Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5701 болып енгізілді

Жаңартылған

      Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                  Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын 
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 
27 сәуірдегі N 89 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің тізбесі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2632 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтыру:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Төлем агенті эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ шектеулерді (ковенант) бұзған фактілер туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей, төлем агенті эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданған шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды және облигация ұстаушыларды хабардар етеді.";
      3. Агенттік Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3832 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4214 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4738 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банктің жарияланған акцияларын сатып алу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 161 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5389 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5462 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде :
      6-тармақта:
      5) тармақшада "әділет органының" деген сөздерден кейін "не қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1, 2-1 және 2-2 қосымшаларда "әділет" деген сөз алынып тасталсын.
      4. Агенттік Басқармасының " Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4723 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 жылғы мамыр - шілдеде жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 125 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5304 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған N 10), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5462 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру күніне дейін екі жылдан асқан мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылдың біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша эмитент левереджінің мөлшері 2-ден аспайды;
      3) осы шығарылымның облигациялары және эмитент уәкілетті орган мен сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасындағы айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына (егер эмитент пен осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі көзделген жағдайда) белгілеген талаптарға сәйкес келеді;
      4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің, болмауы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары қаржы ұйымдарына таралмайды.
      1-2. Қаржы ұйымы болып табылмайтын, мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін екі жылға жетпеген мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент осы Ереженің 1-1 тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      1-3. Қаржы ұйымы болып табылатын, мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін екі жылға жетпеген мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент осы Ереженің 1-1–тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      1-4. Осы Ереженің 1-1, 1-2 және 1-3 тармақтарының талаптары облигациялық бағдарламасын, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды, кейінгі облигациялар шығарылымдарын (оның бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде), инфрақұрылымдық облигацияларды шығару, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығару, сондай-ақ айналыста болу мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығару жағдайларына таралмайды.";
      мынадай мазмұндағы 5-4-тармақпен толықтырылсын:
      "5-4. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістердің мемлекеттік тіркелуі осы өзгерістер облигациялар шығарылымының тіркелген көлемінің өзгеруіне әкелмейтін жағдайда ғана жүзеге асырылады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Егер облигацияларды орналастыру есепті кезеңінің басталу күнінен бастап алты ай ішінде эмитент бір де бір облигацияны орналастырмаса, ол уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) осы кезеңде облигациялар орналастырылмағаны туралы мәліметтер және есепті кезеңнің аяқталу күніндегі жағдай бойынша левередж мөлшерінің сипаттамасы бар (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді), сондай-ақ осы шығарылым облигациялары бойынша кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның орналастырылған облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемаларды (олар болған жағдайда), және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданған іс-шаралардың сипаттауы бар жазбаша хабарлама. Хабарламада облигацияларды орналастырмау себептерін көрсету қажет;
      2) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін облигацияларды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күніне тіркеушімен берілген эмитенттің жеке шотының жағдайы туралы үзінді көшірменің көшірмесі.";
      12-2–тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жою туралы шешімді қабылданған күнге тіркеушінің облигациялар ұстаушыларының жоғы туралы хабарламасы.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, олардың бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде және мынадай талаптарды сақтағанда келесі облигациялар шығарылымын жүзеге асырады:
      1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылдың біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;
      4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент уәкілетті орган мен сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасындағы айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына (егер эмитент пен осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі көзделген жағдайда) белгілеген талаптарға сәйкес келеді.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуін сақтаған кезде ғана келесі облигациялар шығарылымын жүзеге асырады:
      1) жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылады;
      2) уәкілетті органға келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне эмитенттің осы Ереженің 13-тармағында белгіленген барынша төмен кредиттік рейтингі бар.";
      16-тармақта:
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      "есептерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ келіп түскен дефолт фактілері туралы ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-2, 16-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "16-2. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны), шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және облигациялар шығарылымын жоюды мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органның ескертулерін жойып, пысықталған құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға қайта ұсынады.
      16-3. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.";
      1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
      "13-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).";
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      "33-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитенттің активтері туралы мәліметтер.";
      36-3-тармақ алынып тасталсын;
      37-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.";
      38-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-8) тармақшамен толықтырылсын:
     "5-8) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде осы құқық көзделген жағдайда).
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) басталуы бойынша эмитенттiң облигациялары бойынша дефолт хабарлануы мүмкiн оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;";
      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
      "38-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.";
      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
      "40-1. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сомасы көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентің ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялар ұстаушылардың өкіліне өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.";
      41-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;";
      2-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Ішкі аудит қызметі (бар болса).";
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитенттің активтері туралы мәліметтер.";
      22-тармақта:
      1) тармақшада:
      "негiзгi борыш сомасы, есептелген және" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;";
      "2-1) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;";
      23-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі.";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;";
      7) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт басталуының фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.";
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.";
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сома көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентін ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялары ұстаушының өкіліне өзінің қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.";
      3-қосымшада:
      2-тармақта:
      бесінші абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.";
      3-тармақта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;";
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;";
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
       эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;";
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;";
      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
      3-2. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сомасы көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентін ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялары ұстаушының өкіліне өзінің қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері   толық жазылады.";
      3-1, 3-2, 3-3-қосымшаларда "әділет" деген сөз алынып тасталсын;
      5-қосымшада:
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) орналастыру кезеңінің басталу күнін және аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар санын және әрбір алдыңғы есепті облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті (есептерді) бекіту күні;";
      9) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "аффилиирленген тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны, осы аффилиирленген тұлғалар көрсетіледі;";
      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы.
      7-2. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
      7-3. Облигациялардың орналастыруы аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.";
      8-тармақтың алтыншы абзацының екінші сөйлемінде "есеп берумен және орналастырылған облигациялардың саны туралы меншік иелерінің санаты бойынша бөлігінде тiркеушi берген анықтаманың" деген сөздер "есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-қосымшаның 1-1-тармағында:
      бірінші абзацта "әділет органдарында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацта:
      ", сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "әділет органдарында" деген сөздерден кейін "не қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органда" деген сөздермен толықтырылсын;
      8 және 9-қосымшаларда "әділет" деген сөз алынып тасталсын;
      Осы Тізбенің қосымшасына сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін толықтырулар
мен өзгерістердің тізбесіне қосымша

"Мемлекеттiк емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау
ережесiнiң 10-қосымшасы   

_____________ жағдай бойынша (эмитенттің атауы) облигациялары
бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау
фактілері туралы ақпарат

N р/с

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес облигациялар шығарылымының нөмірі

Дефолт басталған сыйақы және/немесе негізгі борышты төлеу күні

Орналастырылған облигациялар саны

Орналастырылмаған сатып алынған облигациялардың саны

Есептелген сыйақы сомасы, теңге

Левередждің мөлшері (қаржы ұйымдарын қоспағанда)

Мерзімін өткізгені үшін өсімпұл ескерілген сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы

Берешекті толық төлеу үшін жетіспейтін сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



кк.аа.жжжж.







кестенің жалғасы

Облигациялар ұстаушылардың саны (үлесі пайызбен)

Облигациялар ұстаушылардың арасындағы Қазақстан Республикасының резидент еместерінің үлесі (пайызбен)

Дефолттан шығу үшін өтікізілген және жоспарланған іс-шаралардың сипаттамасы

10

11

12

13

14



Жинақтаушы зейнетақы қорлары

Екінші деңгейдегі банктер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

Инвестициялық қорлар

Өзге де облигациялар ұстаушылары



                                                                  ".