Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5709 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Инвестициялық портфельді басқарушының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3314 тіркелген) қаулысына , Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) қаулысымен , Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5249 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 1 тамызда N 116 (1342), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте N 9 жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде :
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта осы Ереженің 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.";
      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-2. электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы ұсынылады.
      Ай сайын жасалатын электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша ұсынылады.";
       8-қосымшада :
      "1. Клиенттердің активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар" кестесінде
"

Листинг/ рейтинг

14

          "
      деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"

Таза активтер құнының процентпен берілген жиынтығы

15

          ";
      "2. Клиенттердің активтері есебінен "кері "РЕПО" операциялары бойынша сатып алынған бағалы қағаздар", "3. Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар" кестелерінде
"

Листинг/ рейтинг

13

          "
      деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

Таза активтер құнының процентпен берілген жиынтығы

14

            ".
      2. Агенттік Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3327 тіркелген) қаулысына , Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4071 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5126 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 22 ақпанда N 28 (1254) жарияланған) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесінде :
      мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      "2-4. Уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Ереженің 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген есептілікті бермейді.".
      3. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 375 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3376 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесінде :
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша жіберіледі.".
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова