Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 91 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5852 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің банк клиентінің халықаралық стандарттарға негізделген банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымын пайдалануға тиімді көшуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, 2009 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен  (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 қыркүйектегі
N 91 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі

      РҚАО-ның ескертуі!
      1-тармақ 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі (қаулының 2-тармағын қараңыз).

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерге өзгерістерді бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 754 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 253-254 (23553) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң‚ сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен  толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 6 қарашадағы N 274 (23909) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi  банктердiң‚ сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінің N 185 (991) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4831 тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122(1151) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 66, Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5379 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы N 84 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
      5-тармақта:
      3) тармақшада "жасалады." деген сөзден кейін "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) банктің коды, банк филиалының коды – клиенттің банк шотының нөмірін қалыптастыру, экспорттық-импорттық валюталық бақылау мақсатында және өзге мақсаттарда пайдалану үшін банктерге, ұйымдарға және олардың филиалдарына Ұлттық Банк беретін, үш цифрлық разрядтан тұратын бірегей нөмір.";
      мынадай мазмұндағы 8-3-2-тармақпен толықтырылсын:
      "8-3-2. Банкке немесе ұйымға банк коды Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашумен бір мезгілде беріледі.
      Банк филиалының коды банк филиалына немесе ұйымға беріледі және банк немесе ұйым Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығына енгізіледі:
      1) банктің немесе ұйымның банк филиалына код беру туралы өтініш хаты;
      2) салық қызметі органы берген, клиенттің тіркелу есебіне тұру фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
      4) заңды тұлғаны есептік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) статистикалық карточканың көшірмесі.
      Ұлттық Банкте осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар болған кезде, банк филиалының кодын құжаттарды қайталап ұсынбай, банктің немесе ұйымның код беру туралы өтініш хаты негізінде Ұлттық Банк береді.";
      57-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Корреспонденттік шотты жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот жабылғаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып корреспонденттік шоттың жабылғаны туралы хабарлайды.";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Техникалық проблемалардың туындауына байланысты осындай электрондық байланыс арналары арқылы корреспонденттік шоттың жабылғаны туралы хабарлауға мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Ұлттық Банктің салық қызметі органына корреспонденттік шотты жабу туралы хабарламасының көшірмесі клиенттің ісіне тігіліп, сақталады.";
      4-қосымша кестесінің бірінші жолының екінші бағанында "Банктің және/немесе банк филиалының атауы" деген сөздер және тыныс белгісі "Банктің атауы/Банктің коды (банк филиалының коды)" деген сөздермен және тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      5-қосымша кестесінің бірінші жолының бесінші бағаны "/Алушы банкінің коды (/банк филиалының коды)" деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2-тармақ 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі (қаулының 2-тармағын қараңыз).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы  N 16 жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4988 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 23 қарашада N 180 (1209) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 110; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5507 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 3 ақпанда N 16 (1439) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 93 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:
      1-қосымшада:
      1-қосымшаны толтыру бойынша Нұсқауда:
      2-тармақтың 2) тармақшасында "мәміле паспортының банктік бірегейлендіру кодының соңғы үш саны көрсетіледі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк берген банктің коды не банк филиалының коды көрсетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5128 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 19 ақпанда N 25 (1251) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың алтыншы абзацында "есептеу" деген сөзден кейін "және тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есеп шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің 4-қосымшасы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру алгоритмі Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру кезінде сондай-ақ санды 97-ге бөлуден болатын қалдықты табуды болжайтын халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO – 7064) пайдаланылады.
      3-қосымшада көрсетілген, әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін қолдана отырып, банк шотының нөмірін 97 санына бөлуден болатын қалдықты табу қажет. Банк шотының нөмірі дұрыс көрсетілген кезде қалдық 1 (бірге) тең болуы тиіс.
      Мысал:
      Клиенттің банк шотындағы бақылау разрядын бақылап тексеру
      KZ 55 1231 2345 6456 7891
      Бірінші қадам: алғашқы төрт символ клиенттің банк шоты нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі айырбастау кестесі негізінде айырбасталады:
      1231 2345 6456 7891 2035 55.
      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді. Нәтижесі –1231234564567891203555/97=12693139840906094882,010309278351.
      Алынған саннан тұтас бөлік дөңгелектелмей бөлініп көрсетіледі – 12693139840906094882.
      Үшінші қадам: екінші қадамнан алынған сан 97-ге көбейтіледі, яғни біздің мысалымызда 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567 891203554 аламыз.
      Төртінші қадам: 1-ші қадамнан алынған саннан 3-ші қадамнан алынған сан шегерілді. Егер нәтиже 1 (бірге) тең болса, онда бақылау разряды дұрыс есептелген. Біздің мысалымызда 1231234564567891203555 – 1231234564567891203554=1 аламыз. Бақылау разряды 55 дұрыс.";
      2-тармақта "2009 жылғы 2 қарашадан бастап" деген сөздер және цифрлар "2010 жылғы 7 маусымнан бастап" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы N 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5379 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жетінші абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      1-тармақтың он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот ашылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарына хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлайды.
      Техникалық проблемалардың туындауына байланысты осындай электрондық байланыс арналары арқылы корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлауға мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
      2 және 4-тармақтарда "2009 жылғы 2 қарашадан бастап" деген сөздер және цифрлар "2010 жылғы 7 маусымнан бастап" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасында екінші және үшінші абзацтарында "2009 жылғы 2 қарашаға" деген сөздер және цифрлар "2010 жылғы 7 маусымға" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.