Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N 78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5722 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-ба6ы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қылмыскерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне N 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жылы N 7-8, 543-құжат), "N 1718 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 246 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3063 болып тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулығында:
       8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Арнайы құралдың түрі және оны қолдану қарқыны орын алған жағдайды, құқық бұзушы тұлғаның және құқық бұзушылықтың, сондай-ақ арнайы құралдардың тактика-техникалық сипаттамасын ескере отырып анықталады. Сотталғандарға қарсы арнайы құралдар:
      1) қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
      2) кепілге алынған адамдарды босату, жаппай тәртіпсіздіктің, түзеу мекемелерінде жаза өтеудің белгіленген тәртібін топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
      3) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріне, ұйымдары мен органдарына тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшін;
      4) егер сотталғандар қашып кетуі мүмкін деп санауға жеткілікті негіздер болса, оларды айдап апару және күзету;
      5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, еліре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртіпсіздікке, кепілге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секілді іс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;
      6) түзеу мекемелерінен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезінде құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу;
      7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзіне-өзі залал келтіруін болдырмау;
      8) қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінің заңмен жүктелген міндеттерін жүзеге асыруына қасақана кедергі келтіретін адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу кезінде қолданылады.";
       12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретіндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсілдерді әйелдерге, мүгедектіктің белгісі анық көрініп тұрған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қолдануға тыйым салынады.".
      2. "Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 542-бап) (бұдан әрі - Бұйрық), "Түзеу мекемелері ішкі тәртібі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 940-құжат), "N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 173 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 943-құжат), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 240 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3061 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 128 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3655 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 345 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4053 болып тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 24 ақпанда N 33-34 жарияланған), "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 273 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4994 болып тіркелген, Заң газетінде жарияланған, 2007 жылғы 30 қарашада N 184) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бұйрықтың тақырыбында "мекемелерінің" деген сөзден кейін "ішкі тәртіп" деген сөздермен толықтырылсын;
      Бұйрықтың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде (бұдан әрі - Ереже):
      Ереженің 1-қосымшасында :
      "мобильдік байланыс" деген сөздерден кейін ", оның ішінде олардың зарядтау қондырғылары, Sim карталар және ақпаратты электрондық жеткізуші, мобильді телефондарға арналған" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Р. Түсіпбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      _________________Қ. Мәми
      2009 жылғы 07 шілде