N 1718 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3063. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 24 мамырдағы № 194 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Кеден органдарының алдында тұрған мақсаттарды тиімді іске асыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 7 тамызда N 2425 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 шілдедегі N 335  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 5, 6, 8, 9-тармақтарда:
      "бастығы", "бастығының" деген сөздері тиісті "басшысы", "басшысының" сөздермен ауыстырылсын;
      "аумақтық" деген сөз алынып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кеден нарядына Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының арасынан тағайындалатын наряд басшысы басшылық";

      8-тармақтағы "бөлімінің" деген сөз "бөлімшесіне" деген сөзге ауыстырылсын;

      23-тармақтағы "аумақтық" деген сөз алынып тасталсын;

      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
      "кеден органының атауы" деген жолда "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздер алынып тасталсын;
      "ККжР басқармасының (бөлімінің) (кеден бекетінің)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "бастығының" деген сөз "басшысының" деген сөзге ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі департаменті (Т.Б.Көбелеков) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Т.И.Сунтаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға