Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.03.28 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 . "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4926 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы "Заң газетінің" N 161 (1364) санында жарияланған, "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 330 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5391 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Заң газетінің" N 195 (1595) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тiркеушi орган өтініш берушінің сұрау салуының негiзiнде тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы ақпаратты бір жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда береді. Сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін есептеу сұрау салу берілген күннен кейінгі күннен басталады.".
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр З. Балиева