Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 24 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5604 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдау жиынтық құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) мен Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Министр                                   Б .Сұлтанов

Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2009 жылғы 23 ақпандағы 
N 24 бұйрығымен     
бекітілген       

Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Концессия объектісінің, концессиялық жобаның және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2006 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Бұл әдістеме:
      1) концессия объектісінің, концессия жобасының құнын және мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын есептеудің тәртібін белгілейді;
      2) концессия объектісінің, концессия жобасының құнын және мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) концессия объектісінің, концессия жобасының құнын және мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын есептеу іске асырылатын барлық концессиялық жобаларға таралады.
      3. Әдістеме концессия объектісінің, концессия жобасының құнын және мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындауға қатысатын лауазымды, заңды және жеке тұлғалар үшін жарамды.
      4. Әдістемеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      мемлекеттік қолдау шаралары – Заңның 14-бабына сәйкес айқындалған концессионерді мемлекеттік қолдаудың түрлері;
      қаржылық емес мемлекеттік қолдау шаралары – заттай гранттар, тұтыну кепілдігі және концессия объектісін пайдаланумен байланысты ерекше құқықтарды беру;
      қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары – қаржылық емес мемлекеттік қолдау шараларын қоспағандағы мемлекеттік қолдау шаралары;
      әлеуметтік жобалар – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 5 наурыздағы N 294 жарлығымен бекітілген Концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне қосылған объектілерді қоспағандағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңғыртуды болжайтын концессиялық жобалар.

2. Концессия объектісінің құнын айқындау

      5. Объект құны 16 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында (бұдан әрі – ҚЕХС) қолданылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес болып табылады. ҚЕХС сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті міндетіне сәйкес қолдану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Нақты алғанда өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыздық қаражатты тарту бойынша шығыстарды қоса алғандағы компания жұмсаған шығындар ретінде айқындалады (ҚЕХС 23).
      6. Концессия объектісінің құны мемлекеттік қолдау көлемін анықтау мақсатында айқындалады. Объект құнын есептеу концессия объектісін құруды (салуды) немесе қайта жаңғыртуды болжайтын жобалар үшін іске асырылады.
      7. Объектіні концессияға беру мүмкіншілігі туралы ұсынысты қалыптастыру кезеңінде объектінің құны Қаржы министрінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 130 бұйрығымен бекітілген "Республикалық мемлекеттік мүлік объектілерінің құнын бағалау әдістерін қолдану бойынша ұсыныстарға" сәйкес салыстыру тәсілі арқылы айқындалады.
      8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеу және концессия шартын жасасу кезеңінде концессия объектісінің құны концессия объектісін құру (салу) мақсатында концессионер жұмсаған барлық шығыстардың жиыны ретінде айқындалады:
                       N
                       СО = е P t ,
                               t=l

      P t = P t nсд + P t тру + P t ауn + P t фn + P t страх + P t аморт + P t прочие    (1)

      мұнда:
      СО – объект құны;
      N – жылдармен сипатталған кезеңнің ұзақтығы;
      Р t – концессия объектісін құру (салу) t мерзімдегі концессионердің концессия объектісін құруға жұмсаған барлықшығындарының сомалық көлемі;
      P t ncд – мыналарға жұмсалған t мерзім бойынша шығыстар:
      тиісті саланың сметалық нормалары мен бағамдарының жинағына, тиісті саладағы жобалау жұмыстарының бағаларының жинақтарына, Жобалау және салу бойынша ережелер жинағына сәйкес айқындалатын жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
      тиісті салада қолданылатын нормаларға сәйкес қажетті сараптауларды жүргізу (мемлекеттік сараптау, техникалық қадағалау,  авторлық қадағалау және басқалар);
      концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсатнамаларды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген басқа да құжаттарды алу;
      P t тру – t мерзімдегі тиісті стандарттар, нормалар және ережелерге сәйкес концессия объектісін құруда (салуда) қолданылатын шикізат пен  материалдар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығындар;
      P t ауn – t мерзімдегі жұмыстар мен қызметкерлердің кәсіптерінің  бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасына (БТБА) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес концессия объектісін құру кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғандағы концессия объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқару шығындары;
      P t фn – t мерзімдегі мыналар:
      қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы ставкасы бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеу. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша шығындар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің "Берілген несиелер бойынша (орта өлшенген) сыйақы ставкалары" статистикасының негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетел капиталы тартылған жағдайда – сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR ставкасын және 3% пайда мөлшерінде айқындалатын болады;
      концессия объектісін құру (салу) кезіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есептелетін сыйақыларды төлеу, олар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтында (www.minplan.kz) орналастырылған, тиісті бекітілген Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық үлгіде (бұдан әрі – ҚЭҮ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымы мерзімі бойында әрекет ететін белгіленген пайда;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтында (www.minplan.kz) орналастырылған, тиісті бекітілген Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес шетел валютасындағы несиелер бойынша бағамдық айырмашылықтар бойынша шығындар;
      P t страх – t мерзімдегі сақтандыру қызметі нарығын зертеу нәтижелері ойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес  инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғандағы концессия объектісіні құрумен (салумен) байланысты сақтандырудың барлық түрлері бойынша шығыстар;
      P t аморт. – салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;
      P t прочие – келесі шығындарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығындар:
      KazPrime индикаторын қалыптастыру жөніндегі KASE келісіміне банк-қатысушылар қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер ашық ақпарат болып табылады және тиісті қаржылық ұйымдардың сайттарында орналасқан;
      нарықты зерттеу нәтижелеріне сәйкес тиісті қызметтердің нарықтық бағалары бойынша инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыру;
      банктік кепілдік беру қызметтерінің нарығын зерттеу нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссиялары;
      Қазақстан Республикасының Салық және Бюджет кодекстеріне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;
      аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына аудиторлық тексерулер;
      көлемі концессия объектісін құру (салу) бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты басқа да шығыстар бойынша.
      9. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөніндегі заңнамаға сәйкес айқындалады.
      10. Қолданыстағы концессия объектісін қайта жаңғырту кезінде концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 116 122-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең болып табылады.

3. Концессиялық жоба құнын есептеу

      11. Концессиялық жоба құны ТЭН әзірлеу және концессия шартын жасасу кезеңінде айқындалады. Концессиялық жоба құны концессия объектісінің құны және ҚЭҮ сәйкес концессия объектісін пайдалану мерзімдегі концессионердің жұмсаған шығыстары ретінде айқындалады:
СКП=                                                (2)

      Pкn t = P t эксп + P t тру + P t ауn + P t фn + P t страх + P t амор + P t сдрж + P t cl рем + P t кl рем + P t прочие
      мұнда:
      М – жылдармен сипатталған концессия объектісін пайдалану мерзімі;
      СО – осы әдістеменің 2 бөліміне сәйкес айқындалған концессия объектісінің құны;
      Pкn t – жаңа құрылған объектіні немесе қайта жаңғыртылған концессия объектісін концессия шарты бойынша пайдаланудың t мерзімдегі концессионердің барлық шығыстарының сомалық мөлшері;
      P t эксп – t мерзімдегі мыналар:
      тиісті салада қолданыталатын нормативтерге сәйкес сараптауларды жүргізу (мемлекеттік сараптама, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және басқалар);
      концессия шарты бойынша концессия объектісін пайдалану кезінде оларды жүргізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажет болып табылатын қолданыстағы заңнамада көзделген лицензияларды, патенттерді, рұқсатнамаларды және басқа құжаттарды алу бойынша t мерзімдегі шығыстар;
      P t тру – t мерзімдегі іске асырылатын концессиялық жобаның бөлінбес бөлігі болып табылатын құрамдаушы материалдарды сатып алу бойынша шығыстарды қоса алғандағы концессия шарты бойынша концессия объектісін пайдалану мерзімдегі ағымдағы ұстауды жүргізуде пайдаланылатын шикізат пен материалдар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығыстар;
      P t ауn – t мерзімдегі БТБА және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормативтік мәндерінің шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғандағы концессия шарты бойынша концессия объектісін пайдалану мерзімдегі компанияны басқару бойынша шығыстар;
      P t фn – t кезеңіндегі мыналар:
      қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы ставкасы бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеу. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша шығындар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің "Берілген несиелер бойынша (орта өлшенген) сыйақы ставкалары" статистикасының негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетел капиталы тартылған жағдайда – сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR ставкасын және 3% пайда мөлшерінде айқындалатын болады;
      концессия объектісін пайдалану мерзімдегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есептелетін сыйақыларды төлеу, олар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтында (www.minplan.kz) орналастырылған, тиісті бекітілген Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық үлгіде (бұдан әрі – ҚЭҮ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымы мерзімі бойында әрекет ететін белгіленген пайда;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтында (www.minplan.kz) орналастырылған, тиісті бекітілген Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес шетел валютасындағы несиелер бойынша бағамдық айырмашылықтар бойынша шығындар;
      P t страх – t кезеңдегі сақтандыру қызметі нарығын зертеу нәтижелері бойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғандағы концессия объектісіні пайдаланумен байланысты сақтандырудың барлық түрлері бойынша шығыстар;
      P t аморт. – салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні пайдалануда тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;
      P t cдрж – t мерзімдегі тиісті салада қолданылатын нормативтерге сәйкес концессия объектісін ұстау бойынша шығындар;
      P tсl рем – t мерзімдегі тиісті салада қолданылатын нормативтерге сәйкес шикізат пен материалдар бойынша тиісті шығындарды қоса алғандағы концессия объектісін орташа мерзімді жөндеу бойынша шығыстар;
      P tкl рем – t мерзімдегі тиісті салада қолданылатын нормативтерге сәйкес шикізат пен материалдар бойынша тиісті шығындарды қоса алғандағы концессия объектісін күрделі жөндеу бойынша шығыстар;
      P t прочие – келесі шығындарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығындар:
      KazPrime индикаторын қалыптастыру жөніндегі KASE келісіміне банк-қатысушылар қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер ашық ақпарат болып табылады және тиісті қаржылық ұйымдардың сайттарында орналасқан;
      банктік кепілдік беру қызметтерінің нарығын зерттеу нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссиялары;
      Қазақстан Республикасының Салық және Бюджет кодекстеріне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;
      аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына аудиторлық тексерулер;
      көлемі концессия объектісін пайдалану бойынша жоғарыда көрсетілген  барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі  концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты басқа да шығыстар бойынша;
     1, нақты шығындар үшін
в j = н                              , – j мерзімдегі дисконттау факторы;
     1+ WACC j , жоспарланатын шығындар үшін
      
      WACC j – орташа өлшенген j мерзімдегі капитал құны;
                    Е j               D j
      WACC j = r e j ---------- + r d j ---------- (1 - Т j ),
                 D j + Е j          D j + Е j
                 
      мұнда:
      r e j – j мерзімдегі концессионердің өзіндік капиталының құны концессионердің өзіндік капиталының талап етілетін табыстылығына тең;
      r d j – j мерзімдегі концессионердің қарыздық капиталының орташа өлшенген құны;
      Е j – j мерзімдегі концессионердің өзіндік капиталының орташа көлемі;
      D j – j мерзімдегі концессионердің қарыздық капиталының орташа көлемі;
      Т j – j мерзімдегі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы;

                       K
                                е (d k j *D k j )
                      k=1
               r d j = ------------,
                       K
                                е D k j
                       k=1        
      мұнда:
      K – j мерзімдегі инвестициялық жоба кредиттерінің саны;
      D k j – j мерзімде k-ші кредиторы берген таза (қайтаруды қоспағанда) кредиттер сомасы (j мерзімдегі k-ші кредитор алдындағы концессионер борышының сомасы);
      d k j - k-ші кредитор талап ететін берілген кредиттер бойынша пайыздық ставка.
      12. Концессиялық жобаны іске асыру барысында жобаның қаржылық көрсеткіштерінің өзгеруін ескере отырып оның құнын түзеу жүргізілуі мүмкін.

      4. Мемлекеттік қолдау шараларының сомалық құнын есептеу

       13. Мемлекеттік қолдаудың сомалық құны – бұл барлық мемлекеттік қолдау шараларының жиынтық құны.
      Мемлекеттік қолдаудың сомалық құны =
      инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігінің құны +
      концессиялық жобаны қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекет кепілдіктерінің құны +
      концессия объектісін пайдаланумен байланысты ерекше құқықтардың құны +
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны +
      концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру сомалары +
      егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігінің сомасы +
      концессия шартының әрекет ету мерзімде концессия шартында айқындалған мерзімде және ол белгілеген көлемде концессионердің инвестициялық шығындарының айқындалған көлеміне төленген өтемақылардың сомасы.
      14. Бұл ретте мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда келесі шектеулер сақталады (бұдан әрі – лимит):
      мемлекеттік қолдаудың сомалық құны концессия шарты аясында концессионер есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің құнынан аспауы тиіс;
      мемлекеттік қолдаудың сомалық құны (1) формулаға сәйкес концессия объектісін қайта жаңғырту кезінде концессионер жұмсаған шығындар сомасынан аспауы тиіс.
      CO > S ,
      мұнда S – мемлекеттік қолдау шараларының сомалық құны.
      15. Мемлекеттік қолдау шараларының сомалық құныны есептеу ҚЭҮ қолдану арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін айқындау мақсатында ҚЭҮ екі нұсқасы әзірленеді: базалық ҚЭҮ және кеңейтілген ҚЭҮ.
      16. Базалық ҚЭҮ әзірлеген кезде жоба мемлекеттік қолдау шараларынсыз іске асырылады деп болжанады. Тиісінше базалық ҚЭҮ аясында мемлекеттік қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны есептеледі (бұдан әрі – базалық NPV).
      17. Базалық NPV есептеген кезде келесі талаптар мен болжамдар сақталуы тиіс:
      1) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық ставкасы) бойынша тек қана коммерциялық көздерден қаржыландырылады;
      2) қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды;
      3) теріс базалық NPV болуына жол беріледі;
      4) кассалық айырмашылықтардың болуына (ақша қаражатының теріс шамасы) жол берілмейді.
      18. Егер базалық NPV – теріс шама болмаса, және концессия мерзімдегі концессионер капиталының рентабельдігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасына тең немесе артық болса (бұдан әрі – мақсатты рентабельдік), қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.
      19. Басқа жағдайларда қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, бұл ретте сомалық мемлекеттік қолдау лимиттен аспайды.
      20. Қаржылық емес мемлекеттік қолдау шаралары концессионерге концессионердің концессиялық жобаны іске асыру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі үшін ұсынылады.
      21. Кеңейтілген ҚЭҮ мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда базалық ҚЭҮ негізінде әзірленеді. Кеңейтілген ҚЭҮ базалық ҚЭҮ мемлекеттік қолдау ашарларын қосу арқылы әзірленеді.
      22. Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы құрылымын айқындау мақсатында кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеген кезде мемлекеттік қолдау шараларының кезектігі қағидаты қолданылады. Кезектілік қағидаты, бірінші кезекте ҚЭҮ қаржылық емес мемлекеттік қолдау шаралары, екінші кезекте қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары қосылады деп болжайды. Бұл ретте, Заңның 14-бабына сәйкес заттай гранттар қоспағанда мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.
      23. Ұсынылатын заттай гранттардың құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау қызметі жөніндегі заңнамаға сәйкес айқындалған құн болып табылады.
      24. Заттай гранттар концессионердің концессиялық жобаны жүзеге асыру мүмкіншілігін, лимитті ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.
      25. Концессия объектісін пайдаланумен байланысты ерекше құқықтардың құны зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі заңнамаға сәйкес айқындалған құн болып табылады.
      26. Ерекше құқықтарды беру концессионердің концессиялық жобаны жүзеге асыру мүмкіншілігін, лимитті ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.
      27. Егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарларды (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтынуының кепілдігінің сомасы концессиялық шартқа сәйкес концессионер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтыну үшін республикалық бюджеттен жұмсалатын төлемдердің жинақталған көлеміне тең.
      28. Тұтыну кепілдігі әлеуметтік жобалар аясында, лимитті ескере отырып, ұсынылуы мүмкін.
      29. Кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеген кезде қаржылық мемлекеттік қолдау шараларының басымдығы қағидаты қолданылады. Басымдылық қағидаты басымдылығы бойынша әрбір келесі қаржылық мемлекеттік қолдау шарасы лимитті ескере отырып концессия мерзімі кезінде концессионердің капиталының рентабельдігін мақсатты рентабельдік деңгейіне жеткізуді қамтамасыз ету үшін ертеде ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының сомасы жеткіліксіз болған жағдайда ғана ұсынылады деп болжайды. Бұл ретте ертеде ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының көлемі лимитті сақтау үшін азаюы мүмкін.
      30. Қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары басымдылығы бойынша кему ретімен ұсынылады:
      1) концессия шарты аясында инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігі ;
      2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекет кепілдігі;
      3) концессия шартының әрекет ету мерзімде концессия шартымен белгіленген мерзімде және ол белгілеген көлемде концессионердің инвестициялық шығыстарының айқындалған көлеміне өтемақы төлеу;
      4) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру.
      31. Концессия шарты аясындағы инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігінің құны кепілдікгерлікті орындау құны болып табылады және кепілдікгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және олар бойынша есептеудің 1 кезеңі мен 6 айға есептелген концессия мерзімге болжанатын ең жоғарғы пайыздық ставка бойынша сыйақы ретінде есептеледі:
      G=D*(1+r/p+0,5* r),                                   (3)
      мұнда G – инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдікгерлігі аясындағы мемлекеттік қолдау құны,
      D – негізгі борыш сомасы,
      r – ҚЭҮ болжанатын инфляцияның ең жоғарғы деңгейі + облигациялар айналымы мерзімі бойында әрекет ететін белгіленген маржа ретінде айқындалатын пайыздық ставка,
      p – күнтізбелік жылдағы купондық сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      32. Мүдделердің тепе-теңдігін және мемлекет, концессионер, қаржылық тараптар және тұтынушылар арасындағы тәуекелдерді бөлу қағидатын сақтау мақсатында ықтимал концессионерге ұсынылатын мемлекет кепілдікгерлігінің құны лимитті ескере отырып объект құнының 50 % пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте, әлеуметтік жобалар үшін ұсынылатын мемлекет кепілдікгерлігінің құны лимитті ескере отырып объект құнынан аса алмайды. Мемлекет кепілдікгерлігі бюджеттік заңнамаға сәйкес айқындалған мемлекет кепілдікгерлігін ұсыну лимиттерін ескере отырып ұсынылады.
      33. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекет кепілдігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия мерзімде болжанатын ең жоғарғы пайыздық ставка бойынша сыйақы ретінде есептеледі:
      Г=D*(1+r/p+r/12)                                         (4)
      мұнда Г – мемлекеттік кепілдігінің құны;
      D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;
      r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия мерзімге болжанатын ең жоғарғы сыйақының жылдық ставкасы. ТЭН әзірлеу кезеңінде LIBOR+1 % ставкасы ретінде айқындалады;
      p – күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      34. Мүдделердің тепе-теңдігін және мемлекет, концессионер, қаржылық тараптар және тұтынушылар арасындағы тәуекелдерді бөлу қағидатын сақтау мақсатында ықтимал концессионерге ұсынылатын мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігі объект құнының 50% пайызы мөлшерінде, лимитті ескере отырып, ұсынылады. Бұл ретте, әлеуметтік жобалар үшін ұсынылатын мемлекет кепілдігінің құны, лимитті ескере отырып, объект құнынан аса алмайды. Мемлекет кепілдігі бюджеттік заңнамаға сәйкес айқындалған мемлекет кепілдігін ұсыну лимиттерін ескере отырып ұсынылады.
      35. Концессионердің инвестициялық шығыстарының айқындалған көлеміне төленетін өтемақы сомасы концессионерге концессионердің инвестициялық шығыстарын өтеу мақсатында концессия объектісін пайдалану мерзімде мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің жинақталған шамасына тең.
      36. Концессионердің инвестициялық шығыстарының айқындалған көлеміне төленетін өтемақы ықтимал концессионерге лимитті ескере отырып сомалық көлемі объект құнының 100% құрайтын мөлшерде ұсынылады.
      37. Концессиялық жобаны қоса қаржыландыру сомасы концессия объектісін салу (қайта жаңғырту) мерзімі бойындағы мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жинақталған шамасына тең.
      38. Мүдделердің тепе-теңдігін және мемлекет, концессионер, қаржылық тараптар және тұтынушылар арасындағы тәуекелдерді бөлу қағидатын сақтау мақсатында концессионерге лимитті ескере отырып объект құнының 50 % пайызы мөлшерінде концессиялық жобаға қоса қаржыландыру ұсынылады.
      39. Мүдделердің тепе-теңдігін және мемлекет, концессионер, қаржылық тараптар және тұтынушылар арасындағы тәуекелдерді бөлу қағидатын сақтау мақсатында мемлекет кепілдікгерлігі, мемлекет кепілдігі және әлеуметтік жобаларды қоспағандағы концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру құнының сомасы лимитті ескере отырып объект құнының 50 % пайызынан аспайды.