Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 227 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5890 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде N 9-10, 219-құж. 2006 жылғы маусым айында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:

      4-тармақта:

      10) тармақшада "жарты жылда" деген сөздер "үш айда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;";

      16) тармақшада "сауда-саттық жүргізуді ұйымдастырушы (аукционист)" деген сөздер "сауда-саттықты ұйымдастырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Банкте тарату процесінің басталуы банктің барлық дебиторлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақы есептеуді тоқтатуға негіздеме болып табылмайды.

      Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банктің арасында жасалған шартта көзделген талаптар бойынша жүзеге асырылады.".

      21, 21-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында таратылатын банктің бас офисі орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалында ашылады.

      Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.

      Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Ережеге сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.

      Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер немесе Ұлттық пошта операторы арқылы айырбастайды.

      Таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясына және (немесе) оның бөлімшелерінің тек уәкілетті органның келісімімен ғана екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

      Банктің және оның филиалдарын (өкілдіктерін) таратуды аяқтаған кезде банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің ағымдағы шоттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген) белгіленген тәртіппен жабады.

      21-1. Таратылатын банк алдындағы берешегі жоқ банк клиенттерінің жазбаша талабы бойынша банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің банктік шоттарына келіп түсетін клиенттер ақшасының қайтарылуы кідіріссіз (талапты алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) жүзеге асырылады.

      Банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің корреспонденттік шотына қателесіп аударылған ақшаның жіберушілерге қайтарылуы клиенттердің жазбаша талабы бойынша есепке алудың қателігін растайтын барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап үш банктік күн ішінде банктің тарату комиссиясымен жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) банк шотын қамтамасыз ету, банктік шотты ашпай аударым жасау және ақша төлеу қызметтеріне;";

      38-тармақтың бірінші бөлігінде "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      53-тармақ "төрағасында" деген сөзден кейін "(бөлімше басшысында)" деген сөздермен толықтырылсын;

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті мынадай шекте анықталады:

Таратылатын банктің бас офисіндегі касса қалдығының күнделікті лимиті

Бөлімшедегі касса қалдығының күнделікті лимиті

600 мың теңге

200 мың теңге


      ";

      73-тармақтың екінші сөйлеміндегі "төрағаның және бас бухгалтердің" деген сөздер "тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      75-тармақ "төрағасының" деген сөзден кейін "(бөлімше басшысының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      76-тармақтың бірінші сөйлемі "төрағасын" деген сөзден кейін "және бөлімше басшысын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.";

      85-тармақ:

      бірінші бөлігі "материалдық емес активтер" деген сөздерден кейін ", тазартылған қымбат металлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурсты (акуционды) өткізу шарттарын банктің тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, бағалануға жататын банктің мүлкі аумағында орналасқан облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.";

      125-тармақтың екінші бөлігіндегі "сатып алу-сату шартын жасау жолымен," деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:

      "125-1. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондондық Қымбат металдар нарығы қауымдастығының таңертеңгі фиксингі бойынша анықталады.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сатылатын банктің мүлкі аумағында орналасқан облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      Аукцион, ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.";

      174–бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Кепілдік беру ұйымымен кепілдік берілген депозиттер бойынша оның төлеген (төленетін) өтеу сомасы бойынша есеп айырысу таратылатын банктің кредиторлары талаптарын қанағаттандырудың үшінші кезегі келген кезде жүргізіледі.

      Кепілдік беру жөніндегі ұйымы тарату комиссиясы депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін депозиторлар тізіміне және депозиттер бойынша өтеудің есебіне кіргізбеген тұлғаларға оның төлеген кепілді өтеу сомасы бойынша талап қойған жағдайда банктің тарту комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын даусыз деп тану туралы мәселесін қарайды.

      Көрсетілген талаптар даусыз деп танылған кезде, олар кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезек тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанша есептеу жүргізілген кезектің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.";

      1-қосымшаның "Тарату шығыстары сметасы" кестесінің "Әкімшілік шығыстар" 3-бөлімі

"

актуалды жағдайдағы акционерлер тізілімдеріне қолдау көрсететін тіркеуші қызметі



      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"

банк шотын қамтамасыз ету, банктік шотты ашпай аударым жасау және ақша төлеу қызметтері



      ";

      2-қосымшаның "Кассир қабылдаған және берген ақшаларды (құндылықтарды) есепке алу кітабы" кестесінің "Төрағаның қолы" бағанының атауында "Төрағаның" деген сөзден кейін "(бөлімше басшысының)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына, "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамына жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      Төраға ______ Г.А.Марченко

      ___________________________

      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)