Экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 82 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 13 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5546 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Экономикалық дағдарыс жағдайында дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету және дәрілік заттардың бағаларының өсуін тежеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріхана ұйымдарын ашу жолымен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етсін және құрылған дәріхана ұйымдары арқылы дәрілік заттарды бөлу тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттар өнімін берушілермен шарт жасассын.
      2. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3344 болып тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйекте "Юридическая газета" газетінде N 160-161 (894-895) жарияланған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3984 болып тіркелген, 2006 жылғы 25 қаңтарда "Заң" газетінде N 11 (991), "Фармация Казахстана" журналында, 2006 жылғы қаңтарда N 1 (56) жарияланған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 541 "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4063 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 наурызда "Заң" газетінде, N 47-48(1027-1028) жарияланған, 2006 жылғы 13 мамырда "Официальная газетада" N 20 (282) жарияланған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3267 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 ж., N 1, 11 бетте жарияланған "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесінде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәріхана, оның ішінде мемлекеттік дәріхана ұйымдарының санын арттыруға рұқсат етіледі.";
      3-1-тарау мынадай мазмұндағы 9-14-тармақпен толықтырылсын:
      "9-14. Неғұрлым төмен бағамен ұсынылған жағдайда дәрілік заттарды ұқсастарымен ауыстыру бойынша шартқа өзгеріс енгізуге рұқсат етіледі.
      Осы өзгеріс 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған шарттарға қолданылады.";
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев