Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 274 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5126 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1098  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта "жоюға" деген сөзден кейін "және онда басқа да құрылыс жұмыстарын жүргізуге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі