"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы
Заңын
іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 225
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы
N 153
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы
N 80
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5252 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 116
қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5328 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;
2) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарығындағы талаптар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
4) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
6) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерісіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыз тәуекелін және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;
8) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық нетто-позициясы - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;
10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
11) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы;
12) қор тәуекелі - акциялардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
13) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде негізгі борышты және (немесе) кредиторға (инвесторға) тиесілі сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге серіктестің своптар, опциондар бойынша және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
14) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжірибесінің олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасы резидент еместеріне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
15) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
16) нарықтық тәуекел - қаржы нарығының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдің көздері болып табылады. Нарықтық тәуекел проценттік, валюталық және қор тәуекелдерінің сомасы ретінде сипатталады;
17) операциялық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Операция тәуекеліне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелерін орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретіндегі өтімділігінің тәуекелі олардың төмен шығыстарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;
19) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;
20) проценттік тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оның ішінде:
орналастырған активтер (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде) өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуімен байланысты жалпы проценттік тәуекел;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу және түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;
21) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
22) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
23) тәуекелдерді басқару жүйесі - бұл процеске төрт негізгі элемент кіреді: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі;
24) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
25) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
26) фронт-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
27) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
28) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;
29) хеджирлеу құралдары - қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін мыналарда көрсетілген:
1-1 -қосымшада - консервативті инвестициялық портфельге қатысты;
1-2-қосымшада - орташа инвестициялық портфельге қатысты;
1-3-қосымшада- агрессивті инвестициялық портфельге қатысты қаржы құралдарына орналастырады.
1-1, 1-2, 1-3-қосымшаларда көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері, сондай-ақ инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері әр инвестициялық портфель бойынша қордың инвестициялық декларацияларында белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялардың жалпы мөлшері ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
Ұйым (Қор) зейнетақы активтері құрамына кіретін ақшаны "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен жиырма пайызынан кем емеске жеткенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялайды.
4-2. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен отыз пайыздан кем еместі құрайды.";
6-тармақтың бірінші абзацындағы "Ұйымның" деген сөз "Зейнетақы активтері мен меншікті активтері есебінен жасалатын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші сөйлем "Зейнетақы" деген сөзден кейін "және меншікті" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ұйым (Қор) зейнетақы және меншікті активтерін қатыстырумен жасайтын "кері репо" операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары табылады."
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін шығарылымның талаптарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұйым (Қор) осындай міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен осы бағалы қағаздарды сатып алу бойынша, оның ішінде "кері репо" операциясын жасау жолымен инвестициялық шешім қабылдауға құқығы жоқ.";
1-қосымшада:
1 -тармақ:
2-1.
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
"
2-1. |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар |
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:
|
";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1, 1-2, 1-3 қосымшалармен толықтырылсын.
2. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз алтыншы қырық бірінші аралығындағы және елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 17 қаулысына қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне 1-1-қосымша
Консервативті инвестициялық портфельдің
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі
N |
Қаржы құралдарының атауы |
1. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. |
2. |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. |
3. |
Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. |
4. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. |
5. |
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
|
6. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:
|
7. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. |
8. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар. |
9. |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
|
10. |
Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және он екі айдан астам емес мерзімге салынған металл депозиттері, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің "АА" ден төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі. |
11. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы. |
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне
1-2-қосымша
Орташа инвестициялық портфельдің
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі
1. Ұйым (Қор) жеке әр Қордың орташа инвестициялық портфельінің инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін орналастыруларына болатын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар
N |
Қаржы құралдарының атауы |
1. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. |
2. |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. |
3. |
Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. |
4. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. |
5. |
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
|
6. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:
|
7. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. |
8. |
Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
|
9. |
"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm-"-тен төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "ВВВf-" төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары. |
10. |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
|
11. |
Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және 12 айдан астам емес мерзімге металл депозиттері, оның ішінде, "Standard & Poor's агенттігінің" "АА" дан төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент емес банктердегі. |
12. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген. |
13. |
Депозитарлық қолхаттар осы тізбеде көрсетілген базалық активтері акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар, базалық активтері болып зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар; шетел валютасы; мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер):
|
14. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол валютасы. |
2. Мынадай қаржы құралдарына салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі орташа инвестициялық портфельдің зейнетақы активтерінің 5%-нан аспауы тиіс:
1. |
Инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміндегі "екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар. |
2. |
Басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының пайлары. |
3. |
Базалық активтері болып "Standard & Poor's агенттігінің" халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар. |
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне 1-3-қосымша
Агрессивті инвестициялық портфельдің
есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі
N |
Қаржы құралдарының атауы |
1. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. |
2. |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. |
3. |
Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. |
4. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. |
5. |
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
|
6. |
Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:
|
7. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. |
8. |
Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
|
9. |
"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm-"-тен төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "ВВВf-" төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары. |
10. |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
|
11. |
Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және 12 айдан астам емес мерзімге металл депозиттері, оның ішінде, "Standard & Poor's агенттігінің" "АА" дан төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент емес банктердегі. |
12. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген. |
13. |
Депозитарлық қолхаттар осы тізбеде көрсетілген базалық активтері акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар, базалық активтері болып зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар; шетел валютасы; мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер):
|
14. |
Базалық активтері болып "Standard & Poor's агенттігінің" халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар. |
15. |
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол валютасы. |