"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 6 мамырдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5677 болып енгізілді.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Орталық Азия инвестициялық компаниясы" акционерлік қоғамы, Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин мырза, "Alnair Capital Holding (Альнаир Капитал Холдингі)" акционерлік қоғамы, "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда жасалған "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған Тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімде айқындалатын санда және баға бойынша "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов