Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 256 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5080 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 196 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 196 қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы"  N 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1169 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы"  N 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіктелуге жататын банктердің несие портфелінің 2 пайызынан кем емес сомада екінші деңгейдегі банктер үшін резерв капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы     
нарығын және қаржы ұйымдарын     
   реттеу мен қадағалау агенттігі    
Басқармасының 2007 жылғы       
30 қарашадағы N 256 қаулысына    
қосымша                

"Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкі Басқармасының 2000 жылғы   
26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі  
банктердің резервтік капиталының  
ең аз мөлшері туралы"       
N 70 қаулысына           
қосымша               

      Банктердің несие портфелі мыналардан қалыптасады:
      1. Басқа банктерге берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) овернайт;
      3) ұзақ мерзімді;
      2. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) ұзақ мерзімді;
      3. Клиенттерге берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) ұзақ мерзімді;
      4. Овердрафт заемдарынан:
      1) басқа банктердің корреспонденттік шоттар бойынша;
      2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген;
      3) клиенттерге берілген;
      5. Қаржы лизингінен:
      1) басқа банктерге;
      2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
      3) клиенттерге;
      6. Клиенттер факторингінен, форфейтингінен;
      7. Кредиттік карточкалар бойынша шоттардан;
      8. Клиенттердің ескерілген векселдерінен;
      9. Клиенттердің басқа заемдарынан;
      10. Бағалы қағаздармен "Кері РЕПО" операцияларынан;
      11. Осы қосымшаның 1-9-тармақтарында көзделген кредит (заем) бойынша мерзімі өткен берешектен."