Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5616 болып енгізілді.

Жаңартылған

       "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасын реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) белгіленген тәртіппен оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қаматамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                   Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      _____________ С. Мыңбаев
      2009 жылғы 28 ақпан

      Қазақстан Республикасы   
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігі төрағасының   
      2009 жылғы 24 ақпандағы 
      N 61-НҚ бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қызметтердің түрлері бойынша аймақтық электржелілік компаниялардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізу қызметін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 402-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3120 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 23 қазанда N 23 (200) нөмірінде жарияланған):
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "қызмет түрлері бойынша және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру" деген сөздер алып тасталсын;
      кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аймақтық электржелілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру ережесінде:
      тақырыптағы және барлық мәтін бойынша "қызмет түрлері бойынша және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру" деген сөздер алып тасталсын;
      "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "табиғи монополия субъектілернің қызметін бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      3. Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.