"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 836 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8241 тіркелді

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»;
      5-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықаралық телефон байланысы:
      таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
      басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      _______________ Н.Ә. Әбіқаев
      2012 жылғы «____» ___________