Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы N 454 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5756 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 17) тармақшасына , 14 , 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                      А. Евниев

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2009 жылғы 12 тамыздағы N 454 
бұйрығымен бекітілген     

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

1 бөлім. Арал-Сырдария бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

1 тарау. Шардара су қоймасы және Оңтүстік Қазақстан облысы шегінде Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы

      1. Осы тараудың Ережесі Шардара су қоймасы мен оның барлық салаларына және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі - ОҚО) шегінде Сырдария өзеніне арналған.
      2. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады:
      1) 1 наурызбен 30 маусым аралығында Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы Шығыс тасталым, Күркелес өзені сағасының сызығынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Отырлы, Күркелес өзендерінің сағасы, Корей шығанағы) негізгі уылдырық шашатын учаскелерінде;
      2) 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында Шардара су қоймасының барлық су айлағында;
      3) 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында аулармен Шардара су қоймасының бөгет алды учаскесінен Крепость мүйісі (оң жақ жағалау) мен Арнасай шығанағынан (сол жақ жағалауы) Шардара суэлектростанциясының (бұдан әрі - СЭС) бөгетіне дейін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 208 бұйрығымен.
      3. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі) сантиметрде (бұдан әрі - см): сазан - 35 см, көксерке - 38 см, ақ амур және дөңмаңдай - 45 см, жайын - 65 см, патшабалық - 17 см, қылыш балық - 31 см, ақмарқа - 31 см, айнакөз - 18 см.
      4. Құрма капрон аулар, тастама аулар, бір-, екі бөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік трал, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайынға және жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік балық аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады.
      5. Кәсіптік аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі миллиметрмен (бұдан әрі - мм), ілгек жабдықтары:
      1) лақтырма сүзекілер - 40 мм;
      2) аулар - 36 мм;
      3) ЭЛУ 1 - ЭЛУ 6 тралдары - 40 мм кем емес;
      4) ілгек жабдығының бір сызығына 10 ілгектен артық емес.

2 тарау. ОҚО шегіндегі Сырдария өзені, ОҚО жергілікті маңызы бар су тоғандары, Шу, Келес, Арыс өзендері

      6. Осы тараудың Ережесі ОҚО шегіндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына және ОҚО шегінде Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзеніне және оның жағалық су тоғандарына, сонымен бірге Шу, Келес, Арыс өзендеріне арналған.
      7. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады:
      1) жыл бойы:
      Сырдария өзеніде Арыс өзені келіп құятын жерден төмен;
      Арыс және Келес өзендерінде;
      2) 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында кәсіптік балықтардың уылдырық шашуына байланысты, ОҚО шегіндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында.
      8. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан - 30 см, көксерке - 38 см, айнакөз - 18 см, патшабалық - 17 см, ақмарқа және қылышбалық - 31 см, ақ амур және дөңмаңдай - 45 см, жайын - 65 см.
      9. Құрма және лақтырма сүзекілер, капрон мен нейлон, құрма мен ықпа, бір-, екі-, үшқабырғалы, әйнек көзді аулар, бір-, екібөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік тралдар, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайын мен жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады.
      10. Кәсіптік аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі, ілгек жабдықтары:
      1) лақтырма сүзекілер - 40 мм;
      2) аулар - 36 мм;
      3) ЭЛУ 1 - ЭЛУ 6 тралдары - 40 мм кем емес;
      4) қабадан – 36 мм;
      5) ілгек жабдығының бір сызығына 10 ілгектен артық емес.

3 тарау. Кіші Арал теңізі және Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзені

      11. Осы тараудың Ережесі Кіші Арал теңізіне және Сырдария өзенінің төменгі ағысы теңізге құяр сағасынан ОҚО әкімшілік шекарасына дейінгі аралыққа арналған.
      12. Жыл бойы келесі учаскелерде балық аулауға тыйым салынады:
      1) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден Көкарал бөліп тұру бөгетіне дейінгі оңтүстік бағытта;
      2) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден Көкарал жартылай аралына дейінгі солтүстік бағытта;
      3) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден 5 шақырым солтүстік және солтүстік-шығыс бағытта;
      4) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден 5 шақырым өзенмен жоғарғы бағытта.
      Ескертпе: Кіші Арал теңізі мен Үлкен Арал теңізін қосатын жылғадағы балық өлімін болдырмау мақсатында, Үлкен Арал теңізіне түсетін Көкарал бөгетінің төменгі бьефінің жылғасында жыл бойы балық аулау жүргізіледі.
      13. Уәкілетті органның рұқсатымен және ғылыми-зерттеу ұйымның келісуімен балықтардың санын реттеу үшін жүргізілетін аулаудан басқа, келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады:
      1) 1 сәуір мен 10 мауысым аралығында Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзенінің төменгі ағысынан теңізге құяр сағасынан ОҚО әкімшілік шекарасына дейін;
      2) 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында Кіші Арал теңізінің барлық су айлағында.
      14. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 35 см, ақмарқа – 36 см, көксерке – 38 см, табан – 20 см, арал тортасы – 17 см.
      15. Құрма және лақтырма сүзекілер, капрон мен нейлон, құрма мен ықпа, бір-, екі-, үшқабырғалы, әйнек көзді аулар, бір-, екібөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік тралдар, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайын мен жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады.
      16. Аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі:
      1) құрма және лақтырма сүзекілер – 40 мм;
      2) ықпа аулар – 40 мм;
      3) құрма аулар – 36 мм;
      4) ілгек жабдығының бір сызығына 10 ілгектен артық емес;
      5) қабадан: артқы бөшкеде – 36 мм, алдыңғы бөшкеде – 40 мм.

2 бөлім. Балқаш – Алакөл бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

4 тарау. Балқаш көлі және Іле өзенінің төменгі ағысы, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз және олардың дельталық, жағалық су тоғандары

      7. Осы тараудың Ережесі Балқаш көліне және Іле өзенінің төменгі ағысы көлге құяр сағасынан Қапшағай су қоймасына дейін, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз және олардың дельталық, жағалық су тоғандарының барлық жылғалары мен бұлақтарына арналған.
      18. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) Балқаш көлінде:
      1 мамыр мен 1 маусым аралығында Балқаш көлінің барлық батыс бөлігі N 22 учаскесінен бастап N 51 кәсіпшілік учаскесіне дейін;
      10 мамыр мен 10 маусым аралығында Балқаш көлінің барлық шығыс бөлігі оңтүстік жағалау N 1 учаскесінен бастап N 21 учаскесін қоса және солтүстік жағалауда N 52 учаскесінен бастап N 70 учаскесіне дейін;
      жыл бойы Алакөл шығанағында (Балқаш көлінің оңтүстік соңында);
      2) 1 мамыр мен 1 маусым аралығында Қаратал, Лепсі, Аягөз, Ақсу өзендерінің жылғалары мен сағаларында, Балқаш көліне құятын аталған өзендердің сағаларынан 5 шақырым жоғары қарай, Балқаш көлінде осы өзендердің сағаларынан 5 шақырым екі жаққа қарай және 5 шақырым көлдің ішіне қарай;
      3) Іле өзенінде:
      5 сәуір мен 5 маусым аралығында Қапшағай СЭС бөгетінен 6 балық пунктіне дейін (Арал төбе ауылы);
      1 мамыр мен 1 маусым аралығында Іле өзенінің барлық дельталы аймағында, соның ішінде кіші көлдерді, жылғаларды, көлдерді байланыстырып тұратын арықтарды қоса алғанда.
      Ескертпе: ғылыми ұйымның ұсынуымен және уәкілетті органның рұқсатымен балықтың санын реттейтін аулаулар жүргізіледі. Жайынды тыйым салу кезеңінде жылғаларда, Іле өзенінің дельталық көлдер  жүйесінде, Іле, Қаратал, Лепсі өзендері сағаларының алдында 120 мм кем болмайтын ірі көзді торлы аулармен, қабаданмен және ілгекті жабдықтармен аулауға, ақмарқаны күз кезеңінде Іле жылғасында, Алакөл шығанағында ауаның жетіспеген жағдайында ауланады.
      19. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан - 36 см, табан – 19 см, ақмарқа – 37 см, көксерке – 37 см.
      19-1. Кәсіптік балық өлшеміне сәйкес емес максималды кездейсоқ ауланатын балық көлемі ауларда - 8%, сүзекілер мен тұзақтарда - 5% дейін аулауға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 208 бұйрығымен. 
      20. Барлық кәсіптік аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынады, тек келесі құралдан басқа:
      1) ең кіші тор көздері бар тең қанатты емес көл сүзекілері (тең қанатты мұз астында аулау үшін):
      қоржынында - 40 мм;
      тор қанатта - 44 мм;
      қанатында – 50 мм;
      2) ең кіші тор көзідері бар айналмалы жіптен жасалған құрма және ықпа аулар – 50 мм;
      3) ең кіші тор көзді қабадан:
      артқы бөшкеде - 44 мм;
      алдыңғы бөшкеде – 50 мм;
      4) ілгек жабдықтары.
      Есткерпе: көктемгі және күзгі маусымдарда торта мен беріш балықтарын аулау үшін ғылыми ұйымның ұсынысы және уәкілетті органның рұқсатымен ең кіші тор көзі - 40 мм болатын аулар қолданылады және лақтырмалы сүзекілердің тартпалары сәйкес қанаттардың 1/3 бөлігінен немесе 100 метрден артық болмауы тиіс.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 208 бұйрығымен. 
      21. Балқаш көлінде тралдау әдісі арқылы сүзекімен балық аулауға тыйым салынады.

5 тарау. Қапшағай су қоймасы және Іле өзенінің жоғарғы ағысы

      22. Осы тараудың Ережесі Қапшағай су қоймасына және Іле өзенінің жоғарғы ағысымен Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі - ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі аралыққа арналған.
      23. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) 1 мамыр мен 15 мамыр аралығында Қапшағай су қоймасында;
      2) Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін әуесқой (спорттық) балық аулау 25 наурыздан 5 шілдеге дейін;
      3) Іле өзенінің жоғарғы ағысында Қапшағай су қоймасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықта кәсіптік балық аулауға.
      Ескертпе: ғылыми ұйымдардың ұсынысының негізінде уәкілетті органның рұқсатымен Іле өзенінде балық санын реттейтін аулаулар жүргізіледі.
      24. Кәсіптік балық аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады, тек Қапшағай су қоймасында лақтырмалы сүзекімен, ұзындығы 50 метрге дейін имекті жіптен жасалған құрма ау, сонымен қатар жыртқыш балықтарды аулауға арналған бір балықшыға 50 ілмектен есептегендегі жем шанышқан имектен.
      25. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): табан - 26 см, сазан – 40 см, ақ амур – 55 см, жайын – 100 см, көксерке – 38 см.
      26. Ау құралдарының ең кіші тор көздерінің өлшемі:
      1) лақтырма сүзекінің: қалтасы – 40 мм, қанат торы – 44 мм, қайырма қанаты – 50 мм;
      2) бірқабырғалы желбезекті құрма тор – 55 мм;
      Ескертпе : лақтырмалы сүзекінің әр бір қанат торы қайырма қанатының ұзындығынан 1/3 немесе 100 метрден аспау қажет.

6 тарау. Алакөл көлдер жүйесі

      27. Осы тараудың Ережесі Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Жалаңашкөл көлдеріне, Ұржар, Бесқопа, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жеңешке өзендеріне және Алматы облысында орналасқан балық шаруашылығы су тоғандарының барлық құймалары мен шығанақтарына арналған. Балқаш-Алакөл бассейніндегі басқа да балық шаруашылығы су тоғандарының құймалары мен шығанақтарына арналған.
      28. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) Алакөл көлінде 10 сәуірден 1 маусымға дейін;
      2) Сасықкөл көлінде 25 сәуірден 1 маусымға дейін;
      3) Жалаңашкөл көлінде жыл бойы;
      4) Қошқаркөл көлінде лақтырмалы сүзекіні қолдануға.
      29. Барлық жерде Қара балықты аулауға тыйым салынады.
      30. Балық аулауда кәсіптік аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады, тек келесіден басқа:
      1) капрон талшығынан жасалған құрма аулар;
      2) Алакөл және Сасықкөл көлдерінде лақтырмалы сүзекі қолдану;
      3) қабаданды.
      31. Ау құралдарының тор көздерінің ең кіші өлшемі:
      1) лақтырмалы сүзекі:
      қалтасы – 40 мм; қайырма қанаты – 50 мм;
      қанат торы – 44 мм;
      2) құрма аулар – 50 мм;
      3) қабадан:
      алдыңғы бөшкеде - 48 мм;
      артқы бөшкеде - 44 мм.
      Ескертпе: лақтырмалы сүзекінің әрбір қанат торы қайырма қанатының ұзындығынан 1/3 және 100 метрден аспау қажет, 25 наурызбен 25 сәуір (уылдырық шашу миграциясы) аралығында торта балығын аулау үшін ұяшығының мөлшері - 30 мм ау қолдануға рұқсат етіледі.

3 бөлім. Зайсан – Ертіс бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

7 тарау. Жалпы ереже

      32. Осы тараудың Ережесі келесі тарауларға арналады:
      1) Бұқтырма су қоймасының барлық салалары (соның ішінде Зайсан көлі) және Ертіс өзенінің жоғарғы ағысынан (Қара Ертіс өзені) ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін;
      2) Шүлбі су қоймасы;
      3) Өскемен су қоймасы;
      4) Ертіс өзені;
      5) Павлодар облысының су тоғандары.

8 тарау. Бұқтырма су қоймасының, соның ішінде Зайсан көлі

      33. Жыл бойы келесі учаскелерде балық аулауға тыйым салынады:
      1) бұрынғы Ескі Қарақас ауылын Ұлтарақ мүйісімен байланыстыратын Зайсан көлінің Солтүстік-Батыс бөлігіндегі батыс сызығында;
      2) Қара Ертіс өзені дельтасының тыйым салынған аймақтың шекарасынан шығысқа қарай:
      су деңгейін белгілеген кезде 397 метрден төмен Аманат-Приозерный сызығы бойымен;
      су деңгейін өлшеген кезде 397 метр және Аманат-Сақтаған-Қамышзауыт сызығынан жоғары;
      3) қара Ертіс өзенінің дельтасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін;
      4) Жасыл-Ойран (Торанғы шығанағы) сызығынан шығысқа қарай;
      5) Үлкеннарым шығанағында механикаланған Қуандық мүйісімен (ауданы 9 шаршы шақырым) біріктіретін шығысқа қарай;
      6) Көкпекті, Күршім, Бұқтырма, Нарым, Калджир, Кааба, Ақ-Қаба, Қара-Қаба өзендерінің құймаларының ара қашықтығы өзеннің бастамасынан сағасына дейін, әуесқой (спорттық) балық аулаудан басқа, өзеннің сағасынан су қойманың 500 метрлік аймағын қосқанда.
      34. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) 20 сәуірден 20 мамырға дейін Бұқтырма су қоймасы (соның ішінде Зайсан көлі) Қара Ертіс өзеннің сағасынан Батинді шоқыларға дейін;
      2) 10 мамырдан 10 маусымға дейін Батинді шоқылардан Бұқтырма СЭС дейін Бұқтырма су қоймасының терең жерінде;
      Ескертпе: тыйым салынған кезеңде балықтарды және басқа да су жануарларды ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін, бақылау үшін, балықтың санын реттеу үшін аулау уәкілетті органдардың рұқсатымен жүзеге асады.
      3) жыл бойы бекіре тұқымдасына жататын балықтарды, нельманы, тайменді аулауға, ақсаха тұқымдас балықтарын 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін, өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеулер үшін аулауды қоспағанда;
      4) тыйым салу кезінде қолдануға:
      Бұқтырма су қоймасының бөлімдерінде өзен-көлді және көлді тралдарын;
      Бұқтырма су қоймасының барлық су айлағында құрма сүзекілерді;
      үшкір аулау құралдарды (қақпан, пика, өткір шанышқы).
      35.Уәкілетті органның рұқсатымен келесі аулау құралдары қолданылады:
      1) Свинчатка ауылынан Бұхтырма СЭС-не дейінгі Бұқтырма су қоймасының терең су айдынында тралды;
      2) 25 метрді құрайтын құрма ауларды;
      3) 600 метрді құрайтын лақтырмалы сүзекіні.
      36. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 45 см, көк шұбар балық - 19 см, көксерке - 38 см.
      37. Лақтырмалы сүзекі тор көздерінің ең кіші өлшемі:
      1) Бұқтырма су қоймасының көлді бөлімінде (Зайсан көлі):
      қалтасы – 32 мм;
      қайырма қанаты – 48 мм;
      2) Бұқтырма су қоймасының терең жерінде:
      қалтасы – 32 мм;
      қайырма қанаты - 32 мм;
      3) ақсаха тұқымдас балықтарға:
      қалтасы - 24 мм;
      қайырма қанаты - 32 мм.
      38. Құрма аулары тор көздерінің өлшемдері:
      1) көлді бөлімінде - 55 мм-ден кем емес және 80 мм артық емес;
      2) терең жерінде – 36 мм-ден кем емес және 70 мм артық емес;
      3) ақсаха тұқымдастарын аулау үшін – 26 мм және одан артық.
      39. Шаяндарды тек тұзақтармен және қабаданмен аулауға рұқсат етіледі.

9 тарау. Шүлбі су қоймасы

      40. Жыл бойы кәсіптік балық аулауға тыйым салынады:
      1) Қызыл-Су, Шүлбі, Ковалевский, Осиха шығанағында;
      2) Үбі өзенінде;
      3) өзендердің саға алды кеңістігінде, су қойманың 500 метр ішіне қарай және өзеннің ағысымен 1,5 шақырым жоғары қарай.
      41. Шанышпалы аулау құралдары (қақпан, пика, өткір шанышқы).
      42. 10 мамырдан 10 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.
      43. Ау құралы тор көздерінің өлшемі:
      1) лақтырмалы сүзекі: қалтасы - 32 мм, қайырма қанаты - 32 мм;
      2) құрма аулар: 30 мм аз емес 70 мм-ден артық емес, ау ұзындығы 25 метрге дейін.
      44. Шаяндарды тек тұзақтармен, шаян аулағыштар және қабаданмен аулауға рұқсат етіледі.

10 тарау. Өскемен су қоймасы

      45. Тыйым салынады:
      1) жыл бойы бекіре тұқымдас балықтарын, нельманы, тайменьді аулауға;
      2) 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеулер үшін аулауды қоспағанда ақсаха тұқымдас балықтарын аулауға;
      3) Таловский шығанағында балық аулауға;
      4) шанышпалы аулау құралдары (қақпан, пика, өткір шанышқы);
      5) балықтардың көктемгі уылдырық шашуына байланысты 10 мамырдан 10 маусымға дейін балық аулауға;
      6) кәсіптік балық аулау құралдарын қолдануға, тек келесіден басқа:
      құрма аулардың ұзындығы 25 метрге дейін, ұяшықтардың өлшемі 30-70 мм болу керек;
      лақтырма аулардың ұзындығы 200 метрге дейін, ұяшықтарының өлшемі:
      қалтасы – 32 мм;
      қайырма қанаты – 32 мм.
      Ескертпе: тыйым салынған кезеңде балықтарды және басқа да су жануарларды ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін, бақылау үшін, балықтың санын реттеу үшін аулау уәкілетті органдардың рұқсатымен жүзеге асады.

11 тарау. Шығыс-Қазақстан облысы шегіндегі Ертіс өзені

      46. Тыйым салынады:
      1) жыл бойы бекіре тұқымдасына жататын балықтарды, нельманы, тайменді аулауға;
      2) өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеулер үшін аулауды қоспағанда, ақсаха тұқымдас балықтарын 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін аулауға;
      3) шанышпалы аулау құралдарын "қара қармақ", қарсы жүзетін ықпа ауларды қолдануға;
      4) Шанышпалы аулау құралдары (қақпан, пика, өткір шанышқы).
      47. 10 мамырдан 10 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.
      48. Құрма және үш қабырғалы қалқымалы жоғарғы аулардан, лақтырмалы сүзекіден басқа кәсіптік балық аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады.
      49. Ау құралының тор көзінің өлшемі:
      1) лақтырмалы сүзекілерде:
      қалтасы – 24 мм және одан да артық;
      қайырма қанаты - 32 мм және одан да артық;
      2) құрма аулар – 30 мм кем емес және 70 мм артық емес;
      3) үш қабырғалы қалқымалы жоғарғы аулар 50 мм-ден кем емес және 70 мм артық емес;
      4) ряжі - 200 мм.

12 тарау. Павлодар облысының су тоғандары

      50. Тыйым салынады:
      1) жыл бойы бекіре тұқымдасына жататын балықтарды, нельманы аулауға;
      2) шанышпалы аулау құралдарын қолдануға (қақпан, пика, өткір шанышқы);
      3) қара қармақ аулау құралын қолдану (шанышқы құрал-жабдықтарды, қармақтарды, жаппай балық аулауға арналған "қара қармақ", құрма арқан, керме желілерді қолдануға);
      4) жоғарғы және төменгі (су түбі) ықпа ауларды қолдануға.
      51. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) 20 мамырдан 20 маусымға дейін Қаныш Сатпаев атындағы каналының су қоймаларында, Екібастұз су қоймасында СРЭС-1, СРЭС-2;
      2) 20 мамырдан 30 маусымға дейін Павлодар облысының басқа да су тоғандарында;
      52. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 24 см, көксерке - 32 см, мөңке – 14 см, оңғақ – 20 см, аққайран – 20 см.
      53. Ау құралдарының тор көздерінің ең кіші өлшемі:
      1) көл сүзекісі:
      қалтасы – 28 мм;
      қанат торы – 32 мм;
      қайырма қанаты – 36 мм;
      2) өзен сүзекісі:
      қалтасы – 32 мм;
      қанат торы – 36 мм;
      қайырма қанаты - 40 мм;
      3) құрма аулар:
      жиі кездесетін үлкен балық үшін – 44 мм;
      жиі кездесетін кіші балық үшін – 28 мм;
      4) қабадан:
      артқы бөшкеде – 40 мм;
      алдыңғы бөшке – 44 мм.
      54. 25 метрден артық ауларды қолдануға тыйым салынады.

4 бөлім. Орал-Каспий бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

13 тарау. Атырау және Маңғыстау облыстары шегіндегі Орал-Каспий бассейнінің су тоғандары

      55. Осы тараудың Ережесі келесі су тоғандарға арналған:
      1) Каспий теңізінің барлық шығанақтары мен бұғаздары, қолтықтары мен көлтабандарын қоса алғандағы солтүстік бөлігі;
      2) Жайық және Қиғаш өзендерінің қосалқы су тоғандары;
      3) Жайық және Қиғаш өзендерінің түбірлі сулары.
      56. Бекіренің тұқымдық балықтарын уылдырық шашу орындарына өрістеуін қамтамасыз ету үшін Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенінде ау салу бекеттерінде "күндіктермен" шектеледі, көктемдік балық аулау маусымында 25 сәуірге дейін 5:3, 25 сәуірден 25 мамырға дейін 3:2. Күздік балық аулау маусымында мұз қатқанға дейін 5:2.
      57. Ғылыми-зерттеу мақсатта, Жайық өзенінде мұз ерігеннен кейін жалпы лимит шегінде ұсақ тор көзді сүзгілерді қолдана отырып "Бугорки" бақылау ау салу бекетінде балық аулау жүргізіледі. Золотой және Яицкий қолтықтарында күн күндік және кәсіптік аулауға тыйым салу кезінде күндізгі уақытта уәкілетті органның бақылаумен максималды өзеннің арнасын жабу арқылы аулау. 4 міндетті ау салу бекеттерінен кейін тәулік ішінде 2 сағат сайын 2 ау салу бойынша - аптасына бір рет тәуліктік бақылау бекеті жүргізіледі.
      58. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) 10 мамырмен 31 тамыз аралығында Каспий теңізінің барлық шығанақтар мен бұғаздарын, қолтықтары мен көлтабандарын қоса алғандағы солтүстік бөлігі, тек қана Маңғышлақ мыңаралы Түпқараған мүйісінен Бұрыншық мүйісіне дейінгі аралдардан басқа, ол жерде 15 қарашадан 15 наурыз аралығында;
      2) 1 сәуірмен 31 тамыз аралығында Жайық пен Қиғаш өзендерінің және олардың қосалқы су тоғандарында;
      3) 25 мамырмен 15 тамыз аралығында Жайық және Қиғаш өзендерінің түбірлі суларында.
      Ескертпе: 10 мамырмен 31 тамыз аралығында Қиғаш өзенінде қабадандармен балық аулауға тыйым салынады.
      59. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі), см: қортпа – 180, бекіре – 105, пілмай – 105, шоқыр – 110, Каспий теңізіне құйылатын өзендер мен Солтүстік Каспий теңізіндегі көксерке – 37, теңіз көксеркесі (Ортаңғы Каспий) – 30, сазан (Каспий теңізінің шығыс бөлігінен басқа) – 40, Каспий теңізінің шығыс бөлігіндегі сазан – 30, табан балық – 24, қаракөз – 17, қызыл қанат шұбар балық – 17, майшабақ – 20, бозаңқы – 14, ақ амур – 75, дөңмаңдай – 75, қамса бадырақ шабақ – 7, шаян – 9, ақмарқа – 41, тікенді балық – 24, жайын – 53, шортан – 30, балпан балық – 17, қылыш балық – 26, ақкөз балық – 22.
      Ескертпе: торта және оңғақ балықтарына кәсіптік балық өлшемдері орнатылмайды.
      60. Аулау құралдарындағы тор көзінің ең кіші өлшемі, мм:
      1) құрма аулар, төсемде:
      көктемде – 35;
      күзде және қыста – 50.
      2) жиі кездесетін балықтарды аулау үшін құрма аулар, төсемде – 55;
      3) майшабақ балықтарды аулау үшін құрма аулар, төсемде – 35;
      4) пророндар мен өзектерде қаракөзді арнайы аулауға арналған құрма аулар, төседе – 35;
      5) Жайық және Қиғаш өзендердің сағасында және раскаттарында сазан, шортан, жайынды арнайы аулауға арналған аулар, төсемде – 70-100;
      6) тікенді балықты аулауға арналған поряждік аулар, төсемде – 32-45, поряжде – 300;
      7) Солтүстік және Ортаңғы Каспий теңізінде сазанды арнайы аулауға арналған аулар, төсемде – 80;
      8) Майшабақ балықтарды аулауға арналған құрма сүзекі:
      шонтайында (қазан) – 8;
      тор қанатында (қора) – 10;
      қанатында – 16;
      9) өзендік лақтырма сүзекілер көктемде:
      шонтайында (қазан) – 28;
      тор қанатында (қора) – 36;
      қанатында – 40;
      10) өзендік лақтырма сүзекілер күзде және қыста:
      шонтайында (қазан) – 48;
      тор қанатында (қора) – 50;
      қанатында – 55;
      11) қиыстырылған өзендік лақтырма сүзекілер:
      шонтайында (қазан) – 48;
      тор қанатында (қора) – 50;
      қанатында – 55;
      12) тікенді балықтарды аулауға арналған сүзекілер:
      шонтайында (қазан) – 20;
      тор қанатында (қора) – 24;
      қанатында – 30;
      13) Жайық өзеніндегі тыйым салынған аумағында балық аулауға арналған сүйретпе аулар:
      шонтайында (қазан) – 48;
      тор қанатында (қора) – 50;
      қанатында – 55;
      14) Атырау облысы Құрманғазы ауданында қабадандар мен секреттер, төсемде:
      бөшкеде – 30;
      қанатта – 40.
      Ескертпе: лақтырма сүзекілердің әрбір тор қанаттының ұзындығы тиісті қанаттың 1/3 ұзындығынан артық болмауы тиіс.
      61. Жайык өзенінің келесі балық қыстау шұңқырларында барлық аулау құралдарымен және тәсілдермен балық аулауға жыл бойы тыйым салынады:
      1) Жайық өзенінің атырауындағы Яицкий жылғасында, сағадан жылғамен 10 шақырым жоғары балық қадағалау постының қасындағы ұзындығы 240 метрді құрайтын Үлкен Ганюшкин шұңқырында;
      2) Үлкен Ганюшкинен 1 шақырым жерде орналасқан ұзындығы 280 метрді құрайтын Яицкий жылғасында Кіші Ганюшкин шұңқырында;
      3) Сол жақ Яицкий тармағының бастауындағы ұзындығы 80 метрді құрайтын Сол жақ Яицкий шұңқырында;
      4) Сол жақтағы тар ағынының бастауынан 3 шақырым жердегі ұзындығы 150 метрді құрайтын оң жақ Яицкий жеңіндегі Теңіздік шұңқырында;
      5) мұз базасынан Жайық өзенінің Алтын тармағына дейінгі Кіші Дамба шұңқырында;
      6) мұз базасынан жоғарғы ағысы бойынша 500 метр ұзындықта орналасқан Жайық өзенінің Золотой тармағындағы Үлкен Дамба шұңқырында.
      62. Қиғаш өзенінің келесі балық қыстау шұңқырларында барлық аулау құралдарымен және тәсілдермен балық аулауға жыл бойы тыйым салынады:
      1) Дамба жылғасынан ағыс бойынша 850 метр төмен Сумница өзеніндегі Дамба шұңқырында;
      2) Корзиночная өзенінен Тура Каныча өзенінің бастауынан Манчаусовская өзенінің ойпатына дейін ағыс бойы төмен орналасқан 2000 метр ұзындықты құрайтын Корзиночная шұңқырында;
      3) Каныча өзенінің бойындағы 2500 метр ұзындықты құрайтын Канычинская шұңқырында.
      63. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүргізіледі:
      1) Атырау облысының су тоғандарында жүзбелі және лақтырма қармақтардың барлық атаулары, сонымен бірге бір балықшыға 5 ілгектен аспайтын және 12 нөмірлі көлемге дейін болуы тиіс. Жылтырақ қармақтар 40 граммнан артық болмауы керек, спининг екі-, үшілгекті, капронды қармақ жібінің диаметрі 0,7 мм, қармақтарда қарамақ жіптің ұзындығы 30 метрге дейін, спинингтің катушкасында 100 метрге дейін болуы қажет. Азаматтар демалатын жерден тыс мылтықпен су асты аңшылығын жүргізуге, нан және наннан жасалған өнімдерден және кәсіптік балықтардың шабақтарынан басқа қоректердің барлық түрімен қолдануға болады;
      2) жаздық және қыстық қармақтардың барлық атаулары сонымен бірге бір балықшыға 5 ілгектен аспауы керек және 12 нөмірлі көлемге дейін болуы тиіс. Қармақ жіптің диаметрі 1,0 мм, спининг екі-, үшілгекті, жылтырауық 5 талдан артық болмауы қажет.

14 тарау. Батыс-Қазақстан облысы шегіндегі Орал-Каспий бассейнінің су тоғандары

      64. Осы тараудың Ережесі келесі су тоғандарға арналған:
      1) Батыс-Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені;
      2) Шалқар көлі;
      3) Жайық-Құшмұрын су тоғандар жүйесі;
      4) Қамыс-Самаралық көлдер жүйесінің су тоғандары.
      65. Келесі мерзімде кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға тыйым салынады:
      1) 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында Жайық өзенінің жанама су тоғандарында;
      2) 25 мамыр мен 15 тамыз аралығында Жайық өзенінің түбірлі суларында;
      3) 1 мамыр мен 15 маусым аралығында Құшым өзенінде және Кировск, Битикск, Донголюкск, Пятимарск су қоймаларында;
      4) 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында Шалқар көлінде;
      5) 1 мамыр мен 1 маусым аралығында Жайық-Құшмұрын көлдер жүйесі және Қамыс-Самаралық көлдер жүйесінің су тоғандарында;
      Ескертпе: тыйым салу кезеңінде уәкілетті органның рұқсатымен балықтың санын реттеу, бақылау үшін, ғылыми-зерттеу үшін аулаулар жүргізіледі.
      66. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 40 см, табан балық – 24 см, қаракөз – 17 см, қызыл қанат шұбар балық – 17 см, ақ дөңмаңдай – 75 см, шаян – 9 см, ақмарқа – 41 см, жайын – 53 см, шортан – 30 см.
      67. Аулау құралдарындағы тор көздерінің өлшемі:
      1) сүзекілерде:
      көлді және өзенді: шонтайы – 36 мм, тартпа – 40 мм, қанаты – 44 мм;
      Шалқар көлінде көлді: шонтайы – 44 мм, тартпа – 50 мм, қанаты – 56 мм;
      2) Құрма ауларда:
      жиі кездесетін ірі балықтарға - 55 мм кем емес;
      жиі кездесетін ұсақ балықтарға - 36 мм кем емес;
      3) қабаданда:
      артқы бөшкеде – 40 мм;
      алдыңғы бөшкеде – 50 мм;
      шаян аулағышта – 22 мм.
      68. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүргізіледі:
      1) Жайық өзенінің жағасындағы елді мекендерде (елді мекеннен 1 шақырымнан артық емес), резервті учаскелерде және барлық бекеттерде, тек 10 сәуірмен 15 маусым аралығында Жайық өзенінде және оның барлық жағалық су тоғандарында, ал қалған су тоғандарында 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында тыйым салынады;
      2) қармақтардың барлық атаулары, сонымен бірге бір балықшыға 5 ілгектен аспауы керек және 12 нөмірлі көлемге дейін болуы тиіс. Қармақ жіптің диаметрі 1,0 мм, қысқы жылтырауықтар және спининг екі-, үшілгекті, жылтырауық 5 талдан артық болмауы қажет.
      69. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға тыйым салынады:
      1) кәсіптік балық түрлері қыстайтын шұңқырларда және уылдырық шашу орындарында;
      2) жарылғыш заттарды, электртоғын, шаншып аулайтын құралдарды оқпен атылатын және пневматикалық қаруларды (су асты аңшылығын жүргізуге арналған қару мен тапаншадан басқа), шулату арқылы, қадау және кәсіптік аулауға арналған құралдарды пайдалануға.

5 бөлім. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар

15 тарау. Ақмола облысының су тоғандары

      70. Осы тараудың Ережесі Ақмола облысындағы су тоғандарға арналған.
      71. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға келесі мерзімде тыйым салынады:
      1) 10 сәуір мен 10 мамыр арлағында шортанға;
      2) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында аққайранға;
      3) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында көксеркеге;
      4) 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында тұқыға (сазан).
      Ескертпе: Осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      72. Тыйым салынады:
      1) тескіш аулау құралдарын пайдалануға (өткір шанышқы, пика, қапқан);
      2) өздігінен аулайтын аулау құралдарын пайдалануға (ілмек, тесуші құрал, қақпандарды және қолдан жасалған басқа да аулау құралдар);
      3) элетроқармақ, жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға.
      73. Кәсіптік балық аулау кезінде барлық кәсіптік аулау құралыдарын қолдануға тыйым салынады, тек келесі аулау құралдарынан басқа:
      1) құрма аулар;
      2) қабадандар;
      3) лақтырма және құрма сүзекілер.

16 тарау. Ақтөбе облысының су тоғандары

      74. Осы тараудың Ережесі Ақтөбе облысының аумағында орналасқан су тоғандарға арналған.
      75. Ауасы жеткілікті су тоғандарда балық аулауға тыйым салынады:
      1) 15 сәуірден 1 қыркүйек аралығында Торғай мемлекеттік резерватының аумағында;
      2) облыстың қалған балық шаруашылығы су тоғандарында:
      20 сәуір мен 20 мамыр аралығында шортан, көксерке, беріш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға,тұрпа, тарақ балықтарын;
      20 мамыр мен 30 маусым аралығында сазан, күміс мөңке, алтын мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан балықтарын;
      20 желтоқсаннан 20 қаңтар аралығында нәлім балығын;
      20 қазаннан 20 қараша аралығында ақсаха балығын;
      15 қазаннан 30 маусым аралығында шаяндарды.
      76. Ауасы жеткіліксіз су тоғандарда тыйым салу кезеңінде уәкілетті органның рұқсатымен және ғылыми-зерттеу ұйымның келісуімен балықтарды аулау жүргізіледі.
      77. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан - 24 см, көксерке - 32 см, табан - 20 см, оңғақ - 20 см, аққайран - 20 см, торта - 15 см, мөңке - 16 см.
      78. Аулау құралдарының ең кіші тор көзі:
      1) көл лақтырма сүзекілері:
      шонтайында – 32 мм;
      қанатында – 40 мм;
      2) құрма ауларда – 32 мм;
      3) қабаданда:
      артқы бөшкеде – 32 мм;
      алдыңғы бөшкеде – 36 мм.

17 тарау. Қостанай облысының су тоғандары

      79. Осы тараудың Ережесі Қостанай облысының су тоғандарына арналған.
      80. Жыл бойы келесі учаскелерде кәсіптік балық аулауға тыйым салынады:
      1) Жоғарғы-Тобол су қоймасында, Жоғарғы-Тобол балық питомнигінің мүйісінен Котюбок шығанағының жоғарғы жағы;
      2) Қаратомар су қоймасында:
      Елтай ауылының моласынан Аят бұлағының бөгетіне дейін (Тобол қолтығы);
      стационарлық Рассвет бекетінен Майский ауылына дейін (Аят қолтығы).
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      81. Мұздың еруінен бастап 30 маусым аралығынан әуесқойлық (спорттық) балық аулауға келесі учаскелерде тыйым салынады:
      1) Жоғарғы-Тобол су қоймасында, Жоғарғы-Тобол балық питомнигінің мүйісінен Котюбок шығанағының жоғарғы жағы;
      2) Қаратомар су қоймасында:
      Елтай ауылының моласынан Аят бұлағының бөгетіне дейін (Тобол қолтығы);
      стационарлық Рассвет бекетінен Майский ауылына дейін (Аят қолтығы).
      82. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға келесі учаскелерде және мерзімде тыйым салынады:
      1) Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында: 20 сәуір мен 30 мамыр аралығында тұқы (сазан), табан, оңғақ балықтарын;
      2) Қостанай облысының басқа жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында:
      10-15 сәуір мен 10-15 мамыр аралығында шортанды, аққайранды;
      20 мамыр мен 30 маусым аралығында тұқы (сазан), көксерке, табан, оңғақ балықтарын;
      20-25 қазан мен 20-25 қарашасынан ақсахаларды.
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      83. Тыйым салынады:
      1) тескіш аулау құралдарын пайдалануға (өткір шанышқы, пика, қапқан);
      2) өздігінен аулайтын аулау құралдарын пайдалануға (ілмек, тесуші құрал, қақпандарды және қолдан жасалған басқа да аулау құралдары);
      3) элетроқармақ, жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға.
      84. Құрма аулар, қабадандар, лақтырма және құрма сүзекілерден басқа барлық кәсіптік аулау құралдарына тыйым салынады.
      85. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі):
      1) Қостанай облысының жергілікті маңызы бар ауасы жеткілікті балық шаруашылығы су тоғандары үшін сазан (тұқы) - 26 см, көксерке - 45 см, табан – 20 см, оңғақ – 20 см, шортан - 45 см, нәлім - 45 см, көкшұбар – 16 см, көкшұбар балық - 22 см, пайдабалық – 26 см, ақсаха - 30 см.
      2) Жоғарғы-Тобол және Қаратомар су қоймалары үшін сазан (тұқы) - 45 см, көксерке - 45 см, табан – 22 см, оңғақ – 20 см, шортан - 45 см, нәлім - 45 см, көкшұбар – 16 см, көкшұбар балық - 22 см, пайдабалық – 26 см, ақсаха - 30 см.
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      86. Қостанай облысының жергілікті маңызы бар ауасы жеткілікті балық шаруашылығы су тоғандарында тор көзі рұқсат етілетін аулау құралдары:
      1) лақтырма сүзекілер: шотайында - 30 мм, тартпада – 38 мм, қанатында - 40 мм;
      2) құрма сүзекілер: орамда – 24 мм, аулада – 28, тартпасында – 30 мм;
      3) құрма аулар: жиі кездесетін ірі балық үшін – 50 мм, жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 30 мм;
      4) қабадан: артқы бөшкеде – 28 мм, алдыңғы бөшкеде – 30 мм.
      87. Қостанай облысының жергілікті маңызы бар ауасы жеткіліксіз балық шаруашылығы су тоғандарында тор көзі рұқсат етілетін аулау құралдары:
      1) лақтырма сүзекілер: шотайында - 22 мм, тартпада – 24 мм, қанатында - 30 мм;
      2) құрма сүзекілер: орамда – 20 мм, тартпасында – 22 мм;
      3) құрма аулар: жиі кездесетін ірі балық үшін – 36 мм, жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 22 мм;
      4) қабадан: артқы бөшкеде – 28 мм, алдынғы бөшкеде – 30 мм.
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.

18 тарау. Солтүстік Қазақстан облысының су тоғандары

      88. Осы тараудың Ережесі Солтүстік Қазақстан облысының су тоғандарына арналған.
      89. Уылдырық шашу кезіңінде келесі балық түрлерін аулауға және келесі мерзімде тыйым салынады:
      1) 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында шортанды;
      2) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында аққайранды;
      3) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында көксеркені;
      4) 20 мамыр мен 20 маусым аралығында тұқыны (сазан).
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      90. Қолдануға тыйым салынады:
      1) тескіш аулау құралдарын пайдалануға (өткір шанышқы, пика, қапқан);
      2) өздігінен аулайтын аулау құралдарын пайдалануға (ілмек, тесуші құрал, қақпандарды және қолдан жасалған басқа да аулау құралдары);
      3) элетроқармақ, жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға;
      4) құрма аулар, қабадан, лақтырма және құрма сүзекілерден басқа барлық аулау құралдарын.
      91. Солтүстік Қазақстан облысының ауасы жеткілікті жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан (тұқы) - 26 см, көксерке – 45 см, табан – 20 см, көкшұбар балық - 22 см, оңғақ - 20 см, шортан - 45 см, нәлім -5 см, көкшұбар – 16 см, рипус – 22 мм, пайдабалық - 26 см, ақсаха - 30 см.
      92. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар ауасы жеткілікті балық шаруашылығы су тоғандарында тор көзі рұқсат етілетін аулау құралдары:
      1) лақтырма сүзекілер: шонтайында - 22 мм, тартпада – 38 мм, қанатында - 40 мм;
      2) құрма сүзекілер: орамда – 24 мм, тартпасында - 30 мм, ауласында - 28 мм;
      3) құрма аулар: жиі кездесетін ірі балық үшін – 50 мм, жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 30 мм;
      4) қабадан: артқы бөшкеде – 28 мм, алдыңғы бөшкеде – 30 мм.
      93. Солтүстік Қазақстан облысының ауасы жеткіліксіз жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында тор көзі рұқсат етілетін аулау құралдары:
      1) лақтырма сүзекілер: шонтайында - 22 мм, тартпада – 24 мм, қанатында - 30 мм;
      2) құрма сүзекілер: орамда – 20 мм, тартпасында - 22 мм, ауласында - 22 мм;
      3) құрма аулар: жиі кездесетін ірі балық үшін – 36 мм, жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 30 мм;
      4) қабадан: артқы бөшкеде – 28 мм, алдыңғы бөшкеде – 30 мм.
      Ескертпе: осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.

19 тарау. Жамбыл облысының су тоғандары

      94. Осы тараудың Ережесі Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына арналған.
      95. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) Жыл бойы Тасөткел су қоймасынан жоғары қарай Шу өзені және оның барлық жылғаларында;
      2) 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Талас өзенінде және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында.
      96. Ұланбел ауылынан төмен Шу өзенінің бойындағы орналасқан ауасы жеткіліксіз су тоғандарына, Жамбыл облысы шегіндегі Асса өзені бассейінің Алакөл көлінін төмен орналасқан су тоғандарына және Қозаты көлдер жүйесіне (Талас өзенінің төменгі ағысындағы су тоғандары) қарасты аулау мерзімі, балық аулау құралдарының түрлері және тор көздерінің өлшемдері, кәсіптік балық өлшеміне (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі) қатысты тыйымдар мен шектеулер орнатылмайды.
      97. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 36 см, көксерке – 42 см, табан - 21см, мөңке – 20 см, аққайран және қызыл қанатты шұбар балық – 22 см, торта және тарақ-балық – 19 см, ақмарқа – 31 см, ақ амур және дөңмаңдай – 45 см.
      98. Барлық кәсіптік балық аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады, тек келесі аулау құралдарынан басқа:
      1) лақтырма және құрма аулар;
      2) капронды және нейлонды, құрма және ықпа, бір-, екі-, үшқабырғалы, терезелі аулар;
      3) бір-, екі бөшкелі қабадандар;
      4) жайын және жыланбас балыққа арналған ілгек жабдықтары.
      99. Кәсіптік аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі, ілгек жабдықтары:
      1) лақтырма сүзекілер - 40 мм;
      2) құрма аулар - 36 мм;
      3) бір сызыққа 10 ілгектен артық емес - ілгек жабдығы.

20 тарау. Қарағанды облысының су тоғандары

      100. Осы тараудың Ережесі Қарағанды облысы шегіндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына және Есіл өзеніне арналған.
      101. Жыл бойы келесі учаскелерде балық аулауға тыйым салынады:
      1) Шерубай-Нұра су қоймасы және Шерубай-Нұра өзені келіп құятын сағасының су айдынында, сағадан Шерубай-Нұра өзенінің шегінде 1 шақырым жоғары, Шерубай-Нұра су қоймасында, Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан оңтүстік жағалауда 2 шақырым және солтүстік жағалауда 1 шақырым;
      2) Самарқанд су қоймасының шығыс бөлігінде солтүстік жағалау бойынша 2 шақырым бойы және оңтүстік жағалауда 1,5 шақырым бойы және 0,5 шақырым сағадан шығысқа қарай Нұра өзенінің арнасы;
      3) Шалқар және Рудный көлдерін өзара байланыстырып тұратын жылғада, шығанаққа дейінгі Шалқар көлі, Рудный көлінің жағасынан 0,5 шақырым көлдің ішіне қарай.
      102. Балық аулауға тыйым салынады:
      1) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында - шортан, аққайран, көксеркеге;
      2) 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында - тұқыға (сазан).
      Ескертпе: уәкілетті органның рұқсатымен және ғылыми-зерттеу ұйымының келісуімен осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      103. Келесі аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынады:
      1) жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға;
      2) атылатын қаруларды қолдануға;
      3) үшкір аулау құралдарын;
      4) уәкілетті органның рұқсатымен бақылау үшін және ғылыми-зерттеу мақсаттағы аулаудан басқа осы шектулер мен тыйымдарда орнатылған аулау құралдарының кіші көз тормен және электраулауларды қолдануға.
      104. Кәсіптік аулау құралдарымен аулауға тыйым салынады, тек келесіден басқа:
      1) ең кіші тор көздері бар лақтырма сүзекілер:
      шонтайында – 30 мм;
      қанатында – 40 мм;
      2) ең кіші тор көздері бар құрма аулар:
      жиі кездесетін ірі балық үшін – 50 мм;
      жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 30 мм;
      3) ең кіші тор көздері бар қабаданда:
      артқы бөшкеде – 28 мм;
      алдыңғы бөкеде – 30 мм.
      105. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 24 см, көксерке - 32 см, алтын мөңке - 20см, оңғақ – 20 см, шортан - 35 см, ақ амур - 45 см, дөңмаңдай - 45 см, көкшұбар, будан ақсаха - 22 см.

21 тарау. Қарағанды облысы шегіндегі Қаныш Сатпаев  атындағы канал

      106. Осы тараудың Ережесі Қарағанды облысы шегіндегі Қаныш Сатпаев атындағы каналдың су тоғандарына арналған.
      107. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады:
      1) 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында шортан және көксерке балықтарына;
      2) 1 мамыр мен 15 мамыр аралығында тұқы (сазан) балығын.
      Ескертпе: уәкілетті органның рұқсатымен және ғылыми-зерттеу ұйымының келісуімен осы тармақтың Ережесі ғылыми-зерттеу, бақылау үшін аулау, өсімін молайту және олардың санын реттеу үшін аулауға арналмаған.
      108. Келесі аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады:
      1) жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға;
      2) атылатын қаруларды қолдануға;
      3) үшкір аулау құралдарын;
      4) электраулау;
      5) уәкілетті органның рұқсатымен бақылау үшін және ғылыми зерттеу мақсаттағы аулаудан басқа, осы шектулер мен тыйымдарда орнатылған аулау құралдарының кіші көз торын және электраулауларды қолдануға.
      109. Кәсіптік аулау құралдарын қолдануға тыйым салынады, тек келесіден басқа:
      1) ең кіші тор көздері бар лақтырма сүзекілер:
      шонтайында – 22 мм;
      қанатында – 34 мм.
      2) ең кіші тор көздері бар 25 метр және одан артық құрма аулар:
      жиі кездесетін ірі балық үшін – 45 мм;
      жиі кездесетін ұсақ балық үшін – 30 мм;
      3) ең кіші тор көздері бар қабаданда:
      артқы бөшкеде – 22 мм.
      110. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан (тұқы) - 30 см, көксерке - 32 см, шортан - 35 см, ақ амур - 45 см, дөңмаңдай – 45 см.