Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын, консервациялау құралдарын дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3886. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 666 Бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің География институты сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Көксарай қарсы реттеуiшiн салу жобасының техника-экономикалық негiздемесiне тәуелсiз сараптама және Сырдария өзенiнiң көл жүйелерiне су беру үшiн ескi арналарды қалпына келтiру жөнiндегi ұсыныстарға сараптамалық бағалау жүргізу жөнiндегi қызметтердi көрсетуші болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі