Исламдық арнайы қаржы қомпанияларының бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін белгілеу мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 25 қаулысымен бекітілген
Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және исламдық арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы Нұсқаулықта «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
2-тарау. Исламдық жалдау сертификаттарын бухгалтерлік
есепке алу
4. Исламдық жалдау сертификаттарын оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақша сомасына шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 4030 94 "Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары".
5. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға мүлікті сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 92 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген
активтері"
Кт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
6. Мүлікті жалға берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
лизингіне) берілген бөлінген активтері"
Кт 1280 92 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген
активтері".
7. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған және жалға берілген (операциялық жалдау) негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7450 "Операциялық жалдау бойынша шығыстар"
Кт 1280 94 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген
бөлінген активтерінің амортизациясы".
8. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша төлемдерді есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) операциялық жалдау шарттары бойынша:
Дт 1270 91 "Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер"
Кт 6260 "Операциялық жалдаудан кірістер";
2) қаржылық жалдау шарттары бойынша:
Дт 1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
лизингіне) берілген бөлінген активтері"
Кт 6130 "Қаржылық жалдаудан кірістер".
9. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған мүлікті жалдау шарты бойынша төлемдерді алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) операциялық жалдау шарттары бойынша:
Дт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері"
Кт 1270 91 "Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер";
2) қаржылық жалдау шарттары бойынша:
Дт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері"
Кт 1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
лизингіне) берілген бөлінген активтері".
10. Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары бойынша
шығыстарды есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7310 93 "Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті
төлеуге байланысты шығыстар"
Кт 4160 01 "Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген шығыстар".
11. Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірістерді төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 4160 01 "Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген шығыстар"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері".
12. Оригинатор ұйымнан мүлікті сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынатын мүлік сомасына:
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
лизингіне) берілген бөлінген активтері ";
2) және бір мезгілде өтелген исламдық жалдау сертификаттары сомасына:
Дт 4030 94 "Айналысқа шығарылған исламдық жалдау
сертификаттары"
Кт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
3-тарау. Исламдық қатысу сертификаттарын бухгалтерлік есепке алу
13. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару сомасына орналастырған кезде ұйым мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 4030 95 "Айналысқа шығарылған исламдық қатысу
сертификаттары".
14. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражатты (жалға және/немесе қолданыстағы) инвестициялық жобаға инвестициялаған немесе кәсіпкерлік қызметті жай серіктестік шарты негізінде не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаны құрумен қаржыландырған кезде (бұдан әрі - инвестициялық жоба) мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 95 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық
жобалардағы бөлінген активтері"
Кт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
15. Ұйымға тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Кіріс 8760 "Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)"
16. Инвестициялық жоба бойынша кірісті алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері"
Кт 6120 "Дивидендтер бойынша кірістер"
6400 "Ұйымдардың үлестік қатысу әдісі бойынша есепке
алынатын пайда үлесі".
17. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектінің талаптарына сәйкес оригинаторға инвестициялық жоба бойынша кірісті төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 7310 94 "Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті
төлеуге байланысты шығыстар"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы беліп керсетілген активтері"
және бір мезгілде, ұйым кірісінің сомасына:
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері".
18. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектінде оригинатордың төленетін комиссиялық сыйақы сомасына комиссиялық
сыйақыны алуы көзделген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге
асырылады:
Дт 7470 26 "Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсету үшін
комиссиялық шығыстар"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері".
19. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде
алынған және инвестициялық жобаға инвестицияланған қаражатты қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері"
Кт 1280 95 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық,
жобалардағы бөлінген активтері".
20. Исламдық қатысу сертификаттарын өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 4030 95 "Айналысқа шығарылған исламдық қатысу
сертификаттары"
7310 94 "Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті
төлеуге байланысты шығыстар"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері".
21. Ұйымға тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) оригинатордың сенімгерлік басқаруынан алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Шығыс 8760 "Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген
акциялар (қатысу үлестері)".
4-тарау. Резервтік қорды құру жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алу
22. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды жабуға арналған резервтік қорды құрған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 7440 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 4030 96 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор".
23. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды жабуға арналған резервтік қорды азайтқан (жойған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 4030 96 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор"
Кт 6240 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер".
24. Исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 4030 96 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері".