Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5573 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген тарификация бірліктерінің өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласында талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс операторлары өзінің телекоммуникация желілерінде осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктерінің өлшемдеріне сәйкес трафикті өлшеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.11.12 № 446 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілінеді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.05.06 № 209 бұйрығымен.

      Төраға                                             Қ. Есекеев

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Қауіпсіздік
      Комитетінің Төрағасы
      Шабдарбаев А.С.
      _____________________
      2009 жыл

Қазақстан Республикасы   
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының   
2009 жылғы 2 ақпандағы  
N 43 бұйрығымен     
бекітілген        

     Ескерту. Тарификация бірліктерінің өлшемдері жаңа редакцияда- ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.11.12 № 446 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

Тарификация бірліктерінің өлшемдері

      1. Тарификация бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.
      2. Телефондық трафиктің өлшеу бірлігі 1 секунд болып табылады, сондай-ақ оның туындысы 60 секунд немесе 1 минут.
      3. Интернет және деректер беру трафиктің өлшем бірлігі 1 бит және 1 байт болып табылады, сондай-ақ 1 килобайт, 1 мегабайт, 1 гигабайт, 1 терабайт олардың туындысы болып табылады, қайда 1 байт 8 битке тең, 1 килобайт 1024 байтқа тең, 1 мегабайт 1024 килобайтқа тең, 1 гигабайт 1024 мегабайтқа тең, 1 терабайт 1024 гигабайтқа тең.
      4. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне кіріс, шығыс және транзиттік трафиктің барлық түрін өткізгенде байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысуда қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
      1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
      1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі - 1 секунд;
      2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
      3) Интернет және деректер беру трафигі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Байланыс және  ақпарат министрінің м.а. 2010.12.29 № 364 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 413 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.11.29 № 836  (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      5. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс операторымен абоненттерге қызмет көрсету барысында қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
      1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық және IP-телефониялар:
      байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
      1-1) ұялы байланыс:
      байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде - 1 секунд;
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу - 1 секунд;
      2) халықаралық телефон байланысы:
      таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
      басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
      3) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділігі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб);
      4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Байланыс және  ақпарат министрінің м.а. 2010.12.29 № 364 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 413 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.11.29 № 836(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Байланыс және  ақпарат министрінің м.а. 2010.12.29 № 364 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Байланыс операторлар, байланыс операторлар мен абоненттер арасында өзара есеп айырысу кезінде тарификация бірліктерінің өлшемдерінен төмен трафик, осы бұйрықпен бекітілген тиісті тарификация бірліктері өлшемдеріне сәйкес, осы қызмет үшін толық тарификация бірліктері өлшемдері ретінде тарифтеледі.
      8. Байланыс операторларымен осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктері өлшемдерінен төмен тарификация бірліктері өлшемдерін қолдануы рұқсат етіледі.
      9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.
      Ескерту. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Байланыс және  ақпарат министрінің м.а. 2010.12.29 № 364 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.