Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5728 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың Мемлекеттік жүйесі туралы" 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты берудің уақтылығын қамтамасыз ету және бірыңғай мемлекеттік тіркеуді жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесімен төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты ұсыну мен жинауды жүзеге асыру барысындағы әрекетінің жұмысын басқару қамтамасыз етілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-Министрі генерал-майор В.В Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң өз күшіне енгізіледі.

       Министр                                       В. Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 22 маусымдағы  
N 137 бұйрығымен бекітілген

Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде
ақпаратты беру жөніндегі нұсқау

      Ескерту. Нұсқау жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.12.2013 № 565 бұйрығымен (бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі осы Нұсқау төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесін, өзінің күштері және құралдарымен жоюға қабілетсіз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар жүйені анықтайды.
      2. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
      қалалардың, аудандардың, қаладағы аудандардың, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына;
      ұйымдар – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне.
      Аймақтық төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті аумақтың әкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шектес аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының шектес әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне;
      орталық атқарушы органдар ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне;
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі ақпаратты анықтағаннан кейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығына, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жағдайдың күрделенуіне байланысты тиісті орталық атқарушы органдарға.
      3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне байланыстың, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз етудің барлық қолданыстағы арналары мен жүйелері (түрлері) арқылы мынадай уақыт сипаттамаларымен беріледі:
      төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындауы туралы шұғыл ақпарат (баяндамалар), төтенше жағдайларды жоюдың күштері мен құралдарын шұғыл басқару бойынша ақпарат, басқа шұғыл ақпарат – төтенше жағдай туындағаннан кейін кідірмей;
      төтенше жағдай кезіндегі жағдай туралы және оларды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы анықталған ақпарат – соңғы 30 минут ішінде;
      төтенше жағдайды жою бойынша жүргізілген жұмыстар мен құтқару операцияларының барысы туралы анықталып жатқан деректер – екі сағат мерзімділігімен;
      анықтамалық ақпарат – сұраным кезінен бастап бір сағаттан кешікпей;
      төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бір тәулік ішінде атқарылған іс-шаралар туралы жинақталған ақпарат – күн сайын сағат 05.00-ге және 20.00-ге қарай – қажет болған жағдайда «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі жедел кезекшісінің сұранысы бойынша;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің жай-күйі туралы мәліметтер – күн сайын сағат 05.00-ке қарай – қажет болған жағдайда «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі жедел кезекшісінің сұранысы бойынша;
      сейсмикалық жағдай туралы ақпарат – күн сайын, апталық болжам – аптаның әрбір үшінші күні, ал қауіп төнген кезеңде (жоғарғы әзірлік режимі) – дереу;
      гидрометеорологиялық құбылыстар жөніндегі ақпарат – күн сайынғы болжам сағат 16.00-ге қарай, дауылды алдын ала ескерту – қауіпті метеорологиялық құбылыстардың туындау қаупі немесе туындауы немесе зиянды заттармен табиғи ортаның ластануы кезінде - дереу;
      төтенше жағдайлар туындаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруі және медициналық-санитариялық салдары туралы ақпарат – дереу.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармалары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпаратты өз құзыреті шегінде күнделікті басқарманың өзара іс-қимыл жасайтын органдарынан сұрайды және алады.
      5. Ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының басшылары қол қойған төтенше жағдайлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қойған, ерекше жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің жедел кезекшілері қол қойған – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне жіберіледі.
      6. Барлық төтенше жағдайлар үшін ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың жiктемесiне сәйкес, сондай-ақ келтірілген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар өлшемдерінің 7, 8-тармақтарында келтірілген көрсеткіштерінің біреуі белгіленген жағдайда ұсынылады.
      7. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өлшемдері:
      1) көліктік авариялар:
      теміржол көлігінде – 1 сағаттан астам уақытқа пойыздар қозғалысының тоқтауына алып келген өрттер, жарылыстар, апаттар, магистральды тасымалда жылжымалы құрамның жолдан шығуы мен жол төсемінің бұзылуы; қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар саны үш адам және одан көп болуы;
      автомобиль көлігінде – соның ішінде көлік жолдарындағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнімдерінің, жанғыш және улы заттардың, реакциялық заттар мен басқа да заттардың 1 тоннадан аса мөлшерде төгілуі;
      жер мен әуедегі әуе кемелерімен болған авиациялық апаттар мен авиациялық инциденттер; ұшу алаңдары мен әуежайлардағы өрттер, жарылыстар; ұшу апараттарының бөлшектері мен сынықтарының құлауы; қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, жарақаттанғандар саны үш адам және одан көп болуы;
      су көліктерінде – өрттер, жарылыстар, суға бату; қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, жарақаттанғандар саны үш адам және одан көп болуы;
      магистральды құбырларда – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, ажыраулар; қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, жарақаттанғандар саны үш адам және одан көп болуы; мұнайдың 1 тонна немесе газдың 100 м 3 және одан артық көлемде авариялық шығуы;
      2) өндірістік авариялар мен оқиғалар, өндірістегі жарақаттар – қаза тапқандар, жараланғандар, жарақаттанғандар саны бір адам және одан көп болуы:
      шахтадағы авариялар – қираулар, таулы өнімдердің үйінділері, шахта жұмысының бүтіндей тоқталуына әкелетін технологиялық процестердің бұзылуы;
      өндірістік авариялар – мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 тоннадан аса тасталуы; мұнай газдарының фонтандары (құрамында мұнай мен газы бар күкірт сутектерінің 100м3 аса шығарылуы), өрттер; жарылыстар; су басулар; теңіз құрылысы мен платформалардың құлауы; республика аймағы мен іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына кері әсері: Солтүстік Каспийдің аса елеулі экологиялық аймағының ластануы; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарының кенеттен қирауы;
      3) өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенет шығарылуы, технологиялық процестің бұзылуы – қаза тапқандар, жараланғандар, жарақаттанғандар саны бір адам және одан көп болуы:
      өнеркәсіп және құрылыс нысандарында – қоршаған ортаның ластануы фондық мәнінің немесе рұқсат етілген шоғырлану шегінен, рұқсат етілген деңгей шегінен айтарлықтай артуы;
      энергетикалық нысандар мен энергоблоктарда (гидроэлектрстанцияларда, жылуэлектрстанцияларда және электр желілерінде), – электрмен жабдықтауды тоқтатудың авариялық жағдайы;
      шахтада, жерасты және таулы өндірістерде – өрттің кез-келген жағдайы;
      биологиялық, химиялық, радиациялық-қауіпті нысандарда – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылатын технологиялық учаскелердің жануы;
      әлеуметтік–тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды, билік органдарында, мемлекеттік меншіктің, діни конфессиялар, елшіліктер мен дипломатиялық өкілдердің аса маңызды нысандарында – өрттің кез–келген жағдайы;
      ауылшаруашылық нысандарында – 50 бас ірі қара малдың өлуі және одан көп; 100 үй құсының өлуі және одан көп; 100 тонна және одан да көп пішеннің өртенуі;
      жаратын құрылғының жарылуы, жарылғыш заттар мен жаратын құрылғыны, оқ–дәрілерді табу (жоғалту) – бақыланбайтын жарылыстың кез–келген жағдайы, жарылғыш заттар немесе жаратын құрылғыны табу немесе жоғалту;
      4) шығарумен болған авариялар, күшті әсер ететін улы заттарды, биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту) – тұрғындарды зақымдау қаупі, шығарумен болған аварияларды тіркеудегі кез–келген жағдай немесе кемуі, көзін табу немесе жоғалтудың кез–келген жағдайы;
      5) радиоактивті заттардың тасталуымен болған авариялар – аварияны тіркеудің немесе радиоактивті заттарды табудың (жоғалтудың) кез–келген жағдайы:
      атом электрстанцияларында (одан әрі - АЭС), ғылыми–зерттеу мекемелерінде – санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивті ластануы 100 және одан көп; АЭС үшін болуы мүмкін тәуліктік тастамалардан 10 есе артық радиоактивті заттардың шығарылуы); трансшекаралық таралуға әкелетін радиоактивті заттардың шығуымен болатын кез–келген авариялар;
      мемлекет шекарасынан 30 км шегінде радиацияның жоғарғы деңгейін тіркеу кез-келген жағдайлары;
      6) тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар мен қираулар – шаруашылық объектілер жұмысының бұзылуына әкелген; қаза тапқандар, жараланғандар, жарақаттанғандар – бір адам және одан да көп:
      бөгеттердің бұзылуы (дамбалар, шлюздар) – тұрғындар мен аймақтарға қауіп төндіруі;
      электроэнергетикалық жүйелерде (гидроэлектрстанцияларда, теплоэлектрстанцияларда, электр желілерінде) – электрэнергияны, жылу мен су беруді 1 тәулікке және одан көпке ажыратуға әкелу;
      тіршілікпен қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде (жылу желілерінде, ауыз сумен, коммуналдық газ құбырларымен қамтамасыз ету) – 50 адамнан аса тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайының бұзылуына әкелу;
      қарқынды суды тазарту құрылысында;
      транспорттық қатынас элементтерінің кенеттен қирауы (көпірлердің, туннельдердің және басқа да құрылыстардың), соның ішінде салынып жатқан;
      ғимараттар мен тұрғын үй, өнеркәсіп құрылыстары, әлеуметтік–тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстар;
      7) табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы:
      атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат ішінде 30–49 есе; 2 тәулік ішінде 20-29 есе; қышқыл шөгінділерінің көлемді аймағының пайда болуы;
      теңіз (өзен) суының жоғарғы қабатының ластануы – ластаушы заттардың максималды бір жолғы артуы 100 есе және одан көп, егер бұл акваториялар хроникалық ластану зонасы болып табылмаса; су исінің 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы; балықтар мен басқа да су организмдерінің жойылуына әкеліп соқтыратын улағыш заттардың пайда болуы; ерітінді оттегі құрамын 2 мг/л және одан аз төмендету; көлемі 6 км2 су айдынының 1/3 және одан көп ауқымын төсеммен жабу; ауыр металдар (соның ішінде радиоактивті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы;
      топырақтың ластану – ауыр металдар (соның ішінде радиоактивті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы; химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 есе және одан да көп артуы немесе радиоактивті заттар бойынша 100 есе және одан көп; жер қойнауының өндірістік сипаттағы токсиканттармен ластануы; бедерсіз бір түстердің 50 немесе 100 есе артуы; жер қыртысының санитарлық токсикологиялық белгілер бойынша пестицидтермен 50 көп немесе 100 га аумақта фототоксикологиялық белгілер бойынша 100 көп ластануы.
      8. Табиғи сипаттағы жағдай.
      1) жер сілкінісі – MSK-64 шкаласы бойынша 2 және одан көп балл.
      2) геологиялық қауіпті құбылыстар: жердің үстіңгі қабатының көшкіндері, үйінділері, белдіктері, шөгінділері – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар саны бір адам және одан көп;
      3) метеорологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар, жараланғандар, жарақаттанғандар саны бір адам және одан көп болуы:
      күшті жел (соның ішінде құйындар мен дауылдар) – желдің жылдамдығы қанқынды кезінде 25 м/сек және одан көп, таулы аймақтарда 30-35 м/сек дейін;
      iрі бұршақ – бұршақ диаметрі 20 мм және одан көп;
      күшті жаңбыр (нөсер) – жауын–шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлі қауіпті аудандарда – 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп;күшті қар – жауын–шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан көп;
      күшті боран (қарлы борасындар) – желдің 15м/сек жылдамдығы кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      күшті тайғақ, қатты мұз басу, жабысқақ қар – сымдардағы шөгінділердің диаметрі 20 мм және одан көп, жол учаскелеріндегі мұздың болуы 1км және одан көп;
      күшті аяз, күшті ыстық – жергілікті органдармен анықталады;
      қатқақ – вегетативті мезгілде ауа температурасының төмендеуі (топырақтың жоғарғы қабатында) 0о С төмен; ауылшаруашылығы мәдениетінің белсенді вегетациясы кезіндегі олардың жойылуына әкелетін мезгілдер (көктем–жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгілдер (жаз–күздің басы);
      құрғақшылық – 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндіз 30% және одан аз, бұл 35 мм және одан аз ылғал қоры кезінде өсімдіктердің бұзылуын туғызатын жер қыртысының метрлік қабатында;
      күшті тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкіндігі 100м және одан аз;
      күшті шаңды (топырақты) дауылдар – желдің 15м/с және одан көп басым жылдамдығында ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      аңызақ жел – 5 м/с қатты жел мен гүлдену, дәннің пісіп жетілу мезгіліндегі ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 5 күн ішінде сақталуы 25оС;
      4) гидрологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, жарақаттанғандар – үш адам және одан көп:
      тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
      судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өндірістік аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен;
      селдер – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердің өтуі;
      қарлы борасындар – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкіндерінің түсуі;
      5) табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, жарақаттанғандар саны бір адам және одан көп; 50 бас және одан артық ірі қараның өлуі; 100 бас және одан артық үй құсының өлуі; 100 тонна және одан артық пішеннің өртенуі:
      орман өрттері – 20 га және одан көп ауқымда;
      далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда;
      дәнді және басқа дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда;
      мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттің кез–келген жағдайы;
      жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы;
      6) жұқпалы аурулар мен уланулар:
      жұқпалы аурулар – ауырғандар немесе аса қауіпті жұқпалы аурулардың – чума, тырысқақ, безгек сияқты вирусты тасығыштар анықталған кезінде; әрбір өліммен аяқталар диагноз немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға – бруцеллез, бөртпе сүзек, жамандат, құтыру, туляремия, крымдық геморрагиялық безгек, Эбол безгегі сияқты; әрбір анықталған ауру – құтыру, жапондық энцефалит, малярия жағдайында; аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде: бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 5 және одан көп – бруцеллез, эпидемиялық; бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 10 және одан көп – іш сүзек, паратиф, геморрагиялық безгек, лептоспироз, энцефалит, Ку безгегі сияқты; менингококтық індет 15 және одан көп аурулар санымен; дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және 25 ауру және одан көп адам санымен белгіленген немесе белгіленбеген этиологияның басқа да қатты ішек аурулары; 20 ауру және одан көп адам санымен анықталмаған этиологияның бір уақытта туындаған аурулары кезінде, 15 және одан көп аурулар санымен диагнозы анықталмаған безгек аурулары; этиологиясына байланыссыз топтық аурулар 50 және одан көп адам санымен;
      сәулелік зақымданулар қатты немесе созылмалы сәулелік аурулар, жергілікті сәулелік зақымдану диагнозы анықталған әрбір жағдайда;
      тағамдық улану – зардап шеккендер санына қарамастан өндірістің тағамдық саласының кәсіпорындарымен, қоғамдық тамақтану мен балалар және емдік-профилактикалық мекемелердің тағамдық одақтарымен байланысты тағамдық улану жағдайында;
      7) анықталмаған улы заттармен улану – жаппай жойылу (ауру), соның ішінде жабайылар, өлім (саны) мен ауру орташа статистикадан 3 және одан көп асып түскенде;
      8) өсімдіктердің ауруы мен жойылуы (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті және жаппай ауруы; жабайы өсімдіктердің аса қауіпті және жаппай жойылуы) - өсімдіктің жойылуы (күюлер, қураулар мен басқа да белгілер), соның ішінде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері, 0.25га ауқымда; зиянды жәндіктердің жаппай жойылуы;
      9) суда батып кеткендер – бір адам және одан көп;
      10) астрономиялық қауіпті құбылыстар:
      аспан денелерінің құлауы – аспан денелері құлауының кез-келген жағдайы;
      ғарыштық ұшқыш аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тіркелудің кез-келген жағдайы;
      жер айналасы ғарыштық кеңістігіндегі радиациялық жағдайдың нашарлауы – протон ағымының қысымы энергиясымен 25 мэв 5х10 см ауқымда;
      аномальды атмосфералық құбылыстың пайда болуы – тіркелудің кез-келген жағдайы.
      9. 7, 8-тармақтарда көзделмеген, бірақ әлеуметтік маңызы бар, қоғамдық резонанс тудыратын төтенше жағдайлар туралы ақпараттар ұйымдар, әкімдіктер, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары басшылығымен жедел ақпарат түрінде – тез арада беріледі.