Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 17.07.2015 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қаржы ұйымдарының есептілікті беруінің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 тіркелген, 2005 жылғы 27 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 113 (737) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4848 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 135 (1164) санында жарияланған) енгізілген өзгерісімен бірге мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесінде:
1-тармақта:
2) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жеке шоттардың бірыңғай
жүйесін жүргізу бойынша қызметтің қорытындысы жөніндегі есепті;
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес инвестициялық қорлардың орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы пайлардың (акциялардың) ұстаушыларының саны туралы мәліметті.";
осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә.Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 7 қаулысына 1-қосымша
"Орталық депозитарийдің есептерді
ұсыну ережесіне 3-қосымша
20___жылғы "___"______________ жағдай бойынша/
жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу бойынша қызметтің
қорытындылары жөніндегі есеп
N |
Тіркеушінің атауы |
Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарт жасасу күні |
Эмитенттің атауы 1 |
Бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
Эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде ашылған жеке шоттарының саны 2 |
Ескерту:
1 Эмитенттің атауы көрсетіледі, оның ішінде акциялардың (облигациялардың) эмитенті болып табылатын акционерлік қоғамның, облигациялардың эмитенті болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы, инвестициялық пай қорының және оның басқарушы компаниясының атауы.
2 Осы эмитенттің бағалы қағаздарының әр түрі бөлігінде әр эмитент бойынша жеке шоттардың саны көрсетіледі (жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, облигациялар, пайлар.).".
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы 26 қантардағы
N 7 қаулысына 2-қосымша
"Орталық депозитарийдің есептерді
ұсыну ережесіне 4-қосымша
20___жылғы "___"______________ жағдай бойынша орталық
депозитарийдің номиналды ұстауында болған инвестициялық
қорлардың пай (акциялар) ұстаушыларының саны туралы мәліметтер
N |
Инвестициялық қордың атауы |
Басқарушы компанияның атауы |
Кастодианның атауы |
Пайдың (акцияның) ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
1 |
||||
2 |
||||
... |
||||
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын ұстаушылардың жалпы жиынтық саны: |
||||
Пай ұстаушылардың жиынтық саны: |
||||
Акциялар ұстаушылардың жиынтық саны: |
кестенің жалғасы
Инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың жалпы саны |
Инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны |
|||
Жеке тұлғалардың |
Заңды тұлғалардың |
|||
резиденттердің |
резидент еместердің |
резиденттердің |
резидент еместердің |
|