құю алдында дәрігер:
қан құрамының және реципиенттің қан тобының және резусының сәйкестігін анықтауға; сәйкестігіне сынақ жүргізуге; биологиялық сынақ жүргізуге міндетті.
Денсаулық сақтау министірінің
міндетін атқарушы
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 666 бұйрығына 3-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында қанды және оның құрауыштарын, қанның препараттарын құю ережелері
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер қанның құрауыштары және препараттарының трансфузиясының жалпы принциптерін, трансфузиялық терапияға көрсетілімлер негіздемелерін, денсаулық сақтау ұйымдарда (бұдан әрі - ДСҰ) трансфузиядан кейінгі реакциялар мен асқынулардың алдын алу бойынша іс-шараларды белгілейді.
2. Трансфузиялық терапияға қатысты түрлі аурулар мен синдромдарды емдеу стандарттары және хаттамалары осы Ережелердің қағидаларына сәйкес болуы қажет. Трансфузияның көрсетілімдерін анықтау жөніндегі келіспеушіліктер кезінде дәрігер осы Ережелердің қағидаларын басшылыққа алуы тиіс.
3. ДСҰ-да қанның құрауыштары мен препараттары трансфузиология кабинеттерінде сақталуы және санкцияланбаған қол жетімдіктен қорғалған болуы тиіс.
4. Сақтау үшін санкцияланбаған қолжетімдікті шектейтін құлыптармен жабдықталған арнайы мұздатқыш жабдық пайдаланылады. Мұздатқыш жабдық резервтік электрмен жабдықтау көздерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сақтау кезінде қанды және оның құрауыштарын сақтаудың темепературалық режиміне күн сайын (2 реттен кем емес) бақылау жүргізіледі.
5. Түрлі топтардың қан құрауыштары және тиістілік резусы жеке мұздатқыштарда сақталады, жеке мұздатқыш бөлу мүмкіндігі болмағанда, бір мұздатқыштың ішінде тиісінше таңбаланған жеке сөрелер бөлінеді.
6. Қанның құрауыштарын ДСҰ-ға тасымалдау келесі талаптармен қамтамасыз етіледі:
1) жол жүрудің барлық кезеңінде трансфузияға дейін қанның әрбір құрауышын сақтауға арналған темепературалық режим (бұдан әрі – "суық тізбек");
2) қанның құрамында эритроцит бар құрауышын тек қана жылуоқшаулағыш контейнерлерде ч +200С–тан +240С–қа дейінгі температуратура кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаумен тасымалдауға жол беріледі;
3) тромбоцит концентраты жылуоқшаулағыш контейнерлерде +220С –тан ±20С–қа дейінгі температуратура кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаумен тасымалданады;
4) жаңа тоңазытылған плазма криопрецилитат суықагенттер бар жылуоқшаулағыш контейнерлерде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаумен тасымалданады;
5) диагностикалық стандарттар жылуоқшаулағыш контейнерлерде +20С-тан +60С–қа дейінгі температуратура кезінде тасымалданады;
7. Ілеспе құжаттар сақталуы және бүлінбеуі қамтамасыз етілетін жағдайларда тасымалданады.
2. Трансфузиялық терапияның жалпы қағидасы
8. Заманауи трансфузиялық терапия түрлі аурулар мен жағдайларда науқастың организміне жетіспейтін қанның нақты клеткалы немесе белокты құрауыштарының орнын толтырудың компоненттігі принципі бойынша жүргізіледі.
9. Реципиент үшін қан құрауыштарын құюдың жағымды мақсаттары мыналар болып табылады:
1) қуалай жүретін эритроциттердің санын көбейту және эритроциттерді құю кезінде гемоглобин деңгейін көтеру;
2) жаңа тоңазытылған плазманы құю кезінде купаждау (купирование) немесе жіті диссеминирленген қан тамыры ішіндегі ұйып қалудың күшеюін болдырмау;
3) жаңа тоңазытылған плазманы, криопреципитатты құю кезінде геморрагиялық синдромды купаждау және тапшылығы негізгі сырқатпен белгіленетін ұю жүйесінің факторларының деңгейін ұлғайту;
4) спонтанды тромбоцитопениялық қанауды тоқтату, тромбоцитті құрауышты құю кезінде тромбоциттер санының өсуі.
5) гранулоциттер концентратын құю кезінде перифериялық қандағы нейтрофилдер санының көбеюі.
10. Реципиент үшін қан құрауыштарын құюдың жағымсыз салдарлары мыналар болып табылады:
1) донордың клеткалық және плазмалық элементтерін тартып алу;
2) вирусты және бактериялы жұқтыру қаупі;
3) гемосидерездің дамуы, қанның өндірілуіне қысым жасау;
4) тромбогендіктің күшеюі, микротромбоздар немесе микротромбоэмболиялар;
5) аллюсенсибилизациялар;
6) иммунологиялық реакциялар;
7) иммунодепрессиясы бар науқастарда дамуы мүмкін "қожайынға қарсы трансплантат" реакциясы;
11. Кез келген трансфузиялық ортаны құюды тағайындаудың көрсетілімі және оны мөлшерлеу, осы Ережеде баяндалған қағидаларға сәйкес қанның клеткалық немесе өзге құрауыштарының тапшылығы немесе дисфункциясының клиникалық белгілерімен расталатын зертханалық деректердің негізінде емдеуші немесе кезекші дәрігермен (дәрігерлер консилиумымен) белгіленеді.
12. Трансфузиялық терапия жүргізілетін медициналық ұйымдарда қанның құрауыштары мен препараттарының трансфузиясының қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік беретін тәулік бойғы зертханалық қамтамасыз ету болуы тиіс. Зерттеулердің қажетті көлемі: қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, конгулограмманың негізгі көрсеткіштері, оның ішінде жаңа туған нәрестелер үшін (микроәдіспен немесе қанды ең аз мөлшерін алумен), жалпы белок.
13. Бір рет пайдалануға арналған жүйенің көмегімен вена ішіне енгізу қанның құрауыштары мен препараттарын құюдың негізгі әдісі болып табылады. Көрсетілімдер бойынша артерия ішіне, аорта ішіне енгізудің өзге жолдары пайдаланылады.
14. Вена ішіне енгізуге арналған бір рет пайдаланылатын жүйені толтыру техникасы жасаушы завод тың нұсқаулығында көрсетілген.
15. Қанның құрауыштары реципиенттің қанының резус тиесілігіне қарай және АВО жүйесінің тобына сәйкес құйылады.
Қан қызметінің ұйымдары трансфузиядан кейінгі Келл тегіжатымен себептесетін асқынулардың алдын алу мақсатында, құю үшін клиникаға құрамында бұл фактор жоқ ЭВ немесе ЭМ береді. Келл-оң реципиенттерге Келл-оң эротроциттер құйылады. Плазмалық-когуляциялық қан тоқтату корректорларын (плазманың барлық түрлері), тромбоциттер концентратын құю кезінде Келл тегіжаты есепке алынбайды.
16. Иммунологиялық және жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бір науқасты емдеуге бір донордан немесе донорлардың ең аз санынан алынған қан құрауыштарын пайдаланған жөн.
17. Анамнезде трансфузиядан кейінгі асқынуларға, гемолитикалық ауруы бар баланың туылуымен аяқталған жүктілікке көрсетілімдер бар науқастарға, сондай-ақ аллоимундық антиденелер бар науқастарға қан қызметі ұйымының мамандандырылған зертханасында қан құрауыштарын жеке іріктеп алу жүргізіледі. Миелодепрессия, ақ қан ауруы, немесе апластикалық синдромы бар науқастарға бірнеше рет трансфузия жасау қажеттігі кезінде, тегіжат құрылымы бойынша сәйкес донорды іріктеп алу мақсатында науқастың фенотипі зерттеледі.
18. Трансфузиялық терапияны жүргізуге, медициналық ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен трансфузиялық терапияны жүргізуге рұқсат берілген дәрігер-трансфузиологтың немесе дәрігердің (емдеуші немесе кезекші) құқығы бар.
19. Операция уақытында – операцияға немесе наркозға қатыспайтын дәрігер-трансфузиолог немесе дәрігер (емдеуші немесе кезекші).
20. Қан құрауыштарын құюға кірісу алдында дәрігер олардың құюға жарамды екеніне көз жеткізуі қажет.
21. АВО жүйесі және резус бойынша донор мен реципиенттің топтық сәйкестігін, қаптамадан ауа кірмейтіндігін, таңбалануын көзбен көріп тексеру, гемотрансфузиялық ортаның сапасын макроскопиялық бағалауды жүргізу қажет.
22. Алдын ала ВИЧ-ке, В және С гепатитке, мерезге зерттелмеген қан құрауыштарын құюға жіберілмейді.
23. Гемотрансфузиялық ортаны құю дәрігермен асептика және антисептика ережелерін сақтаумен жүргізіледі.
24. Иммунологиялық реакциялардың алдын алу мақсатында науқастардың белгілі бір контингенті (балалар, жүкті әйелдер, иммунодепрессиясы бар адамдар), қанның лейкосүзілген құрауыштарымен қамтамасыз етіледі.
25. Реципиентте антиэритроцитарлы, антилейкоцитарлы немесе антитромбоцитарлы антиденелер болғанда, қан құрауыштарын тегіжат құрылымы бойынша іріктеп алу қан қызметі ұйымының мамандандырылған зертханасында жүргізіледі. Егер эротроциттік масса немесе жүзгін реципиентке жеке қан қызметі ұйымының мамандандырылған зертханасында іріктеп алынған болса, трансфузияны орындайтын дәрігер, құю алдында реципиенттің, донордың қанының тобын анықтайды, сондай-ақ жеке және биологиялық үйлесімділігіне сынамалар жүргізеді.
26. Жоспарлы немесе шұғыл тәртіпте құрамында эритроцит бар құрауыштардың трансфузиясы кезінде, трансфузияны орындайтын дәрігер бұрын жүргізілген зерттеулерге және жазбаларға қарамастан, трансфузия алдында келесілерді жеке тікелей:
1) реципиенттен оның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын сұрап нақтылау және оларды медициналық картаның титул парағында көрсетілгендермен салыстырып тексереді. Деректер сәйкес келуі тиіс, және реципиент оларды мүмкіндігіне қарай растауы қажет (құю наркоз кезінде немесе емделуші ес-түссіз халде жатқан жағдайларда жасалуынан басқа кезде);
2) әр трансфузия алдында реципиенттің қанының тобын АВО жүйесі бойынша (1-қосымша) қайта тексеру және алынған нәтижені медициналық картадағы деректермен салыстырып тексереді;
3) Донорлық қан құрауыштарының қан тобын АВО жүйесі бойынша қайта тексеру және алынған нәтижені медициналық картадағы деректермен салыстырып тексереді;
4) Донордың эритроциттері мен реципиенттің қан сарысуы резусын және АВО жүйесі бойынша жеке үйлесімділігіне сынамалар жүргіеді.
5) биологиялық сынық өткізеді;
27. Қанның өзге құрауыштарының трансфузиясы кезінде, трансфузияны орындайтын дәрігер реципиенттің АВО қан тобын және резус-тиесілігін анықтайды және жеке үйлесімділікке сынамалар жүргізбестен, деректерді трансфузиялық орта бар контейнердегі этикеткамен салыстырып тексереді.
28. Иммуносерологиялық зерттеулердің техникасы (қан тобын, резус тиесілігін анықтау, донор мен реципиенттің жеке үйлесімділігіне сынамалар, резус-үйлесімділікке сынамалар) 1-қосымшада баяндалған. Сондай-ақ реагенттер жиынтығына жасаушы-кәсіпорынмен қоса берілетін нұсқаулықтар басшылыққа алынады.
29. Реципиенттің қанының тобын резус тиесілігін анықтаудың қиын диагностикаланатын жағдайлары кезінде немесе шұғыл жағдайларда құрамында 0(1) Rh(-), С3П – АВ(ІV) эритроцит бар трансфузияларға жол беріледі.
30. АВО жүйесінің қан топтары бойынша үйлесімділікке сынамалар науқастың, центрифугалау немесе тұндыру арқылы алынған қан сарысуынан орындалады. Қан науқастан трансфузия алдында тікелей алынады. Құрамында эротроцит бар орталардың бірнеше рет трансфузиясы кезінде, иммунологиялық асқынулардың алдын алу мақсатында, антиэротрицарлы антиденелер болуына пациенттің қан сарысуына скрининг жүргізу ұсынылады.
31. Құю алдында трансфузиялық орта (ЭМ немесе ЭВ) бар контейнер мұздатқыштан алынады және бөлме температурасы кезінде 60 минут бойы немесе қыздыруға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланумен (+360С-тан жоғары емес) ұсталады.
32. Биологиялық сынама кез келген трансфузияның басталуы алдында және құрауыштардың немесе препараттардың, оның ішінде жеке іріктеп алынған немесе фенотиптелген әрбір жаңа дозасы алдында, трансфузиялық ортаның көлеміне, оны енгізу жылдамдығына және трансфузияның шұғылдығына қарамастан жүргізіледі.
33. Биологиялық сынаманы жүргізу кезінде бір рет 1-2 мин. ішінде 60 тамшы құйылады, одан соң құю тоқтатылады және 3 минут бойы реципиентке бақылау жүргізіледі. Жалпы жағдайына, тамыр соғуы, тыныс алуы, артериялық қысымы, терісінің түсіне бақылау жасалады, дене температурасы өлшенеді. Мұндай процедура тағы екі рет қайталанады.
34. Биологиялық сынама жүргізу уақытында қалтырау, белдің ауыруы, дененің қызуы, дененің қысылу сезімі, бас ауруы, лоқсу және құсу пайда болса, трансфузияны дереу тоқтату және бұл трансфузиялық ортаны құюдан бас тарту қажет.
35. Қан құрауыштарын наркоз кезінде құю уақытында реакция немесе басталып келе жатқан асқынулар туралы операциялық жараның қанауының себепсіз күшеюінен, артериялық қысымның төмендеуінен және тамыр соғуының жиілеуінен, несеп қабын катетерлеу кезінде зәрдің түсінің өзгеруінен, сондай-ақ бұрын болған гемолизді анықтауға арналған сынаманың қорытындысы бойынша пайымдайды. Мұндай жағдайларда трансфузия тоқтатылады. Хирург және анестезиолог, трансфузиологпен бірге гемодинамикалық бұзылулардың себептерін анықтайды. Егер олардың болуына трансфузиядан басқа себеп болмаса, онда бұл трансфузиялық орта құйылмайды. Трансфузиялық терапияны әрі қарай жүргізу мәселесі клиникалық және зертханалық деректерге қарай шешіледі.
36. Қанның құрамында эритроцит бар құрауышы салынған контейнерге, трансфузия алдында хлорид натрийінің стерильді 0,9% изотоникалық ерітіндісінен басқа, қандай да өзге медикаменттерді немесе ерітінділерді салуға тыйым салынады.
37. Құю аяқталғаннан кейін реакция және асқыну пайда болу жағдайын бақылау үшін қалған трансфузиялық ортаның азғана мөлшері бар (10 мл-ден аз болмайтын) донор контейнері және реципиенттің, жеке үйлесімділікке сынама жүргізуге пайдаланылған қаны және төлқұжаттық деректері бар пробирка 48 сағат бойы мұздатқышта (+20С-тан +60С-қа дейін) міндетті түрде сақталуы тиіс.
38. Трансфузиядан кейін:
1) реципиент екі сағат бойы төсек тартып жату режимін сақтайды;
2) трансфузиядан кейінгі реакциялар мен асқынуларды уақытынан бұрын диагностикалау үшін:
әр сағат сайын үш реттен реципиенттің дене температурасын және артериялық қысымын өлшеп, бұл көрсеткіштер эритроцитқұрамды трансфузиялар құралдарының хаттамасында 2005 жылғы 08 шілдедегі N 332 Денсаулық сақтау Министрінің бұйрғымен бекітілген 005/е нысаныны (бұдан әрі – 005/е нысанасы) немесе қан құрауышы және препараттары трансфузиялар хаттамасында 2005 жылғы 08 шілдедегі Денсаулық сақтау Министрінің N 332 бұйрғымен бекітілген 005-1/е нысанында 005-1/е нысаныны (бұдан әрі – 005-1/е нысанасы) бойынша белгіленеді;
зәрдің бөлінуі, зәрдің түсі, бір тәуліктегі диурез бақыланады, бұл көрсеткіштер 005/е немесе 005-1/е нысанында белгіленеді; зәрдің түсінің өзгеруі жіті гемолизді растауы мүмкін;
трансфузиядан кейін келесі күні қанның және зәрдің клиникалық анализін жасайды;
3) құю аяқталғаннан кейін реципиент үш сағаттан кем емес уақыт бойы дәрігердің бақылауында болуы қажет.
39. Қанның қажетті құрауыштары болмаған кездегі жіті көлемді қансырау немесе ауыр геморрагиялық синдром жағдайларын айтпағанда, өңделмеген (цельный) консервацияланған донор қанын құюға көрсетілімдер жоқ.
3. Трансфузиялық терапияны негіздеу және ресімдеу тәртібі
40. Жоспарлы түрде стационарға келіп түскен кезде барлық потенциалды реципиенттердің (трансфузия жасалуын талап ететін, геморрагиялық синдром немесе өзге асқынулар туындауы мүмкін босанатын әйелдер мен терапевтік науқастардың, операция алдындағы хирургиялық профильдегі науқастардың) АВО жүйесі бойынша қан тобын және резус-тиістілігін емдеуші дәрігер жалпы қабылданған әдіспен анықтайды. Реципиенттің қанының топтық және резус тиесілілігін растауды трансфузиология жөнінде арнайы дайындығы бар дәрігер немесе зертханашы-дәрігер жүргізеді. Зерттеудің қорытындысы бар бланкі науқастың медициналық картасына титул парағының ішкі жағына жапсырылады. Емдеуші дәрігер зерттеудің қорытындысының деректерін медициналық картаның сыртқы бетіне көшіріп жазады және өзінің мөрімен растайды.
41. Науқас шұғыл тәртіпте келіп түскен жағдайда және трансфузия жүргізу қажеттілігі кезінде қан тобын және резус тиесілігін қабылдау бөлмесінің кезекші дәрігері анықтайды. Науқастың қанының топтық және резус тиесілігін растауды (осы немесе баламалы әдіспен қайта анықтауды) трансфузиология жөнінде арнайы дайындығы бар дәрігер немесе зертханашы-дәрігер жүргізеді. Растау бір тәулік ішінде орындалуы қажет. Растауға арналған қан трансфузияға дейін алынады және мұздатқышта +20С-тан +60С-қа дейінгі температурада сақталады. Зерттеу қорытындысы бар бланк науқастың медициналық картасына титул парағының ішкі жағына жапсырылады.
42. Қан тобы және резус тиесілігі туралы деректерді медициналық картаның титул парағына өзге құжаттардан, сондай-ақ жолдама бойынша өзге медициналық ұйыммен немесе емделушінің өзімен жасалған растауды пайдалануға жіберілмейді.
43. Гемотрансфузия алдында реципиентті ВИЧ-ке, В және С гепатитке тексеру қажет, ал шығару кезінде шығару эпикризінде 6 айдан кейін ВИЧ-ке қайтара тексеру қажеттігі көрсетіледі.
44. Қабылдау бөлмесінің дәрігері немесе емдеуші дәрігер трансфузиялық және акушерлік сырқаттарға қатысты келесі мәліметтерді анықтап медициналық картаға енгізуі қажет:
1) трансфузиялар болды ма, қашан және немен байланысты;
2) трансфузиядан кейінгі асқынулар, баланың гемолитикалық аурумен туылуымен аяқталған жүктіліктер болды ма.
45. Науқастың немесе он алты жасқа толмаған науқастар және психикалық ауруы бар науқастар үшін ата-аналарының, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының, жақын туыстарының ақпараттандырылған ерікті келісімі трансфузиялық терапияны жүргізу мүмкіндігінің бастапқы шарты болып табылады. Дәрігер науқасты немесе оның заңды өкілдерін қан құрауыштарының немесе препараттарының күтіліп отырған жағымды әрекеттері туралы және ықтимал асқынулар туралы ақпарат береді. Шұғыл жағдайларда, көрсетілген тұлғалардың келісімін алу мүмкін болмағанда құжатпен ресімделген шешімді дәрігерлік комиссия қабылдайды.
46. Егер науқас (немесе оның заңды өкілдері) діни немесе өзге түсініктері бойынша трансфузиядан бас тартса, бұл шешім құжатпен ресімделеді және емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі құжатқа бұрыштама қояды. Трансфузиядан бас тартуда көрсетілуі тиіс принципті мезеттер:
1) науқас кез келген трансфузиядан бас тартады;
2) науқас қан құрауыштарының трансфузиясынан бас тартады және қан препараттарының және (немесе) рекомбинантты факторлардың трансфузиясына келіседі;
3) егер трансфузиядан бас тарту себебінен науқастың өміріне тікелей қауіп төнсе және науқастың өзі шешім қабылдай алмайтын жағдайда болса (наркозда, есін білмейтін немесе комалық жағдайда) бұл шешімді өзгертуге бола ма;
4) өмірлік көрсетулер бойынша трансфузия жүргізу туралы шешім кіммен қабылданады – дәрігерлер комиссиясымен, науқастың заңды өкілдерімен немесе көрсетілген нақты адаммен бе.
47. Трансфузия жүргізу туралы шешім қабылдайтын дәрігер ( дәрігерлер, консилиум) сырқатнамада, бұлардың негізінде берілген шешім қабылданып отырған зертханалық және клиникалық деректерді көрсетумен трансфузия алдындағы эпикризді – ауру туралы тұжырымды ресімдеуі қажет, сондай-ақ қан құрауыштарының немесе препараттарының есептелген дозаларын көрсетуі тиіс. Көрсетілімдер (оның ішінде тұжырымдамалар бойынша) және дозалар осы Ережелерде баяндалған қағидалармен сәйкес болуы тиіс.
48. Дәрігер (дәрігерлер, консилиум) трансфузиядан өзін тежеу немесе бас тарту туралы шешімді осы Ережелердің қағидаларының негізінде немесе клиникалық немесе өзге жағдайларды есепке ала отырып қабылдай алады. Мұндай шешім қабылданған жағдайда, бұл шешім негіздемелер немесе себептері көрсетіле отырып медициналық картада ресімделуі тиіс.
49. Дәрігер әр трансфузия кезінде 005/е немесе ф005-1/ нысанын толтырады.
50. Биологиялық сынама уақытында, трансфузия кезінде немесе одан кейін асқынулар дамыған жағдайда, науқастың жағдайын, өмірлік маңызды функциялардың мониторингінің деректерін, емдеу әдістері мен емдеудің нәтижелілігін сипаттаумен толық жазба (жазбалар) жасалады. Науқастың қаны мен зәріне шұғыл зертханалық бақылау жасалады. Реакция немесе асқыну дамыған трансфузиялық ортасы бар гемакон және науқас асқыну дамығанға дейін 12 сағат ішінде алған трансфузиялық ортаның қалдықтары бар гемакондар, өңірлік қан орталығында сараптама жүргізілгенге дейін +2, +6 Цельсий градусы температура кезінде мұздатқышта сақталады.
51. Науқастың медициналық картасына қосымша трансфузиялық парақ толтырылады, онда барлық трансфузиялар, олардың көлемі, сәйкестік нөмірлері және құрауыштарды немесе преапараттарды жасаушы, трансфузияға көрсетілімдер және асқынудың болуы жазылады. Осы ақпарат науқасты шығару кезінде немесе басқа МБ-ке ауыстыру кезінде берілетін медициналық картадан үзінді көшірмеде көрсетіледі. Бірнеше рет трансфузия жүргізу кезінде үзінді көшірмеге трансфузиялық парақтың ксерокөшірмесі қоса беріледі.
4. Эритроцитқұрамды қан компонеттерін құю тәртібі
52. Қанның құрамында эритроцит бар құрауыштары қанның газдарын таратушылар болып табылады және оларды енгізудің мақсаты – қуалай жүретін эритроциттердің көлемін толықтыру және анемия кезінде қанның оттегін тасымалдау функциясын қолдау.
53. ЭМ – гематокриті 80%-дан аспайтын негізгі гемотрансфузиялық орта. Өңделмеген ( цельной) қанмен салыстырғанда аз көлемдегі ЭМ-нің құрамында эритроциттердің сол саны болады. ЭМ құю кезінде қанның оттегін тасымалдау функциясы қалпына келеді.
54. Емдеу практикасында дайындау әдісіне және тағайындауға көрсетілімдерге байланысты стандарттық ЭМ (А, В, және Д антигендері) және резус жүйесінің А, В және Д тегіжаттарынан басқа кемінде 5 тегіжат (С, с, Е, е және Келл) белгіленген фенотиптелген ЭМ қолданылады. Фенотиптелген ЭМ-ді құю эритроциттердің тегіжаттарына аллоимунизацияның алдын алу мақсатында апластикалық синдромы, талассемиясы бар науқастарға бірнеше рет трансфузия жүргізу кезінде көрсетілген. Мұндай жағдайларда қан қызметі ұйымдарында бірінші трансфузия алдында реципиентті фенотиптеу қажет.
55. Жуылған эритроциттер (ЖЭ) - хлорид натрийінің стерильді ертіндісімен жуу арқылы ЛТС айдап шығарылған эритроциттердің деплазмаланған концентраты. ЖЭ-ді құю анемия кезінде және анафилактикалық реакциялардың алдын алу мақсатында анамнезде ауыр аллергиясы бар адамдарға, IgА тапшылығы бар науқастарға немесе реципиентте IgА-ға антиденелер анықталған кезде және пароксизмалды түнгі гемоглобинуриясы бар науқастарға қолданылады.
56. Эротрициттік жүзгін (взвесь) SAGM ресуспензияланушы ерітіндісіндегі қалқыңқы эротрицеттердің концентраты. Қолдануға көрсетілімдер ЭМ–ге арналған көрсетілімдердей.
57. Құюдың нәтижелілігі пациенттің сол кездегі жағдайына, гемоглабин деңгейіне, сондай-ақ трансфузиялық ортаның гематокрит деңгейіне және оны сақтау мерзіміне байланысты. ЭМ немесе ЭВ-нің бір дозасын құю, тоқтаусыз қатты қансырау болмаған кезде, гемоглабин деңгейін 10 г/л-ге және гематокрит деңгейін 3%-ға көтереді.
58. Венадағы қанда гемоглабин деңгейінің 80 г/л-ден төмендеуімен жіті дамыған анемия қанның құрамында эритроцит бар құрауышын құюға көрсетілімдер болып табылады. Көрсетілім тұжырымдамасы – "жіті анемия, Hb___г/л".
59. Созылмалы анемия және гемоглабин деңгейінің 70 г/л-ге төмендеуі қанның құрамында эритроцит бар құрауышын құюға көрсетулер болып табылады. Қанның құрамында эритроцит бар құрауышының трансфузиясын тағайындау үшін анемиямен себептескен, трансфузияның тиімділігінің критерийлері бола алатын: айқын көрінетін әлсіздік, тыныштық жағдайда тахипноэ және тахикардия сияқты клиникалық симптомдарды талдау қажет. Қанның құрамында эритроцит бар құрауышын құюды тек гемоглабин деңгейіне қарап тағайындамаған жөн. Трансфузияны анемиямен себептескен, және негізгі патогенетикалық терапиямен емделмейтін, жоғарыда аталған симптомдарды түзету үшін жүргізеді. Көрсетілім тұжырымдамасы – "созылмалы орны толтырылмаған анемия, Hb___г/л".
60. Кез келген науқаста қанның құрамында эритроцит бар құрауышын құюға көрсетілімдер қанның гемоглабин деңгейі бойынша ғана емес, оттегінің жеткізілуі және тұтынылуын есепке ала отырып анықталады. Оттегін ұлпаларға жеткізу минутына 500 мл/м2-ден кем болмауы тиіс. Оттегінің жеткізілуін анықтау мүмкін болмаған кезде артериялық және венадағы аралас қанның құрамындағы оттегіне бағдар жасау керек. Артериялық қандағы оттегі кернеуі – РаО2 = 100 - 0,3*(жасы). Венадағы аралас қанда (немесе орталық венада) PvO2 нормада 40 мм рт.ст., венадағы аралас қанда гемоглабиннің оттегімен қанығуы 75%-дан кем емес, ал оттегінің экстракциясы 25-30%. Эритроциттік массаның трансфузиясы гемоглабин 110 г/л-ден төмендеген, PаO2 қалыпты және венадағы аралас қанда (PvO2), оттегі экстракциясының 30%-дан жоғары үлғаюымен, оттегі кернеуі 35 мм.рт.ст. төмен болған кезде көрсетіледі. Көрсетілім тұжырымдамасы – "анемия кезінде оттегі жеткізілуінің төмендеуі, Hb___г/л, PаO2 _____мм рт.ст., PvO2_____ мм рт.ст.".
Егер гемоглабиннің кез келген деңгейі кезінде венадағы қанның оксигенация көрсеткіштері норма шегінде қалатын болса, онда гемотрансфузия көрсетілмейді.
61. Науқас клиникаға негізгі ауруымен байланысты (мысалы – токсикоанемиялық синдром) анемиямен немесе созылмалы қансыраумен түскен жағдайда, операцияға дейінгі гемотрансфузия егер гемоглабин деңгейі 80 г/л-ден аз, ал анемия себептерін жою бойынша операцияны жақын арадағы уақытта жасау мүмкін болмаса немесе консервативтік терапия ұйғарылып отырса, және науқаста анемиямен байланысты клиникалық симптомдар (әлсіздік, тыныштықта тахикардия және демігу) болғанда ғана жүргізіледі. Көрсету тұжырымдамасы – "анемия, Hb___г/л";
62. Егер операцияға сол кезде орны толтырылған анемиямен және гемоглабин деңгейі 80 г/л-ден төмен науқас алынса, онда "трансфузиялық әзірлік" жарияланады – трансфузия интраоперациялық немесе гемоглабин деңгейі исходныйға қарағанда 20%-дан астам төмендеу кезінде операциядан кейінгі бастапқы кезеңде жасалады. Көрсетілім тұжырымдамасы – "анемия, Hb___г/л";
63. Жасанды қанайналымын (ЖҚА) жүргізу кезінде эритроциттік массаның трансфузиясы гематокрит 25%-дан, ал балаларда 30-дан төмендеген кезде көрсетіледі. Көрсетілім тұжырымдамасы – "ЖҚА, Hb___г/л". Жүрек ақауы бар науқастарды емдеу кезінде гемоглабин деңгейі 130г/л-ден төмендеу және анемияның клиникалық белгілері кезінде ЭКК трансфузиясына жол беріледі.
64. Егер науқаста операциядан кейінгі кезеңдегі жіті қансыраудан кейін гемоглабин деңгейінің 80 г/л-ден төмендеуі кезінде анемиямен байланысты клиникалық симптомдар (әлсіздік, тыныштықта тахикардия және демігу) болмаса, дәрігер сырқатнамада негіздей отырып гемотрансфузиядан тежей тұру туралы шешім қабылдай алады.
65. Тоңазытылған жуылған эритроциттерді құю ауырлаған трансфузиялық анамнезі бар науқастарда лейкоциттерге және тромбоциттерге қарсы антиденелер анықталған жағдайда көрсетіледі.
66. Клиникалық деректер, оттегінің тасымалдану көрсеткіштері және гемоглабин деңгейінің сандық ұлғаюы, құрамында эритроцит бар компоненттердің трансфузиялық терапиясының нәтижелілігінің критерийі болып табылады. Трансфузиядан кейін гемоглабиннің күтілгеннен төмен өсуі айқын білінген спленомегалия, қансыраудың жалғасуы, иммунологиялық үйлесімсіздік және ұзақ мерзімді гипертермия кезінде байқалады.
67. Миелодепрессиясы бар адамдарда гемоглабиннің барабар деңгейін ұстау үшін гемоглабин деңгейін бақылай отырып аптасына бір-екі рет 200-250 мл ЭМ құю жеткілікті. Гемотрансфузияның нәтижесіз болуының себебі анықталуы және жойылуы тиіс.
68. Өмірлік көрсеткіштер бойынша, егер керек қан тобы және резус тиесілігінің құрамында эритроцит бар қан құрауыштары болмаған жағдайда, дәрігер жеке үйлесімдікке сынама және биологиялық сынаманы міндетті түрде жүргізе отырып теріс резус 0(1) топтың құрамында эритроцит бар құрауыштарының трансфузиясын орындай алады.
5. Қанның эритроцит құрамды компонеттерінің педиатрияда құюдың ерекшеліктері
69. Педиатрияда қанның құрамында эритроцит бар құрауыштарын құюдың тактикасының нәрестенің жаңа туылу кезеңінен басқа кезде ересек емделушілерге құюдан принципті айырмасы жоқ. 4 айға толғанға дейінгі жаңа туған нәрестелер (бұдан әрі – жаңа туған нәрестелер) келесілермен ерекшеленеді:
1) гиповолемияға және гипотермияға жоғары сезімталдығымен;
2) қан формуласының ерекше физиологиялық параметрлерімен (ОЦК – 85 мл/кг; гематокрит – 45-60%, эритроциттер саны – 4,0-5,6 х 10я ||2/л);
3) фетальды гемоглабиннің болуымен (60-80%), бұл оттегіне жоғары ұқсастыққа және оның тіндерге берілісінің азаюына себепші болады;
4) иммуносупрессиямен (бұл нәрестелерге тән);
70. Жаңа туылған кезеңде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құюды тағайындау үшін критерийлер мен көрсетілімдер мыналар болып табылады: ауыр жүрек-өкпе дерттері бар нәрестелерде гематокритті 40%-дан жоғары, гемоглабинді 130 г/л-ден жоғары ұстау қажеттілігі; орташа білінген жүрек-өкпе функцияларының жеткіліксіздігі кезінде гематокрит деңгейі 30%-дан жоғары және гемоглобин 100 г/л-ден жоғары болуы керек; тұрақты жағдайда, жоспарлы шағын операциялар жасаған кездегідей гематокрит 25%-дан жоғары, гемоглобин 80г/л-ден жоғары болу керек.
71. Төрт айлықтан бір жасқа дейінгі нәрестелер үшін қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құю гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен кездегі операция алдындағы анемия, гемоглобиннің операция кезінде және операциядан кейінгі 80 г/л-ден төмен деңгейі кезінде және анемиялық синдромның клиникалық айқын белгілері кезінде көрсетіледі. Бір жастан асқан сәбилер үшін жіті қансырау кезінде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарының трансфузиясына көрсетілімдер ересектерге арналған көрсетілімдерге ұқсас.
72. Созылмалы анемия кезінде бір жастан асқан сәбилерде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құю гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен және анемияның клиникалық белгілері кездерінде көрсетіледі.
73. Жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін барлық трансфузиялар, олардың гипотермияға жоғары сезімталдығы, қанның иондық құрамы мен қышқылды-негізгі жағдайының күрт ауытқулары есепке алына отырып, массивті ретінде қаралады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін трансфузиялар, құрамында эритроцит бар құйылған трансфузиялық орта көлемімен қатар, сондай-ақ анализе алынған қанның көлемі қатаң бақылауға алынып жүргізілуі қажет. Бір жасқа дейінгі сәбилердің барлық анализдері алынған қанның көлемін көрсетумен анализге қан алу парағында белгіленуі керек.
74. Гемодинамика және тыныс алу көрсеткіштерін міндетті бақылаумен ЭМ-ді құю жылдамдығы сағатына 2-5 мл/кг дене массасын құрайды.
75. Құрамында эритроцит бар ортаны алдын ала бөлме температурасы кезінде 60 минут ішінде міндетті жылыту. Суық ЭМ немесе ЭВ-ні құю, сол сияқты оны тым жылытып құю кезінде асқынулар туындауы мүмкін
76. Қан құрауыштарының донорын іріктеп алу кезінде жаңа туған нәресте үшін анасының қалаусыз плазма доноры болып табылатынын еске сақтаған жөн, себебі ана плазмасының құрамында жаңа туылған сәбидің эритроциттеріне қарсы аллоиммундық антиденелер болуы мүмкін, ал әке қалаусыз эритроциттер доноры болып табылады, олардың тегіжаттарына қарсы жаңа туған нәрестенің қанында, анасының қан ағынынан баланың жолдасы арқылы енген, антиденелер болуы мүмкін.
77. Жаңа туған нәрестелерге қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын, сондай-ақ ТК құю алдында келесілерді орындау қажет:
1) АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтау. Табиғи агглютининдер сәбилік шақта әдетте анықталмайтындықтан АВО-тестілеу анти-А және анти-В реагенттерді пайдаланумен реципиенттің эритроциттерімен ғана жүргізіледі. 2-қосымшада жаңа туған нәрестелерге құю үшін эритроциттерді АВО жүйесі бойынша іріктеп алу кестесі келтірілген. Егер реципиенттің қанының тобын АВО жүйесі бойынша анықтауда қиыншылықтар болса, онда жаңа туған нәрестенің және анасының қан сарысуымен үйлесетін 0(1) эритроциттерді құйған жөн. Анасы болмаған жағдайда сәбидің қан сарысуымен үйлесетін 0(1) эритроциттер құйылады;
2) жаңа туған нәрестенің қанының резус-тиесілігін анықтау; анти-Д антиденелерден болған гемолитикалық ауру кезінде резус-теріс қанды ғана құяды, егер патогендік антиденелер анти-Д антиденелер болып болмаса, жаңа туылған сәбиге резус-оң қан құюға болады.
3) иммунды антиденелерді іздеу және жеке үйлесімдікке сынама жаңа туған нәрестенің, сондай-ақ оның анасының қан сарысуына жүргізіледі; егер анализ жасау үшін жаңа туған нәрестенің қанын алу мүмкін болмаса (әсіресе шала туған сәбилердің, себебі анализ үшін қажет сынама ОЦК 1-2 % құрайды), тестілеу анасының қан сарысуымен жүргізіледі;
4) ана құрсағының ішіне құю үшін ЭМ, ЭВ-ті ғана, немесе ананың қан сарысуымен үйлесімді, өңделмеген (цельную) консервацияланған донор қаны пайдаланылады.
6. Плазмалық-коагуляциялық гемостаз корректорларының трансфузиясы тәртібі
79. Плазма клеткалық элементтерден айрылған қанның сұйық бөлігі болып табылады.
80. Емдеу практикасында СЭП, криосупернатантты плазма, криопреципитат пайдаланылады.
81. СЭП ұғымымен, центрифугалау немесе аферез әдістерімен қанның эксфузиясынан кейін 6 сағат ішінде эритроциттердерден бөлінген және сағатына -400С температураға дейін толық тоңазытуды қамтамасыз ететін, төменгі температуралы мұздатқышқа орналастырылған плазма анықталады. Плазманы дайындаудың мұндай режимі -400С сақтау температурасы кезінде оны ұзақ сақтауды (2 жылға дейін) қамтамасыз етеді. Жаңа тоңазытылған плазмада ұюдың тұрақсыз (V және VІІІ) және тұрақты (І, ІІ, VІІ, ІХ) факторлары оңтайлы арақатынаста сақталады.
82. Криосупернатантты плазма ұғымымен, фракционирование процесінде плазмадан криопреципитат шығарылғаннан кейін алынған плазма анықталады.
83. СЭП реципиентпен АВО жүйесі бойынша бір топтан болуы қажет. СЭП клеткасыз орта болғандықтан, резус жүйесі бойынша үйлесімдік міндетті түрде болмайды, дегенмен СЭП-ті көлемді құю кезінде (1 л-ден астам) резус үйлесімдік міндетті. Минорлық эритроцитарлық антигендер бойынша үйлесімдік талап етілмейді.
84. Шұғыл жағдайларда бір топтағы СЭП болмаған кезде, кез келген қан тобындағы реципиентке АВ(ІV) тобының плазмасын құюға жол беріледі.
85. СЭП-ті құюға көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1)Коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы зертханалық расталғанда және геморрагиялық синдромның клиникалық белгілері болғандағы кез келген жағдайлар. Коагуляциялық гемостаз факторлары тапшылығының зертханалық белгілері:
протромбиндік индекс (ПТИ) 80%-дан аз;
протромбиндік уақыт (ПУ) 15 секундтан астам;
халықаралық қалыптанған қатынас (ХҚҚ) 1,5-тен астам;
фибриноген 1,5 г/л-ден аз;
белсенді ішінара тромбиндік уақыт (БІТУ) 45 секундтен астам;
Көрсетілім тұжырымдамасы - "коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы: көрсеткіш (тер)____". ДВС (ІV кезең) себептескен геморрагиялық синдром кезінде коагулограмманың жоғарыда аталған тесттері төмен концентрация және жоғары фибринолитикалық белсенділік себебінен анықталмауы мүмкін. Мұндай жағдайда Ли-Уайт бойынша – 30 минуттан астам қанның ұю уақытына бағдарлануға болады.
2) Коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы зертханалық расталғандағы кез келген жағдай геморрагиялық синдромның даму қаупі болып табылады. Геморрагиялық синдромның даму қаупі алда тұрған көлемді операцияға байланысты; жүктіліктің асқынулармен өтуі кезінде; операциялық және операциядан кейінгі кезеңнің асқынулармен өтуі кезінде; полиоргандық жеткіліксіздік, ДВС-синдромы дамуы кезінде, толық ішек арқылы қоректендіру мүмкін болмау кезінде орын алуы мүмкін. Геморрагиялық синдромның даму қаупі болмаған жағдайда коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығын түзету толық энтеральды тамақтанумен ішек пен бауыр функцияларын қалыпқа келтірумен, К витаминін тағайындаумен жүзеге асырылады. Көрсетілім тұжырымдамасы - "коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы: көрсеткіш (тер)____".
3) Геморрагиялық синдром, ең аз дегенде екі клиникалық белгімен белгіленетін және коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы және тромбоцитпенния (20х109/л) қоса болатын. Көрсетілім тұжырымдамасы - "Геморрагиялық синдром";
4) Көлемді жіті қансырау, көлемі бойынша ОЦК-мен салыстырылатын - коагуляциялық гемостаз факторларының деңгейінің төмендеуімен бірге болатын - ОЦК 50%-дан астамы. Көрсетілім тұжырымдамасы – "көлемді жіті қансырау _____мл, ______% ОЦК, Коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы: көрсеткіш (тер) ____".
5) ІІІ антитромбинінің тапшылығын зертханалық растау немесе гепаринге жоғары төзімділік кезіндегі (6 мин-тан кем) ауыр гиперкоагуляция және гепариндермен коагуляцияға қарсы терапияның нәтижесіздігі. Көрсетілім тұжырымдамасы - "АТ ІІІ тапшылығы"
6) Геморрагиялық синдромның дамуымен тікелей әрекет етпейтін антикогулянттарды (варфарин және өзгелер) мөлшерінен көп қолдану; алда тұрған хирургиялық әрекет алдында тікелей әрекет етпейтін антикогулянттардың әсерінің инверсиясының қажеттілігі. Көрсетілім тұжырымдамасы - "Варфарин әсерінің инверсиясы";
7) Тромботикалық тромбоцитопениялық пурпурамен ауыратын (Мошкович ауруы) науқастарда терапиялық плазмоферез (плазмауыстыру) орындау. Көрсетілім тұжырымдамасы – "плазмоферез";
8) Қатты улану, сепсис, жіті ДВС-синдром және т.б. кезінде уытсыздандыру мақсатында плазмоферез (плазмауыстыру) орындау. Көрсетілім тұжырымдамасы – "плазмоферез";
86. ЖҚП-ні дозалау науқастың дене салмағына негізделуі тиіс;
1) Жаңа туған нәрестелерде және бір жасқа дейінгі балаларда – 15-20 мл/кг;
2) Ересектерде және бір жастан асқан балаларда – 10-15 мл/кг;
Трансфузиялық терапияның нәтижесіздігі және қансыраудың жалғасуы кезінде коагулограмма көрсеткіштерін (94.1. тармағын қараңыз) бақылаудан кейін есептік дозаларды қайталап құяды. Нәтижелілікті бақылау Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақыты немесе фибриноген деңгейі бойынша жүзеге асырылады. СЭП-тің 1 дозасы фибриноген деңгейін 0,25 г/л-ге көтереді. Фибриногеннің ең аз гемостатикалық концентрациясы – 0,8-1,0 г/л.
87. ЖҚП-ні құю қан құюға арналған сүзгісі бар стандарттық жүйе арқылы, клиникалық көрсетілімдерге қарай – сорғалатып немесе тамшылатып (айқын білінген геморрагиялық синдром кезінде – сорғалатып) жүзеге асырылады. ЖҚП-ні бірнеше науқасқа бір контейнерден құюға жіберілмейді.
88. ЖҚП-ні, құю алдында тікелей плазма еріткіште 370С температура кезінде ерітеді. Еріген плазмада фибрин үлпегі пайда болуы мүмкін, бұл плазманы вена ішіне құюға арналған сүзгісі бар стандарттық құрылғы көмегімен пайдалануға кедергі келтірмейді. Ерітілгеннен кейін плазма бір сағат ішінде пайланылуы керек, қайта тоңазытуға жатпайды.
89. Криопреципитат донор қанынан алынатын трансфузиялық орта болып табылады және А гемофилиясымен, Виллебранд ауруымен, гипофибриногенемиямен ауыратын науқастарды емдеуге қолданылады. Гемостаз үшін VІІІ факторының деңгейін операция уақытында 50%-ға дейін және операциядан кейінгі кезеңде 30%-ға дейін ұстау қажет. VІІІ факторының бір бірлігі ЖҚП-нің 1 мл-на сәйкес. Криопреципитаттың бір дозасының құрамында VІІІ факторының кемінде 80 МЕ және орта есеппен 250 мг фибриноген бар.
90. Криопреципитат қажеттілігінің және құюдың есебі келесідей шығарылады:
1) дене салмағы (кг) х 70 мл/кг = қан көлемі (мл);
2) қан көлемі (мл) х (1,0 – гематокрит) = плазма көлемі (мл);
3) плазма көлемі (мл) х (VІІІ факторының қажетті деңгейі - VІІІ факторының қолда бар деңгейі) = (МЕ) құю үшін VІІІ факторының қажетті саны. VІІІ факторының қажетті саны (МЕ): 100 бірл. = бір рет жүргізілетін трансфузия үшін қажет криопреципитат дозасының саны.
91. Криопреципитат құю терапиясының ұзақтығы қансыраудың ауырлығына және оны оқшаулауға және көрсетіліп отырған клиникалық әсерге байланысты. Үлкен хирургиялық операциялар немесе тістерді экстракциялау кезінде VІІІ факторының деңгейін кемінде 30% 10-14 күн бойы ұстап отыру керек.
92. Құйылған VІІІ факторының реципиент циркуляциясында жартылай ыдырау уақыты 8-12 сағат құрайды, сондықтан терапевтік деңгейді ұстау үшін криопреципитатты қайталап құю қажет.
93. Криопреципитат АВО жүйесі бойынша үйлесімді болуы тиіс.
7. Тромбоцит концентратының (ТК) трансфузиясы тәртібі
94. Көлемі 450 мл консервацияланған қанның бір дозасынан дайындалған стандартты ТК құрамында 60 х 10 9/л трмбоцит бар және ТК-нің бір бірлігі болып есептеледі. ТК-ні құю дененің үстінің көлемі 1,8 м2 реципиентте қансырау белгілері болмағанда оның қанында қуалай жүрген тромбоцитеттердің санын орта есеппен 5-10 х 109/л-ге ұлғайтады. Терапевтік нәтиже алу үшін қансыраумен асқынған миелодепрессиясы бар науқастың әр тромбоцитопениясы кезінде дене салмағының әрбір 10 кг-на немесе дене үстінің 1м2-на 50-70 х 109-дан кем болмайтын дозада ТК құю көрсетілген.
95. Тромбоциттердің ең көп санын (800-900 х 109) бір донорға тромбоцитоферез жүргізу кезінде, қанның тұрақты ағысында автоматты режимде жұмыс істейтін қан клеткаларының сепараторы көмегімен алуға болады.
96. Аталған тәсілдердің кез келгенімен алынған ТК-да эритроциттер мен лейкоциттердің қоспасы әрқашан болады, осыған байланысты реципиентте трансфузиялық реакция пайда болғанда тромбоцит концентратын немесе рефрактерлік енгізу үшін эритроциттерді, әсіресе лейкоциттерді шығару керек. Бұл мақсат үшін реципиентке тікелей құю уақытында тромбоциттердің концентратынан лейкоциттерді алып тастайтын арнайы сүзгілер қолданылады, бұл тромбоциттермен орын басушылық терапияның нәтижелілігін елеулі түрде арттырады.
97. ТК минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен 30-40 минут бойы енгізеді.
98. Тромбоцитопения кезінде ТК-н тағайындауға көрсетілімдер, оның себептері мен біліну деңгейін, клиникалық көрініс анализін, қансырудың оқшаулануын, алда тұрған операцияның көлемі мен ауырлығын есепке ала отырып емдеуші дәрігермен тағайындалады.
99. ТК-нің профилактикалық трансфузиясы химиотерапия жүргізу кезінде және геморрагиялық синдромның кликалық көрінісі болмағанда тромбоциттер деңгейі 10* 109/л-ге төмендеген жағдайда көрсетілген.
100. ТК трансфузиясы апластикалық анемия, есеңгіреу, сепсис, аса көлемді қансырау, химиотерапия жүргізу және геморрагиялық синдромның клиникалық көрінісі болумен тромбоциттер деңгейі 30*109 л-ге төмендеген жағдайда көрсетілген.
101. ТК трансфузиясы коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы ілісе болатын коагулопатикалық қансыраудың жалғасуы немесе алда тұрған көлемді операция алдында тромбоциттер саны 50* 109/л-ден аз болған жағдайда көрсетілген.
102. ТК трансфузиясы алда тұрған нейрохурургиялық көлемді операция алдында тромбоциттер саны 100* 109/л-ден аз болған жағдайда көрсетілген.
103. ТК-ны құю реципиенттің қанында қуалай жүрген антитромбоцитарлық антиденелер донорлық тромбоциттерді лизирлейтіндіктен, иммундық генез тромбоциттердің жоғары бұзылуы кезінде көрсетілмейді.
104. Гепарин-ынталандырылған тромбоцитопения ТК трансфузиясы үшін салыстырмалы қарсы көрсетілім болып табылады.
105. Ересек реципиенттер үшін тромбоциттердің қажетті терапевтік саны 300-500* 109 құрауы тиіс. Бұл үшін реципиентке 6-10 донордан (ТК полидонорлық) немесе бір донордан 4 реттік тромбоцитоферез көмегімен алынған ТК құйылады.
106. Спонтанды қансыраудың тоқтауы және терідегі және көзге көрінетін шырышты қабаттағы жаңа геморрагийлердің болмауы, сондай-ақ қанда қуалай жүрген тромбоциттердің санының өсуі ТК құюдың нәтижелілігінің және құйылған донорлық тромбоциттердің барабарлығының клиникалық критерийлері болып табылады.
107. ТК-н бірнеше рет құю кезінде бірқатар науқастарда аллоиммундаудың дамуымен байланысты рефрактерлік (қанда тромбоциттердің өсуінің, сондай-ақ гемостатикалық әсердің болмауы) байқалады.
108. ТК-н ұзақ уақыт қайталап құюды қажет ететін реципиенттерге (апластикалық анемия, сүйек кемігін ауыстырып қондыру) туыс донорлардан автоматты аферезбен алынған тромбоцит концентрациясын пайдаланған орынды.
109. Рефрактерлік туралы клиникалық және иммунологиялық деректердің пайда болуы кезінде, ТК-нің келесі трансфузиясы донорды тромбоцитті тегіжаттар және HLA тегіжаттар бойынша арнайы іріктеп алуды және ТК-н арнайы лейкоцитарлық сүзгілер арқылы құюды талап етеді.
Трансфузиядан соң бір сағаттан кейін реципиенттің қан арнасында қуалай жүрген тромбоциттердің санының ұлғаюы (тиімді құйылған жағдайда олардың саны 50-60 х 109/л-ге жетеді) ТК-ны құюдың орын басушылық терапиясының нәтижелілігінің зертханалық белгілері болып табылады. 24 сағаттан кейін олардың саны 20х109/л ауыспалы деңгейден асуы керек немесе, ең болмағанда бастапқы трансфузия алдындағы санынан жоғары болуы тиіс. Қансырау уақытының азаюы немесе қалыпқа келуі тромбоцит концентратын құюдың нәтижелілігінің критерийі бола алады.
110. Донор мен реципиент ТК құю кезінде АВО тегіжаттары және резус бойынша үйлесімді болуы қажет.
111. ТК құю алдында дәрігер контейнердің таңбалануын, оның ауа жібермейтіндігін тікелей тексереді, донор мен реципиенттің қан топтарының үйлесімділігін салыстырып тексереді.
8. Гранулоциттер концентратының (бұдан әрі – ГК) трансфузиясы тәртібі
112. Жұқпа, рефректерлік және бактерияға қарсы терапия, оның ішінде жаңа туған нәрестедегі сепсис кезінде, иммунитет тапшылығы кезінде жимиотерапия кезіндегі немесе химиотерапиядан кейін агранулоцитоз немесе панцитопения кезінде реципиентте гранулоциттердің абсолюттік саны 0,5*109/л–ден төмендеуі ГК құюды тағайындауға негізгі көрсету болып табылады.
113. ГК вена ішіне қанды және оның құрауыштарын құюға арналған сүзгісі бар қарапайым құрылғы арқылы дайындалғаннан кейін 24 сағат ішінде одан кешіктірмей құйылады.
114. АВО және Rh жүйелері бойынша үйлесімділік міндетті. Қайталап құю кезінде аллоиммундеудің алдын алу үшін ГК-н HLA гистолейкоцитарлық антигендер бойынша іріктеп алу ұсынылады.
115. Құйылған ГК-ның терапевтік нәтижелілігінің көрсеткіші мыналар болып табылады: дене қызуының төмендеуі, уыттану және қабынудың физикалды белгілерінің азаюы, пневмония болғанда өкпенің рентгенологиялық көрінісінің жақсаруы, бұрын бұзылған органдық функциялардың тұрақтануы.
9. Қан препараттарының трансфузиясы тәртібі
116. Альбумин ерітінділері белокты препараттар болып табылады, 5%, 10%, және 20% түрінде шығарылады.
117. Альбумин ерітіндісін құю үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) кез келген генез гипопротеиннемиясы немесе гипоальбуминемиясы – жалпы белок 60 г/л-ден төмен, альбумин 35 г/л-ден төмен;
2) балалардың бас миындағы заттегінің ісінуі және домбығуы (жалпы белок 70 г/л-ден төмен, альбумин 40 г/л-ден төмен жағдайда)
3) микроциркуляцияның бұзылуының айқын білінуімен және 60 г/л-ден төмен гипопротеинемия, 35 г/л-ден төмен гипоальбуминемиямен гиповолемикалық, геморрагиялық, күйіктен есеңгіреудің ауыр өтуі;
4) алып тасталатын плазманың - 50%,-дан астам үлкен көлемінің орнын басу кезіндегі емдік плазмоферез.
118. Албуминнің қажетті дозасын есептеу 100 мл 5%, 10%, және 20%, албуминнің жалпы белоктың деңгейін 2-3 г/л, 4-5 г/л және 6-10 г/л көтеретініне сүйене отырып жасалады.
СЭП трансфузиясына және гипопротеинемияға көрсетілімдер болғанда, ең бірінші кезекте құрамында плазма белоктары бар СЭП трансфузиясын жүргізеді. Жалпы белок деңгейін бақылаудан кейін альбумин трансфузиясының қажеттілігі туралы шешім қабылданады.
119. Плазма белоктарының онкотикалық тұрақтандырудан басқа, тасымалдау ролін орындайтынын және көптеген дәрілік препараттардың фармококинетикасын көп жағынаан анықтайтынын есепке ала отырғанда, альбумин трансфузиясы айқын білінген гипопротеинемия (50 г/л-ден төмен) және гипоальбуминемия (30 г/л-ден төмен) ілесе болатын кез келген клиникалық жағдайларда, оның ішінде акушерлікте және неонатологияда тіпті көрсетіледі.
120. Альбумин ерітінділерінің инфузиясы кезінде жанама әсерлер байқалуы мүмкін: пирогендік, генерализденген және аллергиялық реакциялар, оқшауланған гипотензия, гиперволемия, циркуляциялық күш түсу, уыттану. Инфузияға көрсетілімдерді дұрыс есепке алу, биологиялық сынамаларды жүргізу, инфузия жылдамдығын азайту, нестероидтік қабынуға қарсы препараттармен премедикация (көрсетілімдер бойынша) альбумин ерітінділерінің инфузиясы кезіндегі реакциялар мен асқынулардың алдын алу болып табылады.
121. Альбумин ерітінділері науқасты ас қорыту жолдарынан тыс қоректендіру үшін пайдаланылмайды.
122. Иммуногобулиндер қан плазмасынан алынатын антиденелердің концентраты болып табылады және
1) ерекшелігі бойынша: құрамында ерекше антиденелер (антистафилококты, шешекке қарсы, антирабиялық, сіреспеге қарсы және басқа) бар поливаленттік және бағытталған әрекетті;
2) енгізу тәсілі бойынша: вена ішіне немесе бұлшық ет ішіне енгізуге арналған болуы мүмкін.
123. Иммуногобулиндерді қолдануға көрсетулер мыналар болып табылады:
1) гуморальдық иммунитеттің тапшылығын түзету;
2) иммундық және аутоиммундық аурулар кезінде иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру;
3) жұқпалы және вирусты ауруларды емдеу;
4) бастапқы және қайталама антиденелердің тапшылығының алдын алу.
124. Ұюдың VІІІ және ІХ факторларының концентраттары қан плазмасынан өндіріледі және А, Б гемофилиясы және Виллибрандт ауруы кезінде орын басу терапиясы үшін қолданылады.
125. VІІІ факторының концентраты А гемофилиясымен ауыратын науқастарда VІІІ факторының тапшылығын түзету кезінде көрсетіледі. МЕ-дегі (1 МЕ жаңа, сақталуы 1 сағаттқа дейін донорлар плазмасының 1мл-ндегі VІІІ факторының белсенділігіне сәйкес) VІІІ факторының белсенділігі. VІІІ факторының құрамы қалыпты шамадан пайыз ретінде анықталады. Қажетті дозаны есептеу төмендегідей жасалады:
1) дене салмағы (кг) х 70 мл/кг = ОЦК (мл);
2) ОЦК (мл) х (1-гематокрит) = ОЦП (мл);
3) ОЦП (мл) х (МЕ/мл-де VІІІ факторының қажетті деңгейі) - VІІІ факторының бастапқы деңгейі (МЕ/мл) = VІІІ факторының талап етілетін саны (МЕ).
126. ІХ факторының концентраты В гемофилиясымен ауыратын науқастарда ІХ факторының тапшылығын түзету кезінде қолданылады. Тағайындау принциптері VІІІ факторындағыдай.
10. Қанды ауыстырып құю
127. Қанды ауыстырып құю (ҚАҚ) – бір уақытта донор қанының барабар немесе құрауыштарының асатын көлемімен орнын басумен реципиенттің қан жүретін арнасынан қанды ішінара немесе толық шығару. Бұл операцияның негізгі мақсаты – қанмен бірге ыдырау өнімдерін, жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы кезінде гемолизді және антиденелерді шығару. Қанның құрамында эритроцит бар құрауыштары және СЭП үшін көрсетілімдер тұжырымдамасы – "ҚАҚ".
128. Техникалық мүмкіндік кезінде қанды ауыстырып құю бір процедура ішінде плазманың 70%-н алумен және оның орнын плазманы ауыстырушылармен және жаңа тоңазытылған плазмамен толтырумен қарқынды емдік плазмаферезді орындаумен ауыстырылуы тиіс.
11. Емдік плазмаферез
129. Емдік плазмаферез жоғары тұтқырлық синдромы, иммунокешенді этиология аурулары, түрлі уыттану, ДВС-синдромында, васкулиттер, сепсис, бүйрек және бауыр функцияларының жіті және созылмалы жеткіліксіздігі кезінде көрсетіледі.
130. Емдік плазмаферез қан клеткалары сеператорының көмегімен үздіксіз немесе центрифуга (әдетте-рефрижераторлық) және полимер контейнерлердің көмегімен үзік-үзік әдіспен, сондай-ақ сүзу әдісімен жүргізіледі.
131. Емдік плазмаферезді жүргізу кезінде плазманы алумен бір уақытта алынып отырған көлемнің орнын СЭП, альбумин, плазманы ауыстырушыларды құюмен толықтыру жүргізіледі.
132. Алынатын плазманың көлемі, процедураны жүргізу ритмі, плазманы ауыстыру бағдарламасы процедураның алдына қойылған мақсаттарға, емделушінің бастапқы жағдайына, ауру сипатына немесе құюдан кейінгі асқынуға байланысты.
12. Қан жинақтаушы технологиялар және қан компонеттеріне трансфузиялық баламалары
133. Қан жинақтаушы технологияларға мыналар жатады:
1) аутотрансфузия
2) гемодилюция
3) реинфузия
4) қан өндірілуін және қанның ақ клеткаларының өсуін, коагуляциялық қан тоқтату факторларының синтезін ширату.
134. Аутогемотрансфузия – реципиентке өзінің қанын немесе өзінің қанынан алдын ала дайындалған оның құрауыштарын құю (қайтару). Аутогемотрансфузия кезінде аллоиммунизация, жұқпа берілу қаупі болмайды, трансфузиялық реакция қаупі және қанның гомологикалық құрауыштарына мұқтаждық азаяды, қан құрауыштарымен орынбасушылық трансфузиялық терапияның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, эритроцит өндірілуі ширатылады.
135. Құрамында эритроцит бар қанның немесе плазманың аутотрансфузиясын қолдану үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) қанайналымының 20%-дан астам көлемін жоғалту болжамдалатын күрделі және көлемді хирургиялық жоспарлы операциялар (ортопедия, кардиохирургия, урология); жүкті әйелдерде үшінші триместрде жоспарлы кесар тілігіне көрсетілім болғанда 500 мл-ге дейін көлемде плазманы аутодонорлық дайындау жүргізілуі мүмкін.
2) қан тобы сирек кездесетін емделушілерге донорлық қан құрауыштарының барабар мөлшерін іріктеп алу және құюдың мүмкін болмау;
3) хирургиялық жоспарлы емдеу уақытында қан құрауыштарын құю көрсетілімдері болғанда емделушілердің қан құюдан діни себептер бойынша бас тартуы;
136. Аутологикалық трансфузияларды жүргізудің келесі әдістері бар:
1) хирургиялық жоспарлы әрекетке дейін 3-4 апта бұрын 3-4 доза (1000-1200 мл дейін консервацияланған өзіндік қан немесе 600-700 мл аутоэритроциттік масса) жинауға мүмкіндік беретін, өзіндік қанның немесе аутоэритроциттік массаның немесе жүзгіннің операция алдындағы дайындама.
2) тікелей операцияға дейін немесе анестезия басталғанға дейін, уақытша қансыраудың орнын тұзды ерітінділермен және плазманы ауыстырушылармен міндетті толтырумен нормоволемияны немесе гиперволемияны қолдаумен қанның 1-2 дозасын (600-800 мл) дайындауды болжамдайтын, операция алдындағы нормоволемикалық немесе гиперволемикалық гемодилюция;
137. Эритроциттердің реинфузиясы өз қанын өзіне құюдың бір түрі болып табылады және науқасқа жара немесе ұйыма қуысына (құрсақ, кеуде) құйылған және ол жерде 12 сағаттан аспайтын уақыт болған, өзінің жуылған эритроциттерін құюды білдіреді.
138. Реинфузияны аппарттық әдіспен ғана жүргізуге болады – Cell Saver типтес аппаратты қолдану кезінде.
139. Науқас өз қанының немесе оның құрауыштарының дайындамасына ақпараттандырылған келісім беруі қажет және ол науқастың медициналық картасына жазылады. Науқасты емдеуші дәрігер оған қан құрауыштарының донациясының ерекшеліктері, болуы ықтимал реакциялар туралы ақпарат беруі тиіс. Өзіндік қанды және оның құрауыштарын тестілеу қанның аллогенді құрауыштарын тестілелеуге ұқсас. Аутологикалық қанды немесе оның құрауыштарын таңбалау кезінде этикеткада "аутологикалық трансфузия үшін" деген сөздер жазылуы керек.
140. Қанның аутоқұрауыштарын донациялауға рұқсат беру критерийлері жалпы әдеттегі донорларға арналғандай. Аутодонорлар үшін жасына қарай шектеудің жоғарғы шекарасы болмайды, әрбір нақты жағдайда аутодонорлық мүмкіндіктің болуы туралы шешімді емдеуші дәрігер трансфузиологпен бірге емделушінің немесе оның заңды өкілдерінің пікірін есепке ала отырып қабылдайды. Төменгі жас шегі науқастың денесінің дамуына және денелік жағдайына қарай анықталады. Әдетте, қан құрауыштарының аутотрансфузиясы 8 жастан 70 жасқа дейінгі адамдарда пайдаланылады.
141. Дене салдмағы 50 кг-дан астам адамдар үшін бір рет қан беру көлемі 450 мл-ден аспауы тиіс, ал дене салмағы 50 кг-нан аз адамдар үшін қан беру көлемі – 8 мл/кг дене салмағынан аспау қажет. Дене салмағы 30 кг-нан аз адамдарға терапевтік аутодонорлыққа рұқсат берілмейді. Антикоагулянтты ерітіндінің мөлшері эксфузияланатын қанның мөлшеріне пропорционалды азаяды. Аутодонордың гемоглабин деңгейі әр донация алдында 110 г/л-ден, гематокрит деңгейі – 33%-дан төмен болмауы керек.
142. Аутологикалық қан беру жиілігі емдеуші дәрігермен және трансфузиологпен анықталады. Бұл кезде плазма көлемі және жалпы белок пен альбумин деңгейі 72 сағаттн кейін қалпына келетінін ескеру қажет, яғни жоспарлы операция алдындағы соңғы қан беру үш тәулік бұрын жасалады.
143. Аутодонорлыққа кез келген белгіленген жұқпа ошағы немесе бактериемиясы бар адамдар (алдын ала санация жасау қажет), тұрақты емес стенокардия верификациясы, аорта стенозы, орақпішінді клеткалы анемия, тромбоцитопения (тромбоциттер саны 180 х 109/л) кезінде жіберілмейді.
144. Аутореципиентті ВИЧ, гепатит және мерезге серологиялық оң тестілеу аутодонорлықты пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылады.
145. Қан құрауыштарын құю көлемін азайту үшін мыналарды қолдану ұсынылады:
1) операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде гемоглабин деңгейін толықтыру үшін эритроцитетердің өндірілуін ширықтырушылар және темір препараттары;
2) химиотерапия жүргізу, сепсисті емдеу және иммунитет тапшылығы кезінде қанның ақ клеткаларының өсуін ширықтырушылар;
3) кагуляциялық қан тоқтатудың К-тәуелді факторларының синтезін қалыпқа келтіру үшін К витаминін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде пайдалану қажет. Жаңа туылған сәбилердің геморрагиялық ауруының алдын алу үшін нәрестелерге және коагулопатияны емдеу кезінде К витаминін көктамыр ішіне енгізу көрсетіледі.
146. Қан құрауыштарының трансфузиясының баламасы ретінде мына препараттар қолданылады:
1) О2 және СО2 тасымалын қамтамасыз ететін газ тасымалдау функциясы бар қан ауыстырғыштар;
2) Коагуляциялық қан тоқтатудың рекомбинатты факторлары.
147. Газ тасымалдау функциясы бар қан ауыстырғыштар және рекомбинатты факторлар "Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа" қатаң сәйкестікте қолданылуы қажет.
13. Қан және оның компонеттерінің трансфузиясынан кейінгі реакциялар
148. Трансфузиядан кейінгі реакциялар пайда болу себептеріне және клиникалық ағымға қарай пирогендік, аллергиялық, анафилактикалық және фибрильді негемолитикалық реакциялар болып бөлінеді. Трансфузиядан кейінгі реакциялар құю кезінде, құюдан кейін бірнеше минуттан немесе сағаттан соң басталуы мүмкін және бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.
149. Клиникалық ағымның ауырлығына, дене қызуына және біліну ұзақтығына қарай трансфузиядан кейінгі пирогендік (температуралық) реакциялардың үш дәрежесін ажыратады: жеңіл, орта және ауыр.
150. Жеңіл пирогендік реакциялар дене температурасының 10С шегінде көтерілуімен, аяқ-қол бұлшық еттерінің ауыруы, бас ауруымен, қалтырау және дімкәстікпен ілесе болады. Бұл құбылыстар қысқа мерзімді және әдетте оларды купаждау (для купирования) үшін қандай да бір арнайы емдеу іс-шаралары талап етілмейді.
151. Орташа ауыр пирогендік реакциялар дене температурасының 1,5-20С–қа көтерілуімен, үдемелі қалтыраумен, тамырдың соғуы мен тыныс алудың жиілеуімен, кейде есекжем шығуымен білінеді.
152. Ауыр пирогендік реакциялар кезінде дене температурасы 20 –тан аса көтеріледі, ес кетіретін қалтырау, еріннің көгеруі, құсу, қатты бас ауыру, белдің және сүйектің қақсауы, демігу, есекжем немесе ісіну (Квинке типтес), лейкоцитоз байқалады.
153. Аллергиялық реакциялар кезінде тынышсыз жағдайдың жалпы белгілерімен қатар аллергиялық сипаттағы симптомдар алдыңғы қатарға шығады – демігу, тұншығу, құсу, беттің ісінуі, теріге уртикарлық бөртпе шығу.
154. Анафилактикалық реакциялар реципиент плазмасындағы донорлық IgA тегіжаттар мен кластық ерекшелікті анти-IgA арасындағы өзара әрекеттесумен себептес және құюдың алғашқы минуттарында, құю уақытында немесе трансфузиядан кейін науқастың жағдайының кенеттен күрт өзгеруімен білінеді. Науқас тынышсызданады, төс асты ауыруына, тыныс алудың қиындауына, іштің құрысуына арыз айтады. Тері қабатының гиперемиясы, уртикарлық бөртпе, қышыну, шырышты қабаттың көгеруі, саусақтардың көгеруі, суық тер, іш өту болады. Тыныс алу шуылды, ысқырықты, тамырдың соғуы – жиі, жіп тәрізді. Дене көтеріледі. Артериялық қысым күрт төмендейді. Жүректің соғу дыбысы қатаңдайды. Өкпенің негемодинамикалық ауыр ісінуі дамуы мүмкін.
Көбінесе СЭП құйылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін дамитын және өкпенің негемодинамикалық ауыр ісінуімен ілісе болатын өкпенің трансфузиялық жіті зақымдалуы синдромы (ӨТЖЗС) анафилактикалық реакцияның бір түрі болып табылады.
14. Трансфузиядан кейінгі асқынулар
155. Трансфузиядан кейінгі асқынулардың себептері мыналар болуы мүмкін:
1) донор мен реципиенттің қанының АВО жүйесінің топтық эритоцитарлық тегіжаты, резусы және өзге серологикалық факторлары бойынша үйлеспеуі;
2) қанның және оның құрауыштарының, сақтау, тасымалдау режимінің бұзулуы және өзге себептердің салдарынан бактериалдық ластануымен, гемолизбен және белоктардың денатурациясымен себептескен сапасыздығы;
3) құю әдістемесіндегі қателіктер (ауа эмболиясы, тромбоэмболия, циркуляторлық шамадан тыс құю, кардиоваскулярлық жеткіліксіздік және басқалар);
4) реципиентте қан құю қарсы көрсетілген аурулардың болуы;
5) қан құюдың көлемді дозалары;
6) "қондырым-қожайынға-қарсы" трансфузиялық себептескен ауру.
156. АВО жүйесінің тегіжаттары және резус-фактор бойынша үйлеспейтін қанды және құрамында эритроцит бар құрауыштарды құюмен келтірілген асқынулардың себептері мыналар болып табылады:
1) қан құю техникасының, АВО қан топтарын анықтау әдістемесінің және топтық үлесімділікке сынама жүргізу ережелерін орындамау немесе бұзу;
2) науқастың қанының топтық тиесілілігін дұрыс анықтамау немесе бұл анықтаудың қорытындысын науқастың медициналық картасына дұрыс жазбау;
3) Құю үшін қан, ЭМ бар контейнердің дұрыс таңдап алынбауы;
4) қанның тобын анықатаудағы қателік;
5) құю алдында науқас пен донордың топтық тиесілігін бақылап тексеруді жүргізбеу немесе оны жүргізу кезіндегі қателік;
6) биологиялық сынаманы жүргізбеу;
157. АВО жүйесінің топтық эритроцитарлық тегіжаттары бойынша үйлеспейтін ЭМ, қанды құюмен себептес асқынулардың алдын алу осы Ережелерді қатаң орындауға негізделеді.
158. Күрделі жағдайларда антиглобулиндік тестті (Кумбс сынамасы) немесе антиэритроцитарлық тегіжаттарды желатинмен немесе полиглюкинмен конглютинациялау әдісін пайдаланумен, ерекше антиэритроцитарлық тегіжаттарды анықтаумен қанның үйлесімді құрауыштарын жеке іріктеп алу жүргізіледі.
159. Резус үйлеспеушілікпен себептес асқынулардың алдын алу үшін, резус факторға қатысты сенсибилизацияланған, қанның құрамында эритроцит бар құрауыштарын науқастарға құю кезінде, трансфузия алдында: реципиенттің қанының резус тиесілігі зерттеледі; резус факторы бойынша үйлесімділікке сынама жүргізіледі; резус теріс реципиентке АВО жүйесінің топтық факторлары бойынша, сондай-ақ резус-факторы бойынша үлесімді резус теріс қан және ЭМ құйылады.
160. АВО жүйесі және резус фактор бойынша үйлесімділікке сынама бір-бірін ауыстырмайды және бөлек жүргізіледі.
161. Сапасыз қан және оның құрауыштарын құюмен себептескен асқынулардың профилактикасы мыналар болып табылады:
1) Қанды және оның құрауыштарын дайындау жөніндегі Ережелердің барлық талаптарын және санитарлық-биологиялық жағдайларын қатаң орындау;
2) сақтау және тасымалдау кезінде қан, оның құрауыштары бар контейнерлердің ауа кірмейтін саңылаусыздығын сақтау;
3) қанның және оның құрауыштарының трансфузиясының, бактериалдық ластануына жол берілмейтін, әдістемесін сақтау (пластикатты контейнерлерден немесе құтылардан бөлек порциялар алуға және оларды әрі қарай пайдалану үшін сақтауға жол берілмейді)
4) құю алдында консервацияланған қанның, оның құрауыштарының сақтау мерзімін және макроскопиялық бағалау арқылы олардың сапасын міндетті түрде тексеру;
5) мерзімі белгіленнен асқан, сондай-ақ қаптаманың ауа кірмейтін саңылаусыздығы бұзылған, гемолиз және бактериалдық ластану белгілері бар орталарды қолданудан алу;
6) емдеу мекемелерінде қанды, оның құрауыштарын оңтайлы, жүйелі түрде бақыланатын режимде сақтау үшін жағдайлар жасау;
7) қанды құю үшін бір рет пайдалануға арналған сүзгісі бар пластикатты системаларды қолдану;
8) консервацияланған қанды, оның құрауыштарын, сулы ортаның температурасын бақылаумен (380С-тан жоғары емес) қыздыру әдістемесін сақтау;
9) бір контейнерден алынған қанды, оның құрауыштарын және плазманы бір науқасқа ғана қолдану.;
162. Құйылатын қанның, оның құрауыштарының сапасыздығы дұрыс тасымалдамау кезінде (шамадан тыс шайқау) бактериалдық ластанумен, эритроциттердің гемолизімен, плазма белоктарының денатурациясымен, суық тізбекті сақтамаумен (температураның күрт ауысуы, аса қыздыру, тоңазыту), және жарамдылық мерзімінен асырып сақтаумен байланысты.
163. Ауа эмболиясының себептері мыналар болып табылады:
1) құю алдында түтікше жүйесін қанмен немесе өзге ортамен дұрыс толтырмау, осының салдарынан жүйе ішіндегі ауа науқастың венасына, құйылатын ортаның бірінші порциясымен бірге келіп түсуі мүмкін.
2) айдауыш аппаратураны пайдалану кезінде трансфузияны уақытылы тоқтатпау (бұл кезде құю соңында науқастың венасына ауа енгізілуі мүмкін);
3) трансфузияға арналған аппаратура мен жүйені дұрыс жинақтамау, бұның нәтижесінде қанды немесе өзге ортаны айдауға әрекет ету кезінде науқастың венасына қанның орнына ауа келіп түседі.
164. ауа эмболиясының профилактикасына мыналар кіреді:
1) қан құюдың, жүйелер мен аппаратураны жинақтаудың барлық техникалық ережелерін сақтау;
2) айдау тәсілдерін пайдалану кезінде трансфузияны уақытылы тоқтату қажет (контейнерде қанның біршама мөлшері қалдырылады).
165. Құю әдістемесіндегі қателіктермен байланысты асқынулар қан айналысының шағын шеңберіндегі гемодинамикалық бұзылулармен ілесе болады. Ауа эмболиясы науқастың венасына трансфузиялық ортамен бірге ауаның енуінен болады, ауа жүректің оң бөлімдері арқылы өкпе артериясына өтеді және осы жерде қан айналысына механикалық кедергі келтіретін ауа эмболын жасайды.
166. Тромэмболия профилактикасына мыналар кіреді:
1) қан, ЭМ бар контейнерлерде ұйыған қан болмауына бақылау жасау;
2) пункция кезінде венаны мейлінше аз жарақаттау;
3) тромбаланған венаға пунция жасалуын болдырмау;
4) трансфузиялық ортаның қиын ағуы пайда болған кезде құюды тоқтату;
167. Циркуляторлық күш түсу жүрек-қан тамыр функциясының жеткіліксіздігімен білінеді. Трансфузия уақытында жүректің жіті ұлғаюы және тоқтауы веналық арнаға үлкен көлемде тез құйылған трансфузиялық ортаның оң жақ жүрекке күш түсіруі салдарынан болуы мүмкін. Бұл кезде оң жақ жүректің дренаждық функциясы жеткіліксіз болып шығады, және іші қуыс вена жүйесінде де, жүрекшеде де қанның іркілуі туындайды. Жалпы және тәж артериясындағы қан ағынының бұзылуы миокардтың өткізгіштігіне және жиыру функциясына әсер етеді. Тромбоэмболиямен байланысты асқынулар венаға құйылып отырған ЭМ-де пайда болатын немесе науқастың тромбаланған венасынан қан ағынымен әкелінетін түрлі көлемдегіі ұйыған қанның венаға келіп түсуі кезінде дамиды.
168. Массивті трансфузия уақытында циркуляторлық күш түсудің алдын алуға тамшылатып құю әдісімен қол жеткізіледі, ал үлкен көлемді сорғалатып енгізу қажет болған жағдайда ЭМ-ге артықшылық берген дұрыс және құюды бөлшек дозалармен жасаған жөн. Жүрек аурулары бар науқастарға трансфузияның тамшылатып құю әдісін пайдаланған орынды, ал сорғалатып құю әдісін пайдалану қажет болған жағдайда ЭМ немесе қанды азғантай бөлшек дозалармен, қан алмастырғылармен кезектестіріп енгізеді. Қарынша аритмиясы, жүректің кенет тоқтауы және дене температурасының төмендеуінің алдын алу үшін, әсіресе трансфузияның массивті дозалары кезінде 370С-қа дейін жылытылған қан құрауыштарын ғана пайдалану маңызды.
169. "Массивті трансфузия" - науқастың қан тамырлы арнасына қысқа кезең ішінде (24 сағатқа дейін) оның ОЦК-ның 50%-ын құрайтын қан құрауыштары мөлшерін енгізетін құю.
170. Массивті трансфузиялар синдромының клиникалық білінулері мыналар болып табылады:
1) жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағынан білінулер – қан тамырлары тонусының бұзылуы, брадикардия, жүректің тоқтауы, қарыншалардың фибрилляциясы;
2) ішкі органдар жағынан асқынулар – бүйректің, ішектердің асқынулары, бауыр-бүйрек функцияларының жеткіліксіздігі;
3) қандағы өзгерістер – pH-тың қышқыл жаққа ығысуы (метаболикалық ацидоз), гипокальциемия, гиперкалиемия, тұтқырлықтың ұлғаюы, лейко- және тромбоцитопениямен гипохромдық анемия, құрамдағы иммуноглобулин және альбуминнің азаюы;
4) қан тоқтату жүесінің бұзылуы: ДВС, фибриноген, протромбин, акцелерин, конвертин, тромбоциттер деңгейінің төмендеуімен қан кету синдромы, фибринолитикалық белсенділіктің жоғарылауы;
5) реципиенттің иммунобиологиялық белсенділігінің төмендеуі, перифериялық қандағы агглютинацияланушы антиденелердің титрасы, операциядан кейінгі жараның нашар бітуі.
171. Массивті трансфузия синдромының алдын алу үшін қан құрауыштарының массивті дозаларын тез енгізуден аулақ болған жөн. Массивті қансырау ілесе болатын операциялар кезінде алдын алудың тиімді әдісі өзіндік қанды күні бұрын дайындау және нормоволемикалық гемодилюция әдісін пайдалану болып табылады.
172. Трансфузиядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін қан құюларға қарсы көрсетілімдерді дұрыс есепке алған маңызды:
1) соматикалық ауыр аурулардың болуы – жіті септикалық эндокардит (жүректің ішкі қабығының қабынуы), диффузиялық гломерулонефриттің (айқын білінген гипертониялық синдроммен) үдемелі дамуы кезіндегі жіті алдындағы септикалық эндокардит, жүрек кемістігі, жіті ревматизм (әсіресе айқын білінген ревматизмдік пурпурамен), миокардит, қанайналымының ІІ-ІІІ дәрежелі бұзылуымен миоардиосклероз;
2) жүректі және бүйректі басым зақымдаумен гипертензивтік ауру, бас миының қан тамырларының атеросклерозы, ми қанайналымының бұзылуы, миға қан құйылу;
3) нефросклероз, тромбоэмболикалық ауру, геморрагикалық васкулит, бауырдың функцияларының күрделі бұзылуы, өкпенің ісінуі, жалпы амилоидоз, жіті ағымдағы туберкулез, диссеминирленген туберкулез;
4) дәрі-дәрмектерге, тамақ өнімдеріне, белоктық және өзге препараттарға сезімталдықтың жоғарылауы немесе аллергиялық білінулердің, аурулардың болуы;
5) реципиенттерде ауыр гемотрансфузиялық реакциялар мен асқынулар туралы анамнестикалық деректер.
173. Бұл аурулардың және/немесе қарсы көрсетілімдердің болуы кезінде қанды және оның құрауыштарын құюды шұғыл көрсетілімдер бойынша адамдар және аса сақтықпен жүзеге асырады.
174. "Қондырым қожайынға қарсы" ауруы (бұдан әрі – ТО-ҚҚҚ) ауыр асқынуларға жатады, органдарды, тіндерді, оның ішінде сүйек кемігін, аллогендік ауыстырып қондырудан кейін байқалады, иммунодепрессиясы немесе туа біткен немесе жұқтырылған иммунитет тапшылығы бар (химио- және сәулелі терапия, СПИД салдарынан), трансфузиямен бірге иммуноқабілетті клеткалар – донорлық лимфоциттер алатын науқастарда пайда болады. Құйылған гистоүйлесімді Т-лимфоциттер пролиферацияланады және жат клеткаларды тартып ала алмайтын иммуноқабілетті қожайында өрбиді. Профилактика үшін анамнезді есепке алу және трансфузиялық ортаны қан клеткаларының тегіжат құрылымы бойынша іріктеп алуды жүргізу қажет.
Денсаулық сақтау ұйымдарында
қанды және оның құрауыштарын,
препараттарын сақтау, құю
Ережелеріне
1-қосымша
Иммуносерологиялық зерттеулер техникасы 1. Изогемагглютинацияланушы қан сарысуларымен АВО жүйесінің қан тобын анықтау
1. Қанның топтық тиесілілігі, құрамында А және В эритроциттерінің агглютиногендеріне қатысты антиденелер бар реактивтердің көмегі кезінде, агглютинация реакциясымен анықталады. Реакция бөлме температурасы жағдайында үстіңгі беті дымқылданғыш жазықтықта жасалады.
2. Пластинаға анти-А, анти-В, анти-АВ белгілеулермен үш нүктеге 2 тамшыдан (0,1 мл) реагент және жанына бір тамшыдан (0,01-0,02 мл) эритроциттер тұнбасы орналастырылады. Қан сарысуы мен эритроциттерді шыны таяқшамен араластырады. Пластинаны әлсін-әлсін шайқай отырып, реакция барысын 5 минут бойы бақылайды. 5 мин өткен соң, эритроциттердің ерекше емес ықтимал ұйысуын тарату үшін реакцияланушы қоспаға 1-2 тамшыдан (0,05-0,1 мл) физиологиялық ерітінді қосуға болады.
3. Нәтижені бағалау: реакция әр тамшыда оң (эритроциттердің агглютинациясының болуы) және теріс болуы мүмкін (агглютинацияның болмауы). Оң және теріс нәтижелердің түрлі үйлесімі зерттеліп отырған қанның топтық тиесілігі туралы пайымдауға мүмкіндік береді (1-кесте).
1-кесте. Зерттеліп отырған қанның топтық тиесілігі
Топтың изогемагглютинацияланушы қан сарысуларымен реакцияның нәтижесі |
Зерттеліп отырған қан тиесілі топ |
|||
Oub (1) |
Ah (ІІ) |
Ba (ІІІ) |
АВО (ІV) |
|
- |
- |
- |
О(І) |
|
+ |
- |
+ |
А(ІІ) |
|
+ |
+ |
- |
В(ІІІ) |
|
+ |
+ |
+ |
- |
АВ(ІV) |
Ескерту:
(+) белгісімен агглютинация, (-) белгісімен оның болмауы белгіленген.
4. Барлық үш топтың сарысуларымен оң нәтиже алынған жағдайларда, ерекше емес агглютинацияны болдырмау үшін, құрамында топтық агглютининдер болмайтын АВО (ІV) стандарттық сарысуымен бақылаушы зерттеу жүргізіледі. Бұл бақылаушы сынамада агглютинацияның болмауы ғана Oub (1), Ah (ІІ), Ba (ІІІ), АВО (ІV) топтарының сарысуларымен оң нәтижені, ақиқатты ретінде, яғни зерттелуші қанның АВО (ІV) тобына тиесілігін. ескеруге мүмкіндік береді.
Ескерту РЦПИ а- латын әрпі Альфа
B – латын әрпі Бета
2. Қанның АВО тобын моноклоналды антиденелермен анықтау
5. Қанның тобын анықтау гемагглютинация реакциясы көмегімен, жазықтық бетінде, тұзды ортада немесе пластинада жасалады. Эритроциттердің А және В антиденелерін анықтау үшін стандарттық реагенттерді моноклоналды антиденелер пайдаланылады (цоликлондар анти-А және анти-В).
6. АВО жүйесінің қанының тобы, жоғары белсенділігі мен агглютинацияланушы әсерінің айқын байқалуына қарай моноклоналды түрленуші реагенттердің көмегімен анықтау жағдайында, толық стандарттылық үшін бір сериядан анти-А және анти-В Цоликлондар пайдаланылады.
7. Пластинада антиденелерді және қанды 10:1 арақатынаста араластырады және агглютинация реакциясын 3 минут бойы бақылайды.
8. Моноклоналды АВО түрленуші реагенттермен жүргізілген реакция нәтижелерін есепке алу:
1) егер агглютинация не анти-А Циклонымен, не анти-В Циклонымен болмаса, онда зерттелуші қан О(І) тобына жатады.;
2) егер агглютинация анти-А Циклонымен байқалса, онда зерттелуші қан А(ІІ) тобына жатады;
3) егер агглютинация анти-В Циклонымен байқалса, онда зерттелуші қан В(ІІІ) тобына жатады;
4) егер агглютинация анти-А Циклонымен де, анти-В Циклонымен де болса, онда зерттелуші қан АВ (ІV) тобына жатады..
9. Қан тобы АВ(ІV) науқастарда спонтанды агглютинация болуына күдіктену кезінде, Цоликлонның орнына хлорлы натрий изотониялық ерітіндісін алып қанды бақылаушы зерттеу жүргізу қажет.
3. Науқастың қанының резус-тиесілігін анықтау
10. Резус-тиесілік антирезус сарысуға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес анықталады.
11. Зертханада келесі зерттеулер жүргізіледі:
1) жазықтық үстінде анти-D супер Цоликлондарымен агглютинация реакциясы;
2) конгютинация әдісімен желатин қолданумен;
3) әмбебап антирезус реагент көмегімен.
12. Резус-тиесілікті анықтаудың барлық әдістерінде бақылаулардың қойылуы міндетті, атап айтқанда реакцияға стандарттық резус-оң және резус-теріс эритроциттерді қосу, сондай-ақ қанды ықтимал аутоагглютинацияға желатиннің 10%-дық ерітіндісімен (егер желатин қолдану әдісі пайдаланылса) немесе полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісімен (егер стандарттық әмбебап антирезус реагенті пайдаланылса) міндетті зерттеу.
4. Жазықтық үстінде анти-D супер Цоликлондарының көмегімен агглютинация реакциясы
13. Пластинаға немесе планшетке реагенттің үлкен тамшысын (0,1 мл-ге жуық) тамызады.
14. Жанына зерттеліп отырған эритроциттердің кішкене тамшысын (0,02-0,03 мл) тамызады. Шыны таяқшамен реагентті эритроциттермен мұқият араластырады.
15. 10-20 С-тан кейін пластинаны ақырындап шайқайды.
16. Реакция нәтижелері араластырғаннан кейін, айқын агглютинация алғашқы 20 минутта болатынына қарамастан, 3 минуттан соң есепке алынады.
17. Агглютинация болған жағдайда зерттелуші қан оң-резус ретінде таңбаланады, ал агглютинация болмаған жағдайда теріс-резус ретінде таңбаланады.
18. Резус-тиесілікті жылдам әдіспен анықтау үшін жазықтық бетінде бөлме температурасы жағдайында, коллоидтармен (альбуминмен, полиглюкинмен) араластыра отырып дайындалған, антиденелері толық емес анти-D поликлоналды сарысулар пайдаланылады.
5. Желатиннің 10%-дық ерітіндісін қолданумен конглютинация әдісі
19. Құрамында толық емес поликлоналды антиденелер (анти-D сарысулары) немесе толық емес моноклоналды антиденелер (анти-D поликлондар) бар реагенттер пайдаланылады.
20. 2 пробиркаға 0,02-0,03 мл эритроцит тұнбасын енгізеді, бұл үшін тамшуырдан эритроциттердің азғантай тамшысын қысып шығарады және соны пробирканың түбіне тигізеді. Одан соң бірінші пробиркаға 2 тамшы (0,1 мл) желатин және 2 тамшы (0,1 мл) реагент қосады, екінші (бақылау) пробиркаға 2 тамшы (0,1 мл) желатин және 2 тамшы (0,1 мл) 0,9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісін қосады.
21. Пробиркалардың ішіндегіні сілкілеумен араластырады, одан кейін пробиркаларды +46 +480С температура кезінде 15 минутқа су моншасына немесе 30 минутқа термостатқа орналастырады. Көрсетілген уақыт өткен соң пробиркаларға 5-8 мл-нан 0,9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісін қосады және пробиркаларды 1-2 рет аударып төңкеру арқылы ішіндегілерді араластырады.
22. Нәтижені, пробиркаларды жарыққа қаратып көзбен көру немесе лупа арқылы қарау арқылы есепке алады. Эритроциттердің агглютинациясы қанның зерттеліп отырған үлгісінің резус-оң екенін растайды, ал агглютинация болмаған жағдайда сыналып отырған қан резус-теріс екенін растайды. Бақылау пробиркасында эритроциттердің агглютинациясы болмауы тиіс.
23. Резус-тиесілікті жылдам әдіспен анықтау үшін пробиркада бөлме температурасы жағдайында, 33%-дық полиглюкинмен араластырылған, антиденелері толық емес анти-D сарысу түріндегі әмбебап реагент пайдаланылады.
6. Донор мен реципиент қандарының жеке үйлесімділігіне сынамалар
24. Жеке үйлесімділікке сынама реципиентте, донордың эритроциттеріне қарсы бағытталған антиденелердің жоқтығына көз жеткізуге, сонымен науқастың қанымен үйлеспейтін эритроциттерді құюды болдырмауға мүмкіндік береді.
25. Жазықтық үстінде бөлме температурасы жағдайында орындалған үйлесімділікке сынаманың мақсаты реципиентте АВО, MNSs, Lewis және өзге жүйелердің толық топтық агглютининдерін анықтау.
26. 10%-дық желатинді, 33%-дық полиглюкинді қолданумен үйлесімділікке сынама, Кумбстың түзу емес сынамасы реципиентте толық емес топтық антиденелерді анықтауға арналған.
27. Неғұрлым сезімтал және ұсынылатыны антиглобулин бар пробиркалардағы екі кезеңді сынама, одан соң екі сынаманың комбинациясы - жазықтық үстінде бөлме температурасы жағдайындағы сынама және Кумбстың түзу емес сынамасы.
28. Кумбстың түзу емес сынамасының орнына конглютинацияның 10%-дық желатинмен реакциясын немесе конглютинацияның 33%-дық полиглюкинмен реакциясын қолдануға болады.
7. АВО жүйесінің қан топтары бойынша үйлесімділікке сынама
29. Пластинаға реципиенттің қан сарысуының 2-3 тамшысын тамызады және эритроциттер мен сарысудың арақатынасы 1:10 болатындай есеппен, эритроциттердің азғантай мөлшерін қосады (ыңғайлылық үшін алдымен ине арқылы контейнерден алынған эритроциттердің бірнеше тамшысын пластина шетіне тамызу, одан кейін шыны таяқшамен эритроциттердің кішкентай тамшысын сарысуға апару ұсынылады). Бұдан кейін эритроциттерді сарысумен араластырады, пластинаны 5 минут бойы, реакция барысын бақылай отырып, аздап шайқайды. Көрсетілген уақыт өткен соң реакцияланушы қоспаға эритроциттердің ерекше емес ықтимал ұйысуын тарату үшін 0,9%-дық хлорлы натрий изотониялық ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосуға болады.
30. Нәтижелерді есепке алу. Эритроциттердің агглютинациясының болуы донор қанының реципиент қанымен үйлеспейтінін және оған құюға болмайтынын көрсетеді. Егер 5 минут өткеннен кейін эритроциттер агглютинациясы болмаса бұл донордың қанының реципиент қанымен топтық агглютиногендері бойынша үйлесімділігін көрсетеді.
8. Резус жүйесі бойынша үйлесімділікке сынама
31. Иммундау кезінде резус-фактормен көпшілік жағдайда толық емес антиденелер жасалады, үйлесімділікке сынама үшін полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісін, желатиннің 10%-дық ерітіндісін, антиглобулинді сарысуды пайдалану ұсынылады.
32. Құйылатын қанның резус-фактор бойынша үйлесімділікке полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісін пайдаланумен сынама пробиркада қыздырмай 5 минут ішінде жасалады. Алдын ала жасалған белгілеулері бар пробирканың түбіне науқастың қан сарысуының 2 тамшысын, донор қанының бір тамшысын және зертханалық мақсаттарға арнайы дайындалған полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісінің бір тамшысын енгізеді. Пробирканың ішіндегіні шайқау арқылы араластырады, одан кейін пробирканы горизонталды жағдайға дейін еңкейтеді және пробирканың ішіндегі пробирканың қабырғасына ағатындай етіп жаймен айналдырады. Бұл процедура 5 минут жасалады. Одан кейін пробиркаға хлорлы натрий изотониялық ерітіндісінің 3-4 мл-н құяды, одан соң пробирканы 2-3 рет айналдыру арқылы (шайқамау керек) пробирканың ішіндегіні араластырады. Және жай көзбен жарыққа көреді. Ашық түске енген немесе толық түссіз болған сұйықтықта эритроциттердің агглютинациясы болуы донор қанының реципиент қанымен үйлеспейтінін және оған құюға болмайтынын көрсетеді. Егер пробирка ішіндегі біркелкі боялған болып қала берсе, эритроциттердің агглютинациясы белгілерінсіз, донордың қаны науқастың қанымен Rh()-резус-факторға қатысты үйлесімді.
33. Желатиннің 10%-дық ерітіндісін қолданумен үйлесімдікке сынама пробиркаларда +46+480С температура кезінде 10 минут бойы жасалады. Белгіленген пробирканың түбіне донор эритроциттерінің бір тамшысын тамызады, одан соң оған сұйытылғанға дейін қыздырылған желатиннің 10%-дық ерітіндісінің 2 тамшысын және науқастың қан сарысуының 2-3 тамшысын қосады. Желатин ерітіндісін қолдану алдында мұқият тексеріп қарау керек. Көмескілену немесе үлпектер пайда болған жағдайда ол жарамсыз. Пробирканың ішіндегіні сілкілеу арқылы араластырады және +46+480С температура кезінде 10 минут бойы су моншасына орналастырады. Одан кейін пробирканы су моншасынан шығарып, оған 5-8 мл хлорлы натрий изотониялық ерітіндісін қосады, пробирканы 1-2 рет аударып-төңкеру арқылы ішіндегіні араластырады және жай көзбен немесе лупа арқылы жарық көзіне қарайды. Ашық түске енген немесе толық түссізденген сұйықтық фонында ұсақ, сирек ірі түйіртпек жүзгіні түрінде агглютинацияның болуы донор қанының науқас қанымен үйлеспейтіндігін және оған құюға болмайтындығын білдіреді. Егер пробирканың ішіндегі біркелкі боялған, және эритроциттердің агглютинациясы байқалмаса, донордың қаны науқастың қанымен Rh()D-резус-факторға қатысты үйлесімді.
34. Кумбстың түзу емес сынамасы (антиглобулинді сынама). Пробиркаға донордың үш рет жуылған эритроциттерінің бір тамшы (0,02 мл) тұнбасын тамызады, бұл үшін тамшуырдан эритроциттердің азғантай тамшысын қысып шығарып оны пробирканың түбіне тигізеді, және реципиенттің қан сарысуының 4 тамшысын (0,2 мл) қосады. Пробирканың ішіндегіні шайқау арқылы араластырады, одан соң +370С жағдайында термостатқа 45 минутқа орналастырады. Көрсетілген уақыт өткен соң эритроциттерді қайтадан үш рет жуады және 0,9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісінде 5%-дық жүзгін дайындайды. Бұдан кейін эритроциттер жүзгінінің 1 тамшысын (0,05 мл) форфор пластинаға тамызады, 1 тамшы (0,05мл) антиглобулинді сарысу қосады және шыны таяқшамен араластырады. Пластинаны әлсін-әлсін 5 минут бойы шайқайды.
Нәтижелерді есепке алуды жай көзбен немесе лупа арқылы жүргізеді. Эритроциттердің агглютинациясы донор мен реципиенттің қандарының үйлеспейтінін растайды агглютинацияның болмауы донор мен реципиенттің қанының үйлесімділігінің көрсеткіші болып табылады.
9. Эритроциттердің тегіжаттарын және антиэритроцитарлық антиденелерді анықтауға арналған гельдегі агглютинация әдісі
35. Әдіс эритроциттердің сефадекс агарлық гельде агглютинациясына негізделген, гемагглютинация реакцияларын стандарттауға және дұрыс нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
36. Орындалатын тесттер диапазонына эритроциттердің фенотипін анықтау (тегіжатттардың әлсіз нұсқаларын қоса алғанда), антиглобулиндік тест, скрининг және антиденелердің ұқсастығы, үйлесімділікке тесттер және бірнеше басқалары.
37. Гельдік технология эритроциттердің центрифугалау кезінде бөлінуін көздейді, бұл кезде агглютинацияланбаған эритроциттер гель арқылы өтеді және пробирканың түбіне тұнады (теріс нәтиже), осы уақытта агглютинацияланған эритроциттер үстіңгі бетте немесе гельдің қалың жерінде тоқтап тұрады (оң нәтиже).
10. Қан тобын, резус-тиесілігін анықтау және жеке үйлесімділікке сынамалар жүргізу кезіндегі қателесу себептері және оларды ескерту шаралары
38. Қан тобын, резус-тиесілігін анықтау және жеке үйлесімділікке сынамалар жүргізу кезіндегі қателіктер зерттеу техникасын бұзу кезінде немесе қиын анықталатын қан тобы жағдайларында туындайды.
11. Техникалық қателер
39. Реагенттерді орналастырудың қате тәртібі. Әрбір жеке алынған реагентте нәтижені дұрыс бағалау кезінде егер реагенттерді штативте немесе пластинада орналастыру тәртібі бұзылса қан тобы және резус-тиесілігі туралы дұрыс емес қорытынды жасауға болады. Сондықтан әрбір қан тобын анықтау кезінде реагенттердің орналасуын тексерген жөн, сондай-ақ олардың сапасын көзбен көріп бағалау, көмескіленген, ішінара кеуіп қалған реагенттерді, жарамдылық мерзімі өткен реагенттерді пайдаланудан шығару керек.
40. Қан тобын анықтауды 150С-тан төмен емес температура кезінде жасайды, себебі зерттелуші қанның құрамында төменгі температура кезінде эритроциттердің ерекше емес желімделіп қалуын тудыратын суық агглютининдер болуы мүмкін. "Монетті бағандардың" пайда болуы агглютинация көрінісін жасауы мүмкін Эритроциттердің ерекше емес ұйысуы, әдетте, 1-2 тамшы физиологиялық ерітінді қосқаннан және пластинаны шайқағаннан кейін ыдырайды. Жоғары температурада агглютининдер белсенділігін жоғалтады, сондықтан қан тобын анықтауды 250С-тан жоғары емес температура кезінде жүргізеді.
41. Аглютинация реакциясы үшін эритроциттер мен тесттік реагенттердің оңтайлы арақатынасы – гемагглютинациялаушы сарысуларды пайдалану кезінде 1:10, моноклоналды реагенттерді пайдалану кезінде 2-3:10. Эритроциттердің елеулі артық болуы кезінде агглютинация байқалмауы мүмкін, әсіресе эритроциттердің агглютинациялық қасиеттері төмендеген жағдайда – А2 топ бөлігі. Эритроциттер санының жеткіліксіздігі кезінде агглютинация жай пайда болады, бұл да нәтижелерді дұрыс пайымдамауға әкеледі.
42. Эритроциттердің агглютинациясы алғашқы 10 секунд ішінде пайда болады, алайда реакция барысында бақылауды 5 минуттан кем емес уақыт жүргізген жөн, әсіресе агглюцинация пайда болған тамшыларда. Бұл баяу агглюцинациямен сипатталатын А2 әлсіз тегіжатты анықтауға мүмкіндік береді.
12. Қиын анықталатын қан топтары
43. Қанның топ бөліктері. А (ІІ) және АВ (ІV) топтары эритроциттерінің құрамындағы А тегіжаты екі вариантта (А1 және А2 топ бөліктері) берілуі мүмкін. А2 эритроциттері А1 эритроциттерінен анти-А антиденелерге қатысты төмен агглюцинациялық қасиетімен өзгешеленеді. Қан тобының бөліктерінің клиникалық трансфузиологияда маңызы жоқ, сондықтан эритроциттерді құю кезінде оларды есепке алмайды. Ао тегіжаты бар адамдарға А1 эритроциттерін құюға болады. Альфа 1 және альфа 2 экстрагглютининдері бар реципиенттер ерекшеленеді. Бұл антиденелер құюдан кейінгі асқынуларды болдырмайды, алайда өздерін сынамада жеке үлесімділікке білдіреді.
44. Эритроциттердің ерекше емес агглютинциясы. Бұл туралы эритроциттердің АВ (ІV) қоса алғанда, барлық топтардың сарысуларымен агглютинациялану қабілетінің негізінде пайымдайды. Ерекше емес агглютинация, эритроциттардағы аутоантиденелердің адсорбациясы ілісе болатын аутоиммунды аурулар кезінде, эритроциттері анасының аллоантиделерімен аса жүктелген жаңа туған нәресетелердің гемолитикалық ауруларында байқалады. Ерекше емес агглютинацияны ерекше агглютинациядан айыру қиын. Сондықтан анти-А, анти-В, анти-АВ, анти-Д реагенттері бар эритроциттер агглютинациясы болғанда АВ (ІV) стандартты сарысуымен және 0,9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісінмен сынама жүргізу қажет. Бұлай істемеген жағдайда реципиент АВ (ІV) резус-оң тобына қате жатқызылуы мүмкін, ал бұл донордың дұрыс таңдалмауына әкеледі. Егер эритроциттердің ерекше емес агглютинациясынан науқастың қан тобын анықтау мүмкін болмаса, қанның топтық тиесілігі туралы қорытынды берілмейді, қанның үлгісін мамандандырылған зертханаға жібереді, ал онда тегіжат құрылымы бойынша іріктеу жасалады.
45. Қан арнасында эритроциттердің қан тобы және өзге тегіжаттар бойынша бір бірінен өзгеше екі популяциясының бір уақытта болуын қан химералары деп атайды. Трансфузиялық химералар О(І) тобының эритроциттік массасын немесе жүзгінін өзге топтың реципиенттеріне бірнеше рет құю нәтижесінде пайда болады. Нағыз химералар гетерозиготты егіздерде, сондай-ақ аллогенді сүйек кемігін ауыстырып отырғызудан кейін кездеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарында
қанды және оның құрауыштарын,
препараттарын сақтау, құю
Ережелеріне
2-қосымша
Жаңа туылған сәбилерге құю үшін эритроциттерді АВО жүйесі бойынша іріктеп алу
Анасы |
Нәресте |
Құйылатын орта |
||
Цельная консервацияланған донор қаны |
Эритроциттік масса немесе жүзгін |
Жаңа тоңазытылған немесе нативная плазма |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
0(1) |
0(1) |
0(1) |
0(1) |
Кез келген |
А(ІІ) |
А(ІІ) |
А(ІІ) |
А(ІІ), 0(1) |
А(ІІ), АВ(ІV) |
В(ІІІ) |
В (ІІІ) |
В (ІІІ) |
В(ІІІ), О(1) |
В (ІІІ), АВ(ІV) |
АВ (ІV) |
А(ІІ) |
А(ІІ) |
А(ІІ) О(1) |
А(ІІ), АВ(ІV) |
АВ (ІV) |
А (ІІ) |
А (ІІ) |
А (ІІ)О(1) |
А (ІІ) АВ(ІV) |
АВ(ІV) |
В (ІІІ) |
В (ІІІ) |
В (ІІІ)О(1) |
В (ІІІ) АВ (ІV) |
АВ(ІV) |
АВ (ІV) |
АВ (ІV) |
Кез келген |
АВ (ІV) |
О(1) |
А (ІІ) |
О(1) |
О(1) |
А (ІІ) АВ(ІV) |
О(1) |
В (ІІ) |
О(1) |
О(1) |
В (ІІІ) АВ(ІV) |
А (ІІ) |
В (ІІІ) |
- |
О(1) |
В (ІІІ) АВ(ІV) |
В (ІІІ) |
А (ІІ) |
- |
О(1) |
А (ІІ) АВ(ІV) |
А (ІІ) |
АВ (ІV) |
- |
А (ІІ) О(1) |
АВ(ІV) |
В (ІІІ) |
АВ (ІV) |
- |
В (ІІІ) О(1) |
АВ(ІV) |
А (ІІ) |
О(1) |
О(1) |
О(1) |
Кез келген |
В (ІІІ) |
О(1) |
О(1) |
О(1) |
Кез келген |