Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5595 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов


      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация

      министрі

      _____________ С. Ахметов

      2009 жылғы 13 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 13 ақпандағы
N 42-НҚ бұйрығына қосымша

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 240-НҚ бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 239-НҚ (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      5) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      6) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      7) "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3962 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2006 жылғы 1 қаңтардағы N 1(263)) нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 4 қарашадағы N 306-НҚ бұйрығына:

      кіріспе:

      "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:

      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтағы сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) "Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4060 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 170 (1150)) нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 384-НҚ бұйрығына:

      кіріспеде:

      "Табиғи монополиялар" сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасымен", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақшадағы:

      "ұсынсын" деген сөз "жыл сайын 1 маусымға дейін ұсынылсын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "2006 жылғы 1 тамызға дейін" деген сөз алып тасталсын;

      "2006 жылғы бірінші жартыжылдық үшін" деген сөздер "алдыңғы жылдар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:

      1-тармақ "Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың он төртінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      10) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.