Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы N 515 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5871 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 658 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4525 болып енгізілді. Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы қаңтар) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 9 қазандағы  
N 515 бұйрығымен     
бекітілген        

Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан
орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы
медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері
арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске
асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялықконсультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды (бұдан әрі - аттестатталатын тұлға) аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3. Аттестаттау міндетті болып табылады және бес жылда бір рет тестілеу және әнгімелесу түрінде жүргізіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген медицина қызметкерлері дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге жіберілмейді.
      5. Аттестаттауды медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі – аттестаттау комиссиясы) жүргізеді.

2. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      6. Аттестаттау комиссиясының құрамына мыналар кіреді: төраға - медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) басшысы немесе оның орнындағы тұлға;
      комиссия мүшелері - аумақтық бөлімшенің қызметкерлері, фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, өңірлердің қоғамдық, кәсіподақ ұйымдарынан, фармацевтикалық қызмет объектілерінен және медицина ұйымдарынан өкілдер;
      хатшы - аумақтық бөлімшенің маманы.
      7. Аттестаттау комиссия үш адамнан тұрады.
      8. Бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - денсаулық сақтау ұйымдары) аттестатталуға жататын тұлғаларды анықтайды.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар аттестатталуға жататын тұлғалардың тізімін бекітеді және аттестаттау комиссиясына жібереді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Аттестаттауды өткізуге дайындықты аттестаттау комиссиясы ұйымдастырады. Ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аттестаттауды өткізу кестесін әзірлеу;
      2) аттестаттаудың мақсаты және тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес аттестатталатын тұлғалардың қажетті құжаттарын дайындау.
      10. Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудың өткізу мерзімі туралы, оны өткізу басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей аттестатталатын адамдарды жазбаша хабардар етеді.
      11. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      12. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды жолдайды:
      1) жоғары немесе орта медициналық білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      2) мамандығы бойынша еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері немесе қызметтік тізімі.
      3) соңғы 5 жылдың ішінде оқу бағдарламасына фармация саласындағы мәселелері енгізілген біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәліктерінің көшірмелері.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12-1. Аттестаттау комиссиясы құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжделген бас тартуды береді.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Аттестатталатын тұлғаға аттестаттау комиссияның хатшысы осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
      14. Тест сұрақтарын медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жылына бір рет мерзім кезеңділігімен дайындайды және бекітеді.
      15. Аттестатталатын тұлғалардың тестілеуі компьютерлерді немесе қағаз тасымалдауыштарды қолдана отырып өткізіледі.
      16. Тестілеу бағдарламасын 50 сұрақ құрайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Тестілеу тапсырмасын орындауға берілген жалпы уақыты 60 минут.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау салынған компьютерлік бағдарламасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижесі 2 данамен басып шығарылады, оның біреуі аттестатталатын тұлғаға беріледі.
      Қағаз тасымалдауыштағы тест сұрақтарын қолданған кезде аттестаттау комиссиясы 3 сағат ішінде дұрыс жауаптар коды арқылы тестілеудің нәтиже санын шығарады. Аттестаталатын тұлға нәтижемен танысып, шешімі бар параққа қолын қояды.
      19. Дұрыс жауаптар 70 %-дан кем жағдайда нәтижесі қате деп саналады.
      Тестілеуді өткен кезде теріс нәтиже алған аттестатталушы тұлға аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) жіберілмейді.
      Қайта тестілеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен бастапқы тестілеу күнінен бастап алты айдан кейін өткізіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Аттестаттау комиссиясы әрбір аттестатталатын адаммен дербес әңгімелесуді жүргізеді.
      Аттестатталатын тұлғамен әңгімелесу барысында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейі, ұйымдастырушылық міндеттерді шеше білуі, қолда бар ақпаратты талдауы және тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.
      21. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа комиссия мүшелерінің 2/3 қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі және комиссия мүшелерінің басым дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының пікірі шешуші болып табылады.
      22. Аттестаттау комиссиясының отырысына белгілі себептермен (уақытша еңбекке жарамсыз, демалыс немесе іссапар кезінде) қатыспаған аттестатталатын тұлға аттестацияны жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде өтеді.
      23. Аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      а) аттестатталды;
      ә) аттестатталған жоқ;
      б) қайта аттестатталуға жатады.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделенеді, оған отырысқа қатысқан төраға, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қояды. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аттестатталушы тұлға сот тәртібімен оған шағымдануына болады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.09.22 № 642 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.
      25. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткізілген күннен кейінгі 5 күн ішінде аумақтық бөлімше бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      26. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағына енгізіледі.
      27. Аттестаттау парағының бір данасы аттестаттаудан өткен адамға беріледі. Аттестаттау парағының нәтижелері бар екінші данасы аттестаттау комиссиясында сақталады.
      28. Аумақтық бөлімшелер медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органға аттестаттау комиссиясының шешімі шығарылған күннен бастап бір ай ішінде өткізілген аттестаттаудың нәтижелері туралы есеп береді.

Фармацевтикалық білімі бар маман      
болмаған жағдайда аудан орталықтарынан   
шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды      
бастапқы медициналық-санитариялық,     
консультациялық-диагностикалық       
көмек көрсететін денсаулық сақтау     
ұйымдарындағы дәріхана пункттері     
арқылы және жылжымалы дәріхана      
пункттері арқылы өткізуді іске      
асыру үшін медициналық білімі       
бар мамандарды аттестаттау ережесіне    
қосымша                 

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
____________________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы ______________________________________________
Білімі, біліктілігін арттырғаны, қайта даярлықтан өткені туралы
мәліметтер _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілгендегі) мерзімі
____________________________________________________________________
Жалпы еңбек өтілі __________________________________________________
Осы лауазымдағы еңбек өтілі ________________________________________
Біліктілік санаты мен атағы ________________________________________
Тестілеудің нәтижесі _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Әңгімелесудің бағасы _______________________________________________
____________________________________________________________________
Отырысқа аттестаттау комиссиясының ________ мүшесі қатысты
Дауыс саны:
"дауыс беру нәтижесіне қарсы емес" _________
"дауыс беру нәтижесіне қарсы" ______________
"дауыс беру нәтижесі бойынша қалыс қалды" ____________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________
                                            Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының хатшысы  _______________________________
                                            Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
      _________________________________ _________________
                    Т.А.Ә.                    қолы
      _________________________________ _________________
                    Т.А.Ә.                    қолы
      _________________________________ _________________
                    Т.А.Ә.                    қолы
      _________________________________ _________________
                    Т.А.Ә.                    қолы

      Аттестаттаудың өткізілген күні ________________________________
      Аттестаттау парағымен таныстым
      _______________________________________________________________
                             (қолы және күні)

      Мөрдің орны