"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабы
1-тармағының 15) тармақшасына, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабының
5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасын реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) белгіленген тәртіппен оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қаматамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Алдабергенов
КЕЛІСІЛГЕН:
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
_____________ С. Мыңбаев
2009 жылғы 28 ақпан
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 24 ақпандағы
N 61-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қызметтердің түрлері бойынша аймақтық электржелілік компаниялардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізу қызметін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі
N 402-НҚ
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3120 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 23 қазанда N 23 (200) нөмірінде жарияланған):
тақырыптағы және 1-тармақтағы "қызмет түрлері бойынша және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру" деген сөздер алып тасталсын;
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аймақтық электржелілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру ережесінде:
тақырыптағы және барлық мәтін бойынша "қызмет түрлері бойынша және өткізу қызметін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру" деген сөздер алып тасталсын;
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "табиғи монополия субъектілернің қызметін бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы
N 112-НҚ
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3539 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі N18 (227) нөмірінде жарияланған):
кіріспеде:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2004 жылғы 28 қазандағы N 1109", "18 тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер тиісінше "2007 жылғы 12 қазандағы
N 943
", "21 тармағының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін "немесе пайдалануға ниеттенуші" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) энергия беруші ұйым.";
5-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтағы "мен электр энергиясының көтерме рыногында қызметтті жүзеге асырушы өзге ұйымдарға" деген сөздер алып тасталсын.
3. "Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы
N 113-НҚ
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3540 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 7 мамырдағы N 19 (228) нөмірінде жарияланған):
кіріспеде:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2004 жылғы 28 қазандағы N 1109", "18 тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер тиісінше "2007 жылғы 12 қазандағы N 943", "21 тармағының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін "немесе пайдалануға ниеттенуші" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Жылу энергиясын өндіру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы
N 112-НҚ
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3541 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 4 маусымдағы N 23 (232) нөмірінде жарияланған):
кіріспеде:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2004 жылғы 28 қазандағы N 1109", "18-тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер тиісінше "2007 жылғы 12 қазандағы
N 943
", "21-тармағының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын өндіру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін "немесе пайдалануға ниеттенуші" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 132-НҚ
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3611 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 21 мамырдағы N 21 (230) нөмірінде жарияланған):
кіріспеде:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және ретелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2004 жылғы 28 қазандағы N 1109", "18-тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер тиісінше "2007 жылғы 12 қазандағы
N 943
", "21-тармағының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін "немесе пайдалануға ниеттенуші" деген сөздермен толықтырылсын.