Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5728 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың Мемлекеттік жүйесі туралы" 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты берудің уақтылығын қамтамасыз ету және бірыңғай мемлекеттік тіркеуді жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесімен төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты ұсыну мен жинауды жүзеге асыру барысындағы әрекетінің жұмысын басқару қамтамасыз етілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-Министрі генерал-майор В.В Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң өз күшіне енгізіледі.

       Министр                                       В. Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 22 маусымдағы  
N 137 бұйрығымен бекітілген

Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы  кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау

      1. Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі осы Нұсқау төтенше жағдайлардың қауіп - қатері, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесін, өзінің күштері және құралдарымен жоюға қабілетсіз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар жүйені анықтайды.
      2. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
      қалалардың, аудандардың, қаладағы аудандар, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына;
      ұйымдармен (меншік түріне тәуелсіз) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне.
      аймақтық төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті аймақ әкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен шектес болғандарға және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық бірлігімен шектес әкімдерге;
      ведомствоға бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдай туралы орталық атқару органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне;
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесімен ақпаратты анықтағаннан кейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жағдайдың дамуына байланысты тиісті орталық атқарушы органдарға.
      3. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне әрекеттегі барлық арналар мен байланыс түрлері бойынша шұғыл хабарлама табеліне сәйкес, соның ішінде келесідей уақытша сипаттамалары бар электронды поштаны пайдалану арқылы беріледі:
      төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындауы туралы шұғыл ақпарат (баяндамалар), төтенше жағдайларды жоюдың күштері мен құралдарын шұғыл басқару бойынша ақпарат, басқа шұғыл ақпарат – төтенше жағдай туындағаннан кейін кідірмей;
      төтенше жағдай кезіндегі жағдай туралы және оларды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы анықталған ақпарат – соңғы 30 минут ішінде;
      төтенше жағдайды жою бойынша жүргізілген жұмыстар мен құтқару операцияларының барысы туралы анықталып жатқан деректер – екі сағат мерзімділігімен;
      анықтамалық ақпарат – сұраным кезінен бастап бір сағаттан кешікпей;
      төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды басқару кезіндегі тәулік ішінде жүргізілген іс-шаралар туралы қорытылған ақпарат – күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
      табиғи орта мен төтенше жағдай аймағындағы ықтимал қауіпті нысандардың жағдайы туралы ақпарат және шұғыл емес ақпараттың басқа да түрлері - күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
      сейсмикалық жағдай туралы ақпарат – күн сайын, апталық болжам – аптаның әрбір үшінші күні, ал қауіп төнген кезеңде (жоғарғы даярлық режимі) – бекітілген кесте бойынша күн сайын;
      гидрометереологиялық құбылыстар жөніндегі ақпарат – күн сайынғы болжам 17.00 сағатта, дауылды ескерту – қауіпті метереологиялық құбылыстардың туындау қаупі немесе туындауы немесе зиянды заттармен табиғи ортаның ластануы кезінде дереу;
      төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі санитарлық–эпидемиологиялық жағдайдың өзгерісі және медико–санитарлық салдары туралы ақпарат – дереу.
      4. Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел қызметтер төтенше жағдай саласындағы ақпаратты өз құзыры аясында басқарманың өзара әрекет етуші органдарынан сұрайды және алады.
      5. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына ұйым және мемлекеттік басқару органдары басшыларының қол қоюына, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарының басшыларының қол қоюына, өзгеше жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдары жедел кезекшілерінің қол қоюына жіберіледі.
      6. Барлық төтенше жағдайлар үшін ақпарат 7, 8-тармақта келтірілген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы көрсеткіштерінің біреуі белгіленген жағдайда ұсынылады.
      7. Техногенді сипаттағы жағдай.
      Транспорттық авариялар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны үш адам және одан көп;
      теміржол транспортында - өрттер, жарылыстар, апаттар, магистральды тасымалда жылжымалы құрамның шығуы және поезд қозғалысын 1 сағаттан аса уақытқа тоқтататын төсемнің бұзылуы;
      автомобиль транспортында – соның ішінде көлік жолдарындағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнімдерінің, жанғыш және улы заттардың, прекурсолар мен басқа да заттардың 1 тоннадан аса мөлшерде төгілуі;
      жер мен әуедегі әуе кемелерімен болған авиаапаттар мен оқиғалар; ұшу алаңдары мен аэропорттағы өрттер, жарылыстар; ұшу апараттарының бөлігі мен сынықтарының құлауы;
      су транспортында – өрттер, жарылыстар, тасқын сулар;
      магистральды құбырларда – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, ажыраулар; мұнайдың 1 тонна көлемінде немесе газдың 100 м 3 және одан көп мөлшерде авариялық тасталуы.
      Өндірістік авариялар мен оқиғалар, өндірістегі жарақаттар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
      шахтадағы авариялар – қираулар, таулы өнімдердің үйінділері, шахта жұмысының бүтіндей тоқталуына әкелетін технологиялық процестердің бұзылуы;
      өндірістік авариялар – мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 тоннадан аса тасталуы; мұнай газдарының фонтандары (құрамында мұнай мен газы бар күкірт сутектерінің 100 м 3 аса шығарылуы), өрттер; жарылыстар; су басулар; теңіз құрылысы мен платформалардың құлауы; республика аймағы мен іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына кері әсері: Солтүстік Каспийдің аса елеулі экологиялық аймағының ластануы; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарының кенеттен қирауы.
      Өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенет шығарылуы, технологиялық процестің бұзылуы – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
      өнеркәсіп және құрылыс нысандарында – реңдік мәнін, ең мүмкін шоғырлануын, ең мүмкін деңгейлерін айтарлықтай артатын қоршаған ортаның ластануы;
      энергетикалық нысандар мен энергоблоктарда (гидроэлектрстанцияларда, жылуэлектрстанцияларда және электр желілерінде), – электрмен жабдықтауды тоқтатудың авариялық жағдайы;
      шахтада, жерасты және таулы өндірістерде – өрттің кез–келген жағдайы;
      биологиялық, химиялық, радиациялық–қауіпті нысандарда – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылатын технологиялық учаскелердің жануы;
      әлеуметтік–тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды, билік органдарында, мемлекеттік меншіктің, діни конфессиялар, елшіліктер мен дипломатиялық өкілдердің аса маңызды нысандарында – өрттің кез–келген жағдайы;
      ауылшаруашылық нысандарында – 50 бас ірі қара малдың өлуі және одан көп; 100 үй құсының өлуі және одан көп; 100 тонна және одан да көп пішеннің өртенуі;
      жаратын құрылғының жарылуы, жарылғыш заттар мен жаратын құрылғыны, оқ–дәрілерді табу (жоғалту) – бақыланбайтын жарылыстың кез–келген жағдайы, жарылғыш заттар немесе жаратын құрылғыны табу немесе жоғалту.
      Шығарумен болған авариялар, күшті әсер ететін улы заттарды, биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту) – тұрғындарға зақымдау қаупі, шығарумен болған аварияларды тіркеудегі кез–келген жағдай немесе кемуі, көзін табу немесе жоғалтудың кез–келген жағдайы.
      Радиоактивті заттардың тасталуымен болған авариялар – аварияны тіркеудің немесе радиоактивті заттарды табудың (жоғалтудың) кез–келген жағдайы:
      атом электрстанцияларында (одан әрі - АЭС), ғылыми–зерттеу мекемелерінде – санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивті ластануы 100 және одан көп; АЭС үшін болуы мүмкін тәуліктік тастамалардан 10 есе артық радиоактивті заттардың шығарылуы; трансшекаралық таралуға әкелетін радиоактивті заттардың шығуымен болатын кез–келген авариялар.
      Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар мен қираулар – шаруашылық нысандары іс–әрекетінің бұзылуына әкелген; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер – бір адам және одан да көп:
      бөгеттердің бұзылуы (дамбалар, шлюздар)– тұрғындар мен аймақтарға қауіп төндіруі;
      электроэнергетикалық жүйелерде (гидроэлектрстанцияларда, теплоэлектрстанцияларда, электр желілерінде) – электрэнергияны, жылу мен су беруді 1 тәулікке және одан көпке ажыратуға әкелу;
      тіршілікпен қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде (жылу желілерінде, ауыз сумен, коммуналдық газ құбырларымен қамтамасыз ету) – 50 адамнан аса тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайының бұзылуына әкелу;
      қарқынды суды тазарту құрылысында;
      транспорттық қатынас элементтерінің кенеттен қирауы (көпірлердің, туннельдердің және басқа да құрылыстардың), соның ішінде салынып жатқан; ғимараттар мен тұрғын үй, өнеркәсіп құрылыстары, әлеуметтік–тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстар.
      Табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы:
      атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат ішінде 30–49 есе; 2 тәулік ішінде 20-29 есе; қышқыл шөгінділерінің көлемді аймағының пайда болуы;
      теңіз (өзен) суының жоғарғы қабатының ластануы – ластаушы заттардың максималды бір жолғы артуы 100 есе және одан көп, егер бұл акваториялар хроникалық ластану зонасы болып табылмаса; су исінің 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы; балықтар мен басқа да су организмдерінің жойылуына әкеліп соқтыратын улағыш заттардың пайда болуы; ерітінді оттек құрамын 2 мг/л және одан аз төмендету; көлемі 6 км 2 су айдынының 1/3 және одан көп ауқымын төсеммен жабу; ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы;
      топырақтың ластану – ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы; химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 есе және одан да көп артуы немесе радиоактивті заттар бойынша 100 есе және одан көп; жер қойнауының өндірістік сипаттағы токсиканттармен ластануы; бедерсіз бір түстердің 50 немесе 100 есе артуы; жер қыртысының санитарлық токсикологиялық белгілер бойынша пестицидтермен 50 көп немесе 100 га аумақта фототоксикологиялық белгілер бойынша 100 көп ластануы.
      8. Табиғи сипаттағы жағдай.
      Жер сілкінісі – Рихтер шкаласы бойынша 2 және одан көп балл.
      Геологиялық қауіпті құбылыстар: жердің үстіңгі қабатының көшкіндері, үйінділері, белдіктері, шөгінділері – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп.
      Метереологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
      күшті жел (соның ішінде құйындар мен дауылдар) – желдің жылдамдығы қарқынды кезінде 25 м/сек және одан көп, таулы аймақтарда 30-35 м/сек дейін;
      iрі бұршақ – бұршақ диаметрі 20 мм және одан көп;
      күшті жаңбыр (нөсер) – жауын–шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлі қауіпті аудандарда – 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп;
      күшті қар – жауын–шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан  көп;
      күшті боран (қарлы борасындар) – желдің 15 м/сек жылдамдығы кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      күшті тайғақ, қатты мұз басу, жабысқақ қар – сымдардағы шөгінділердің диаметрі 20 мм және одан көп, жол учаскелеріндегі мұздың болуы 1 км және одан көп;
      күшті аяз, күшті ыстық – жергілікті органдармен анықталады;
      қатқақ – вегетативті мезгілде ауа температурасының төмендеуі (топырақтың жоғарғы қабатында) 0 о С төмен; ауылшаруашылығы мәдениетінің белсенді вегетациясы кезіндегі олардың жойылуына әкелетін мезгілдер (көктем–жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгілдер (жаз–күздің басы);
      құрғақшылық – 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндіз 30% және одан аз, бұл 35 мм және одан аз ылғал қоры кезінде өсімдіктердің бұзылуын туғызатын жер қыртысының метрлік қабатында;
      күшті тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкіндігі 100 м және одан аз;
      күшті шаңды (топырақты) дауылдар – желдің 15 м/с және одан көп басым жылдамдығында ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      аңызақ жел – 5 м/с қатты жел мен гүлдену, дәннің пісіп жетілу мезгіліндегі ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 5 күн ішінде сақталуы 25 о С.
      Гидрологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер – үш адам және одан көп:
      тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
      судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өндірістік аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен;
      селдер – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердің өтуі;
      қарлы борасындар – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкіндерінің түсуі.
      Табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер бір адам және одан көп; 50 бас және одан көп ірі қараның өлуі; 100 бас және одан көп үй құсының өлуі; 100 тонна және одан көп пішеннің өртеніп кетуі:
      орман өрттері – 2 га және одан көп ауқымда;
      далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда;
      дәнді және басқа дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда;
      мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттің кез–келген жағдайы;
      жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы.
      Жұқпалы аурулар мен уланулар:
      жұқпалы аурулар – ауырғандар немесе аса қауіпті жұқпалы аурулардың – чума, тырысқақ, безгек сияқты вирусты тасығыштар анықталған кезінде; әрбір өліммен аяқталар диагноз немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға – бруцеллез, бөртпе сүзек, жамандат, құтыру, туляремия, крымдық геморрагиялық безгек, Эбол безгегі сияқты; әрбір анықталған ауру – құтыру, жапондық энцефалит, малярия жағдайында; аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде: бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 5 және одан көп – бруцеллез, эпидемиялық; бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 10 және одан көп – іш сүзек, паратиф, геморрагиялық безгек, лептоспироз, энцефалит, Ку безгегі сияқты; менингококтық індет 15 және одан көп аурулар санымен; дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және 25 ауру және одан көп адам санымен белгіленген немесе белгіленбеген этиологияның басқа да қатты ішек аурулары; 20 ауру және одан көп адам санымен анықталмаған этиологияның бір уақытта туындаған аурулары кезінде, 15 және одан көп аурулар санымен диагнозы анықталмаған безгек аурулары; этиологиясына байланыссыз топтық аурулар 50 және одан көп адам санымен;
      сәулелік зақымданулар қатты немесе созылмалы сәулелік аурулар, жергілікті сәулелік зақымдану диагнозы анықталған әрбір жағдайда;
      тағамдық улану – зардап шеккендер санына қарамастан өндірістің тағамдық саласының кәсіпорындарымен, қоғамдық тамақтану мен балалар және емдік-профилактикалық мекемелердің тағамдық одақтарымен байланысты тағамдық улану жағдайында.
      Анықталмаған улы заттармен улану – жаппай жойылу, соның ішінде жабайылар, өлім (саны) мен ауру орташа статистикадан 3 және одан көп асып түскенде.
      Өсімдіктердің ауруы мен жойылуы (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті және жаппай ауруы; жабайы өсімдіктердің аса қауіпті және жаппай жойылуы) - өсімдіктің жойылуы (күюлер, қураулар мен басқа да белгілер), соның ішінде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері, 0,25 га ауқымда; зиянды жәндіктердің жаппай жойылуы.
      Суда батып кеткендер – бір адам және одан көп.
      Астрономиялық қауіпті құбылыстар:
      аспан денелерінің құлауы – аспан денелері құлауының кез-келген жағдайы;
      ғарыштық ұшқыш аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тіркелудің кез-келген жағдайы;
      жер айналасы ғарыштық кеңістігіндегі радиациялық жағдайдың нашарлауы – протон ағымының қысымы энергиясымен 25 мэв 5х10 см ауқымда;
      аномальды атмосфералық құбылыстың пайда болуы – тіркелудің кез-келген жағдайы.
      9. 6-тармақта қарастырылмаған төтенше жағдай туралы ақпаратты бағыттау туралы шешім ұйым басшылығымен, әкім аппаратымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен оның нақты жағдайын және төтенше жағдайдың туындау мүмкіндігін, маңыздылығын есепке ала отырып қабылдайды.