Қазақстан Республикасында банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4847 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 139 (1168) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5156 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 192 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5443 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Орталық - Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік берген заңды тұлға;";
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы көлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдаған күнінен бастап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің басқа жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Алушы қор) тапсырылуы аяқталғанға дейінгі кезеңге тағайындалады.";
7-тармақтың 1) тармақшасы:
үшінші абзац "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстарына;";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) ұйымның басшы қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетеді;";
12-тармақ:
6-1) тармақша "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
"6-2) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты шығыстары;";
15-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"27) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеушінің қызмет көрсетулері;";
19-1-тармақта:
"1) - 6-1)" деген цифрлар "1) - 6-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"жүз" деген сөз "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;
"елу" деген сөз "жүз" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақта:
1) тармақшада "сақтандыру шарттарын (полистерді)" деген сөздерді "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандыру полистерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "шарт (полис)" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
1) салымшыларға мәлімет үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылғаны туралы ақпаратты жеткізеді. Хабарландыруда уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдау күні, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің Алушы қорға тапсыруы уақытша әкімшілікпен оның таңдауы бойынша жүзеге асырылатыны туралы ақпаратты қамтиды, таңдауы туралы ақпаратты уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
2) уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыру туралы және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімнің көшірмесін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және банктік шоттары бар банктерге, сондай-ақ кастодиан банкке көшірмесін береді;
3) тағайындалған сәтінен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге және кастодиан банкке жинақтаушы зейнетақы қорының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қойған қолдарының үлгілері бар жаңа карточкаларды береді;
4) жинақтаушы зейнетақы қорына келіп түскен қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның, оның ішінде зейнетақы жарналарының, дебиторлық берешектің, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының, өсімпұл мен айыппұлдардың есепке алынуын, қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтерінің, басқа кірістердің, жинақтаушы зейнетақы қорының аванстық төлемдерін, меншік құқығындағы жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден түскен қаражаттың қайтарылуын бақылайды;
5) меншікті активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін түгендейді, оның нәтижесі бойынша мыналарды көрсете отырып, зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы актіні жасайды:
жасалған және қолданылуы тоқтатылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың жалпы тізімін, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоты бар, осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты туралы мәліметтері жоқ салымшылар тізімін;
міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, оларда мынадай ақпарат қамтылады:
жеке зейнетақы шотының нөмірі;
салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
салымшының (алушының) жынысы;
әлеуметтік жеке коды және салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса - жеке бірегейлендіру нөмірі;
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні;
салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
салымшының (алушының) мекен-жайы, тұрғылықты жері, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық түсімдердің сомасы туралы мәліметтер;
жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттар бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударым жасауға жататын жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) тізімі;
инвестициялық портфельдің құрылымы, уақытша әкімшілікті тағайындау күніне шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдықтары, ұлттық бірегейлендіру нөмірін, айналыста болу мерзімін, санын (данасын), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, пайыздар мен дивиденттер бойынша есептелген кірісті, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шотының аясында ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы жалпы бағалы қағаздар санын көрсете отырып, берілетін бағалы қағаздар тізбесі;
зейнетақы активтері орналастырылған басқа қаржы құралдарының сомасы, саны, және тізбесі;
міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есепке алынған сомалар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымына, кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына комиссиялық сыйақы сомалары, өзге міндеттемелер;
6) бұдан әрі зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, қажет болғанда зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдайды және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі мүшелерінің қатарынан осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитеттің құрамына кіретін қызметкерді белгілейді;
7) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің есебін жүзеге асыруды жалғастырады;
8) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін пруденциалдық нормативтерді және басқа міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді жалғастырады;
9) қаржылық және өзге де есептілікті қалыптастырып, уәкілетті органға тапсырып отыруды жалғастырады;
10) қажет болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
11) жинақтаушы зейнетақы қорында есептелген теріс комиссиялық сыйақы сомасы болса, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен берешек сомасын өтеу бойынша және осы соманы кейіннен салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шотына аудару жөніндегі операцияларды Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін жүзеге асырады;
12) зейнетақы активтерін Алушы қордың кастодиан банкіне (уақытша әкімшілік белгілеген мерзімде) табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіндегі шотын жабады;
13) жинақтаушы зейнетақы қорының картотекасынан "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары" шоттары бойынша төлем құжаттарын төлеушілердің бұл құжаттарды қайтарып алу туралы өкімдерінің негізінде қайтарады;
14) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға табыстау туралы ақпаратты салымшыларға мәлімет үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы жеткізеді;
15) жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күнге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы және зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аударым жасайды;
16) жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күнге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттар бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқығы бар салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.";
28-1 және 29-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға беру
29-1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға тапсыруды уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, жаңа және бұрынғы кастодиан банктері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымдардың арасында жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актінің негізінде уәкілетті органның келісімі бойынша уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
29-2. Уақытша әкімшілік, оны тағайындаған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау туралы ұсыныстарын жібереді.
Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдауға ниеттенген жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау туралы ұсыныс жіберілген күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде уақытша әкімшілікке ерікті нысанда жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдауға ниеттенгені туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) береді, оған қоса мыналарды береді:
1) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының өтімділігін жақсартуға қажетті шараларды көздейтін іс-шаралар жоспарын, онда осы жоспарды орындау мерзімдері мен жауапты адамдары көрсетіледі;
2) лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдауға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің және салымшылардың (алушылардың) азаюы салдарынан зейнетақы активтері мөлшерінің он бес, он және бес пайызға ықтимал азаюына өткізілген стресс-тестингтің қорытындылары.
29-3. Уақытша әкімшілік ұсынысты жіберген күнінен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Ереженің 29-2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Өтініш берген жинақтаушы зейнетақы қорлары қатарынан және мынадай талаптарға сәйкес келетін Алушы қорды таңдайды:
1) Өтінішті беру күніне дейінгі соңғы бес жыл бойы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
2) Өтінішті берген күнге дейін кем дегенде бір жыл бұрын астанада, республикалық маңызы бар қалада және лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары лицензиядан айырылғанға дейінгі соңғы бір жыл бойы қызметті жүзеге асырған облыстарда тіркелген филиалдардың болуы;
3) Өтінішті бергенге дейінгі соңғы алты ай ішінде уәкілетті органмен белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оның Өтініш берген күніне, лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мөлшерінен кем емес шамада болады;
5) Өтініш бергенге дейін соңғы он екі айда жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның басшы қызметкерлеріне уәкілетті орган қолданған санкциялардың болмауы;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының барлық ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларының, ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Өтініш беру күніне дейін кем дегенде бір жыл бұрын берілген уәкілетті органның ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімінің болуы;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (заңды тұлға) Өтінішті бергенге дейінгі соңғы бес жылда дефолтқа және (немесе) өзінің міндеттемелерінің қайта құрылымдауына жол бермеген.
Осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талап лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау салдарынан меншікті капитал жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді бұзуға жол берген жинақтаушы зейнетақы қорына таралмайды.
Ұсынысты жіберген күнінен бастап жеті күнтізбелік күн өткен соң Өтініштер болмаған немесе өтінішті берген жинақтаушы зейнетақы қоры осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уақытша әкімшілік лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін мемлекеттік қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесіне тапсыруды жүзеге асырады.
29-4. Уақытша әкімшіліктің лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің табысталуы жүзеге асырылатын Алушы қорды таңдау туралы шешімі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Уақытша әкімшіліктің Алушы қорды таңдау туралы шешімін келісуді уәкілетті органның Басқармасы жүзеге асырады.
29-5. Уақытша әкімшіліктің Алушы қорды таңдау туралы шешімі уәкілетті органмен келіскеннен кейін уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, бұрынғы және жаңа кастодиан банктердің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасындағы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы қорға табыстау рәсімдерін айқындайтын Келісімге қол қойылады.
29-6. Келісімге қол қойылғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Алушы қорға қабылдау-өткізу актісі бойынша ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін және ашық жеке зейнетақы шоты бар, Алушы қор оларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашатын осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру шарты туралы мәліметтері жоқ, салымшылардың тізімін береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Орталыққа Алушы қорға берілетін, мәліметтері міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілген жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан міндетті зейнетақы жарналар салымшыларының тізімін береді. Осы тізім мәліметтерді Орталыққа берген күнінің алдындағы күннің аяғындағы жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының осыған ұқсас тізіміне сәйкес келуі тиіс.
Орталық жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінен жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын жасасқан, Алушы қорға берілетін міндетті зейнетақы жарналар салымшыларының тізімін алған күнінен кейін келетін күннен кешіктірмей оларды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізеді және ол туралы Алушы қорды және жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша әкімшілігін хабардар етеді.
Алушы қор Орталықтың мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы электронды хабарлама алған күні салымшыға (алушыға) автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында жеке зейнетақы шотын ашады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Орталықтың мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы электронды хабарламаны алған күні салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабады.
Алушы қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашқан күнінен кейін келетін күннен кешіктірмей уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, жаңа және бұрынғы кастодиан банктерінің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасында зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.
29-7. Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісі ресміделген кезде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) тапсыру күніне зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:
шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдықтары;
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы (ұзақ мерзімді және/қысқа мерзімді) қағаздардың жиынтық құны және тапсырылатын ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыста болу мерзімі, саны (дана) сатып алу бағасы, бір бағалы қағаз бірлігінің ағымдағы құны, пайыздар мен дивидендтер бойынша есептелген кірісі, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының есепке алу жүйесінде кастодиан банктің жеке шотының аясында ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетілген бағалы қағаздардың тізбесі;
"кері репо" операциялар бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жиынтық сомасы және ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыста болу мерзімі, саны (данасы), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаз бірлігінің ағымдағы құны, жабылу бағасы және пайыздар бойынша есептелген кірісі көрсетілген тапсырылатын бағалы қағаздардың тізбесі;
екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде) және банктің атауы, салым сомасы, банктік салым туралы шарт жасалған күні, шарттың қолданыста болу мерзімі, салым бойынша жылдық сыйақы ставкасы, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары көрсетілген салымдардың тізбесі;
зейнетақы активтері орналастырылған басқа қаржы құралдарының сомасы, саны және тізбесі, міндеттемелер сомасы, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымына, кастодиан банкке, зейнетақы активтерін қабылдайтын жинақтаушы зейнетақы қорына комиссиялық сыйақы сомалары, өзге міндеттемелер;
2) өтелген теріс комиссиялық сыйақыдан жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасалған сомалар;
3) мәліметтері міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілген, жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі;
4) ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі;
5) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтері жоқ ашық жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың тізімі;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті жөніндегі шарттар бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты аударылмаған салымшылардың (алушылардың) тізімі.
29-8. Салымшылармен жасалған міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының және жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы өтініштердің түпнұсқалары барлық оларға қоса берілетін құжаттарымен Алушы қорға құжаттарды қабылдау-тапсыру актінің негізінде тапсырылады.
29-9. Осы Ереженің 29-7-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген салымшылардың тізімінде мынадай ақпарат қамтылады:
жеке зейнетақы шотының нөмірі;
салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
салымшының (алушының) жынысы;
әлеуметтік жеке коды және салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса - жеке бірегейлендіру нөмірі;
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;
салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
салымшының (алушының) мекен-жайы, тұрғылықты жері;
жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық түсімдердің сомалары туралы.
Осы Ереженің 29-7-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген салымшылар тізіміне қосымша Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару туралы электрондық хабарламаның деректемелері туралы ақпарат кіреді.
29-10. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Алушы қордың шоттарына аударым жасау Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал шетелдік кастодиан банктердің шоттарындағы активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
29-11. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күнге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы және зейнетақы аннуитет шарттары бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдарын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған күнінен бастап және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен он күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры алымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударым жасау тоқтатыла тұрады.
29-12. Алушы қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдағаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
29-13. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрағаның міндетін атқарушы Қ. Қожахметов