Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 661 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5884 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4596 болып тіркелген, "Юридическая газета"- 2007 жылғы 25 сәуірде N 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                      Б. Садықов

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы     
N 661 бұйрығымен бекітілген   

Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:
      1) маман – орта медициналық немесе (және) медициналық білімі бар денсаулық сақтау саласының қызметкері;
      2) маман сертификаты – жеке тұлғаның нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат;
      3) практикалық дағдыларды бағалау – мамандардың практикада теориялық білімдерін қолдана білуін анықтау;
      4) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелген жеке тұлға.
      3. Осы Ережеге сәйкес біліктілік емтиханы мыналарға өткізіледі:
      1) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін, оның ішінде еңбек жолын медициналық ұйымдарда жүзеге асыратын санитариялық-эпидемиологиялық бейінді медициналық білімі бар мамандар үшін, ал санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда – медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау органы;
      2) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейінді жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін – санитариялық – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық бейінді салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган.
      4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандар мынадай бөлімдерге бөлінеді:
      1) міндетті – медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандығына сәйкестігін анықтау және сәйкес маман сертификаты беріле отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге рұқсат беру үшін;
      2) ерікті – сәйкес біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіби деңгейін анықтау үшін.
      Міндетті біліктілік емтихандары біліктілік санаты берілмей маман сертификатын берумен аяқталады.
      Ерікті біліктілік емтихандары біліктілік санаты беріле отырып, маман сертификатын берумен аяқталады.
      5. Біліктілік санатын бермей бірінші біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада және резидентурада оқуын (интернатураны аяқтауды көздемейтін мамандықтар бойынша – жоғары оқу орнындағы оқуын аяқтағаннан кейін) аяқтағаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін – оқуларын колледжде аяқтағаннан кейін өткізіледі.
      Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханы үміткер осы ережедегі біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда өткізіледі.
      6. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіледі. Санат берілмейтін біліктілік емтихандарды осы ережеде көзделген мерзімдерден бұрын өткізуге рұқсат етілмейді.
      7. Маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Бұл мерзім біткеннен кейін сертификаттың қолданысы тоқтатылады.
      8. Мамандардың біліктілік деңгейі мынадай санаттар бойынша анықталады:
      1) екінші санат;
      2) бірінші санат;
      3) жоғары санат.
      9. Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандар алған клиникалық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктілік санаттарын беру туралы куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы санат берілмейтін маман сертификатымен теңестіріледі.
      10. Жоғарыда көрсетілген санатқа өтініш білдірілген біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына маман алдыңғы емтиханды өткен сәтінен бастап кемінде 3 жылдан кейін жіберіледі.

2. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар

      11. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін мамандар медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органдарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) нотариаттық немесе кадр қызметі ұйымдары растаған жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта медициналық білім туралы дипломның көшірмесі;
      3) нотариаттық немесе медициналық ұйымдардың кадр қызметі растаған интернатураны, ординатураны және резидентураны бітіргендігі, өтініш білдірілген мамандық бойынша бастапқы мамандандырудан өткендігі туралы куәліктерінің көшірмелері (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін).

3. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар

      12. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін мамандар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) аттестациялық құжаттарын ұсынады.
      13. Аттестациялық іс:
      1) үміткердің біліктілік емтиханын өтуге өтініші;
      2) үміткер туралы мәліметтер (А.Т.Ә., жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы, білімі, біліктілігін арттырғандығы туралы мәліметтер, мақалалар, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы мәліметтер);
      3) үміткердің мамандығы бойынша өндірістік қызметі туралы есебі;
      4) тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық бейінді, медициналық білімі бар, "қоғамдық денсаулық/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша мамандар үшін, өтініш білдірілген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;
      6) тест қортындысы;
      7) өтініш білдірген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық бейін тәуелсіз сарпшының қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;
      8) біліктілік комиссиясы хаттамасынан көшірме.     
      14. Үміткерлердің құжаттарын, аттестациялық істерді қабылдау, тәуелсіз сарапшылардың сараптама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу өткізу кестелерін осы ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісе отырып, аумақтық бөлімшелер анықтайды.
      15. Біліктілік санатын алу үшін үміткерлер осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4. Біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру тәртібі

      16. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханы тестілеу түрінде өткізіледі.
      Тестілеуден өту және санат берілмейтін маман сертификатын алу үшін шекті деңгейі 40 % дұрыс жауапты құрайды.
      17. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханы екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) сұхбат.
      18. Құжаттар мен аттестациялық істерді қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкердің негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырады.
      Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды толық тапсырмаған үміткерлер тестілеуден өтуге жіберілмейді (Ереженің 11-тармағы).
      19. Үміткерлер қолданыстағы маман сертификаты қолданысының мерзімі біткенге дейін 3 ай бұрын маман сертификатын алуға құжаттарын тапсырады.
      20. Үміткердің практикалық дағдыларының өтініш білдірген санатқа сәйкестігіне қорытындыны медицина қызметкерінің бейініне сәйкес облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бас мамандары (бастап медициналық-санитарлық көмек, акушер-гинеколог, хирург, педиатр, терапевт) береді.
      Осы Ережедегі аттестациялық істі 8-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес үміткердің күнделікті практикадағы диагностика және ем дағдыларының деңгейі бағаланады және көрсетілген қосымшаның 10-тармағына енгізіледі.
      Үміткердің практикалық дағдыларының деңгейі өтініш білдірілген санатқа сәйкес келмеген жағдайда үміткер біліктілік емтиханының тестісінің үшінші кезеңіне жіберілмейді.
      21. Тестілеу үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өткізіледі. Қорытындылары екі данада басылып шығарылады, оның біреуі үміткерге беріледі, екінші данасы үміткердің қолымен тиісті мемлекеттік органда сақталады.
      Мамандығы бойынша тестілеу сұрақтарының саны 50. Тестілеу уақыты – 60 минут.
      Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханын тапсыру кезінде тестілеу қорытындылары аттестациялық істің 11-тармағына енгізіледі және бір жыл бойы күшінде болады.
      22. Егер тестілеу қорытындылары шекті деңгейден төмен болса, санат алу үшін біліктілік емтиханы тапсырылмады деп саналады да, үміткер біліктілік емтиханның келесі кезеңіне жіберілмейді.
      Үміткердің тестілеу қорытындысы өтініш білдірілген санаттан төмен болған жағдайда үміткердің келісімі бойынша өтініш білдірілгеннен төмен санатқа арналған біліктілік емтиханының келесі кезеңдерін өтеді.
      23. Медициналық білімі бар үміткердің осы Ережелермен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандарының үшін талаптарын қоспағанда сәйкестігін анықтау үшін аумақтық бөлімшелер, шарттық негізде тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      Сараптама қорытындысын тәуелсіз сарапшы осы Ереженің 2-қосымшасының 12-тармағына енгізеді.
      Тәуелсіз сарапшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үміткердің өтініш білдірілген санатқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы ұсынылған қорытындыға жауапты болады.
      24. Сұхбат өткізу үшін мемлекеттік органдар біліктілік комиссияларды құрып (бұдан әрі - комиссиялар) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау басқарудың жергілікті органдарының, республикалық ғылым және білім ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің арасынан мамандандырылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және 11 адамнан кем болмауы қажет. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссия төрағасы тағайындалады.
      Егер комиссияның отырысында комиссияның бекітілген құрамының кемінде үштен екі мүшесі қатысса, комиссияның отырысы құқықты болып саналады.
      25. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің басым дауыстарымен анықталады. Дауыстар саны тең болған жағдайда шешуші дауыс болып комиссия төрағасының дауысы саналады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
      26. Әңгімелесу барысында маманның біліктілік деңгейі, оның кәсіптік міндеттерді (диагностикалық, тәсілдік, ұйымдастырушылық) шеше білуі, бар ақпаратқа талдау жасай білуі және ол бойынша тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.
      27. Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханы аяқталғаннан кейін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді және аттестациялық іске жазылады.
      Осы Ереженің аумақтық бөлімше комиссиясының отырысы хаттамасының негізінде 5-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын бермей немесе Осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру туралы шешім шығарылады.
      28. Біліктілік беріле отырып, маман сертификатын тиісті мемлекеттік орган комиссияның отырысы күнінен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде, ал біліктілік санатынсыз маман сертификатын алуға үміткер тұлғалар үшін тестілеуден өткен күнінен бастап береді.
      Маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап бес жыл бойы қолданыста болады.
      29. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған тұлғалар белгіленген үлгі бойынша өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 72 сағат болатын қосымша тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткендігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 3 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.
      30. Біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алмаған тұлғалар мемлекеттік органға өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 144 сағат болатын тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 12 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.

5. Қорытынды ережелер

      31. Осы ереженің 11 және 18-тармақтарында көрсетілмеген қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
      Біліктілік санаты беріле отырып, өткізілетін біліктілік емтихандарын өткізгенде:
      1) медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі оқытуымен айналысатын медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың ғылыми қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарында оқудан босатылады;
      2) "Жалпы тәжірибе дәрігері" мамандығы бойынша сертификат алуға үміткерлердің жұмыс өтіліне терапевт-дәрігер және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы мамандығы бойынша жұмыс өтіліне саналады;
      3) базалық кәсіби мамандығына сәйкес келмейтін біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалар мамандандыруы (қайта даярлығы), клиникалық ординатура немесе резидентура және бар болған жағдайда емтиханға жіберіледі;
      4) егер маман өтініш білдірілген мамандық бойынша соңғы 2 жылда екі немесе одан көп ұйымдарда жұмыс істесе, есебін осы ұйымдардың басшылары жеке-жеке бекітеді;
      5) денсаулық сақтау жүйесінде тәуелсіз сарапшы болып табылатын тұлғалардың жұмыс өтіліне мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген сәттен бастап, сараптамалық қызметінің өтілі мамандық бейіні бойынша өтіліне саналады;
      6) денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік қызметкері болып табылатын немесе денсаулық сақтау жүйесінің кәсіби одақтарында (бірлестіктерінде) жұмыс істеп жатқан "Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулықты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша біліктілік санатын алуға үміткердің жұмыс өтіліне денсаулық сақтау жүйесінде жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет пен кәсіби одақтардағы жұмыс өтілі де саналады.
      32. Бірінші, жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификатының қолданысы мерзімсіз деп табылады.
      33. Маман сертификаты жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган маман сертификатының көшірме нұсқасын береді.
      34. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде туындаған дауларды тиісті аумақтық бөлімшелер немесе сот тәртібі бойынша қарастырылады.
      35. Мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын алу үшін жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері есеп беру үшін бір жыл жұмыс істеуі тиіс.
      Балаға күтім жасау бойынша мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда бір жыл жұмыс істеу қажет, үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады.
      Мамандығы бойынша еңбек жолының үзілісі кемінде 12 ай болған жағдайда маман үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады, жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін барлығы екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері бір жыл болуы тиіс.
      Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты маманның клиникалық қызметі үзілген жағдайда негізгі мамандығы бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі есептеледі.

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтихан өткізу
ережесіне 1-қосымша      

___________________________________________________________ басшысына
    (мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
                              (кімнен)
_____________________________________________________________________
                   (үміткердің тегі, аты-жөні)
Мекен–жайы: _______________________________________________________

ӨТІНІШ

_____________________________________________ мамандығы бойынша санат
             (мамандықтың атауы)
берілмейтін біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
____________________________________________
          (үміткердің қолы)
____________________________________________
          (толтырған күні)

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтихан өткізу
ережесіне 2-қосымша      

___________________________________________________________ басшысына
   (мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (кімнен)
__________________________________________________________________
                 (үміткердің тегі, аты-жөні)

ӨТІНІШ

_____________________________________________ мамандығы бойынша санат
            (мамандықтың атауы)
тағайындайтын біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
_____________________________ _______________________
      (үміткердің қолы)           (толтырған күні)
Өтініш үміткердің өз қолымен толтырылады

Аттестаттау ісі N_____

Тегі ______________ аты _____________ әкесінің аты ____________
Үй мекен-жайы _________________________________________________
Жас мөлшері   ______________    байланыс телефоны
                                E-mail
                                ұялы телефоны
Жұмыс орны ____________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________
1. Білімі жоғары медициналық _____________ техникалық,
                                            кәсіби,
                                            орта арнайы
                                            медициналық _______
Мамандығы бойынша интернатура   _______________________________
2.Оқу орнының атауы
серия          диплом N         оқуға түскен жылы       бітірген жылы
                                 ________________        ____________
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
Өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін артыру, қайта даярлау, оның ішінде шет елдерде, (соңғы 5 жылға цикл атауы, цикл ұзақтығы)

N

Цикл атауы

Өткізілетін орны

Бастауы





















4. Еңбек қызметі (өтініш берілген мамандық бойынша)
   басы ______________________    аяқталуы __________________
Лауазымы
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5)санатпен және санатсыз сертификаттардың бары _________ берілген күні, __________ бұйрық N ______
Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі ______________________________________________________________
5. Мамандығы бойынша жарияланған мақалалар (соңғы 5 жылға бар болған кезде)
(жарияланған күні, мақаланың атауы)

      басылым ____________   N ____   күні _____________
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5) __________________________________________________________________
6. Ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда қатысу

            жылы және өткізілген орны           сөз сөйлеуі иә/жоқ
атауы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7.Қазақстан Республикасында алғашқы есепке алу құжаттары деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандығы бойынша үміткердің есебі (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім бар маман үшін соңғы 2 жылға, ал орта медициналық және фармацевтикалық қызметкер үшін соңғы жылға).

Статистикалық көрсеткіштер

200__ жыл

200__ жыл







үміткердің қалауы бойынша көрсеткіштердің, осы мамандық үшін айтарлықтай мәні бар.

8. Диагностика мен емдеудің әдістерін күнделікті практикада пайдалану көлемі


Екінші санат

Бірінші санат

Жоғары санат

Практикалық машықтар

Тиісті тәртіп бойынша диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес аурулардың және жарақаттардың алдын-алу диагностикалау емдеу әдістерін күнделікті практикада қолдану

Сырқаттану және олардың асқынулары кезінде алдын-алудың, диагоностикалаудың, емдеудің қазіргі заманғы әдістерін күнделікті практикада қолданудың екінші санатына қосымша

Диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін күнделікті практикада қолданудың бірінші санатына қосымша.
Ауылдық аумақтардың мамандары, амбулаториялық-емханалық буын мамандары үшін бірінші санатқа қосымша кемінде үшінші аралас мамандық бойынша диагностика мен емдеудің әдістерін күнделікті пркатикада қолдану

9. Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер (соңғы жылға)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
______________________________________________________________

Медициналық ұйым                  Кадр қызметінің
басшысының қолы ___________  М.О. маманымен расталған _________

      Аттестаттау ісі кадр қызметі қызметкерімен толтырылады, ұйымның мөрімен расталады және медициналық ұйымың басшысы қол қояды (жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлған).
      Аттестаттау ісінде ұсынылған ақпараттардың дәйектілігіне ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұйым басшысы және кадр қызметінің қызметкері, үміткер жауапты.

10. Өтініш берген санаттың диагностика мен емдеудің әдістерін күнделікті практикада пайдаланылатын көлемге сәйкестігіне қорытынды (8 тармаққа сәйкес өтініш берілген санаттың негізгі машықтарын игеруі)

Санатқа ________________________ жауап береді
20___ жылғы "____"________       маманның Т.А.Ә (қолы)
11. Тест қорытындысы ______________
12. Тәуелсіз сарапшының қорытындысы
_____________ өтініш берген санатына сәйкес
_____________ өтініш берген санатына сәйкес емес

20___ жылғы "____"________       тәуелсіз сарапшының Т.А.Ә. (қолы)
13. Біліктілік комиссиясы хаттамасынан көшірме
Үміткердің Т.А.Ә. ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________ өтініш берген санатына сәйкес
_____________ өтініш берген санатына сәйкес емес
_____________ төменде өтініш берген санаты тағайындалсын

20___ жылғы "____"________        Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. (қолы)
N _____ біліктілік комиссиясы     _______________________________
отырысының хаттамасынан           _______________________________
                                  _______________________________

Комиссия хатшысы _______________________

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтиханын өткізу
ережесіне 3-қосымша       

N

Мамандықтың атауы

Біліктілік талаптары

жұмыс өтілі (жыл)

жарияланған мақалалар (саны)

біліктілігін арттыруы (сағат) соңғы 5 жылда

тестілеу қорытындылары (%)

ІІ

І

Ж

ІІ

І

Ж

ІІ

І

Ж

ІІ

І

Э


1. Жоғары медициналық, фармацевтиқалық білімі бар қызметкерлер үшін мамандықтар














Хирургия бейіні:



I Хирургия: жалпы хирургия, торакальды, абдоминальды, травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер мен балалар) токсикология (ересектер мен балалар), трансфузиология, перфузиология, анестезиология және реаниматология (ересектер мен балалар),

3

6

9

-

3

5**

108

216

216

60

70

80


II. Балалар хирургия (неонатальдық), патологиялық анатомия (ересектер мен балалар), Сот-медициналық сараптамасшы

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


III. Кардиохирургия (ересектер мен балалар), ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциалық хирургия), трансплантология, нейрохирургия (ересектер мен балалар), жақ-бет хирургия (ересектер мен балалар), пластикалық хирургия, урология және андрология (ересектер мен балалар), онкология (маммология), офтальмология (ересектер мен балалар), оториноларингология (сурдология) (ересектер мен балалар)

3

7

10


5*

10***

216

216

288

60

80

90


Педиатрия бейіні:



I. Балалар: ревматология, кардиология, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, гематология, пульмонология, невропатология, эндрокринология, нефрология,, емдәмтану медициналық оңалту, қалпына келтіре емдеу, (физиотерапия, емдеу дене шынықтыру, курортология, спорт медицинасы дәстурлі емес терапия), онкология, (химиятерапия), сәулелік терапия (радиология), клиникалық фармакология, дәстүрлі емес терапия, (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия), дерматовенерология,

3

6

9

-

3

5**

108

216

216

60

70

80


II. Педиатрия, неонатология, балалар шұғыл және жедел медициналық жәрдем, балалар гематологиясы,, балалар жұқпалы аурулары, балалар психиатриясы: (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психологиялық- психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сапартама), балалар фтизиатриясы

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


III. Балалар интервенциалық кардиологиясы

3

7

10

-

5*

10***

216

216

288

60

80

90


Терапия бейіні:



I. Терапия: терапия, (жасөспірімдер терапиясы), авиация және ғарыш медицинасы, емдәмтану, ревматология, кардиология, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, гематология, пульмонология, невропатология, эндрокринология, нефрология, кәсіби патология, медициналық оңалту, қалпына келтіре емдік, (физиотерапия, емдеу дене шынықтыруы, курортология, спорт медицинасы), онкология, (химиятерапиясы), гериатрия, жұқпалы аурулар, клиникалық фармакология, дәстүрлі емес терапия, (рефлексотерапия, мануальдық терапия, су-джок терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия), дерматовенерология, дерматокосметология

3

6

9

-

3

5**

108

216

216

60

70

80


II. Ересектер фтизиатриясы,ересектер шұғыл және жедел медициналық жәрді, сәулелік терапиясы (радиология), психиатриясы: (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психологиялық- психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сапартама)

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


III. Интервенциалық кардиологиясы

3

7

10

-

5**

10***

216

216

288

60

80

90


Акушерия-гинекологиялық бейін:



I. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы), медициналық генетика;

3

6

9

-

3

5**

108

216

216

60

70

80


II. Акушерия және гинекология - аулы аумақтаррындағы мамандар үшін

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


Стоматологиялық бейін



І. Стоматология (ересектер мен балалар)

3

6

9

-

3

5**

108

216

216

60

70

80


II. Стоматология (ересектер мен балалар)- аулы аумақтарындағы мамандар үшін

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


Диагностика
II.Клиникалық зертханалық диагностика, сәулелік диагностика (рентгенология, компьтерлік және магниттік резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотопты диагностика),функционалдық диагностика

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


Жалпы медицина
II. Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)

2

5

7

-

2

3*

108

216

216

60

70

80


Қоғамдық денсаулық сақтау
I. Денсаулық сақтау менеджменті, коғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)

3

6

9

-

3

5*

108

216

216

60

70

80


Медициналық-алдын-алу (санитарлық-гигиеналық) бейін
I. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология).

3

6

9

-

3

5*

108

216

216

60

70

80


Фармацевтикалық бейін
I. Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); басқару және экономика фармациясы (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, инспектор, ақпараттандырушы, (маркетинг танушы/тауартанушы), дәрілер технологиясы (фармацевт(провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог);
дәрілік заттарды ң сапасын және сертификаттауын бақылау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдамашы (провизор-талдамашы); талдамалық диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог).

3

6

9

-

3

5*

108

216

216

60

70

80


I. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандықтар:
1. Зертханалық диагностика, зертханашы, дәрігер-зертханашы көмекшісі
2. Емдеу ісі, фельдшер, жалпы практика фельдшері
3. Акушериялық іс (акушер, жалпы практика акушері)
4. Мейірбике ісі: мейірбике, мамандандырылған мейірбике, жалпы практика мейірбикесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике, медициналық статист
5. Стоматология: тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті, тіс технигі
6. Гигиена және эпидемиология: санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігер көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігер көмекшісі, энтомолог.
7. Фармация: фармацевтің ассистенті, фармацевт.

3

6

9

-

-

-

108

216

216

60

70

80


II. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар ауылы аумақтарындағы мамандар үшін

2

5

7

-

-

-

108

216

216

60

70

80

        *, **, *** - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестация комитеті ұсынатын, өз күшімен жазылған ресми басылымдарда жарияланған баспаның санасы;
I стандарттық
II тапшылық
III арттырылған талаптар

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтиханын өткізу
ережесіне 4-қосымша       

Біліктілік комиссия отырысының
20____ жылғы "__"_________
N___ хаттамасы

____________________________________________________________________
      (сәйкес мемлекеттік органның атауы)
______________________________________________ біліктілік комиссиясы
1. Емтихан тапсыратын тұлғаның тегі, аты-жөні _______________________
_____________________________________________________________________
2. Мамандығы ________________________________________________________
3. Тестілеудің нәтижелері __________________(тапсырды, тапсырған жоқ)
4. Сұхбат нәтижелері _______________________(тапсырды, тапсырған жоқ)
5. Біліктілік емтиханы ____________________ (тапсырды, тапсырған жоқ)
6. __________________________________________________________________
                    (номенклатура бойынша мамандығы)
мамандығы бойынша ________ санат тағайындау ұсынылды.
7. __________________________________________________________________
                    (номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша ________ санат тағайындаудан бас тартылды.
_____________________________________________________________________
8. Мамандандырылған біліктілік комиссия мүшелерінің шешім қабылдау бойынша дауыс беру қорытындылары: "Иә" _____ дауыс, "қарсы" _____ дауыс
9. Мамандандырылған біліктілік комиссиясының ескертпелері, ұсыныстары
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қолдары:
      Комиссия төрағасы (төрайымы) __________________________
      Комиссия хатшысы ___________________________
      Комиссия мүшелері: __________________________

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтиханын өткізу
ережесіне 5-қосымша       

Маман сертификаты

      Осы сертификат ________________________________________________
                                 (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
________________________________________________ мамандығы бойынша

біліктілік санат тағайындалмай берілді.

Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20___ жылғы "___ "_____________ N _____ бұйрығы.

      Сертификат 20 ____ жылғы " ___ " ____________ дейін жарамды

Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы
         ________________

                                                 Тіркеу N ___________

М.О.                       Берілген күні 20__ жылғы "__"_____________

Денсаулық сақтау саласында
біліктілік емтиханын өткізу
ережесіне 6-қосымша       

Маман сертификаты

      Осы сертификат ________________________________________________
                                 (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
________________________________________________ мамандығы бойынша
       (номенклатура бойынша мамандық)
________________________ біліктілік санат тағайындалып берілді.

Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20__ жылғы "___ "_____________ N _____ бұйрығы.

      Сертификат 20 ____ жылғы " ___ " ____________ дейін жарамды

Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы
         ________________

                                                 Тіркеу N ___________

М.О.                       Берілген күні 20__ жылғы "__"_____________