Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5595 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                  Н. Алдабергенов

Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
_____________ С. Ахметов
2009 жылғы 13 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының 
2009 жылғы 13 ақпандағы
N 42-НҚ бұйрығына қосымша

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2981 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 4 қыркүйектегі N 36 (193) нөмірінде жарияланған, "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 77-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістермен мен толықтыруларымен, (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3526 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 10 желтоқсандағы N 51 (260) нөмірінде жарияланған, "Әуежайлар мен аэронавигациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту  туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 қазандағы N 242-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4455 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 2 ақпандағы N 17 (1220) "Ресми газетте" 2007 жылғы 17 ақпандағы N 7 (321)) нөмірінде жарияланған) 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына :
      кіріспесінде "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейін "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3277 нөмірімен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 5 нөмірмен жарияланған, "Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы N 448-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 мамырдағы N 4692 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 22 маусымдағы N 94 (1297) нөмірінде, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында" (2007 ж., мамыр-маусымда жарияланған) 2004 жылғы 15 қарашадағы N 448-НҚ бұйрығына :
      кіріспеде "және 9-тармақтың 3) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша есепті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жыл сайын 15 сәуірге ұсынсын.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді" деген сөз "табиғи монополиялар салаларындағы және  реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және  реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) "Әуежайлар саласындағы қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3302 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 11 маусымдағы N 24 (233)) нөмірінде жарияланған) 2004 жылғы 24 қарашадағы N 459-НҚ бұйрығына :
      кіріспе "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар саласында қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерін, шығындарын және әрекет етілген активтерін бөлек есепке алуды жүргізу ережедегі:
      6-тармақтағы:
      28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
      "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейін "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) "Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3533 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 10 желтоқсандағы N 51 нөмірінде жарияланған, "Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 81-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 15 қарашадағы енгізілген бұйрығымен өзгерістермен және толықтыруларымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5015 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 189 (1392) нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 14 наурыздағы N 81-НҚ бұйрығына :
      кіріспеде:
      "Табиғи монополиялар" сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы:
      1) және 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";
      жетінші абзац "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) "Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3542 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 4 маусымдағы N 23 (232) нөмірінде жарияланған, "Заң газетінде" 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 8-9 (988-989) нөмірлерінде жарияланған) 2005 жылғы 25 наурыздағы N 104-НҚ бұйрығына :
      кіріспеде:
      "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде  ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған табиғи монополиялар салаларындағы мәндерде қолданылады.";
      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған кезде әуежайлар көрсететін саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы ақпаратты, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібімен ұсынады.
      7-2. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін алу үшін тұтынушылардың өтініштерін әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімделген көлемдерге қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
      7-3. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу шарттарын күштеп таңу немесе осы қызметтерді тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге әрекеттерді жасауға тыйым салынады.";
      6) "Порттар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3538 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 4 маусымдағы N 23(232) "Заң газетінде" 2006 жылғы 27 қаңтардағы  N 13-14 (993-994)) нөмірлерінде жарияланған) 2005 жылғы 25 наурыздағы N 105-НҚ бұйрығына :
      кіріспе:
      "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Порттар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу жағдайларын ұсыну ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.";
      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 10-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "9-1. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін алу үшін тұтынушылардың өтініштерін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімделген көлемдерге қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
      9-2. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу шарттарын күштеп таңу немесе осы қызметтерді тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
      10-1. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы ақпаратты, порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібімен ұсынады.";
      7) "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3962 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2006 жылғы 1 қаңтардағы N 1(263)) нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 4 қарашадағы N 306-НҚ бұйрығына :
      кіріспе:
      "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:
      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) "Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4060 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 170 (1150)) нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 384-НҚ бұйрығына :
      кіріспеде:
      "Табиғи монополиялар" сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасымен", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) тармақшадағы:
      "ұсынсын" деген сөз "жыл сайын 1 маусымға дейін ұсынылсын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "2006 жылғы 1 тамызға дейін" деген сөз алып тасталсын;
      "2006 жылғы бірінші жартыжылдық үшін" деген сөздер "алдыңғы жылдар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
      1-тармақ "Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың он төртінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) "Кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5117 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында" 2008 жылғы 11 маусымдағы N 6 нөмірінде жарияланған) 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығына :
      кіріспеде "табиғи монополиялар" сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";
      "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) "Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5263 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдардың және актілер жинағында" 2008 жылғы 15 қыркүйектегі N 9 нөмірінде жарияланған 2008 жылғы 11 маусымдағы N 177-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде "табиғи монополиялар" сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын.".