Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 10-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі -Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) үшін резервтік капиталдың барынша төмен мөлшері мына сомадан төмен емес сомада белгіленсін:
алдыңғы есепті кезеңінде қалыптастырылған нақты резервтік капитал;
банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісінің және алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелерінің мөлшеріне қатынасының көбейтіндісіне тең болатын банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейінгі бөлінбеген таза кірісінің бір бөлігі, бірақ 0,1-ден кем емес және 1-ден көп емес.
Егер жіктелуге жататын активтердің және шартты міндеттемелердің шамасы алдыңғы жылдың басында 0 тең болса, онда алдыңғы жылдың жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің шамасына қатынасының шамасы алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің өсімі деп алынады.
Егер банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісі теріс шаманы (таза шығын) көрсетсе, онда резервтік капиталдың барынша төмен мөлшерін есептеу мақсатында банктің дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісінің шамасының мәні 0 деп алынады.
Осы қаулының мақсаттары үшін жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 20 наурызда N 4580 тіркелген) сәйкес анықталады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Осы қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген банктің резервтік капиталының барынша төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-на 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданылады, бұл ретте банктің 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты резервтік капиталы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің кем дегенде екі пайызын құрайды.
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін есептеу 2009 жылы осы қаулының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген банктік резервтік капиталының барынша төмен мөлшеріне қойылатын талаптар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылған банктерге олардың қызметінің төртінші жылынан бастап қолданылады, бұл ретте көрсетілген күні өткен соң банктің нақты резервтік капиталы жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелерінің екі пайызынан кем емес мөлшеріндегі соманы құрауы тиіс.
2007 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған банктердің резервтік капиталдың барынша төмен мөлшерін есептеу 2009 жылы осы қаулының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 196 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1169 тіркелген)
2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысының 1 тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5080 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5627 тіркелген).